"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 953 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18127 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.qogam.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.qogam.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктерінің басшыларын тағайындауын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.qogam.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары: көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан."

      2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарға жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қоғамдық даму министрі
Д. Кәлетаев