Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қарашада № 19612 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың 3) тармақшасына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақты 4) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 176 қаулысымен
бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы (бұдан әрі - Ұлттық Банк туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер және банк қызметі туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі - заңды тұлға) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібін айқындайды.

      Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына көрсетілген мәндерінде қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.04.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды лицензиялау тәртібі

      2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін заңды тұлғаның мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі талап етіледі:

      1) Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) бекіткен Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайлардың болуы;

      2) меншік құқығында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті кемінде екі көлік құралының болуы.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау қызметін жүзеге асыру кезеңінде заңды тұлға пайдаланылатын көлік құралдарының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19391 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      3) заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы:

      Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады;

      білімі жоғары;

      қаржылық қызметтерді көрсету саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар;

      алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ.

      3. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру туралы электрондық өтініш (бұдан әрі - лицензия беру туралы өтініш);

      2) жарғының электрондық көшірмесі;

      3) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері;

      4) Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;

      5) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

      4. Ұлттық Банк "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден:

      Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген;

      Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.

      5. Лицензия беру туралы өтінішті Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.

      6. Ұлттық Банк заңды тұлғаға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      7. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны беруден бас тарту Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 32-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      8. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.

      Лицензияны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      9. Заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру Банктер және банк қызметі туралы заңның 48-бабы 1-тармағының 1), 4) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Ұлттық Банктің заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы қабылдаған шешімі жайында ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

      Лицензиясы тоқтатыла тұрған заңды тұлға ай сайын, әр айдың онынан кешіктірмей (лицензияның қолданылуы қайта басталған не лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталған күнге дейін) Ұлттық Банкке заңды тұлғаның анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде жүргізген іс-шаралары туралы хабарлайды.

      10. Заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиясының қолданылуын тоқтату Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 35-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      11. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметті ерікті түрде тоқтатуға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішпен Ұлттық Банкке өтініш береді.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтініш "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беріледі және Ұлттық Банк банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметті ерікті тоқтату туралы өтініш ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

3-тарау. "Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібі

      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.04.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны мен нәтижесі қамтылатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге мәліметтер Қағидаларға 1-1-қосымшада белгіленген.

      13. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері түскен кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып сұрау салудың мемлекеттік қызмет көрсетуге қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.

      14. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      15. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның (бұдан әрі - лицензия) не дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.

      Ұлттық Банктің басшылығы 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.

      Ұлттық Банктің басшылығы лицензияны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданған күні өтініш берушіге көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталында көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі өтініш берушіге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жіберіледі.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

4-тарау. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 4-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.04.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Ұлттық Банк басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі және берілген күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Ұлттық Банктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Ұлттық Банктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(толық атауы)
кімнен ______________________
(заңды тұлғаның атауы)

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру туралы өтініш

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беруді сұраймын.

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Толық атауы: ____________________________________________________________

      2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________

      3. Меншік нысаны: _________________________________________________________

      4. Орналасқан жері және нақты мекенжайы: _____________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, елдімекен, көше,

      ________________________________________________________________________________

      үйдің және (немесе) офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі,

      ________________________________________________________________________________

      электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана және парақ саны:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      Заңды тұлға осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін,

      сондай-ақ өтініштің қаралуына байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттардың

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Заңды тұлға ақпараттық жүйелердегі Қазақстан Республикасының заңдарымен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттар қоса беріледі)

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________ ______________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)                        (күні)

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия
беру қағидаларына
1-1-қосымша

"Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.04.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш порталда тіркелген күннен бастап:
лицензия берген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеген кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және оны алу тәсілдері

1) лицензия беру үшін лицензиялық алым 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеуді екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырады.

7.

Жұмыс кестесі

Порталдікі - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жарғының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;
5) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның телнұсқасын алу үшін портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымға төленгені туралы электрондық құжат.
Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға берілген лицензияны қайта ресімдеу үшін портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы борышкерге уақытша лицензия беруге тыйым салынған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда Ұлттық Банк лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20___ жылғы "___" _____________________ жағдай бойынша

      1. Жалпы мәліметтер:

Туылған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - бітірген жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (болған жағдайда күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5

      3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Бұл тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметi (сонымен бірге басқару органындағы мүшелігі), оның iшiнде лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңнен бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, қаржы ұйымының тіркелген елін көрсете отырып)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

Қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесі (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысының (басшысы орынбасарының), қаржы басқарушысының және (немесе) атқарушы директорының лауазымын атқарған жағдайда - жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі.

1

2

3

4

5

6

7

      4. Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржы ұйымы қызметінің мәселелері бойынша

      сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ),

      ________________________________________________________________________________

      күні, ұйымның атауы, сотта істі қарау кезінде жауап беруші,

      ________________________________________________________________________________

      қарастырылатын мәселе және заңды күшіне енген

      ________________________________________________________________________________

      соттың шешімі (ол шығарылған жағдайда) көрсетілсін)

      5. Тағайындалған (сайланған) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық

      қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін

      тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты, тәртіптік жаза

      ________________________________________________________________________________

      қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатындығын растаймын.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және

      Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық

      жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы ______________________________________________________

      Күні _____________________

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия

      Лицензияның нөмірі __________________

      Берілген күні ____ жылғы "___" __________

      ________________________________________________________________________________

      Осы лицензия ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы

      ________________________________________________________________________________

      және бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________________________ берілді

      және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға құқық береді.

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) ______________________            _______________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)            (тегі және инициалдары)

      Берілген жері ___________

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(толық атауы)
кімнен ______________________
(заңды тұлғаның атауы)

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)

      байланысты ____ жылғы ______________ берілген нөмірі __________________

      (берілген күні көрсетілсін)

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Толық атауы: ____________________________________________________________

      2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________

      3. Меншік нысаны: _________________________________________________________

      4. Орналасқан жері және нақты мекенжайы: _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, елдімекен, көше, үйдің және (немесе)

      ________________________________________________________________________________

      офистің нөмірі,телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық

      пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      Заңды тұлға осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін,

      сондай-ақ өтініштің қаралуына байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттардың

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Заңды тұлға ақпараттық жүйелердегі Қазақстан Республикасының заңдарымен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттар қоса беріледі)

      _______________________________________________________________

      ____________________________________________ ______________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)                  (күні)

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(толық атауы)
кімнен ______________________
(заңды тұлғаның атауы)

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (қолданылуын тоқтату себебі көрсетілсін)

      байланысты ____ жылғы ______________ берілген нөмірі __________________

      (берілген күні көрсетілсін)

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның

      қолданылуын тоқтатуды жүзеге асыруды сұраймын.

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Толық атауы: ____________________________________________________________

      2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________

      3. Меншік нысаны: _________________________________________________________

      4. Орналасқан жері және нақты мекенжайы: _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, елді-мекен, көше, үйдің және (немесе)

      ________________________________________________________________________________

      офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі,

      электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      Заңды тұлға осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін,

      сондай-ақ өтініштің қаралуына байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттардың

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Заңды тұлға ақпараттық жүйелердегі Қазақстан Республикасының заңдарымен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттар қоса беріледі)

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________ ______________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)                  (күні)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 176 қаулысына
2-қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы құрылымдық элементінің тізбесі

      1. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11772 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17767 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларына қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18173 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесінің 4-тармағы.