БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызы бар мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) МЖӘ жобасын республикалық меншікке немесе республикалық маңызы бар қалада орналасқан жеңіл рельсті көлік желілерін салу жөніндегі коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша, әуежай және/немесе өткізу қабілеті сағатына кемінде 400 жолаушыны құрайтын аэровокзал салуды (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланған және/немесе осы МЖӘ жобаларын іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектілері болып табылады;".
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі