"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қаңтарда № 19898 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызы бар мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) МЖӘ жобасын республикалық меншікке немесе республикалық маңызы бар қалада орналасқан жеңіл рельсті көлік желілерін салу жөніндегі коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша, әуежай және/немесе өткізу қабілеті сағатына кемінде 400 жолаушыны құрайтын аэровокзал салуды (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланған және/немесе осы МЖӘ жобаларын іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектілері болып табылады;".

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі