"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.09.2026 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) ""Фтизиатрия" фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары" бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.06.2021 № ҚР ДСМ -51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы | |
| Денсаулық сақтау министрі | Е. Биртанов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
_____________________А. Жұмағалиев
2020 жылғы " "_________________
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына 1-қосымша |
"Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.09.2026 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа адамға қатысты "цифрлық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшада көзделген.
6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымша |
"Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Денсаулық сақтау ұйымдары |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау салған сәттен бастап – 30 (отыз) минут |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (толық цифрландырылған) |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Осы негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастардың динамикалық байқаудағы жай-күйі туралы (не динамикалық байқауда болмауы) қарау режиміндегі мәлімет |
8. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Электрондық сұрау салу |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша | Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы |
12. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы. |
| "Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарға 2-қосымша нысан |
Мәлімет (туберкулезбен ауыратын науқастардың динамикалық байқауда тұратыны немесе тұрмайтыны туралы)/Сведения (о состоянии или не состоянии на динамическом наблюдении больных туберкулезом)
Берілген күні ________________________________________________
Дата выдачи
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
Туған күні __________________________________________________
Дата рождения
Мекенжайы (тұрғылықты мекенжайы) ________________________________________
Адрес (место жительства)
Динамикалық бақылауда тұратыны (тұрмайтыны) _________состоит/не состоит_________
На динамическом наблюдении
Деректер _________________________цифрлық жүйеде берілген
Данные предоставлены цифровой системой ______________
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына 2-қосымша |
"Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну"" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.09.2026 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау ұйымдармен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама – есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты "цифрлық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды Порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе Порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет тізбесінде баяндалған.
6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу цифрландырылған.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымша |
"Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Денсаулық сақтау ұйымдары |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау салу берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (толық цифрландырылған) |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес қарау режимінде электрондық құжат нысанындағы динамикалық байқауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық байқауда болмауы) мәлімет |
8. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Электрондық сұрау салу |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша | Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы |
12. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарға қосымша Нысан |
Мәлімет (психикалық мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар науқастардың динамикалық байқауда болуы туралы (не динамикалық байқауда болмауы)/ Сведения (о динамическом наблюдении (либо отсутствии динамического наблюдения) больных с психическими поведенческими расстройствами)
Берілген күні ________________________________________________
Дата выдачи
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
Туған күні __________________________________________________
Дата рождения
Мекенжайы(тұрғылықты мекенжайы) ________________________________________
Адрес
Динамикалық бақылауда тұратыны (тұрмайтыны)________состоит/не состоит_______
На динамическом наблюдении
Деректер _________________________цифрлық жүйеде берілген
Данные предоставлены цифровой системой _______________
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамыры № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына 3-қосымша |
"Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.09.2026 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама – есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты "цифрлық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін..
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды Порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе Порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет тізбесінде баяндалған.
6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымша |
"Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Денсаулық сақтау ұйымдары |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (толық цифрландырылған) |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылауда болмауы) қарау режиміндегі мәлімет |
8. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Электрондық сұрау салу |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша | Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы |
12. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарға қосымша Нысан |
Мәлімет (наркологиялық науқастардың динамикалық байқауда тұратыны туралы (не динамикалық байқауда тұрмайтыны)/Сведения (о динамическом наблюдении (либо отсутствии динамического наблюдения) наркологических больных)
Берілген күні ________________________________________________
Дата выдачи
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
Туған күні __________________________________________________
Дата рождения
Мекенжайы (тұрғылықты мекенжайы) _________________________________
Адрес
Динамикалық байқауда тұратыны (тұрмайтыны) _____состоит/не состоит_____