Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2019 жылы 7 тамызда № 19210 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына және 33-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 03.08.2021 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3) Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4) Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5) Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістері осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

      7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурстық негізде ауыстырылатын басшы лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

      8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы жоғары тұрған лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 03.08.2021 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заннама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
А. Шпекбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 03.08.2021 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарында конкурс және тағылымдама өткізу қағидалары

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының лауазымдарына конкурстан тыс орналасу қағидалары

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
5-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу және алдын ала зерделеу қағидалары

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
6-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістері

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістері (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің және қызметке үміткердің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу тәртібі мен әдістерін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші – қызметке үміткердің және қызметкердің кәсіби құзіреттіліктеріне негізделген, лауазымының негізгі көрсеткіштерінің және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректердің қалыптасқан сандық өрнегі;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымдарына арналған түйінді көрсеткіштер – осы лауазымдар үшін функционалдық міндеттерін орындауда белгіленген кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру дәрежесінің индикаторлары;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарының кәсіби құзіреттері – кәсіби қызмет мүмкіндіктерінің ауқымын көрсететін нақты лауазымның құзіреттіліктері шеңберіндегі қызметкердің кәсіби тәжірбиесі мен білімінің сапалық сипаттамалары.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері мен үміткердің кәсіби құзіреттілігінің деңгейін анықтау мақсаттары:

      1) атқарып отырған кәсіби қызметін/болжанатын лауазымын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті қызметкердің/үміткердің білім, білік, қабілеттерінің сәйкестігін айқындау;

      2) қызметкерлер және басшылардың ұйымдастыру мен кәсіби өзгерулеріне, қызметтерінің тиімділігін арттырудағы уәждеме.

      4. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері үміткерлерді зерделеу қызметке алдын ала іріктеу және лауазымға тағайындау және қызметін ауыстыруда, кадр резервіне қою кезінде ескеріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткерлер мен қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін есепке алу объективтілік пен әділдік қағидаттарына негізделген және осы Қағидалардың 4-тармақшасында көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.

2-тарау. кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістері

      6. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарының кадр қызметі айқындайды.

      7. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарды үшін негізгі көрсеткіштерді айқындау;

      2) кандидаттың/қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Үміткердің/қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу туралы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) кадр қызметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және комиссияның (конкурстық, кадр резервіне қою жөніндегі) қарастыруына оның отырысы өтетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері мынадай формула бойынша есептеледі:

      БК = К +Ж

      БК – бәсекелестік көрсеткіші (1-ден 100 баллға дейін);

      К – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерді бағалау нәтижесі (1-ден 65 баллға дейін);

      Ж – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткердің және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау нәтижесі (1-ден 35 баллға дейін).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. "Білімі", "жұмыс тәжірибесі" сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштері болып табылады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерді бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткердің және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      13. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін айқындау 4 (төрт) деңгей бойынша баллдық жүйе негізінде анықталады. Әр деңгей сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің және үміткерлердің кәсіби деңгейінің дәрежесін көрсетеді:

      4-деңгей (70-тен 100 баллға дейін) – қызметкер/үміткер өз лауазымына қойылатын біліктілік талаптарынан жоғары деңгейде функциясын орындауға қабілетті болып табылады. Ол өз ісінің маманы болып табылады, одан кеңестер мен консультация алуға жиі жүгінеді. Жұмысты жақсарту жолдарын ұсынуға, сондай-ақ жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеуге қабілетті;

      3-деңгей (50-ден 69 баллға дейін) – қызметкердің/ үміткердің жеткілікті білімі бар және лауазымына сәйкес қажетті барлық дағдыларды көрсетеді. Өз өкілеттілігі шеңберінде жүктелген жұмысын өз бетінше және қатесіз орындауға қабілетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметітің басшы лауазымдарының кадр резервіне енгізіледі;

      2-деңгей (30-дан 49 баллға дейін) – негізінен жұмыс орташа немесе жеткілікті деңгейде орындалады. Қызметкер/үміткер белгілі бір міндеттерді орындау кезінде білімі жеткіліксіз және кейбір міндеттерін орындауда бақылауды қажет етеді. "В-РКО-6" санатынан жоғары емес лауазымдарына тағайындылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарының кадр резервіне енгізілмейді;

