"Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 888 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қазанда № 24828 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19669 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірген және Заңның 140-бабының 2-тармағында, 156-бабының 1-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін тұлға "Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы жанындағы оқу орталығы" мекемесіне (бұдан әрі – Оқу орталығы) еркін нысанда өтініш береді.

      Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына психикалық мінез-құлық бұзылулары бар науқастардың қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер (динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда болмауы туралы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген);

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымшаға сәйкес мәліметтер (наркологиялық бұзылуларымен науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда болмауы туралы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген);

      6) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен бекітілген "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген);

      7) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықты ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев