"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланатын мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, оның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) формуляр – нөмірі мен штрихты коды бар қатаң есептегі баспаханалық бланк, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізілетін ақпаратты тасымалдағыш болып табылады және одан әрі берілген құжаттармен жеке тұлғаны сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады.
3) электрондық формуляр – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын әзірлеу үшін нөмірі мен штрихты коды бар бланк, "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" (бұдан әрі – ХҚТ ТП) ақпараттық жүйелесі арқылы ресімделеді және толтырылады;
4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
5) Бірыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Жеке тұлғалар мемлекеттік қызмет алу үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) немесе жеке басты куәландыратын құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты ауыстыру кезінде порталға жүгінеді және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін стандарт) көзделген осы Қағиданың 1-қосымшасындағы тізбесіне сәйкес құжаттар пакеті ұсынылады.
Процесс сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін енгізетін мемлекеттік қызмет көрсетуі негізгі талаптарының тізімі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді енгізетін мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Қазақстан Республикасының халқына жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілері осы Қағидалардың 2-қосымшасында баяндалған.
4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қабылдау және паспорттарын жеке куәліктерін беру уәкілетті көрсетілетін қызметті алушылардың тұрақты тіркелген орны бойынша, сондай-ақ нақты болатын жері бойынша (эксаумақтық қағидат бойынша) паспорттың және (немесе) жеке куәліктің жоғалуына, оларды жарамдылық мерзімінің өтуіне, неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуге, одан әрі пайдалануға жарамсыздығына, құжаттардың түр өзгерісіне байланысты ауыстыру, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігі негізінде Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алуына, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлік негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алғаш рет алуына байланысты жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар дайындауға электрондық формулярларды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда ХТҚ ТП ҚБҚ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетілген жұмыс орындарында жүзеге асырылады.
5. Құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны не жеке басты куәландыратын құжат алу үшін формулярды толтырылғаннан кейін бланкіден алынатын түбіртек беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде порталда ЖСН және пароль бойынша авторизацияланады, қызметті таңдайды, сұрау салудың деректерін қалыптастырады және сұрау салуды өзінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырады (қол қояды). Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімін таңдайды.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылдану мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, демалыс және мереке күндері арыздарды қабылдау және мемлкеттік қызмет көрсетудің нәтижесі беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген.
6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациядағы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде – ішкі істер органдарының кенттік басқармасы (бөлім), қалалық, аудандық, (қаладағы) аудандық көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімше, топ) қызметкері (бұдан әрі – КҚҚб) жүргізеді:
деректер базасы бойынша тексеруді (жеке басты сәйкестендіру), ХҚТ ТП АЖ-да электрондық формулярды тіркеуді, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асыратын графикалық ақпарат жинау кезеңіне жолдауды (фотосурет және қолтаңба);
Электрондық формулярды толтыруды және ЭЦҚ-ны куәландыруды;
дербес кодты, уақытын және формулярды толтырған кезде қол қоюды (тергеу қамауындағылардың және бас бостандығынан айыру орындарда жазасын өтеп жатқан адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдардың болатын орны бойынша шығумен, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыруына және оларды жоғалтуы бойынша қалпына келтіруіне байланысты өтініш білдірген азаматтарға, сондай-ақ туу туралы куәліктің негізінде 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтарына, ХҚТ ТП және ШҚТ ТП тіркеу пункттері болмаған кезде, ХҚТ ТП-мен, ШҚТ ТП-мен байланыс арналары істен шыққан немесе олардың құрал- жабдықтары істен шыққан жағдайда ресімделеді) жүзеге асырады.
Электрондық формулярды тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті және қажет болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлды төлеуді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.
Сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы қалауы бойынша қызметті жеделдетіп дайындауға төлем төлеуі мүмкін.
Екінші деңгейдегі банктер нақты уақыт ("онлайн") режимінде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындау үшін қабылданған төлемдер туралы ақпаратты "АӨО" РМК-ға жолдайды.
Мемлекеттік қызметті формулярмен алған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжатты жеделдетіп бергені үшін төлем туралы құжатты формулярға қоса ұсынады;
аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында ресімделген формулярларды жөнелту үшін 3 данада тізімді қалыптастыру, оның біреуі номенклатуралық іске тігіледі, екінші және үшінші – формулярмен бірге облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - КҚҚБ) жолданады. Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚҚБ-ға ХҚТ ТП арқылы тізілім жасалмай беріледі.
КҚҚБ қызметкерлері ХҚТ ТП және портал арқылы ресімделген электрондық формулярларды, сондай-ақ формулярлардың "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) белгіленген талаптарына сәйкес дұрыстығы және толтырудың негізділігіне тексерісті жүзеге асырады.
Деректер базасында бар электрондық формулярларда қамтылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған, ресімдеу кодтары сәйкес келмеген, графикалық ақпарат сапасыз жасалған кезде электрондық формулярлар қайтару себебін көрсете отырып, ХҚТ ТП-ға қайта ресімдеу үшін оны орындаусыз қайтарады. Портал арқылы ресімделген электрондық формулярлар пысықтауға көрсетілетін қызметті алушының графикалық ақпараты сапасыз болған жағдайда қайтарылуы мүмкін. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінде" графикалық файлға түзету енгізу қажеттілігі туралы хабарлама алады.
Толтырудың дұрыстығы және негізділігі кезінде электрондық формулярлар ХҚТ ТП-ның келесі кезеңіне өтеді, ал формулярларға 3-данада жиынтық тізілім қалыптастырылады, оның біреуі номенклатуралық іске тігіледі, екінші және үшінші – аудандық тізіліммен және формулярлармен (қағаз тасымалдағышта) бірге Көші-қон қызметі комитетіне (бұдан әрі - КҚҚК) жолданады.
Толтырудың дұрыстығы және негізділігі кезінде, сондай-ақ іздестіру есебі бойынша болмаған электрондық формулярлар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық іс жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – "АӨО" РМК) жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезеңіне жолданады.
Жиынтық тізілімнің бірінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдермен бірге номенклатуралық іске тігіледі, тіркеледі, жиынтық тізілімнің екінші данасы КҚҚК қолтаңбасымен куәландырылады және 1 жұмыс күн ішінде "АӨО" РМК-ға формулялардың аудандық тізілімімен бірге жолданады.
"АӨО" РМК келіп түскен электрондық формуляларға тексерісті жүзеге асырады және электрондық формулярға енгізілген, оның ішінде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындауға ресімделген мәліметтердің деректер базасындағы мәліметтермен сәйкес келмеуі, графикалық ақпарат (фотосурет және қолтаңба) сапасыз жасалғаны анықталған кезде қателерді түзету үшін ТП-ға кезеңіге қайтарылады.
Бұзушылық болмаған жағдайда құжаттар дайындалады және дайындалған құжаттар тізілімімен бірге көрсетілетін қызметті беруші арқылы жолданады:
1) жеделдетіп дайындау бойынша – Мемлкеттік корпорацияға;
2) жалпы тәртіпте дайындалғандар – КҚҚБ-ға.
Жалпы тәртіпте дайындалған құжаттарды облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының полиция бөлімдерінің көші-қон қызметі бөліністеріне дейін жеткізуді курьерлік қызмет жүзеге асырады.
КҚҚБ қызметкері жолдауға тізілімді және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске тігеді және дайындалған құжаттар тізілімін дайын құжаттармен және формулярмен бірге КҚҚб-ға жолдайды.
