"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 25

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2017 жылғы 15 наурыздағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15063 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11100 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 140 (28868) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасын алған сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 20 жұмыс күні;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда рұқсат электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен әрі қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылады.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) күзет ұйымын құруға келісім үшін еркін нысанда өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі;

      3) "Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 3-тармағына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың көшірмелері;

      4) объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.

      Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының Қағиданың 3-тармағына сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың электрондық көшірмелері;

      4) объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесіне қатысты хаттың шығыс нөмірін және күнін көрсете отырып, толтырылған мәліметтер нысаны.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғандығы туралы мәртебе жолданады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мыналар:

      көрсетілетін қызметті алушының "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 17-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарында шынайы мәліметтерді (деректерді) анықтауы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Министрліктің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым:

      1) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі – ӘПК) басшысының атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымдарды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы белгілер) жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 27 наурыз