Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19960 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің

      Министрдің м.а. Е. Нысанбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 28 бұйрығымен бекітілген

Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын сондай-ақ, балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуді, оларды аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – аккредиттеу субъектісінің Заңда белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыруға құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

      2) аккредиттеу субъектісі – аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің сондай-ақ, балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – қауымдастық);

      3) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі – аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;

      4) комиссия – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосында құрылатын аккредиттеу жөніндегі комиссия.

      5) уәкілетті орган – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.

      3. Аккредиттеуді аккредиттеу субъектісіне Заңның 33-1-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын растау үшін уәкілетті орган жүргізеді.

      4. Аккредиттеуді жүргізу рәсімдері:

      1) аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру жариялау;

      2) қауымдастықтардың уәкілетті органға осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды беруі;

      3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;

      4) аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      5) аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе оны беруден дәлелді бас тарту.

2-тарау. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру жариялайды.

      6. Аккредиттеуді жүргізу мақсатында құрамы уәкілетті органының қызметкерлерінен қалыптастырылатын комиссия құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті органы басшысының бұйрығымен бекітіледі, ол болмаған кезде – оны алмастыратын тұлға бекітеді.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны уәкілетті органның қызметкерлерінен тақ сан болуы және кемінде бес адам болуы тиіс.

      Уәкілетті органның басшысы, ол болмаған кезде – оны алмастыратын адам Комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссия хатшысы уәкілетті орган қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады және комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия хатшысы комиссия жұмысын ұйымдастырады, комиссияның отырысына даярлау жүргізеді және өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды және қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.

      Комиссия мүшелерінің қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өздерінің ерекше пікірін жазбаша түрде жазады, олар қатыстыру арқылы мәжіліс хаттамасына тіркеледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қауымдастық аккредиттеуден өту үшін аккредиттеу сбъектісі хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға электронды немесе қағаз нысанында мынадай құжаттарды береді:

      аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының аккредиттеуден өтуі кезінде:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2) растайтын құжаттардың болуы:

      аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде жабдықталған үй-жайлардың;

      веб-сайтының;

      филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса);

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиеттің, аңшылық минимумы бойынша әдістемелік материалдардың, көмекші құралдар мен экспонаттардың;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мамандарды қоса алғанда, кәсіби білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының;

      қауымдастықтың құрамында әуесқой аңшылардың шаруашылығы қоғамдық бірлестіктерінің болуы қажет.

      3) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес мәліметтердің тиісті нысанын береді.

      Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының аккредиттеуден өтуі кезінде:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2) растайтын құжаттардың болуы:

      филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса);

      веб-сайтының;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиеттің, балық шаруашылығы бойынша әдістемелік материалдардың;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мамандарды қоса алғанда, кәсіби білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының;

      қауымдастықтың құрамында әуесқой балық аулаушылар мен спорттық балық аулау қоғамдық бірлестіктерінің болуы қажет.

      3) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес мәліметтердің тиісті нысанын береді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті орган өтінім берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде берілген құжаттардың толымдылығын тексереді.

      Өтінім беруші құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімде аккредиттеуден дәлелді бас тартады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Құжаттарды қарау комиссия отырысында жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша Комиссия:

      1) қауымдастықты аккредиттеу;

      2) аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      10. Уәкілетті орган комиссия шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту жібереді.

      11. Уәкілетті орган аккредиттеуден "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тартады.

      12. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жыл мерзімге беріледі.

      Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жыл мерзімге беріледі.

      13. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайды және үшінші тұлғаларға берілуге жатпайды.

      14. Атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайда қауымдастық бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      15. Қауымдастықтың аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      16. Аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын:

      1) оның қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) қауымдастықтың қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

      3) қауымдастық куәліктің қолданылуын өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген;

      4) Уәкілетті орган Заңның 33-1-бабында көзделген қызметтің тиісті дәрежеде жүзеге асырылмауы туралы фактілерді анықтаған жағдайларда тоқтатылады.