КҚҚ бөлімі қызметкері тіркейді және дайындалған құжаттар тізілімін дайын құжаттармен бірге Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімінің аяқталуына дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" құжаттардың әзірлігі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру орны туралы хабарлама жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді тіркеу талон негізінде;
2) Мемлекеттік корпорациясындағы көрсетілетін қызметті беруші арқылы: формуляр бланкіден оны толтырғаннан кейін бөлінетін жеке басты куәландыратын құжатты алу үшін түбіртек негізінде, портал арқылы ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабиетіне" хабарламаның негізінде.
8. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және (немесе) паспортын дайындауға тексеру уақыты, оның ішінде электрондық формулярларды пысқаудан кейін:
КҚҚ бөлімі және КҚҚБ деңгейінде тексерген кезде, алдыңғы деңгейден келіп түскен күннен бастап жеделдетіп дайындау бойынша 1 жұмыс күнін, жалпы тәртіпте – 2 жұмыс күнін;
жеделдету бойынша дайындау кезінде 1 жұмыс күнін, жалпы тәртіпте дайындау 2 жұмыс күнін құрайды;
Электрондық формулярды пысықтаудан кейін, "АӨО" РМК-да құжатты дайындау өндірске түскен күннен бастап 1 жұмыс күн ішінде дайындалуға жатады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпараттандыру саласындағы өкілетті органмен анықталған тәртіпте деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін көрсетілетін қызмет берушінің тікелей атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Құжатты жалпы тәртіпте, оның ішінде порталға жүгінген кезде алу үшін - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін беру. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемдің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі |
Көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде – сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
9 | Мемлекеттік өызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелер | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екені анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамауындағыларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға қажет болған жағдайда 1414 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезіндегі фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілері
Жеке басты куәландыратын құжаттарды басып шығарудың тиісті сапасын және құжаттандырылатын адамның биометриялық деректері бойынша сәйкестендірілуін қамтамасыз ету үшін құжаттандыру үшін ұсынылатын фотосуреттер төменде сипатталған талаптарға сәйкес болуы қажет.
Құжатта келтірілген фотосуреттер үлгілері фотосуреттің талап етілетін сапа параметрлерін көрсетеді және жеке басты куәландыратын электрондық құжаттарды басып шығару үшін ұсынылатын фотосуреттердің жарамдылығын анықтау үшін қажет. Фотосуретке түсу құжаттар тапсырылғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей жасалынады.
Фотосурет бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен болып жасалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.
Діни тұрғыда және медициналық себептерге байланысты басты жабуды есепке алмағанда, фотосуретке бас киіммен түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда бет иектің төменгі жағынан бастап маңдайға дейін ашық болады, бас киімнің көлеңкесі бетке түсуіне жол берілмейді.
Фотосуреттің көлемі: биіктігі 45 мм, ені 35 мм. Суретте иектің төменгі нүктесінен бастың төбесіне дейін, сондай-ақ беттің шеткі сол сызығынан бастап оңғы шетіне дейін бет-бейнесінің белгілері фотода анық бейнеленеді. Бет-бейне фотосуреттің 70-80% орналасады, бұл иектің төменгі нүктесінен төбеге дейін 32-36 мм құрайды.
Егер суретке түсірілетін адамның шашы қалың болса, иектің төменгі нүктесінен бастың ең жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктігі жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес болады. Бастың жоғарғы нүктесін анықтау қиындық тудырған жағдайда 27 мм кем және 40 мм артық емес биіктікке жол беріледі. Шаш жеткілікті көлемде болғанда, бас (шашты қоса алғанда) фотосуретте толық көрсетілінеді.
СУРЕТКЕ ТҮСІРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАТЕЛЕР
1. АНЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ КЕРЕҒАР ТҮСІ
● Фотосурет кереғар түсті және анық.
● Бет-бейнесінің барлық белгілері анық көрінеді.
2. ЖАРЫҚТАНДЫРУ
● Суретке түсіру кезінде бет-бейнесін жарықтандыру біркелкі.
● Бет-бейнесінің қандай да бір бөліктерін ағартудан немесе қараңғылаудан, сондай-ақ қызыл көз әсерінен аулақ болу керек.
● Жарықтандыру табиғи түс қабылданады, көк немесе қызыл реңк сияқты түстерге жол берілмейді.
3. ФОН
● Бір түсті және ашық фон қолданылады, сұр түсті фонды пайдалану ұсынылады, көк түсті фон болмауы керек.
● Бет-бейнесі мен шаш фонмен қарама-қарсы түсте және одан анық көрінеді. Егер суретке түсірілетін адамның шашы ақшыл болса, онда фон сұр түстің орташа өңді, ал егер қара болса, ашық сұр түстер таңдалады. Фонда қандай да бір суреттер мен өрнектерге жол берілмейді.
● Суретте суретке түсірілетін адамның бейнесі ғана болады (бөгде адамдар немесе заттар болуына жол берілмейді). Суретте көлеңкенің болуына жол берілмейді.
4. ФОТОСУРЕТТІҢ САПАСЫ
● Фотосуреттің параметрлері: 3,5*4,5 см., 413*531 (пиксель); өлшемі: 30 кб-қа дейін; тереңдегі: 24 бита;
● Фотосурет (әсіресе цифрлық фотоаппаратпен түсіргенде) 300 dpі ең аз рұқсат етілген жоғары сапалы күңгірт қағазға басып шығарылады (қағаз формулярда ресімдеу кезінде);
● Фотосурет бейтарап түсте болады және терінің табиғи реңін береді;
● Суретте сынықтар, ластанулар немесе сызаттар болуға жол берілмейді. Көркем ретушь және өзге де айла-шарғыларға жол берілмейді;
● Объектив телекамераға қатысты 90-130 мм қысқа телеобъективке сәйкес.
5. БЕТ-БЕЙНЕ КЕЙПІ және КӨРІНІСІ
● Бастын қисайтуға немесе бұрылуына жол берілмейді (мысалы, жартылай профильдік фото)
● Фотосуретке түсуші камераға тіке қарауы және оның беті бейтарап және аузын жауып камераға тура қарайды. Көзді сығырайтпау немесе адырайтпау.
● Түсірілім алдыңғы жақтан анық түсіріледі, жоғарыдан, төменнен немесе жанынан емес.
6. КӨЗҚАРАС БАҒЫТЫ
● Фотосуретке түсуші камераға тіке қарайды. Көзі ашық, анық көрінеді, шашпен көздердің жабылуына жол берілмейді.
7. КӨЗІЛДІРІК
● Көздер анық көрінеді, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді.
● Денсаулық тұрғысынан өң берілген көзілдірік рұқсат беріледі. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды.
8. БАСТЫ ЖАБУ
● Суретке бас киіммен түсуге рұқсат етілмейді.
● Діни не медициналық себептер бойынша басты жабуға жол беріледі. Бұл жағдайда беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады.
● Бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді.
9. БАЛАЛАР
● Балаларға қатысты мынадай нормалар қолданылады:
- бет-бейнесінің биіктігі фотосуреттің 50-80% алынады, яғни иектің төменгі нүктесінен бастың төбесіне дейін 22-36 мм;
- егер суреттегі баланың шашы тым қалың болса, иектің төменгі нүктесінен төбесіне дейінгі ара қашықтықтың талаптарға сәйкес болуына назар аудару қажет;
- егер бастың жоғарғы нүктесін анықтау қиын болса, биіктігі кемінде 17 мм. және 40 мм артық болмауы тиіс;
10. 6 ЖАСҚА дейінгі БАЛАЛАР
● Осы бөлім 6 жасқа дейінгі балалар үшін "Балалар" бөлімінде келтірілген балаларды суретке түсіру ережелерінен бастың қалпына (бұл ретте бастың және иықтың алдыңғы жағдайы бойынша осындай талаптар болады) бет-бейнесі-бейнесі, көз әлпеттеріне, көзқарас бағытына, сондай-ақ бет-бейнесінің суреттің ортасына орналасуына қатысты ауытқуларды реттейді.
