БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, 2015 жылы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басқарма – облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы;
2) кепілдендірілген сатып алу бағасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;
3) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес басқарма айқындайтын, иесі ретінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
4) нақты сатып алу бағасы – бір өтінім шеңберінде шот-фактураларға сәйкес ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар нақты төлеген орташа баға;
5) өтінім – өңдеуші кәсіпорындардың тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін шикізат сатып алуға арналған субсидияларды алуға электрондық өтінім;
6) сатып алу бағасы – бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсынуы мүмкін баға;
7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау талаптарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
8) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісіне орналастырылған субсидиялау жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
9) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
11) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Шикізат сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС –Рөңдеу – Шөңдеу)/Кқ
мұнда:
Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) www.stat.gov.kz ресми сайтында орналастырылатын "Бағалар және тарифтер" бөлімінің "Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасы" статистикалық бюллетені бойынша ҚР ҰЭМ СК қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);
Ииф – инфляция деңгейі, алдыңғы жылға ресми статистикалық ақпарат;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);
Ш өңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;
Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:
Нсуб = Бкеп.сат – Бсат
мұнда:
Нсуб – өнім бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;
Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім Комиссия төрағасының хаттамалық шешімімен бекітіледі.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындау үшін есептік көрсеткіш болып табылады.
Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша төмендейді:
Нсуб. қысқарт = Цн.сат – Цсат
мұнда:
Нсуб.қысқарт. - өнім бірлігіне субсидиялардың төмендетілген нормативі, теңге/килограмм;
Цн.сат - нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Цсат - сатып алу бағасы, теңге/килограмм.";
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Басқарма субсидияға арналған жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады.
Бұл ретте, Басқарма бөлінген бюджеттік қаражатты субсидияланатын өнімнің бағыттары бойынша бөледі және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады. Бағыттардың бірі бойынша өтінім болмаған жағдайда, бюджеттік қаражатты субсидияланатын өнімнің бағыттары арасында бір жыл ішінде қайта бөлуге жол беріледі.
14. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған кезде төленеді:
1) өңдеуші кәсіпорындардың "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауға өтінім беруі.
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің субсидиялау жүйесінде тіркелуі;
3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанының расталуы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес жазып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы) немесе ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес жазып берілген тиісті шот-фактурасының болуы, оның сканерленген көшірмесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
Осы тармақтың 3-тармақшасының талабы 2018 жылғы төртінші тоқсаннан басталған өтінімдерге қолданылады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармасы немесе Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы (бұдан әрі – басқарма) айқындайтын адам;
2) өтінім – дайындаушы ұйымның есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС мөлшерінде субсидиялар алуына арналған электрондық өтінім;
3) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – САЖ) – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісіне орналастырылған субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
7) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) ҚҚС бойынша және корпоративтік табыс салығы бойынша есептік жыл үшін декларациялар тапсыру жөніндегі салықтық міндеттеме орындалғаннан және бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сомасы толықтай төленгеннен кейін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру;
"Электрондық үкімет" веб-порталының және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;
3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде дайындаушы ұйымдардың ауыл шаруашылығы өнімін өткізгенін растау (дайындаушы ұйымның өткен жылы берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы) немесе дайындаушы ұйымның өткен жылы берілген тиісті шот-фактурасының болуы, сканерленген электрондық көшірмесі САЖ-да орналастырылады;
4) Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен жылдық жиынтық кірістің (есептік жылға) кемінде 90 пайызын құрайтын жылдық жиынтық кіріс сомасы, алдыңғы жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген және есепке жазылған ҚҚС сомасы, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде алдыңғы жылға есептелген ҚҚС шегінде төленген ҚҚС сомасы жөніндегі немесе мемлекеттік кіріс органдарының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның сұрау салуымен субсидияларды аударуға арналған өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде мемлекеттік кірістер органдары ұсынған мәліметтерді растау.
Осы тармақтың 4-тармақшасының талабы 2018 жылғы төртінші тоқсаннан басталған өтінімдерге қолданылады.".
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім
Кімге: __________________________________________________ басқармасына
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)
Кімнен: _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт* өндіру үшін _____ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға _________________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома цифрмен және жазбаша)
.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға және шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін:
атауы _______________________________________________________________
БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) ______________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________________
мекенжайы:__________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:_________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ______________________________________________________________
кім берді____________________________________________________________
берілген күні ________________________________________________________
мекенжайы:_________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________
Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _____________________________________________________
хабарламаның берілген күні ____________________________________________
2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейлі банктегі немесе ұлттық почта
операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:
ЖСН/БСН (жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі)__________
Кбе (бенефициар коды) ________________________________________________
Банк немесе почта операторының деректемелері: __________________________
Банктің немесе почта операторының aтауы:_______________________________
БСК (банктік сәйкестендіру коды) _______________________________________
ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) ________________________________________
БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)______________________________________
Кбе (бенефициар коды) ________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды
(өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер**:
№ | Шот-фактура нөмірі | Шот-фактураның берілген күні | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм | Бағасы, килограмына теңге | Құны, теңге | Сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Барлығы (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі) |
4. Тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):
Тереңдете өңделген өнімнің атауы | Өндірілген өнімнің көлемі, килограмм | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі | Шот-фактурадан алынған деректер бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі, килограмм | Субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм | Қысқартылған субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм (бар болса) | Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Ескертпе:
*Бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңдеу өнімдерінің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі.
** Әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бойынша мәліметтер жеке-жеке толтырылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтінім беруші 20__ жылғы "___" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Басқарма 20__ жылғы "___" ________ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭСҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Кімге: ______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Кімнен: _____________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
Өтінім берген сәттегі өтінім берушінің мемлекеттік кірістер органдарында тіркеліп есепке алынған орны:__________________________________________
_______________________________________
______ жыл үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім
Маған _____ жыл үшін есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы мөлшерінде ________теңге көлемінде субсидия төлеуді сұраймын.
1. Дайындаушы ұйымның деректері:
Атауы ___________________________________________________________
БСН _____________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________
мекенжайы ______________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________
2. Дайындаушы ұйымның екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері
БСН ________________________________________________________________
Кбе ________________________________________________________________
Банк деректемелері: __________________________________________________
Банктің атауы: _______________________________________________________
БСК ________________________________________________________________
ЖСК _______________________________________________________________
"3. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйым арасындағы сатып алу-сату шарты жөніндегі мәліметтер:
Р/с № | Ауыл шаруашылығы өнімін сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы | Шарттың нөмірі | Шарттың жасалған күні | Бағасы (теңге) | Ауыл шаруашылығы өнімін сатушының орналасқан жерінің мекенжайы | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Өнім көлемі, килограмм | Төлеу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | ||||||||
2 |
4. Дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімінің өткізілгенін растайтын шот-фактуралары туралы мәліметтер:
шот-фактура нөмірі______________________________________________
берілген күні___________________________________________________
ауыл шаруашылығы өнімінің атауы ________________________________
өлшем бірлігі __________________________________________________
ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі _______________________________
ҚҚС-мен бағасы (теңге) __________________________________________
бүкіл өткізу құны (теңге)__________________________________________
5. Салық декларациясынан алынған мәліметтер
(теңге) |
1. | Есептік жыл үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасы | |
2. | Есептік жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы | |
3. | Есептік жыл үшін жылдық жиынтық кіріс сомасы | |
4. | Есептік жыл үшін "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе (бұдан әрі – тізбе) бойынша өнімдерді өткізуден түскен кіріс сомасы | |
5. | Тізбе бойынша өнімдерді өткізуден түскен кірістің жылдық жиынтық кірістің жалпы сомасындағы үлес салмағы (кемінде 90 %) | |
6. | Дайындаушы ұйымның шотына аударылатын субсидиялар сомасы | |
7. | Мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы деректемелері |
Субсидиялар сомаларының есептеулері осы өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің және субсидиялар сомалары есептеулерінің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған қаражатты қайтаруға міндеттенеміз.
Өтінім беруші 20__ жылғы "__" __________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Басқарма 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭСҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімге қосымша |
|
Нысан |
_____ жыл үшін субсидиялар сомаларының есептемесі
(теңге) |
Р/с № | Шот-фактураның нөмірі | Толтырылған күні | Алушының атауы | Тауардың атауы | Саны (көлемі) | Тауар бірлігінің ҚҚС-сыз бағасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 |
кестенің жалғасы
Тауардың ҚҚС-сыз құны | ҚҚС сомасы | Өнім бірлігінің ҚҚС-сыз барынша жол берілетін құны | Өткізудің барынша жол берілетін құны бойынша ҚҚС-сыз сомасы | ҚҚС сомасы | Субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы* |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
8-баған= 6-баған х |
9-баған = |
11-баған = |
12-баған = |
1) егер 7-баған 10-бағаннан көп немесе тең болса, 13-баған= 12-баған; | |
Ескертпе: * субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары ескеріле отырып, салық төлеушінің жеке шоты бойынша есептік жылға есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасынан аспауға тиіс (Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес мәліметтер).
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімге қосымша |
|
Нысан |
Дайындаушы ұйымның _____ жыл бойынша мәліметтері
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
(тенге) |
№ | Дайындаушы ұйымның атауы | БСН | Салықтық есептілік деректері бойынша жылдық жиынтық табыс сомасы | _____ жыл үшін жеке шот бойынша есептелген және төлеуге жатқызылған ҚҚС сомасы | _____ жыл үшін (жеке шот бойынша) есептелген шекте төленген ҚҚС сомасы |
Басшы ____________________________________ __________
(Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)