Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 149 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 тамызда № 19306 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 44 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Біртановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртiбiн айқындайды.

      2. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өз еркімен таратылуына рұқсатын алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру туралы электрондық өтінішхатты (бұдан әрі - өтінішхат) ұсынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Өтінішхат Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының өз еркімен таратылуы туралы шешімнін электрондық көшірмесі;

      2) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16256 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысында белгіленген нысандар бойынша міндеттемелердің көлемі бойынша "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу туралы есептердің электрондық көшірмелері;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру туралы шарттың электрондық көшірмесі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Заңның 68-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беруден бас тартылады.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім уәкілетті орган Басқармасының қаулысымен ресімделеді және уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде жібереді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беруден бас тарту туралы шешімде бас тарту негiздерi көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру, рұқсатты беруден бас тарту туралы шешімі оны өтініш беруші алған күннен бастап күшіне енеді.

      8. Өз еркімен таратылуға рұқсат алған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшасын уәкілетті органның шешімі күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға қайтарады.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару өкілеттіктері өтетін тарату комиссиясын құрады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының өз еркімен
таратылуына рұқсат беру не
аталған рұқсатты беруден бас
тарту қағидаларына
қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның атауы)
басшысына

      № _______________

      күні_____________

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру туралы ӨТІНІШХАТ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ___________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының

      _________________ ____ жылғы "____" ____________ № ____ шешіміне сәйкес

      (өткізілетін орны)

      ___________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беруді сұрайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлардың талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек

      __________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметті пайдалануға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде, осы өкілеттікті растайтын құжатты қоса бере отырып қол қоюға уәкілетті оның орнындағы адам

      ________________________________________ _________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)),             (лауазымы) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 149 қаулысына
  қосымша

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 198 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7811 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 290-291 (27109-27110) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен бекітілген, өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 35-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2490) жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 14 желтоқсандағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 11-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).