"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша бұйрықтың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Сот актілерін орындау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген |
Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ереже (бұдан әрі – Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 167-бабының 11) тармағына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.
Тағылымдамадан өтудің мақсаты – жеке сот орындаушысы қызметінің кәсіби, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгеру болып табылады.
2-тарау. Тағылымдамадан өтуге жіберу тәртібі, тағылымдамадан өту туралы шарт жасасу
2. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірген және Заңның 140-бабының 2-тармағында, 156-бабының 1-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін тұлға "Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы жанындағы оқу орталығы" мекемесіне (бұдан әрі – Оқу орталығы) еркін нысанда өтініш береді.
Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына психикалық мінез-құлық бұзылулары бар науқастардың қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер (динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда болмауы туралы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымшаға сәйкес мәліметтер (наркологиялық бұзылуларымен науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда болмауы туралы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен бекітілген "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген);
7) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 15.10.2021 № 888 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Оқу орталығы өтініш түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ адамдардың Заңның 140-бабының 2-тармағында және 156-бабының 1-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді және Оқу орталығында құрылатын Комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына береді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және тұлғалардың Қағидалардың осы тармағының талаптарына сәйкес келмеуі фактісі анықталған жағдайда, Оқу орталығы бес жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды жібереді және құжаттарды қайтарады.
4. Комиссия құрамы тақ адам санынан (кемінде бес) тұрады және Оқу орталығының өкілдерінен, жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының (бұдан әрі – Республикалық палата) мүшелерінен, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен қамтылады.
Комиссияның отырыстарында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында аудио - және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысының стенограммасы, аудио- және (немесе) бейнежазбасы отырыс хаттамасына қоса тігіледі және Комиссия отырысының материалдарымен бірге сақталады.
Комиссия отырысы тағайындалған күнге дейін бес күнтізбелік күн бұрын оқу орталығы тұлғаларды Комиссия отырысының күні мен уақыты туралы хабардар етеді.
Отырыс барысында Комиссия ұсынылған құжаттарды Қағидалардың 2-тармағына сәйкес зерделейді және тағылымдамадан өтуге тұлғаларды анықтау үшін әңгімелесу өткізеді.
Тұлғалармен әңгімелесу оның тіркелген жері бойынша Республикалық палата филиалдарының ғимараттарында бейне байланысты пайдалана отырып жүргізіледі.
Отырыс нәтижелері бойынша Комиссия дауыс беру жолымен мынадай дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды:
1) тағылымдамадан өтуге рұқсат беру, басшыны тағайындау және тағылымдамадан өту мерзімі туралы;
2) тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тарту туралы.
5. Тұлғаның бір жыл атқарушылық іс жүргізу саласында жұмыс өтілі болмаған кезде тағылымдамадан өту мерзімі кемінде алты айды құрайды.
Комиссия тағылымдамадан өтуге ниет білдірген үміткердің тіркелген жері бойынша кемінде үш жыл сот орындаушысының жұмыс өтілі бар жеке сот орындаушыларының арасынан тағылымдама басшысын тағайындайды.
Бір мезгілде бір жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту екі тағылымдамадан өтушіден артық болмауы тиіс.
Егер тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамадан өту басшысының жеке сот орындаушысының қызметіне мемлекеттік лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрса не тоқтатылса, сондай-ақ ол Республикалық палата мүшелерінен шығарылған жағдайда, Комиссияның шешімімен тағылымдаманың басқа басшысы тағайындалады, бұл ретте тағылымдамадан өту мерзімі үзілмейді.
Тағылымдамадан өтушілер мен тағылымдама жетекшілерінің есебін Оқу орталығы жүргізеді.
6. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Оқу орталығы және тағылымдамадан өтуші азаматтық заңнамаға сәйкес Республикалық палатаның ол тіркелген жері бойынша филиалдары арқылы тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.
Тағылымдамадан өту туралы шарттың қолданылуы тағылымдамадан өту мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.
Тағылымдамадан өту туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу мынадай жағдайлардың бірі болған кезде туындайды:
1) тағылымдамадан өтушінің өз қалауы бойынша тағылымдамадан өту туралы шартты бұзу туралы өтініш беруі;
2) тағылымдамадан өтушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзуы, оның ішінде тағылымдамадан өту кезеңінде Заңның 156-бабының 1-1-тармағында көзделген, тағылымдамадан одан әрі өтуге кедергі келтіретін негіздердің туындауы;
3) тағылымдамадан өтушінің осы Қағидалардың және тағылымдамадан өту туралы шарттың талаптарын сақтамауы;
4) тағылымдамадан өту үшін уақтылы ақы төлемеу.
Қағидалардың осы тармағының 1, 2, 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тағылымдамадан өту туралы шарт бұзылған кезде тағылымдамадан өтудің іс жүзінде өтпеген кезеңі үшін төленген ақысы, ол алдын ала енгізілген жағдайда, тағылымдамадан өтушіге қайтарылуға жатады.
Қағидалардың осы тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тағылымдамадан өту туралы шарт бұзылған жағдайда, тұлға ол бұзылған күннен бастап алты айдан кейін тағылымдамаға жіберіледі.
3-тарау. Тағылымдамадан өту шарттары мен мерзімдері
7. Тағылымдама ақылы негізде күндізгі бөлімде күніне кеміне төрт сағаттан жүзеге асырылады. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту үшін ақы төлеу мөлшері тағылымдаманың әрбір айы үшін есеп айырысу жүргізілген күні белгіленген он айлық есептік көрсеткішті құрайды. Тағылымдамадан өту үшін төлемді тағылымдамадан өтуші ай сайын ақы төлеуге жататын тағылымдамадан өту айының алдындағы бірінші күнінен кешіктірмей оқу орталығының шотына енгізеді және тағылымдамадан өту туралы шарт жасалғаннан кейін тікелей жүзеге асырылады.
8. Тағылымдамадан өту тағылымдамадан өту және оның практикалық дағдыларын алу барысында тағылымдамадан өтушінің орындауы үшін Оқу орталығы бекітетін Бірыңғай бағдарлама және бірыңғай жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Бірыңғай бағдарламада тағылымдамадан өтушінің атқарушылық әрекеттерді жасау және жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіби, теориялық білім алуына бағытталған іс-шаралар тізбесі қамтылған, оның ішінде жеке сот орындаушылары мінез-құлқының кәсіби және этикалық нормаларын зерделеу, жеке сот орындаушылары үшін немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылатын семинарлық сабақтарға бару.
Бірыңғай жоспар жеке сот орындаушысының практикалық қызметін зерделеуге байланысты мәліметтерді қамтиды.
Тағылымдамадан өтуші ай сайын тағылымдамадан өту туралы есепті толтырады.
Оқу орталығы тағылымдамаға жалпы басшылықты жүзеге асырады, қолданыстағы заңнамаға оқытуды ұйымдастырады, тағылымдаманың бірыңғай жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, тағылымдамадан өтушінің жеке сот орындаушысы қызметінің дағдыларын табысты игеруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, Комиссия отырысында келіп түскен тағылымдама материалдарын қарауды ұйымдастырады.
Жеке сот орындаушыларында тағылымдамадан өту барысы туралы ақпаратты Оқу орталығы жыл сайын Республикалық палатаға ұсынады.
9. Тағылымдама аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей тағылымдамадан өтуші қорытынды есеп дайындайды, ол комиссия отырысында қарау үшін ұсынылады. Қорытынды есепте:
1) тағылымдамадан өту орны, басшысы, мерзімі және тәртібі туралы жалпы мәліметтер;
2) игерілген кәсіби, теориялық білімі және өзіндік жұмыстың практикалық дағдылары;
3) тағылымдаманың бірыңғай жоспары бойынша орындалған жұмыстардың тізбесі;
4) тағылымдаманы ұйымдастыруды және өткізуді жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсыныстар, сондай-ақ тағылымдама жетекшісінің оқыту тиімділігін бағалау қамтылған.
Есепке тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өту кезінде жеке өзі жасаған, тағылымдамадан өтуші және тағылымдама жетекшісі қол қойған іс жүргізу құжаттарының үлгілері, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы қорытынды (бұдан әрі-қорытынды) қоса беріледі, онда тағылымдамадан өтушінің жалпы даярлық дәрежесі көрсетіледі.
Тағылымдамадан өтуші ауырған немесе ол дәлелді себептермен болмаған жағдайда тағылымдамадан өту мерзімі тағылымдамадан өтушінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
4-тарау. Тағылымдама ұзақтығын қысқарту
10. Тағылымдама жетекшісі тағылымдамадан өту мерзімін қысқарту туралы ұсынысын, сондай-ақ тағылымдамадан өтуші дайындаған есепті қарау нәтижелері бойынша тағылымдамадан өту мерзімін Комиссия тағылымдама басталған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қысқартады.
Тағылымдамадан өту мерзімін қысқарту үшін мыналар негіз болып табылады: атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы немесе тағылымдама жетекшісінің Оқу орталығына енгізілген мерзімді қысқарту туралы ұсынысы.
Тағылымдаманы қысқарту туралы ұсынысты комиссия түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
Тағылымдама мерзімін қысқарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен мынадай дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды:
1) тағылымдама мерзімін қысқарту туралы;
2) тағылымдамадан өту мерзімін қысқартудан бас тарту.
Тағылымдамадан өту мерзімін қысқартудан бас тартқанда тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өту туралы бұрын жасалған Шарт талаптарымен тағылымдаманы жалғастырады.
Тағылымдама мерзімін қысқарту туралы қайта ұсыныс Комиссия тағылымдаманы қысқартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған сәттен бастап үш ай өткеннен кейін енгізіледі.
5-тарау. Тағылымдамадан өтудің аяқталуы
11. Тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша Оқу орталығына тағылымдама жетекшісі қорытындыны бекіту туралы ұсыныс енгізеді. Ұсынысты Комиссия оқу орталығына түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қарауға тиіс.
12. Комиссия мүшелері тағылымдамадан өтушімен білімін, жеке сот орындаушысының дербес қызметін жүзеге асыруға теориялық және практикалық дайындығын тексеру үшін әңгімелесу өткізеді, оның нәтижелері бойынша Комиссияның барлық мүшелерінің дауыс беруі арқылы тағылымдама қорытындылары туралы шешім қабылданады.
Әңгімелесу және тағылымдамадан өту туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия отырысында тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекіту туралы шешім немесе тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден дәлелді бас тарту шығарылады.
13. Тағылымдамадан өту қорытындылары туралы қорытындыны бекіту не тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім үш жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өтушіге жіберіледі.
Тағылымдамадан өту туралы қорытынды оны бекіткеннен кейін алты ай ішінде жарамды болып табылады.
Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тартқан жағдайда тағылымдамадан өтуші жалпы негіздерде қайта тағылымдамаға жіберіледі. Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, тағылымдамадан өтуші оған сот тәртібімен шағымдана алады.
14. Тағылымдама жетекшісі тағылымдамадан өту қорытындылары туралы теріс қорытынды берген жағдайда, осы ұсыныс тағылымдаманы алты айға дейінгі мерзімге ұзарту туралы шешім шығара отырып және тағылымдамадан өтушінің қалауы бойынша тағылымдама жетекшісін ауыстыру мүмкіндігімен комиссия отырысында қарауға жатады.
Тағылымдамадан өту туралы қорытынды
Тағылымдамадан өтуші _____________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
20 ___ жылғы "___" ______________ жасалынған № ______ тағылымдама шарты негізінде тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама жетекшісі болып жеке сот орындаушысы
__________________________________________________, тағайындалды.
(тегі, аты-жөні, 20__ жылғы "__" ____ № лицензиясы __)
Тағылымдамадан өту мерзімі 20 ____ жылдан "___" _________ 20__ жылғы ____ дейін тағайындалсын.
Тағылымдама жетекшісі __________________________________________.
(қолы, тегі, аты-жөні)
Мөртаңба орны
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына № 2 қосымша |
|
Нысан |
Жарамсыз деп танылған бұйрықтың тізбесі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтері
1. "Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидалары" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9256 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған);
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 126 бұйрығымен бекітілген, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының 3) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10460 тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған);
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 27 мамырдағы № 357 бұйрығымен бекітілген, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13784 тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымда "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған).