Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 18334 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.01.2020 № 36/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11001 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1297 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13497 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Ақпарат және
  коммуникациялар
  министрінің
  2019 жылғы 14 ақпандағы
  № 57 бұйрығымен бекітілген

Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі

Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қысқаша атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы


2

3

1.

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

2.

Бала туу

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау/*Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

3.

Ақпарат алу

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру

4.

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу және қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

5.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру

6.

I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру

I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

7.

II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру

II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

8.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу

Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

      * Ескерту: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетілген. Бұл ретте бір өтініштің негізінде электрондық нысанда бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі көрсетіледі.