БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. "Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 57 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18334 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Цифрлық даму, инновациялар | |
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | А. Жумагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі
№ | "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қысқаша атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
1 | 2 | 3 |
11. | Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу | Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу |
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару | ||
22. | Бала туу | Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау/*Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу | ||
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою | ||
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу | ||
33. | Ақпарат алу | Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру |
Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру | ||
44. | Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу және қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау | Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу |
Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау | ||
| Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру | Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру |
Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру | ||
66. | I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру | I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру |
I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру | ||
77. | II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру | II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру |
II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру | ||
8. | Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу | Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу |
Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі | ||
9. | Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру | Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау |
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру | ||
10. | Әуе кемелерін тіркеу және сертификаттау | Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәліктер беру |
Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру | ||
Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру | ||
11. | Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру | Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу |
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру | ||
12. | Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру | Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау |
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру | ||
13. | Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру | Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру | ||
14. | Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру және жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру | Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру |
Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру |
* Ескерту: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетілген. Бұл ретте "бір өтініш" қағидаты бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі көрсетіледі.