      17. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида 3-тараумен толықтыру көзделген - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің,
сондай-ақ балық аулаушылар
мен балық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық
қауымдастықтарын аккредиттеу,
оларды аккредиттеуден өткізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Кімге:_______________________________________________

      (аккредиттеу органы басшысының лауазымы, тегі,

      аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))

      _____________________________________________________

      Кімнен:______________________________________________

      (лауазымы, заңды тұлғаның атауы)

      Реквизиттері: _________________________________________

      (БСН, байланыс телефоны, электронды мекенжайы)

      _____________________________________________________

Өтініш

      ________________________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның атауы)
      __________________________________________________________ аккредиттеуді сұраймын.
      Жүзеге асыру үшін_______________________________________________________________
                                    (аккредитация саласындағы жұмыс түрлері) ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1.________________________________________________________________________

      2.________________________________________________________________________

      3.________________________________________________________________________

      4.________________________________________________________________________

      5.________________________________________________________________________

      ____________________ ______________________________________________________

      (қолы)             (лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)

      Күні: 20__ жылғы " ___ " ____________

  Мөрдің орны
  (жеке кәсіпкерлер
  болып табылатын
  тұлғаларды қоспағанда)
  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің,
сондай-ақ балық аулаушылар
мен балық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық
қауымдастықтарын аккредиттеу,
оларды аккредиттеуден өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мәліметтер нысаны

      (аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін)
      Аңшылық минимумының бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін жабдықталған үй-жайлар туралы мәліметтер

      1) Мекенжайы:__________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      2) Үй-жайлардың сипаттамасы, жабдықтар және алаңы _______________________

      _______________________________________________________________________

      3) Жеке меншік құқығын растайтын құжаттың нөмірі және күні________________

      өкілдіктер және (немесе) филиалдар туралы мәліметтер (бар болса)

      4) Мекенжайы:__________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      5) Атауы: _______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      6) филиалды және (немесе) өкілдікті тіркеу туралы заңды және жеке тұлғалар үшін

      анықтама________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы кәсіби білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының болуы туралы мәліметтер

      7) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________________

      _________________________________________________________________________

      8) Лауазымы _____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      9) Осы ұйымда жұмыс істейді________________________________________________

      ________________________________________________________________________

                              (тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін)

      10) Жұмыс өтілі:__________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

                              (мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін)

      11) Оқу орнының атауы_____________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      12) Оқу жылдары __________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      13) Диплом бойынша біліктілігі_______________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      14) Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиеттің, аңшылық минимумы бойынша әдістемелік материалдардың, көмекші құралдар мен экспонаттардың

      15) Атауы: ________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      16) Өлшем бірлігі: __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      17) Саны: _________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Веб-сайттың болуы туралы мәліметтер

      18) Атауы: ________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      19) Өлшем бірлігі __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      20) Саны __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      21) Ескертпе _______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қауымдастық құрылтайшыларында мүшелерінде аңшылық шаруашылығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумына оқыту бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер

      22) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________________________

      __________________________________________________________________________

      23) Лауазымы ______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      24) Осы ұйымда жұмыс істейді________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін)

      25) Жұмыс өтілі:____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін)

      26) Оқу орнының атауы______________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      27) Оқу жылдары ___________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      28) Диплом бойынша біліктілігі_______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      29) Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қауымдастық құрамында аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің болуы туралы мәліметтер

      30) Қоғамдық бірлестіктердің атауы ___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      31) Саны__________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      32) Мекенжайы:____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн 20___ жылғы "__" ___________

      _________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

  Мөрдің орны
  (жеке кәсіпкерлер
  болып табылатын
  тұлғаларды қоспағанда)
  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің,
сондай-ақ балық аулаушылар
мен балық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық
қауымдастықтарын аккредиттеу,
оларды аккредиттеуден өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мәліметтер нысаны

      (балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін)
      өкілдіктер және (немесе) филиалдар туралы мәліметтер (бар болса)

      1) Мекенжайы:____________________________________________________

      _________________________________________________________________

      2) Атауы __________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      3) Заңды тұлғаларға филиалдар және (немесе) өкілдіктерді тіркеу туралы

      анықтама__________________________________________________________

      Веб-сайттың болуы туралы мәліметтер

      4) Атауы: __________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      5) Өлшем бірлігі ___________________________________________________

      __________________________________________________________________

      6) Саны ___________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      7) Ескертпе ____________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы арнайы әдебиеттің, балық шаруашылығы бойынша әдістемелік материалдардың, көмекші құралдардың болуы туралы мәліметтер

      8) Атауы: _________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      9) Өлшем бірлігі: ___________________________________________________

      __________________________________________________________________

      10) Саны: _________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында кәсіби білімі бар тиісті штатының болуы туралы мәліметтер

      11) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________

      _________________________________________________________________

      12) Лауазымы ____________________________________________________

      _________________________________________________________________

      13) Осы ұйымда жұмыс істейді______________________________________

      _________________________________________________________________

      (тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін)

      14) Жұмыс өтілі:__________________________________________________

      _________________________________________________________________

                        (мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін)

      15) Оқу орнының атауы______________________________________________

      ___________________________________________________________________

      16) Оқу жылдары ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      17) Диплом бойынша біліктілігі________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      18) Диплом бойынша мамандығы_______________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қауымдастық құрамында әуесқой балықшылар мен спорттық балық аулау қоғамдық бірлестіктерінің болуы туралы мәліметтер

      19) Қоғамдық бірлестіктердің атауы ______________________________

      _____________________________________________________________

      20) Саны_____________________________________________________

      _____________________________________________________________

      21) Мекенжайы:________________________________________________

      _____________________________________________________________

      Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн 20___ жылғы "__" ___________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы

  Мөрдің орны
  (жеке кәсіпкерлер
  болып табылатын
  тұлғаларды қоспағанда)
  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің,
сондай-ақ балық аулаушылар
мен балық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық
қауымдастықтарын аккредиттеу,
оларды аккредиттеуден өткізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Елтаңба Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік

№ _____

20 ___жылғы " __ " ___________

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес

      __________________________________________________________________

                                    (аккредиттеу органының атауы)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________мекенжайында орналасқан мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға аккредиттеледі:

      1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру;

      2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу;

      4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысу;

      5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлу;

      6) аң аулауға пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды тіркеу мен есепке алуды жүргізу;

      7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәлігін беру, белгіленген нысан бойынша аң аулаушының берілген куәлігі туралы есептемені уәкілетті органға ұсыну;

      8) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізу;

      9) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;

      10) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу;

      11) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;

      12) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

      Куәлік 20 ___ жылғы " _ " _________дейін жарамды.

      Аккредиттеу органының басшысы __________ _________________________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол бар болса))

  Мөрдің орны

      Сериясы ___________ №_________________________

      Берілген күні 20_____ жылғы "_____"

  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің,
сондай-ақ балық аулаушылар
мен балық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық
қауымдастықтарын аккредиттеу,
оларды аккредиттеуден өткізу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Елтаңба Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік

№ _____

20 ___жылғы " __ " ___________

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес

      __________________________________________________________________

                                    (аккредиттеу органының атауы)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________мекенжайында орналасқан

      мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға аккредиттеледі:

      1) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру;

      2) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіру;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу;

      4) балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мониторингісіне және оларды есепке алуға қатысу;

      5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу;

      6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу;

      7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысу;

      8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;

      9) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру.

      Куәлік 20 ___ жылғы " _ " _________дейін жарамды.

      Аккредиттеу органының басшысы __________ __________________ (қолы) (тегі, аты-жөні, әесінің аты (бар болса))

  Мөрдің орны

      Сериясы ___________ №_________________________

      Берілген күні 20_____ жылғы "_____"

  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің,
сондай-ақ балық аулаушылар
мен балық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық
қауымдастықтарын аккредиттеу,
оларды аккредиттеуден өткізу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      Кімге:______________________________________________

      (аккредиттеу органы басшысының лауазымы, тегі,

      аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________________________

      Кімнен:_____________________________________________

      (лауазымы, заңды тұлғаның атауы)

      Реквизиттері:________________________________________

      (БСН, байланыс телефоны, электронды мекенжайы)

      ____________________________________________________

Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеуге
Өтініш

      Аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеп беруді сұраймын.

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      берілген___________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Жүзеге асыру үшін__________________________________________________

      (аккредитация саласындағы жұмыс түрлері)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      мына (дай) негіздеме (лер) бойынша:

      1) атауының өзгеруі;

      2) заңды мекенжайының өзгеруі

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      4.____________________________________________________________

      5.____________________________________________________________

      Байланыс телефондары__________________E-mail__________________

      Қосымша: ________ парақ (та) 1 данада___________

      ____________________________________________       ______________

      тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол бар болса))             қолы

      _____________20____жыл ______________________

  Мөрдің орны
  (жеке кәсіпкерлер
  болып табылатын
  тұлғаларды қоспағанда)

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида 7 және 8 қосымшалармен толықтыру көзделген - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.