Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 350/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 маусымда № 6425 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 576-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4-тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Оразбаев
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Бексейітова

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2019 жылғы "14" маусымдағы
№ 350/31 шешіміне
1-қосымша

Павлодар облысы бойынша қоршаған
ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1

Күкірт тотықтары

20


2

Азот тотықтары

20


3

Шаң және күл

10


4

Қорғасын және оның қосындылары

3 986


5

Күкіртсутек

124


6

Фенолдар

332


7

Көмірсутектер

0,32


8

Формальдегид

332


9

Көміртегі тотықтары

0,32


10

Метан

0,02


11

Күйе

24


12

Темір тотықтары

30


13

Аммиак

24


14

Алты валентті хром

798


15

Мыс тотықтары

598


16

Бенз(а)пирен


996,6

      2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1

Көмірсутектер

44,6

2

Көміртегі тотықтары

14,6

3

Метан

0,8

4

Күкірт диоксиды

200

5

Азот диоксиды

200

6

Күл

240

7

Күкіртті сутегі

1240

8

Меркаптан

199320

      3. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2

Дизель отыны үшін

0,9

3

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

      4. Ластаушы заттарды төккені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1

Нитриттар

1 340

2

Мырыш

2 680

3

Мыс

26 804

4

Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5

Тұзды аммоний

68

6

Мұнай өнімдері

536

7

Нитраттар

2

8

Жалпы темір

268

9

Сульфаттар (анион)

0,8

10

Өлшенген заттар

2

11

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12

Хлоридтер (анион)

0,2

13

Алюминий

54

      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1

"қызыл" тізім

14


1.2.2

"жақұт" тізім

8


1.2.3

"жасыл" тізім

2


1.2.4

сыныпталмағандар

0,9


1.3

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1

аршынды жыныстар

0,004


1.3.1.2

жанас таужыныстары

0,026


1.3.1.3

байыту қалдықтары

0,02


1.3.1.4

шлактар, шламдар

0,038


1.3.2

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,038


1.3.3

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.4

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


2

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін гигабеккерельмен (Гбк):



2.1

Трансуранды


0,76

2.2

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3

Бета-радиоактивті


0,04

2.4

Шынақты радиоактивті көздер


0,38

      6. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.

      Ескертпе:

      АЕК - айлық есептік көрсеткіш.

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2019 жылғы "14" маусымдағы
№ 350/31 шешіміне
2-қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 301/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4233 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы "Облыстық мәслихатының (V сайланған XХХVІІ сессиясы) 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 301/37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 401/46 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы "Облыстық мәслихатының (V сайланған XХХVІІ сессиясы) 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 301/37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 79/10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5330 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда "Регион.kz" газетінде жарияланған).