Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қарашада № 19612 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулыға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.04.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 176 қаулысымен
бекітілген

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы (бұдан әрі - Ұлттық Банк туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер және банк қызметі туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі - заңды тұлға) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды лицензиялау тәртібі

      2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін заңды тұлғаның мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі талап етіледі:

      1) Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) бекіткен Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайлардың болуы;

      2) меншік құқығында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті кемінде екі көлік құралының болуы.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау қызметін жүзеге асыру кезеңінде заңды тұлға пайдаланылатын көлік құралдарының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19391 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      3) заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы:

      Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады;

      білімі жоғары;

      қаржылық қызметтерді көрсету саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар;

      алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ.

      3. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру туралы электрондық өтініш (бұдан әрі - лицензия беру туралы өтініш);

      2) жарғының электрондық көшірмесі;

      3) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері;

      4) Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;

      5) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

      4. Ұлттық Банк "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден:

      Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген;

      Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.

      5. Лицензия беру туралы өтінішті Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.

      6. Ұлттық Банк заңды тұлғаға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      7. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны беруден бас тарту Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 32-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      8. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.

      Лицензияны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      9. Заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру Банктер және банк қызметі туралы заңның 48-бабы 1-тармағының 1), 4) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Ұлттық Банктің заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы қабылдаған шешімі жайында ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

      Лицензиясы тоқтатыла тұрған заңды тұлға ай сайын, әр айдың онынан кешіктірмей (лицензияның қолданылуы қайта басталған не лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталған күнге дейін) Ұлттық Банкке заңды тұлғаның анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде жүргізген іс-шаралары туралы хабарлайды.

      10. Заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиясының қолданылуын тоқтату Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 35-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      11. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметті ерікті түрде тоқтатуға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішпен Ұлттық Банкке өтініш береді.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтініш "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беріледі және Ұлттық Банк банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметті ерікті тоқтату туралы өтініш ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(толық атауы)
кімнен ______________________
(заңды тұлғаның атауы)

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру туралы өтініш

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беруді сұраймын.

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Толық атауы: ____________________________________________________________

      2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________

      3. Меншік нысаны: _________________________________________________________

      4. Орналасқан жері және нақты мекенжайы: _____________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, елдімекен, көше,

      ________________________________________________________________________________

      үйдің және (немесе) офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі,

      ________________________________________________________________________________

      электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана және парақ саны:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      Заңды тұлға осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін,

      сондай-ақ өтініштің қаралуына байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттардың

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Заңды тұлға ақпараттық жүйелердегі Қазақстан Республикасының заңдарымен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттар қоса беріледі)

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________ ______________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)                        (күні)

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20___ жылғы "___" _____________________ жағдай бойынша

      1. Жалпы мәліметтер:

Туылған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - бітірген жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (болған жағдайда күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5

      3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Бұл тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметi (сонымен бірге басқару органындағы мүшелігі), оның iшiнде лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңнен бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, қаржы ұйымының тіркелген елін көрсете отырып)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

Қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесі (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысының (басшысы орынбасарының), қаржы басқарушысының және (немесе) атқарушы директорының лауазымын атқарған жағдайда - жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі.

1

2

3

4

5

6

7

      4. Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржы ұйымы қызметінің мәселелері бойынша

      сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ),

      ________________________________________________________________________________

      күні, ұйымның атауы, сотта істі қарау кезінде жауап беруші,

      ________________________________________________________________________________

      қарастырылатын мәселе және заңды күшіне енген

      ________________________________________________________________________________

      соттың шешімі (ол шығарылған жағдайда) көрсетілсін)

      5. Тағайындалған (сайланған) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық

      қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін

      тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты, тәртіптік жаза

      ________________________________________________________________________________

      қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатындығын растаймын.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және

      Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық

      жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы ______________________________________________________

      Күні _____________________

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия

      Лицензияның нөмірі __________________

      Берілген күні ____ жылғы "___" __________

      ________________________________________________________________________________

      Осы лицензия ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы

      ________________________________________________________________________________

      және бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________________________ берілді

      және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға құқық береді.

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) ______________________            _______________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)            (тегі және инициалдары)

      Берілген жері ___________

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(толық атауы)
кімнен ______________________
(заңды тұлғаның атауы)

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)

      байланысты ____ жылғы ______________ берілген нөмірі __________________

      (берілген күні көрсетілсін)

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Толық атауы: ____________________________________________________________

      2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________

      3. Меншік нысаны: _________________________________________________________

      4. Орналасқан жері және нақты мекенжайы: _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, елдімекен, көше, үйдің және (немесе)

      ________________________________________________________________________________

      офистің нөмірі,телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық

      пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      Заңды тұлға осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін,

      сондай-ақ өтініштің қаралуына байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттардың

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Заңды тұлға ақпараттық жүйелердегі Қазақстан Республикасының заңдарымен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттар қоса беріледі)

      _______________________________________________________________

      ____________________________________________ ______________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)                  (күні)

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(толық атауы)
кімнен ______________________
(заңды тұлғаның атауы)

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (қолданылуын тоқтату себебі көрсетілсін)

      байланысты ____ жылғы ______________ берілген нөмірі __________________

      (берілген күні көрсетілсін)

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның

      қолданылуын тоқтатуды жүзеге асыруды сұраймын.

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Толық атауы: ____________________________________________________________

      2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________

      3. Меншік нысаны: _________________________________________________________

      4. Орналасқан жері және нақты мекенжайы: _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, елді-мекен, көше, үйдің және (немесе)

      ________________________________________________________________________________

      офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі,

      электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      Заңды тұлға осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін,

      сондай-ақ өтініштің қаралуына байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттардың

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Заңды тұлға ақпараттық жүйелердегі Қазақстан Республикасының заңдарымен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттар қоса беріледі)

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________ ______________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)                  (күні)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 176 қаулысына
2-қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы құрылымдық элементінің тізбесі

      1. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11772 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17767 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларына қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18173 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесінің 4-тармағы.