1. Қолтаңбаға қойылатын талаптар.
Қолтаңба үлгілерін сканерлеу үшін:
1. Осы құжаттың соңғы бетін басып шығарыңыз;
2. Жиектеменің ортасына (қолтаңба сызығы жиектеменің шетінен шығып кетиеуі тиіс) қолтаңба қойыңыз (жіңішке жазатын қара маркер/фломастерді пайдалана отырып);
2.1. Қолтаңба бойынша ұсынымдар:
Толщина линии меньше 1 мм | Айқын емес қолтаңбаның сканерлеуге жол берілмейді. Сызықтың қалыңдығы 1 мм тең болуы тиіс. |
Сызықтың қалыңдығы 2 мм тең | |
Жоғарғы шекараға өте жақын | Қолтаңбаның жиектеменің жоғары шетіне жақын орналасуына жол берілмейді |
Төменгі шекараға өте жақын | Қолтаңбаның жиектеменің төменгі шетіне жақын орналасуына жол берілмейді. |
Қолтаңба жиектеменің ортасында орналастырылады, бұл ретте жиектеменің шетіне дейін кемінде 0,5 см қалады. |
3. Алынған қолтаңбаның үлгілерін сканерлеңіз (А4 форматындағы парақтың өзін сканерлеңіз);
4. Сканерленген файлды JPEG форматында сақтаңыз;
5. Осы файлды MіcrosoftOffіcePіctureManager(сканерленген файлдың белгісінде тінтуірдің оң жағын басып, MіcrosoftOffіcePіctureManager арқылы ашуды таңдаңыз) бағдарламасының көмегімен ашыңыз;
6. Бірінші кемінде 550 нүктені алу үшін енін орнату қажет, содан кейін жиектеменің үстіңгі және төменгі шет жақтарын қиып алу қажет. Нәтижесінде Сізде кемінде 550 х 124 нүкте мөлшерімен қолтаңба үлгісі болады.
6.1. Дайындау бойынша ұсынымдар
"Суреттерді өзгертуді" таңдаңыз | |
Одан әрі оң жағында пайда болған мәзірде "Суреттерді өзгертуді" таңдаңыз | |
| |
Қорытындысында "Жаңа мөлшер" бірінші ұяшышығында мән кемінде 550 тең болуы тиіс | |
Одан әрі "ОК" басыңыз және "Суретті өзгертуді" басыңыз (6.1-тармаққа суретті қараңыз). Содан кейін "Қиындыны" таңдаңыз | |
| |
Қорытындысында Сізде мөлшері кемінде 550 х 124 нүктелі қолтаңбаның электрондық данасы болады. Бұл ретте бастапқы жиектеменің шеті болмайды. |
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Кімге: _______________________________
(уәкілетті органның атауы)
Мекенжай бойынша тұрақты тіркелген
____________________________________
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
____________________________________
Өтініш
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20 ___ ж. "______" ___________
__________________________қолы
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Өтінімді тіркеу талоны
1. ______________________________________________________________
(ХҚТ ТП орналасқан жері, пункті және коды)
2. ______________________________________________________________
(анықтамалық телефонның нөмірі)
3. ______________________________________________________________
(өтінімді тіркеу талонының нөмірі)
4. ______________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілген қызметтің түрі және тіркеу күні)
5. ______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) және туған күні)
6. ______________________________________________________________
(құжат беруге негіз-құжат: түрі, нөмірі, берілген күні, берген орган)
7. ______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы тапсырыс берген мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
8. ______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тапсыруға жататын құжаттары)
9. ______________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу күні)
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде ) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден.
