"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің
Министрдің м.а. | Е. Нысанбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген |
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын сондай-ақ, балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуді, оларды аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – аккредиттеу субъектісінің Заңда белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыруға құзыреттілігін ресми тану рәсімі;
2) аккредиттеу субъектісі – аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің сондай-ақ, балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – қауымдастық);
3) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі – аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
4) комиссия – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосында құрылатын аккредиттеу жөніндегі комиссия.
5) уәкілетті орган – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
3. Аккредиттеуді аккредиттеу субъектісіне Заңның 33-1-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын растау үшін уәкілетті орган жүргізеді.
4. Аккредиттеуді жүргізу рәсімдері:
1) аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру жариялау;
2) қауымдастықтардың уәкілетті органға осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды беруі;
3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;
4) аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
5) аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе оны беруден дәлелді бас тарту.
2-тарау. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі
5. Аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Аккредиттеуді жүргізу мақсатында құрамы уәкілетті органының қызметкерлерінен қалыптастырылатын комиссия құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті органы басшысының бұйрығымен бекітіледі, ол болмаған кезде – оны алмастыратын тұлға бекітеді.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны уәкілетті органның қызметкерлерінен тақ сан болуы және кемінде бес адам болуы тиіс.
Уәкілетті органның басшысы, ол болмаған кезде – оны алмастыратын адам Комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссия хатшысы уәкілетті орган қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады және комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия хатшысы комиссия жұмысын ұйымдастырады, комиссияның отырысына даярлау жүргізеді және өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды және қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.
Комиссия мүшелерінің қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өздерінің ерекше пікірін жазбаша түрде жазады, олар қатыстыру арқылы мәжіліс хаттамасына тіркеледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz (бұдан әрі-Портал) мынадай құжаттарды ұсынады:
аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын аккредиттеу кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мыналардың:
меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде аңшылық минимум бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін жабдықталған үй-жайлардың;
веб-сайттың;
филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса);
жануарлар дүниесін молайту мен пайдалануды қорғау саласындағы арнайы әдебиеттерді, аңшылық минимумы жөніндегі әдістемелік материалдардың, құралдар мен экспонаттардың;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында кәсіптік білімі бар тиісті қызметкерлер штатының;
қауымдастық құрамындағы әуесқой аңшылардың қоғамдық бірлестіктерінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін мәліметтер нысанын;
балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының аккредиттеуден өтуі кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мыналардың:
филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса);
веб-сайтының;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиеттің, балық шаруашылығы бойынша әдістемелік материалдардың;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мамандарды қоса алғанда, кәсіби білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының;
қауымдастықтың құрамында әуесқой балық аулаушылар мен спорттық балық аулау қоғамдық бірлестіктерінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;
3) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтердің тиісті нысанын береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны жауапты қызметкердің қарауына береді.
Жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімдерін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер сәйкес келмейтін талаптарды көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Егер хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді талаптарға сәйкес келтірмесе, Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарау комиссия отырысында жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешім қабылдайды:
1) қауымдастықты аккредиттеу;
2) аккредиттеуден бас тарту.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Уәкілетті орган комиссия шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту жібереді.
11. Уәкілетті орган аккредиттеуден "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тартады.
12. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жыл мерзімге беріледі.
Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жыл мерзімге беріледі.
13. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайды және үшінші тұлғаларға берілуге жатпайды.
14. Атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайда қауымдастық бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
15. Қауымдастықтың аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
16. Аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын:
1) оның қолданылу мерзімі аяқталған;
2) қауымдастықтың қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) қауымдастық куәліктің қолданылуын өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген;
4) Уәкілетті орган Заңның 33-1-бабында көзделген қызметтің тиісті дәрежеде жүзеге асырылмауы туралы фактілерді анықтаған жағдайларда тоқтатылады.
17. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
3-тарау. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңға (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
19. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Кімге:_______________________________________________
(аккредиттеу органы басшысының лауазымы, тегі,
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________________________
Кімнен:______________________________________________
(лауазымы, заңды тұлғаның атауы)
Реквизиттері: _________________________________________
(БСН, байланыс телефоны, электронды мекенжайы)
_____________________________________________________
Өтініш
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________ аккредиттеуді сұраймын.
Жүзеге асыру үшін_______________________________________________________________
(аккредитация саласындағы жұмыс түрлері) ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
3.________________________________________________________________________
4.________________________________________________________________________
5.________________________________________________________________________
____________________ ______________________________________________________
(қолы) (лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)
Күні: 20__ жылғы " ___ " ____________
Мәліметтер нысаны
(аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін)
Аңшылық минимумының бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін жабдықталған үй-жайлар туралы мәліметтер
1) Мекенжайы:__________________________________________________________
_______________________________________________________________________
2) Үй-жайлардың сипаттамасы, жабдықтар және алаңы _______________________
_______________________________________________________________________
3) Жеке меншік құқығын растайтын құжаттың нөмірі және күні________________
өкілдіктер және (немесе) филиалдар туралы мәліметтер (бар болса)
4) Мекенжайы:__________________________________________________________
_______________________________________________________________________
5) Атауы: _______________________________________________________________
________________________________________________________________________
6) филиалды және (немесе) өкілдікті тіркеу туралы заңды және жеке тұлғалар үшін
анықтама________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы кәсіби білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының болуы туралы мәліметтер
7) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________________
_________________________________________________________________________
8) Лауазымы _____________________________________________________________
________________________________________________________________________
9) Осы ұйымда жұмыс істейді________________________________________________
________________________________________________________________________
(тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін)
10) Жұмыс өтілі:__________________________________________________________
________________________________________________________________________
(мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін)
11) Оқу орнының атауы_____________________________________________________
_________________________________________________________________________
12) Оқу жылдары __________________________________________________________
_________________________________________________________________________
13) Диплом бойынша біліктілігі_______________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
14) Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________
_________________________________________________________________________
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиеттің, аңшылық минимумы бойынша әдістемелік материалдардың, көмекші құралдар мен экспонаттардың
15) Атауы: ________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
16) Өлшем бірлігі: __________________________________________________________
__________________________________________________________________________
17) Саны: _________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Веб-сайттың болуы туралы мәліметтер
18) Атауы: ________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
19) Өлшем бірлігі __________________________________________________________
__________________________________________________________________________
20) Саны __________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
21) Ескертпе _______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қауымдастық құрылтайшыларында мүшелерінде аңшылық шаруашылығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумына оқыту бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер
22) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________________________
__________________________________________________________________________
23) Лауазымы ______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
24) Осы ұйымда жұмыс істейді________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін)
25) Жұмыс өтілі:____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін)
26) Оқу орнының атауы______________________________________________________
_________________________________________________________________________
27) Оқу жылдары ___________________________________________________________
__________________________________________________________________________
28) Диплом бойынша біліктілігі_______________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
29) Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________
__________________________________________________________________________
Қауымдастық құрамында аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің болуы туралы мәліметтер
30) Қоғамдық бірлестіктердің атауы ___________________________________________
__________________________________________________________________________
31) Саны__________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
32) Мекенжайы:____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн 20___ жылғы "__" ___________
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Мәліметтер нысаны
(балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін)
өкілдіктер және (немесе) филиалдар туралы мәліметтер (бар болса)
1) Мекенжайы:____________________________________________________
_________________________________________________________________
2) Атауы __________________________________________________________
__________________________________________________________________
3) Заңды тұлғаларға филиалдар және (немесе) өкілдіктерді тіркеу туралы
анықтама__________________________________________________________
Веб-сайттың болуы туралы мәліметтер
4) Атауы: __________________________________________________________
__________________________________________________________________
5) Өлшем бірлігі ___________________________________________________
__________________________________________________________________
6) Саны ___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
7) Ескертпе ____________________________________________________
______________________________________________________________
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы арнайы әдебиеттің, балық шаруашылығы бойынша әдістемелік материалдардың, көмекші құралдардың болуы туралы мәліметтер
8) Атауы: _________________________________________________________
__________________________________________________________________
9) Өлшем бірлігі: ___________________________________________________
__________________________________________________________________
10) Саны: _________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында кәсіби білімі бар тиісті штатының болуы туралы мәліметтер
11) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________
_________________________________________________________________
12) Лауазымы ____________________________________________________
_________________________________________________________________
13) Осы ұйымда жұмыс істейді______________________________________
_________________________________________________________________
(тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін)
14) Жұмыс өтілі:__________________________________________________
_________________________________________________________________
(мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін)
15) Оқу орнының атауы______________________________________________
___________________________________________________________________
16) Оқу жылдары ____________________________________________________
____________________________________________________________________
17) Диплом бойынша біліктілігі________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
18) Диплом бойынша мамандығы_______________________________________
____________________________________________________________________
Қауымдастық құрамында әуесқой балықшылар мен спорттық балық аулау қоғамдық бірлестіктерінің болуы туралы мәліметтер
19) Қоғамдық бірлестіктердің атауы ______________________________
_____________________________________________________________
20) Саны_____________________________________________________
_____________________________________________________________
21) Мекенжайы:________________________________________________
_____________________________________________________________
Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн 20___ жылғы "__" ___________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы
Елтаңба Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік
№ _____ | 20 ___жылғы " __ " ___________ |
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес
__________________________________________________________________
(аккредиттеу органының атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________мекенжайында орналасқан мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға аккредиттеледі:
1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру;
2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысу;
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлу;
6) аң аулауға пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды тіркеу мен есепке алуды жүргізу;
7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәлігін беру, белгіленген нысан бойынша аң аулаушының берілген куәлігі туралы есептемені уәкілетті органға ұсыну;
8) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізу;
9) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
10) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу;
11) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;
12) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Куәлік 20 ___ жылғы " _ " _________дейін жарамды.
Аккредиттеу органының басшысы __________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол бар болса))
Мөрдің орны |
Сериясы ___________ №_________________________
Берілген күні 20_____ жылғы "_____"
Елтаңба Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік
№ _____ | 20 ___жылғы " __ " ___________ |
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес
__________________________________________________________________
(аккредиттеу органының атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________мекенжайында орналасқан
мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға аккредиттеледі:
1) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру;
2) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіру;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу;
4) балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мониторингісіне және оларды есепке алуға қатысу;
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу;
6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу;
7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысу;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
9) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру.
Куәлік 20 ___ жылғы " _ " _________дейін жарамды.
Аккредиттеу органының басшысы __________ __________________ (қолы) (тегі, аты-жөні, әесінің аты (бар болса))
Мөрдің орны |
Сериясы ___________ №_________________________
Берілген күні 20_____ жылғы "_____"
Кімге:______________________________________________
(аккредиттеу органы басшысының лауазымы, тегі,
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
____________________________________________________
Кімнен:_____________________________________________
(лауазымы, заңды тұлғаның атауы)
Реквизиттері:________________________________________
(БСН, байланыс телефоны, электронды мекенжайы)
____________________________________________________
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеуге
Өтініш
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеп беруді сұраймын.
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
берілген___________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Жүзеге асыру үшін__________________________________________________
(аккредитация саласындағы жұмыс түрлері)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
мына (дай) негіздеме (лер) бойынша:
1) атауының өзгеруі;
2) заңды мекенжайының өзгеруі
Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
4.____________________________________________________________
5.____________________________________________________________
Байланыс телефондары__________________E-mail__________________
Қосымша: ________ парақ (та) 1 данада___________
____________________________________________ ______________
тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол бар болса)) қолы
_____________20____жыл ______________________
"Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті. |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-Портал). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күн |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік; |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын аккредиттеу кезінде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген, өзге де талаптар |
1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Хабарлама
Ескерту. Қағида 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Берілді _______________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы) Осы арқылы Мемлекеттік мекеме ___________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) Сіздің [өтініш күні] № [өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды_________________________________________________________________________ (құрылымдық элементті көрсету)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына сәйкес осы хабарламаны Портал арқылы алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды:
Портал:
1.___________________________________________
2.___________________________________________
3.___________________________________________
Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінішті одан әрі қарауға дәлелді бас тарту жіберіледі. _____________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы) _____________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Хабарламаны жіберу күні мен уақыты: 20__ жылғы "___" ________ "__" сағат "__" мин.