      1-деңгей (1-ден 30 баллға дейін) – қызметкердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін білім деңгейі жеткіліксіз, өздігінен тапсырма орындауға қабілетсіз, басшы тарапынан үнемі бақылауды талап етеді. "В-РКО-8" санатынан жоғары емес лауазымдарына тағайындалады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарының кадр резервіне енгізілмейді.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін айқындау
әдістеріне және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткішін есептеу
қағидалары мен әдістеріне
1-қосымша
  Нысан
  "КЕЛІСІЛДІ"
___________________________
(Агенттік Төрағасының орынбасары)

_________________________
(қолы)
20___жылғы ___"___________

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін есептеу туралы қорытынды

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_______________________________________________________________
(үміткердің/қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
_______________________________________________________________
(көзделген лауазым)

р/с №

Бағалау критерийлері

Ықтимал ең жоғары балл

Үміткердің/ қызметкердің жинаған баллдары

құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын үміткерлер үшін

құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет өткерген үміткерлер, қызметкерлер үшін

1

Негізгі көрсеткіштер:

білімі

10

10


жұмыс тәжірибесі

30

35


2

Кәсіби жетістіктері

35

55



Барлығы:

75

100


      Тұжырымдар мен ұсынымдар:

      жиналған баллдардың нәтижелері бойынша

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      бәсекеге қабілеттіліктің ____________________ деңгейіне сәйкес келеді,

      _________________________________________________________________

      ((лауазымының және бөлімшенің атауы) лауазымға тағайындауға, кадр резервіне

      енгізуге) ұсынылады

      Бөлімшенің тікелей басшысы (лауазымы) ___________________(тегі, аты, әкесінің аты)

      (қолы)

      Жеке қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы ___________________(тегі, аты, әкесінің аты)

      (қолы)

      Кадр қызметінің басшысы ________________________________(тегі, аты, әкесінің аты)

      (қолы)

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін және
бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістеріне
2-қосымша
  нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткерлердің және қызметкердің кәсіби құзіреттіліктерін бағалау

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін айқындау
және бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішін есептеу
қағидалары мен әдістеріне
3-қосымша
Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған түйінді көрсеткіштерді бағалау

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Білім" көрсеткіші

      (жалпы баға: 4-тен 10 баллға дейін)

      "Білім" көрсеткіші бойынша баллдар білімі (немесе) ғылыми деңгейі туралы құжатпен беріледі

Көрсеткіш

Жалпы

Кәсіби

Бакалавр

4 балл

7 балл

Магистр

5 балл

8 балл

Ғылым кандидаты

6 балл

9 балл

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы

7 балл

10 балл

      Ескертпе: қызметке алғаш орналасатын, үздік дипломы бар үміткерлер үшін қосымша 3 балл беріледі.

      2. Жұмыс тәжірибесі

      (жалпы баға: құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын үміткерлер үшін1-ден 30 баллға дейін;

      құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет өткерген үміткерлер, қызметкерлер үшін 1-ден 35 баллға дейін)

      Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардағы немесе басқа қызметте атқарып отырған лауазымына байланысты, әр жыл сайынғы жұмысы үшін балл беріледі

Жұмыс тәжірибесі

Басқасы

Өтіл

Құқық қорғау және арнайы органдардағы қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі

Құқық қорғау және арнайы органдардағы басқа да қызмет бойынша жұмыс тәжірибесі

Атқарушылық

Басшылық

Атқарушылық

Басшылық

20 жыл және одан көп

14

20

12

14

10

10 жылдан 20 жылға дейін

11

16

9

11

6

5 жылдан 10 жылға дейін

9

14

7

9

5

1 жылдан 5 жылға дейін

7

12

5

7

4

1 жылға дейін

3

6

2

3

1

      Ескертпе: Үміткерде/қызметкерде жұмыс тәжірбиесі бойынша екі және одан артық ұстанымдар бар болса, ең үлкен мәні бар ұстаным ескеріледі.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін
айқындау және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткішін есептеу
қағидалары мен әдістеріне
4-қосымша
Нысан

Қызметке үміткердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерің кәсіби жетістіктерін бағалау

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (жалпы баға: құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын үміткерлер үшін; 1-ден 55 баллға дейін құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет өткерген үміткерлер, қызметкерлер үшін 1-ден 35 баллға дейін)

Кәсіби жетістіктер атауы

Растайтын құжаттың (егер бар болса) атауы, күні және нөмірі

Баға (баллдар)

1

Мемлекеттік наградалардың болуы


10

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің наградалары, көтермелеулері


3

3

Қолданыстағы жазалардың болмауы


3

4

Халықаралық іс-шараларға қатысуы, органның, оқу мекемесінің мүддесін білдіру (үміткерлер үшін)


2

5

Кезектен тыс арнайы атақтар, сыныптық шен беру немесе кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу


4

6

Органның қызметін жақсартуға ықпал еткен мақсатында бастамашылдықтары


4

7

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу


4

8

Мемлекеттік тілді меңгеруі (ортадан жоғары деңгей туралы сертификаттың болуы)


2

9

Шет тілдерін білу (сертификат)


4

10

Жоғары тұрған лауазымға жылжытуға, кадр резервіне ұсыну


4

11

Біліктілікті арттыру курстарынан өту (соңғы 3 жылда)


4

12

Бөгде ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың (көршілердің пікірлері, учаскелік полиция инспекторының баянаты, оқу, жұмыс орнынан мінездемелер) оң пікірлердің, алғыс хаттарының болуы (үміткерлер үшін)


5

13

Қоғамдық өмірге, спорттық іс-шараларға қатысу (грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар қызметке үміткерлер үшін)


2

14

"1-сыныпты маман – тәлімгер" сыныптық біліктілігінің болуы


5

ЖАЛПЫ БАҒА

55

      Ескертпе: 1, 5, 7, 8, 9, 11-тармақтарды қоспағанда, қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау кезінде сыбайлас жемқорлық қызмет кезеңі ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
7-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурстық негізде ауыстырылатын басшы лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) Қызмет басшысы;

      2) Агенттіктің Қызмет басшысының орынбасары;

      3) Агенттіктің департамент басшысы;

      4) Агенттіктің департамент басшысының орынбасары;

      5) Агенттіктің басқарма басшысы;

      6) Агенттіктің басқарма басшысының орынбасары;

      7) Агенттіктің аумақтық органының басшысы;

      8) Агентіктің аумақтық органы басшысының орынбасары;

      9) Агенттіктің аумақтық органының басқарма басшысы;

      10) Агенттіктің аумақтық органының басқарма басшысының орынбасары;

      11) Агенттіктің аумақтық органының дербес бөлімінің басшысы;

      12) Агенттіктің аумақтық органы басқармасының бөлім басшысы.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
  8-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33 – бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Конкурс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесінде көрсетілген жоғары тұрған бос басшы лауазымдарға өткізіледі.

      3. Конкурс келесі түрлерден түрады:

      1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс (бұдан әрі - ішкі конкурс);

      2) барлық құқық қорғау органдары, олардың ведомствосы, мекемелері, білім беру ұйымдары, аумақтық немесе оларға теңестірілген құрылым қызметкерлері арасындағы ведомствоаралық конкурс (бұдан әрі - ведомствоаралық конкурс);

      Ішкі конкурста конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткерлер болмаған кезде ведомствоаралық конкурс өткізіледі.

      4.Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген қызметкерлердің құжаттарын қабылдау;

      3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) қарастыру;

      4) әңгімелесу.

      5. Жоғары тұрған басшы лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшедері мінсіз бедел, кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттері болып табылады. Бұл ретте, ішкі конкурста басшы лауазымға кадрлық резервте тұрған үміткерлерге басымдық беріледі.

2-тарау. Ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

      6. Ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі– Агенттік) интернет–ресурсында жарияланады және Агенттіктің және оның аумақтық органдарының ғимараттарына орналастырылады және мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) құжаттарды қабылдау үшін оның орналасқан орны, пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық пошта мекенжайлары мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы;

      2) негiзгi функционалдық мiндеттемелері көрсетiлген бос лауазым атауы;

      3) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      5) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі.

      7. Егер конкурс қызмет етудің нақты мерзімі бар бос лауазымға өткізілетін болса, бұл шарт ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      8. Ішкі конкурс жария етілген бос лауазымға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкерлері арасында өткізіледі.

      9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш;

      2) құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді көрсететін қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме.

      10. Құжаттардың толық емес пакетін, сондай –ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну, үміткерді әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылады.