Көрсетілетін қызмет берушінің Т.А.Ә. (болған кезінде) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесімен бірігетін жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
3) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
4) Бірыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) аумақтық полиция органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы тізбесіне сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) құжаттар пакетін ұсыну кезінде:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарына - "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және портал арқылы;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар үшін – Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін - көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес тұрақты не уақытша тіркеуге оның келісімін ресімделуімен:
Қазақстан Республикасы азаматтары - Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен "Халыққа қызмет көрсету орталығы" біріккен ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) арқылы;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар үшін – Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушімен "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП) арқылы;
босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін - көрсетілетін қызметті берушімен жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, түрін, мазмұнын және көрсету нәтижесінен құралатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
5. Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасы азаматтары жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтары көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын немесе уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жеріне тіркелу мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу жолымен ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының азаматы) порталға жүгінген кезде порталда ЖСН және пароль бойынша авторизацияланады, қызметті таңдайды, осы сұрау салудың деректерін қалыптастырады және сұрау салуды өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады (қол қояды).
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы меншік иесінің "жеке кабинетіне" түседі, ол ЭЦҚ қол қою арқылы оның жылжымайтын мүлік объектісіне көрсетілетін қызметті алушынының тіркелуін растау/бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде сәйкессіздік болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін еместігі және Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажеттігі туралы хабарлама жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы хабарлама түрінде жолданады.
Жаңа тұрғылықты жеріне тіркелген кезде, Қазақстан Республикасының халқын бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тұрғылықты жері бойынша анықталмаған адамдарға "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасында мәртебе беріледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген.
6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Тікелей мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызмет берушінің атына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысы атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған, көрсетілетін қызметті беруші (босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) арқылы - 30 (отыз) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екені анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты береді. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қағаз тасымалдағышта толтыра отырып жүргізеді. |
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Кімге /Кому: ______________________ ____________________________ ____________________________ (ішкі істер органның атауы/ наименование органа внутренних дел) |
Тіркеуге келісім
Мен/біз үй иесі/-лері (жалға беруші) /Я/мы собственник/-и (наниматель)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған кезінде) және ЖСН /Ф.И.О.(при его наличии) и ИИН)
тіркеуге қоюға қарсы емеспін /не возражаю против регистрации:
ИИН/ЖСН ________________ Негіздеме-құжат / Основание ____________
Тегі/Фамилия ________________ Құжаттық № / № документа ____________
Аты/Имя _________________ Берілген күні / Дата выдачи ____________
Әкесінің аты/Отчество _____________ Берген орган / Орган выдачи ____________
Туған кезі/ Дата рождения_____________ Туған жері/ Место рождения ____________
Тіркеу әрекеті / Регистрационное действие
_______________________________________________________
(заңды мекенжайды ауыстыруды тіркеу /
тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу)
Себебі / причина ____________________________________________
Тіркеу мекенжайы/ Адрес регистрации Бұрынғы тіркеу мекенжайы/Прежний
адрес регистрации
Ел/Страна ____________ Ел / Страна ____________
Облыс / Область ____________ Облыс / Область ____________
Аудан / Район ____________ Аудан / Район ____________
Елді мекен / Нас. Пункт Елді мекен / Нас. Пункт
Елді мекеннің орналасқан жері / Елді мекеннің орналасқан жері /
Р-н нас. пункта Р-н нас. пункта
Көше / Улица _______________ Көше / Улица ____________
Үй / дом корпус пәтер/кв Үй / дом корпус пәтер/кв
____ ____ ____ ____
Келу күні / Дата прибытия _______ Кету күні / Дата убытия __________
Тіркелетін адамның қолы /Подпись регистрируемого лица ________________________
Байланыс телефоны/Контактный телефон ______________________________________
Тұрғын үй иесі/-лерінің қолы/-дары/Подпись/-и собственника/-ков: ________________,
_______________.
Байланыс телефоны/Контактный телефондар: __________________________________
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1. ________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 3-қосымша |
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару мемлекеттік қызметі көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
3) Бірыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) аумақтық полиция органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы тізбесіне сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) құжаттар пакетін ұсыну кезінде:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және портал арқылы;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарына - Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен "Халыққа қызмет көрсету орталығы" біріккен ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) арқылы;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар үшін – Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушімен "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП) арқылы;
босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін - көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерешеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де мәліметтер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
5. Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасы азаматтары жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді;
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді;
босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттар осы қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару ресімделеді. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайлық кету парағы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгіну кезінде ЖСН және пароль бойынша порталда авторизацияланады, қызметті таңдайды, сұрау салудың деректерін құрастырады және өзінің ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландырады (қол қояды).
