ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 15.06.2020 № 77 (14.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 28.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Ақша-кредит саясаты департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
6. Осы қаулы 2020 жылғы 28 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына қосымша |
Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банк) ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі (бұдан әрі – айқындау кезеңі) – ең төмен резервтік талаптардың мөлшерін есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелері мен ең төмен резервтік талаптардың мөлшері есептелетін уақыт кезеңі;
2) ең төмен резервтік талаптар – резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі ішінде банк резервтік активтерде қолдап тұратын құралдардың міндетті көлемі.
3) ең төмен резервтік талаптардың нормативі – ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелеріне қолданатын, пайызбен берілген коэффициент;
4) резервтік активтер – банктің ұлттық валютадағы ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін пайдаланылатын ақшасы;
5) резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі (бұдан әрі – қалыптастыру кезеңі) – банк ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді қолдап тұратын уақыт кезеңі.
2-тарау. Банктің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымы және ең төмен резервтік талаптарды есептеу тәртібі
3. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің құрылымы бухгалтерлік есептің баланстық шоттарында көрсетілген ұлттық және шетел валютасындағы мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі (қысқа мерзімді міндеттемелер) және 1 (бір) жылдан астам (ұзақ мерзімді) міндеттемелерден тұрады.
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған.
Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған.
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған.
4. Банктің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелеріне негізгі борыш және сыйақы бойынша міндеттемелер, оның ішінде негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек (ол бар болса) жатады.
5. Айқындау кезеңі күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды, айқындаудың жиырма сегіз күндік кезеңінің бірінші сейсенбісінен басталады және соңғы дүйсенбісімен аяқталады.
6. Ең төмен резервтік талаптардың нормативтері ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша жеке белгіленеді.
7. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты үшін ең төмен резервтік талаптарды есептеу кезінде айқындау кезеңдегі банк міндеттемелерінің орташа алынғандағы шамасы (арифметикалық орташа мәні) есептеледі.
8. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты үшін ең төмен резервтік талаптары, есептеу тәртібі Қағидалардың 7-тармағында айқындалған банк міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша орташа алынған шамаларын міндеттемелердің тиісті санаттары бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативіне көбейту жолымен есептеледі.
9. Ең төмен резервтік талаптар ең төмен резервтік міндеттемелерді есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша ең төмен резервтік талаптарды қосындылау жолымен есептеледі.
10. Ең төмен резервтік талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №17274 болып тіркелген) ұсынылатын күн сайынғы мәліметтер негізінде есептеледі.
3-тарау. Ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
11. Банктің ең төмен резервтік талаптарды орындауы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктік операцияларды жүргізуге лицензия берген күннен бастап жүзеге асырылады және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күні тоқтатылады.
12. Қалыптастыру кезеңі күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды, айқындау кезеңі аяқталғаннан кейінгі аптаның бірінші сейсенбісінен басталады және қалыптастырудың жиырма сегіз күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісімен аяқталады.
13. Банк ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі банктің корреспонденттік шотындағы ұлттық валютамен орташа мәнінің қалдықтар;
2) және ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың орташа мәнінің 50 (елу) пайызынан аспайтын көлемдегі банктің кассасындағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша сомасы ретінде есептелген резервтік активтерге ақшаны орналастырады.
14. Қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа шамасы осы кезең үшін есептелген ең төмен резервтік талаптардың мөлшерінен төмен болады.
15. Ең төмен резервтік талаптардың орындалуы туралы ақпарат Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады.
16. Ең төменгі резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат электрондық форматта ұсынады.
17. Ең төменгі резервтік талаптарды орындау туралы ақпаратқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда банк бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлайды және электрондық форматтағы ең төмен резервтік талаптардың орындалуы туралы пысықталған ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 1-қосымша |
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2012 | Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары |
2013 | Басқа банктердің корреспонденттік шоттары |
2014 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары |
2022 | Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары |
2023 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары |
2024 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2034 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2038 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек |
2044 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2048 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек |
2054 | Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2058 | Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек |
2064 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2068 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек |
2112 | Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары |
2113 | Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары |
2122 | Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары |
2123 | Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары |
2124 | Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары |
2125 | Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар |
2130 | Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2131 | Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты |
2133 | Басқа банктердің шартты салымдары |
2135 | Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2138 | Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2201 | Мемлекеттік бюджеттің ақшасы |
2202 | Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары |
2203 | Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары |
2204 | Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары |
2205 | Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары |
2206 | Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары |
2208 | Жеке тұлғалардың шартты салымдары |
2210 | Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері |
2211 | Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары |
2213 | Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2215 | Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары |
2219 | Заңды тұлғалардың шартты салымдары |
2222 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары |
2223 | Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2224 | Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2225 | Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек |
2226 | Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2228 | Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар |
2231 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2232 | Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2237 | Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты |
2240 | Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты |
2245 | Инвестициялық депозиттер |
2551 | Басқа банктермен есеп айырысулар |
2552 | Клиенттермен есеп айырысулар |
2701 | Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар |
2702 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2703 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар |
2704 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар |
2705 | Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар |
2706 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар |
2707 | Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар |
2711 | Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар |
2712 | Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2713 | Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар |
2714 | Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2718 | Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар |
2719 | Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2720 | Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2721 | Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2722 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2723 | Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар |
2727 | Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар |
2730 | Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар |
2731 | Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар |
2741 | Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2742 | Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2743 | Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2744 | Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2746 | Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2747 | Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2748 | Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2749 | Басқа да мерзімі өткен сыйақы |
2755 | Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар |
2855 | Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар |
2865 | Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер |
2891 | Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер |
2892 | Форвард операциялары бойынша міндеттемелер |
2893 | Опцион операциялары бойынша міндеттемелер |
2894 | Спот операциялары бойынша міндеттемелер |
2895 | Своп операциялары бойынша міндеттемелер |
2899 | Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер |
Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2133, 2135, 2138, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 2-қосымша |
Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2016 | Басқа банктердің тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары |
2052 | Шетелдік орталық банктерден алынған қарыздар |
2126 | Басқа банктердің тазартылған бағалы металдардағы мерзімді салымдары |
2212 | Клиенттердің тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары |
2216 | Клиенттердің тазартылған бағалы металдардағы мерзімді салымдары |
2708 | Басқа банктердің тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар |
2717 | Клиенттердің тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар |
Ескертпе: 2126 және 2708 баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 3-қосымша |
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2036 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар |
2046 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар |
2056 | Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді қарыздар |
2057 | Басқа банктерден алынған қаржы лизингі |
2066 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздар |
2067 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі |
2127 | Басқа банктердің ұзақ мерзімді салымдары |
2207 | Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары |
2217 | Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары |
2227 | Алынған қаржы лизингі |
2230 | Алынған қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек |
2301 | Айналысқа шығарылған облигациялар |
2303 | Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар |
2306 | Сатып алынған облигациялар |
2745 | Алынған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар |
Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 4-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат
Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЕРТ
Кезеңділігі: әр күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн
Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша
Ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Ұсыну мерзімі: банктің резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей.
Ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі |
__________ - __________ |
мың теңгемен |
Ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі | Банктің ұлттық валютадағы міндеттемелері | Банктің шетел валютасындағы міндеттемелері | Ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар | Шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар | ||||
Қысқа мерзімді | Ұзақ мерзімді | Қысқа мерзімді | Ұзақ мерзімді | Қысқа мерзімді | Ұзақ мерзімді | Қысқа мерзімді | Ұзақ мерзімді | |
(2)*n1 | (3)*n2 | (4)*n3 | (5)*n4 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы:
Ең төмен резервтік талаптар жиынтығы | Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі | Резервтік активтер | ||
(6)+(7)+(8)+(9) | Резервтік активтер жиынтығы | Ұлттық Банктің корреспонденттік шотындағы ақша қалдығы теңгемен | Қолма-қол ақша теңгемен | |
(13)+(14) | ||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Банктің атауы ______________________ Мекенжайы _____________________
Телефоны __________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________
Жауапты орындаушы ___________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) телефоны
Бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде – лауазымдық міндетіне қол қою кіретін қызметкер)
_________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға
_________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе:
n1 - банктің ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n2 - банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n3 - банктің шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n4 - банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
"Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме "Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат" (индекс: ЕРТ, кезеңділігі: әр күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды банк әр 28 (жиырма сегіз) күн сайын толтырады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банктің резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде ұсынады.
4. Нысанға бірінші басшы немесе ол қол қоюға уәкілеттік берген адам, банктің бас бухгалтері (ол болмаған кезеңде – лауазымдық міндетіне қол қою кіретін қызметкер), банктің жауапты орындаушысы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда банктің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелері бойынша орташа шамалар және ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптар, резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтер бойынша орташа шамалар беріледі.
6. 2-бағанға Қағидаларға 1-қосымшасында айқындалған тізбе бойынша банктің ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелерді айқындау кезеңіндегі орташа алынған қалдықтар енгізіледі.
7. 3-бағанға Қағидаларға 3-қосымшасында айқындалған тізбе бойынша банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелерді айқындау кезеңіндегі орташа алынған қалдықтар енгізіледі.
8. 4-бағанға Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларында айқындалған тізбе бойынша банктің шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерді айқындау кезеңіндегі орташа алынған қалдықтар енгізіледі.
9. 5-бағанға Қағидаларға 3-қосымшасында айқындалған тізбе бойынша банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерді айқындау кезеңіндегі орташа алынған қалдықтар енгізіледі.
10. 6, 7, 8 және 9-бағандарда 2, 3, 4 және 5-бағандарда көрсетілген міндеттемелердің тиісті санаты тиісінше бекітілген нормативке көбейтіледі.
11. 10-бағанда 6, 7, 8 және 9-бағандар сомасы көрсетіледі.
12. 12-бағанда 13 және 14-бағандар сомасынан тұратын қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа шамасы көрсетіледі. Бұл ретте осы орташа шама осы кезең үшін есептелген ең төмен резервтік талаптардың мөлшерінен төмен болады.
13. 13-бағанда банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоты бойынша қалыптастыру кезеңіндегі орташа алынған қалдық көрсетіледі.
14. 14-бағанда айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың орташа мәнінің 50 (елу) пайызынан аспайтын көлемдегі банктің кассасындағы ұлттық валютамен қолма-қол ақшаны қалыптастыру кезеңіндегі орташа алынған мәні көрсетіледі.
15. Нысандағы деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
16. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10776 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 12 қазандағы № 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12354 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 52 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13081 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 247 қаулысы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16259 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 159 қаулысымен бекітілген өзгерістер енгізілетін есептілікті ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17391 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 қазанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. "Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 117 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19001 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).