"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20173 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптар сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-крииминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел-криминалистикалық департаментіне (И.И. Зубов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2020 № 892 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 18 наурыздағы
№ 224 бұйрығына
1-қосымша

"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2020 № 892 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және оны ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арыз иесі (көрсетілетін қызметті алушы) – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға өтініш жасаған адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акті қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) (әкімшілік акті адресаты) адам;

      2) әкімшілік акті (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) – әкімшілік орган, лауазымды адам жария-құқықтық қатынастарда қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жекелей белгілі бір адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      3) әкімшілік орган (көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      4) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның өтініш негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешім қабылдау және орындау қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібінде жүзеге асырылатын қызмет.

      5) Бірыңғай байланыс-орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің бейінді құрылымдық бөлінісі – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісі;

      7) криминалистикалық талаптар – азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына, оларды сәйкестендiру және заңсыз қолдан жасау мүмкiндiгiн болғызбау мақсатында қойылатын арнайы техникалық талаптар;

      8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;

      9) сынау зертханасының басшысы – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісінің бастығы немесе ол уәкілеттік берген адам;

      10) сынау объектілері – азаматтық және қызметтiк қару және оның патрондары;

      11) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандардың жинағы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.09.2021 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағына сәйкес құжаттар мен сынау объектілерін ұсына отырып жүгінеді.

      Көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Стандартта жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесін жасайды және оны өтінішке қоса береді.

      Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама көрсетіледі.

      5. Бір мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігін сынауға қарудың немесе бұйымның бір моделі (модификациясы), қызметтік және азаматтық қару патрондарының бір түрі немесе арбалеттердің немесе садақтар снарядтарының бір модификациясы жатады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және сынау зертханасының басшысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Сынау зертханасының басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күні бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушысы) анықтайды.

      Өтінішті портал арқылы алған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей сынау объектілерін қолма-қол ұсынады.

      7. Жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен сынау объектілерінің толықтығын тексереді.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған не сынау объектілерін толық көлемде ұсынбаған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 7-тармақта көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қарау туралы дәлелді бас тарту дайындайды, оған сынау зертханасының басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алуға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тарту жолдайды.

      Портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетімен сынау объектілерінің сәйкес келмеуі анықталған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сынау объектілерін қайтару күні мен уақытын көрсете отырып, дәлелді бас тарту жолдайды.

      9. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді (деректерді) анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен сынау объектілерінің толық пакетін ұсынған кезде жауапты орындаушы:

      он жұмыс күні ішінде ұсынылған сынау объектілерінің "Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10747 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған) сәйкес криминалистік талаптарға сәйкес келуін анықтау үшін сынақ жүргізеді;

      екі жұмыс күні ішінде жүргізілген сынаулардың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша криминалистік талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасын (бұдан әрі – сынау хаттамасы) ресімдейді, екі данада сынау хаттамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды жасайды;

      бір жұмыс күнінің ішінде азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасына сынау зертханасының басшысы қол қояды, азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасын тіркеу үшін кеңсеге береді және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды берілгені туралы мәлімет енгізеді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау хаттамасының электрондық көшірмесін қоса отырып, сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сынау объектілерін қайтару орнын көрсете отырып хабарлама жолдайды.

      10-1. Сынау жүргізу кезінде сынау объектілерінің азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 73-бабының бірінші бөлігіне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші міндетті түрде көрсетілетін қызметті алушыға сынау нәтижелері бойынша алдын ала шешімді жолдайды не көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімі бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстанымын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Сынау нәтижелері бойынша алдын ала шешім не тыңдау туралы хабарламаны мемлекеттік қызметті көрсетуші алдын ала, бірақ әкімшілік акті қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.09.2021 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысымен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыға азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының бір данасын, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін, сынау объектілерін жолдайды. Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде сақтауда қалады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.

      13. Сынау зертханасының басшысы және (немесе) жауапты орындаушы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген осы Қағидаларды бұзушылықтар үшін жауапты.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.09.2021 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акті қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.09.2021 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен, сондай-ақ шағымға алынған жауаппен келіспеген кезде, егер заңда өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының сотқа жүгінуіне сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасағаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.09.2021 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған
патрондардың криминалистік
талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  ____________________________
көрсетілетін қызметті беруші ұйымының
  ____________________________
атауы,
____________________________
атауы және заңды мекенжайы, телефоны,
____________________________
көрсетілетін қызметті алушының
____________________________
электрондық почтасы

ӨТІНІШ

      Объектілер тізімдемесіне сәйкес ұсынылған сынау нәтижелері бойынша азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беруді сұраймын.

      Қосымша: тізімдемеге сәйкес құжаттар ______ парақта және объектілер саны _______ данада, құжаттар мен объектілердің тізімдемесі ________ парақта.

      Осылармен:

      көрсетілетін қызметті алушының барлық көрсетілген деректері байланыс жасау үшін ресми болып табылатыны және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдауға болатыны;

      барлық қоса берілген құжаттар мен объектілер шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі

      _______________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба

      Толтырылған күні 20 _____ жылғы "____"_______________

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған
патрондардың криминалистік
талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну әдістері

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді аумақтық полиция органдары және (немесе) www. egov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – он бес жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi

азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау зертханасы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды / қағаз түрінде

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі

7

"Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: www. mvd. gov. kz "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде;
2) www. egov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың және сынау объектілерінің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогы, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
3) келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектіcі нөмірлерінің тізбесі.
Порталға:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогының электрондық көшірмесі, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасының электрондық көшірмесі және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) келісімшарттың және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектілері нөмірлерінің тізбесінің электрондық көшірмесі.
Сынау объектілері:
атыс, ұңғысыз, сигналды, газды, электр, пневматикалық қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың (коллекциялық және эксклюзивті) сирек әкелінген жағдайлардан басқа) сынау кезінде:
өзін-өзі қорғау және сигналды қаруы – әр модельдің немесе түрлендірудің кемінде жиырма дана патроны бар (газды қару үшін қосымша кемінде он бес дана бос патрон ұсынылады) үш данасы;
қызметтік, спорттық және аңшылық қару – әр модельдің немесе түрлендірудің кемінде отыз дана патроны (снаряды) бар екі данасы;
конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйым – әр модельдің немесе түрлендірудің төрт данасы;
қызметтік және азаматтық қаруға патрондар – әзірлеуші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде жиырма дана;
суық және лақтырылатын қаруды, сондай-ақ сыртқы құрылысы бойынша осындай қаруға ұқсас бұйымдарды (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың жеке (коллекциялық және эксклюзивті) данасы әкелінген жағдайдан басқа) сынау кезінде:
сұқпалы суық және лақтырылатын қару болып табылатын заттар – әр модельдің немесе түрлендірудің үш данасы;
сыртқы құрылысы бойынша суық және лақтырылатын қаруға ұқсастығы бар арнайы құралдар – әр модельдің немесе түрлендірудің төрт данасы;
сыртқы құрылысы бойынша суық және лақтырылатын қаруға ұқсастығы бар шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар – әр модельдің немесе түрлендірудің екі данасы;
арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әр түрлендірудің он бес бірлігі ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді (деректерді) анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы: www. mvd. gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған
патрондардың криминалистік
талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша

ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗІМДЕМЕСІ

р/с №

Дараландыратын белгілерін көрсете отырып, құжаттар мен объектілердің атауы

Саны

Қосымша мәліметтер













      Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі

      __________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба

      20__жылғы "____" _________

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған
патрондардың криминалистік
талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша

[Мемлекеттік тілде УО атауы)] Мемлекеттік тілде УО деректемелері


[Орыс тілінде УО атауы)] Орыс тілінде УО деректемелері


Дәлелді бас тарту

Нөмірі:_______ Берілген күні:

[Көрсетілетін қызметті алушының ұйымының атауы]

Сіздің 2020 жылғы "____"_______№_______ өтінішіңізді қарап, _____________________________________________________________________________
["Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес бас тарту себебі]
байланысты "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз.

Сынау зертханасының басшысы:
____________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы



  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған
патрондардың криминалистік
талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы

      № _________                              20____ жылғы "___" ________

      шығыс № ________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының сынау объектілерін жолдау туралы

      ____________________________________________________________________

      өтінішінің деректемелері көрсетіледі

      ____________________________________________________________________

      Сынау объектісі_______________________________________________________

      өндіруші фирманың толық атауы, қару мен патрондардың,

      _____________________________________________________________________

      снарядтардың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен шыққан жылы (болған кезде),

      _____________________________________________________________________

      таңбалау белгілері көрсетіледі

      Жүргізілген сынақтардың нәтижесі: ________________________________________

      сынақтарды жүргізу барысы мен

      _______________________________________________________________________

      қорытындылары сипатталады

      Сынауды жүргізген:            _______      ______________________________________

      қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған
патрондардың криминалистік
талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
6-қосымша

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне № ____ қорытынды

      20____ жылғы "____" ________

      Өтініш: 20____ жылғы "____" ______________ кіріс № ____________________

      Көрсетілетін қызметті алушы:__________________________________________

      Заңды мекенжайы: __________________________________________________

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау бойынша ШЕШІМ

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қосымша: Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы. Сынау объектілері қолма-қол ұсынылады.

      Сынау зертханасының басшысы:

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондарға қойылатын криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының артқы беті 20 ____жылғы "___"________№ ________қорытындының ақпараттық парағы



      Бұйым_________________________________________________________

      сыналған үлгінің толық атауы, каталогтар бойынша нөмірі,

      ____________________________________________________________________

      базалық үлгінің түрленуінің нөмірі

      ____________________________________________________________________

      әзірлеуші, әзірлеуші ел көрсетіледі

      Нәтиже ________________________________________________________

      зерттеу бойынша қысқаша қорытынды көрсетіледі

      Техникалық сипаттамалары:_________________________________________

      Сынау зертханасының басшысы:

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 224 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11230 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған);

      2. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11510 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған);

      3. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 69 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13170 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған);

      4. "Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18714 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 31 мамырда жарияланған);

      5. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 544 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 маусымда жарияланған).