Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 301/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 4233 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 350/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 14.06.2019 № 350/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 495-бабы 9-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына және сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Оспанова
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

  Облыстық мәслихаттың
(V сайланған, ХХХVІІ сессиясы)
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 301/37 шешімімен
бекітілген

Павлодар облысы бойынша қоршаған
ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (ары қарай - АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3 986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

№ п/п

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

44,6

2.

Көміртегі тотықтары

14,6

3.

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиды

200

5.

Азот диоксиды

200

6.

Күл

240

7.

Күкіртті сутегі

1240

8.

Меркаптан

199320

      Ескерту. 2-тармақ жана редакцияда – Павлодар облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 79/10 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Керосин, сұйытылған, сығылған газ үшін

0,48

      4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1 340

2.

Мырыш

2 680

3.

Мыс

26 804

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"жақұт" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

2


1.2.4.

сыныпталмағандар

0,9


1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,026


1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,038


1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38

      Ескерту. 5-тармақ жана редакцияда – Павлодар облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 401/46 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.

      7. Мынадай коэффициенттер:

      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 495 бабы 7 тармағымен белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне:

      1-тармақта – 0,3 коэффициенті;

      4-тармақта – 0,43 коэффициенті;

      5-тармақтың 1. 3. 3.-жолында – 0,05 коэффициенті;

      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1. 1. - жолда белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне 0,2 коэффиценті қолданылады.

      Ескерту. 7-тармақ жана редакцияда – Павлодар облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 401/46 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды;

      9. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы шешімде белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.

      Ескерту. 9-тармақ жана редакцияда – Павлодар облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 79/10 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АЕК - айлық есептік көрсеткіш; Гбк - гигабеккерель.