Павлодар облыстық мәслихатының (V сайланған XХХVІІ сессиясы) 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 301/37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 401/46 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 қаңтарда № 4880 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 495-бабы 9-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облыстық мәслихатының (V сайланған, XХХVII сессиясы) 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 301/37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4233 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсандағы "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 5 және 7-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:
      "5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №
Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін
1 гигабек-керель (Гбк) үшін
1
2
3
4
1.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:
 
 
1.1.
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)
0,38
 
1.2.
Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:
 
 
1.2.1.
"қызыл" тізім
14
 
1.2.2.
"жақұт" тізім
8
 
1.2.3.
"жасыл" тізім
2
 
1.2.4.
сыныпталмағандар
0,9
 
1.3.
Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:
 
 
1.3.1.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):
 
 
1.3.1.1.
аршынды жыныстар
0,004
 
1.3.1.2.
жанас таужыныстары
0,026
 
1.3.1.3.
байыту қалдықтары
0,02
 
1.3.1.4.
шлактар, шламдар
0,038
 
1.3.2.
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар
0,038
 
1.3.3.
күл мен күлшлактар
0,66
 
1.3.4.
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы
0,002
 
2.
Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін гигабеккерельмен (Гбк):
 
 
2.1.
Трансуранды
 
0,76
2.2.
Альфа-радиоактивті
 
0,38
2.3.
Бета-радиоактивті
 
0,04
2.4.
Шынақты радиоактивті көздер
 
0,38

      ";
      "7. Мынадай коэффициенттер:
      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 495 бабы 7 тармағымен белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне:
      1-тармақта – 0,3 коэффициенті;
      4-тармақта – 0,43 коэффициенті;
      5-тармақтың 1. 3. 3.-жолында – 0,05 коэффициенті;
      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1. 1. - жолда белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне 0,2 коэффиценті қолданылады".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3 Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Сыздыков
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский