"Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 93/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 наурызда № 20139 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11892 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртiбi";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Құпиялық белгiсi бар ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды құпиясыздандыру "Мемлекеттiк құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабына сәйкес жүргiзiледi.".

      17- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "17. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары ғарыш техникасының нақты үлгiсiнiң жобалау-конструкторлық ұйым әзiрлеген және бекiткен техникалық процестерiне сәйкес Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс), "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының, "Өлшем бірлігін қамтамсыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының және "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17242 тіркелген) талаптарын сақтай отырып жүргiзiледi.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Цифрлық даму, инновациялар және
      аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жумагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі