"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 11), 16), 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е.Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Нурымбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 461 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық үйесінде 2016 жылғы 18 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысында:
11 және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;
12) еңбек делдалдығын, сондай-ақ проактивті форматта Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларында көзделген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, оның ішінде мобильді халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы көрсетеді.";
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеде, көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аудандық (қалалық) комиссияның функцияларына:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар ете отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін мобильді топтар құрады;
3) "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасына қатысу үшін NEET санатындағы жастар тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құру.
4) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушысының келісімін алған жағдайда ол үйді сатып алу үшін жылына отбасына есептелген сома шегінде материалдық көмек сомасынбіржолғы төлеу бойынша ұсынымдарды әзірлеу;
5) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға үміткерлердің тізімдерін бекіту;
6) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару және үміткерді бос орынға ауыстыру туралы шешім қабылдау;
7) Бағдарламаның іске асыру тетіктерін жақсарту, сондай-ақ Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;
8) халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қарау және келісу;
10) біржолғы шартты ақшалай көмекті төлеуді ұсыну туралы мәселелерді қарау кіреді.".
2. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге концультация береді;
2) қаржыландыру шегіне байланысты жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;
4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.
5) ай сайын "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында қоғамдық жұмыстар бойынша мыналарды:
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған жұмыс берушілердің санын;
қоғамдық жұмысқа орналасқандардың санын;
қоғамдық жұмысқа орналасқандардың орташа айлық жалақысының мөлшерін қамтитын мәліметтер орналастырады.";
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберіледі.
Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:
еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);
білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелерін қоса отырып өтінім береді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін он алты жас пен он сегіз жас аралығындағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінішпен қоса:
ата-аналарының бірінен немесе заңды өкілдерінен жазбаша келісімді;
оқу орнынан оқу процессінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуына жазбаша келісімді ұсынады.
13. Жұмыспен қамту орталығы студенттің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушысының қоғамдық жұмысқа қатысу үшін өтінішін 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкестігін қарайды.
14. Тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына толық емес жұмыс уақытының немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақытының режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалысты беру немесе мәжбүрлі тоқтап тұру, жалақысы сақталусыз демалысты беру туралы жұмыс берушінің актісін (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін) ұсынады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қоғамдық жұмыстарда еңбек ету кезеңі қоғамдық жұмысқа қатысушының жұмыс өтіліне есептеледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.";
22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүргізеді және қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
23. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін адамдарға есептелген жалақыға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салынады.
24. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.";
4-қосымшасы осы тізбенің 1-қосымшасыны сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына (бұдан әрі – № 178 қаулы) сәйкес жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің, мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын шаралары;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әлеуметтік жұмыс орындары олардың меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілерде, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарын тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан аса қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.
Жұмыс беруші жұмыссыздарды, оның ішінде табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелерін, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Табысы аз, көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдар үшін сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын құру көзделеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында табысы аз және көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдар, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабы 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген адамдар:
1) балалар ауылының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;
2) зейнеткерлік жас алдындағы (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) адамдар;
3) мүгедектер;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар;
7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;
8) оралмандар;
9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басымдыққа ие.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;
2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;
4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды;
5) жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізеді.
6) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында әлеуметтік жұмыс орындары бойынша мыналарды құрайтын деректерді жариялайды:
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілердің саны;
әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың саны;
әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың орташа айлық мөлшері.";
13-тармақ 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жұмыссыз ретінде тіркелгендігі ескеріледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.";
19 және 20-тармақтарды мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының еңбек қызметінің кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.
20. Бос жұмыс орны пайда болған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.
Үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы органдар дербес белгілейді.
Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді ай сайын нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай жүргізеді.";
1-қосымша осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
қосымша осы тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
4-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жастар практикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес түлектер оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арналған;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, тартылатын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздардың санын, оларға еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшерін және қаржыландыру көздерін айқындайды..
Ұйымдардың тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту мәселелері бойынша консультация береді;
2) жұмыссыздарға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына жолдама береді.
3) ай сайын "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында жастар практикасы бойынша:
Жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілердің саны;
Жастар практикасына жұмысқа орналасқандардың саны;
Жастар практикасына жұмысқа орналасқандардың орта айлық еңбекақы мөлшері туралы мәліметтерді орналастырады.";
Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі.
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша бос жұмыс орны пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте, жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды.";
25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде жастар практикасы бойынша есептілік жүргізеді және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:
1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;
2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.";
26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден айына субсидия беру (жалақының) мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, республикалық немесе жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтіндерге есептелген еңбекақыға 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салынады.
27. Жастар практикасын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектеріне еңбекақы төлеуге Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады".
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға, № 178 Қаулыға сәйкес жұмыспен қамтылғандардың жекелген санаттарына (бұдан әрі – жұмыспен қамтылғандардың санаттары), оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.";
3. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ӨТІНІШ
Мені _______________________________________________________
(бағдарламаның атауы)
бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысқа жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша ___ парақта:
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы) көшірмесі;
еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы туралы (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер үшін) жұмыс берушінің актісі;
демалыста болу туралы оқу орнынан анықтама (бар болса).
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
_________________ ___________
Күні қолы
------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Азамат (ша) ______________________________________________ өтініші
20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_________________ ___________
Күні қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушінің алдағы қаржы жылына өтінімі
_______________________________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН),
байланыс жасайтын адамдары мен телефондары) жұмыссыздар үшін үйде, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілер тізбесіне қосуды сұрайды.
Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешім тапқан жағдайда жұмыссыздарға тізбеге сәйкес мынадай әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылатын болады:
р/с № | Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр | Жұмыс орындарының жоспарланған саны | Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы (ай) | Жұмыс орны (үйде/жалпы | Айлық жалақы мөлшері, теңге | Өтемақының жоспарлы мөлшері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескертпе:
Өтінімге мынадай құжаттар ұсынылады:
1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
2. Заңды тұлға жарғысының көшірмесі.
_________________ ___________
Басшы Күні
__________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы
20__ жылғы ____________
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жеке басын куәландыратын құжаттың №, берілген күні | ЖСН | Еңбек шартының нөмірі мен күні | Жұмыспен қамтудың шарттары (жалпы немесе үйде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 5-1 |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 | |||||
Итого: |
кестенің жалғасуы
Шарт бойынша жалақының мөлшері | Айдағы жұмыс күндерінің саны | Нақты жұмыс істеген күндер | Есептелген жалақының сомасы, теңге | Зейнетақы жарналарының сомасы | Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Басшы __________________
Бас есепші ______________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.