ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2020 № 892 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптар сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-крииминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел-криминалистикалық департаментіне (И.И. Зубов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына 1-қосымша |
"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бейінді құрылымдық бөлінісі – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісі;
2) криминалистикалық талаптар – азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына, оларды сәйкестендiру және заңсыз қолдан жасау мүмкiндiгiн болғызбау мақсатында қойылатын арнайы техникалық талаптар;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;
4) сынау объектілері – атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қару, өзін-өзі қорғау қаруы, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар, қызметтік және азаматтық қарудың патрондары, суық және лақтырылатын қару, сыртқы пішіні бойынша суық және лақтырылатын қаруға ұқсас арнайы құралдар, сыртқы пішіні бойынша суық және лақтырылатын қаруға ұқсас шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар, арбалеттердің немесе садақтардың снарядтары;
5) сынау зертханасының басшысы – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісінің бастығы немесе ол уәкілеттік берген адам.
3. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма қол өтініш, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес фирманың каталогы, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық, келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектіcі нөмірлерінің тізбесі мен сынау объектілерін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесін жасайды және оны өтінішке қоса береді.
5. Бір мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігін сынауға қарудың немесе бұйымның бір моделі (модификациясы), қызметтік және азаматтық қару патрондарының бір түрі немесе арбалеттердің немесе садақтар снарядтарының бір модификациясы жатады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш, құжаттар мен сынау объектілері келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және сынау зертханасының басшысына орындауға береді.
Сынау зертханасының басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күні бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушысы) анықтайды.
7. Жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен сынау объектілерінің толықтығын тексереді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен сынау объектілерінің толық пакетін ұсынбаған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қарау туралы дәлелді бас тарту дайындайды, оған сынау зертханасының басшысына қол қойғызады және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
9. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді (деректерді) анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен сынау объектілерінің толық пакетін ұсынған кезде жауапты орындаушы:
он жұмыс күнінің ішінде ұсынылған сынау объектілерінің "Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10747 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған) сәйкес криминалистикалық талаптарға сәйкес келуін анықтау үшін сынақ жүргізеді;
екі жұмыс күнінің ішінде жүргізілген сынаулардың нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасын (бұдан әрі – сынау хаттамасы) рәсімдейді және екі данада сынау хаттамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды жасайды;
бір жұмыс күнінің ішінде сынау зертханасының басшысына азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасына қол қойғызады, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындынының екі данасын тіркеу үшін береді және азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды туралы мәліметтерді "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізеді.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысымен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыға азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының бір данасын және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакеті мен криминалистикалық талаптарға сәйкес келетін және оларды сынау нәтижесінде сыртқы түрі конструкциясы, қасиеттері, техникалық сипаттамалары өзгермеген сынау объектілерін береді. Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіде сақтауда қалады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.
14. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
ӨТІНІШ
Объектілер тізімдемесіне сәйкес ұсынылған сынау нәтижелері бойынша азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беруді сұраймын.
Қосымша: тізімдемеге сәйкес құжаттар______парақта және объектілер саны _______ данада, құжаттар мен объектілердің тізімдемесі ________парақта.
Мыналар:
көрсетілетін қызметті алушының барлық көрсетілген деректері байланыс жасау үшін ресми болып табылатыны және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдауға болатыны;
барлық қоса берілген құжаттар мен объектілер шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі
______________ _____________________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Толтырылған күні 20 _____жылғы "____"_______________
"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну әдістері | өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді аумақтық полиция органдары жүзеге асырады |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсету мерзімі – он бес жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi | азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдері | мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс кестесі |
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс уақытының бекітілген кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұма аралығында. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың және сынау объектілерінің тізбесі |
1) заңды тұлғаға ұсыну үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді (деректерді) анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін eскере отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗІМДЕМЕСІ
р/с № | Дараландыратын белгілерін көрсете отырып, құжаттар мен объектілердің атауы | Саны | Қосымша мәліметтер |
Тапсырған: ______________ __________ ________________________________
Лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қабылдаған: ______________ __________ ________________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__жылғы "____" _________
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының № 202-V ҚРЗ Заңының 41-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, _______________________________________
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы мен мекенжайы)
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар мен объектілерді толық ұсынбағандықтан, атап айфтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1)________________________________;
2)________________________________;
3) ________________________________ "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар мен объектілерді қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат 2 данада жасалды, әр жаққа бір-бір данадан.
Көрсетілетін қызметті берушінің _________________________________________ _________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
20___жылғы "___"________
Алды: көрсетілетін қызметті алушының_____________________________________ ________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
20___жылғы "___"________
"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы
№ _________ 20____ жылғы "___" ________
шығыс № _________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының сынау объектілерін жолдау туралы
________________________________________________________________________________
өтінішінің деректемелері көрсетіледі
________________________________________________________________________________
Сынау объектісі __________________________________________________________________
өндіруші фирманың толық атауы, қару мен патрондардың түрі, моделі,
________________________________________________________________________________
калибрі, сериясы мен шыққан жылы (болған жағдайда), таңбалау белгілері көрсетіледі
________________________________________________________________________________
Жүргізілген сынақтардың нәтижесінде: ______________________________________________
сынақтарды жүргізу барысы мен
________________________________________________________________________________
қорытындылары сипатталады
Сынауды жүргізген: _______ ______________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне № ____ қорытынды
20____ жылғы "____" ________ |
Өтініш: 20____ жылғы "____" ________________ кіріс № ________________________
Көрсетілетін қызметті алушы:________________________________________________
Заңды мекенжайы: _________________________________________________________
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау бойынша ШЕШІМ
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қосымша: қайтарылатын объектілер мен құжаттардың тізбесі бар тізімдеме ___ парақта.
Орындаушы: ________ _____________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Сынау зертханасының басшысы: ________ _____________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондарға қойылатын криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының артқы беті
20 ____жылғы "___"________№ ________қорытындының анықтама парағы
Бұйым____________________________________________________________________
сыналған үлгінің толық атауы, каталогтар бойынша нөмірі,
__________________________________________________________________________
базалық үлгінің нөмірі, модификациясы
__________________________________________________________________________
әзірлеуші, әзірлеуші ел көрсетіледі
Нәтиже ___________________________________________________________________
зерттеу бойынша қысқаша қорытынды көрсетіледі
Техникалық сипаттамалары: _________________________________________________
Орындаушы:____________________ ______________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Сынау зертханасының басшысы:
____________________ _______________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11230 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған);
2. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11510 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған);
3. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 69 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13170 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған);
4. "Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18714 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 31 мамырда жарияланған);
5. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 544 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 маусымда жарияланған).