Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.09.2022 № 309/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. "Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 57 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18334 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Цифрлық даму, инновациялар | |
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | А. Жумагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 09.02.2021 № 47/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№№ | "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қысқаша атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
1 | 2 | 3 |
11. | Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу | Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу |
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару | ||
2. | Бала туу | Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау | ||
Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою | ||
Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау | ||
33. | Ақпарат алу | Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру |
Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру | ||
44. | Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу және қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау | Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу |
Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау | ||
55. | Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектісінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру | Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектісінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру | ||
66. | I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру | І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру |
І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру | ||
77. | II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру | ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру |
ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру | ||
8. | Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу | Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу |
Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі | ||
9. | Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру | Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау |
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру | ||
10. | Әуе кемелерін тіркеу және сертификаттау | Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру |
Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру | ||
Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру | ||
11. | Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру | Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу |
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру | ||
12. | Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру | Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау |
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру | ||
13. | Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру | Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру | ||
14. | Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру және жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру | Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру |
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру | ||
15. | Сақтандыру ұйымын құру | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру |
Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфелді басқарушының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру | ||
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру | ||
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу | ||
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу | ||
Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру | ||
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру | ||
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру | ||
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру | ||
Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру | ||
16. | Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалын ашу | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру |
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу | ||
Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру | ||
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру | ||
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру | ||
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру | ||
Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру | ||
17. | Банкті ашу | Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктің филиалын ашуға рұқсат беру |
Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфелді басқарушының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру | ||
Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру | ||
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу | ||
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу | ||
Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру | ||
Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезиденті- банктердің филиалдарына банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру | ||
Ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру | ||
18. | Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашу | Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктің филиалын ашуға рұқсат беру |
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу | ||
Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру | ||
Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезиденті- банктердің филиалдарына банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру | ||
Ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру | ||
19. | Қазақстан Республикасынан тұрақты тұру үшін шығуға | Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу |
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару | ||
20. | Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру | Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру |
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру | ||
21. | Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру | Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру |
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру | ||
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу | ||
Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ыхтиярхат беру | ||
22. | Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру | Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру |
Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру | ||
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту | ||
23. | Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау | Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау |
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау | ||
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру | ||
24. | Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру және прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою | Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру |
Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою | ||
25. | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру және прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру |
Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою | ||
26. | Қандас мәртебесін беру және азаматтық алу | Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту |
Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу | ||
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру | ||
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу | ||
27. | Мүгедектікті алғаш рет белгілеген кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақылар тағайындау | Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау |
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау | ||
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау* | ||
Еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау | ||
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау |
*Ескерту. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетілген. Бұл ретте, "бір өтініш" қағидаты бойынша "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I Заңының 4-бабының 7-тармақшасына сәйкес бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектерге көрсетіледі.