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" оның мекенжайы бойынша тұрмаған адамдарды тіркеуден шығару туралы хабарлама түрінде жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде сәйкессіздіктер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы және Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажеттігі туралы хабарлама жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандар, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген.
6. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеу ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Тікелей мемлекеттік қызметтерді көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына | |
1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші арқылы (босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) - 30 (отыз) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
"Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілдіктері көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адамы үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары): |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екені анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелденген жауап береді. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды олардың заңды өкілдері жүргізеді. |
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1. ________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалған.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 4-қосымша |
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
3) Бірыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүгінеді және және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы тізбесіне сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) құжаттар пакеті ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын түрін, мазмұнын және көрсету нәтижесінен құралатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар ұсыну кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушыға ұсынған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығы және дұрыс ұсынған жағдайда "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі– ЖТ МДБ) сұрау салуды "Халыққа қызмет көрсету орталығы" біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚКО ЫАЖ) арқылы жолдайды.
ЖТ МДБ-дан шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді сұрау салуды өңдеу 15 минут ішінде жүзеге асырылады, мәліметтер бар болған жағдайда шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді осы Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес электрондық түрінде береді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгіну кезінде ЖСН және пароль бойынша порталда авторизацияланады және сұрау салудың деректерін құрастырады, ЭЦҚ таңдайды, ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландырады (қол қояды).
Сұрау салу қабылдау туралы хабарлама-есеп және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайда КҚҚб-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының мекенжай мәліметтерін түзетуді жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелері осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызмет берушінің атына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғам қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысы атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 15 (он бес) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) түрде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді электрондық түрде беру |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу жолдары | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кесесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушілердің: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелер | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екені анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты береді. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қағаз тасымалдағышта толтыра отырып жүргізеді. |
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1. ________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Құжатты электрондық үкімет порталы қалыптастырған | Бірегей нөмір |
Документ сформирован порталом электронного правительства | Уникальный номер |
Алу күні | |
Дата получения |
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтер" |
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 370 Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз тасымалдағыштағы құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 № 370 ЗРК от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
Штрих-кодта "ЖТ" МДБ алынған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер жазылады.
*штрих-код содержит данные, полученные из ГБД ФЛ и подписанные электронно-цифровыми подписями: Министерства юстиции Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 5-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11624 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 945 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12607 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 13 қаңтарда жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13145 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 29 ақпанда жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13489 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 13 сәуірде жарияланған).
6. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 ақпандағы № 183 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13572 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 сәуірде жарияланған).
7. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 292 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13726 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 15 шілдеде жарияланған).
8."Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 945 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 111 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14965 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылы 11 сәуірде жарияланған).
9. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 сәуірде № 300 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15192 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылы 13 маусымда жарияланған).
10. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 879 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16172 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылы 8 қаңтарда жарияланған).
11."Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16343 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылы 20 ақпанда жарияланған).
12. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 524 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17537 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылы 16 қазанда жарияланған).
13. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 953 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18127 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 11 қаңтарда жарияланған).
14. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18253 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 8 ақпанда жарияланған).
15. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 208 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18417 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 14 сәуірде жарияланған).
16. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 620 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19035 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 23 шілдеде жарияланған).
17. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 740 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19337 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 5 қыркүйекте жарияланған).
18. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 1038 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19704 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 6 желтоқсанда жарияланған).