      11. Толық және жан-жақты ақпарат алу үшін үміткерлердің тізімі құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жеке қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.

      12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жеке қауіпсіздік қызметі конкурсқа қатысушылардың тізімдерін алған күннен бастап, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті ақпаратты кадр қызметіне жібереді.

      13. Кадр қызметі үміткерлердің материалдарын (қызметтік тізім, қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме, жүргізілген аттестаттау нәтижелері, үміткерлерді ымыралы мәліметтердің бар-жоғына тексеру нәтижелері) үш жұмыс күнінен кешіктірмей, әңгімелесу өткізілетін күнге дейін Комиссияның қарауына жібереді.

      14. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы, оның өткізілетіне үш жұмыс күнінен кешіктірілмей үміткер хабардар етіледі.

      Хабарда ету өтініште көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына, ұялы телефондарына ақпарат жіберу және телефон арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Өзге де құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында ведомствоаралық конкурс өткізу тәртібі мен шарттары

      15. Ведомствоаралық конкурс өткізу кезінде хабарландырулар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және көрсетілген мәліметтерді қамтиды.

      1) құжаттарды қабылдау үшін оның орналасқан орны пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық пошталық мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы;

      2) негiзгi функционалдық мiндеттемелері көрсетiлген бос лауазым атауы, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары;

      3) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      5) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі

      6) ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес.

      16. Ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін өтініш конкурс жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметіне хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, қолма-қол тәртіпте немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) құқық қорғау органнның кадр қызметі растаған қызметтік тізім,;

      2) құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған, жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен нақты жетістіктерді көрсететін қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме;

      3) құқық қорғау органының кадр қызметі куәландырған, өткізілген аттестаттау нәтижелері.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған, сондай-ақ көзделген мерзім бұзылған жағдайда, кадр қызметі үміткердің конкурсқа қатысуға өтінішін қабылдамайды.

      18. Үміткерлер туралы толық және жан жақты ақпарат алу үшін кадр қызметі құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жеке қауіпсіздік қызметіне тексеру үшін үміткерлердің тізімін жібереді. Қажет болған жағдайда, ақпарат үміткердің жұмыс орны бойынша құқық қорғау органынан сұралады.

      19. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жеке қауіпсіздік қызметі конкурсқа қатысушылардың тізімдерін алған күннен бастап, бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті ақпаратты кадр қызметіне жібереді.

      20. Кадр қызметі үміткерлердің материалдарын (қызметтік тізім, қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме, жүргізілген аттестаттау нәтижелері, үміткерлерді ымыралы мәліметтердің бар-жоғына тексеру нәтижелері) үш жұмыс күнінен кешіктірмей, әңгімелесу өткізілетін күнге дейін Комиссияның қарауына жібереді.

      21. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы, оның өткізілетіне үш жұмыс күнінен кешіктірілмей үміткерге хабардар етіледі.

      Хабардар ету өтініште көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына, ұялы телефондарына ақпарат жіберу және телефон арқылы жүзеге асырылады.

4-тарау. Әңгімелесу жүргізу тәртібі

      22. Үміткермен әңгімелесуді Комиссия жүргізеді, оның құрамын Агенттік Төрағасы бекітеді.

      23. Комиссия құрамына міндетті түрде Агенттіктің құқық қорғау жұмысын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді.

      Комиссия хатшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметінің өкілі болып табылады, ол оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      24. Конкурсқа қатысушы бір мезгілде конкурстық комиссияның мүшесі бола алмайды.

      25. Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурстың комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

      Әңгімелесу процесінде байқаушылар үміткерлерге сұрақтар қоймайды. Байқаушылардың комиссия жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, үміткерлердің дербес деректеріне, үміткерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      Бақылаушылардың қатысуымен олардың пікірі қорытынды отырыстың хаттамасында көрсетіледі.

      26. Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      27. Әңгімелесуді бейнеконференцбайланысы арқылы жүргізуге жол беріледі.

      28. Әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі, ол жөнінде хаттамада белгі қойылады.

      29. Техникалық жазба құралдарының көмегімен әңгімелесу барысында тіркелген материалдар конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде 6 ай кадр қызметінде сақталады.

      30. Әңгімелесу мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      Әңгімелесу барысында бір лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтар бірдей санда қойылады.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Үміткер комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады.

      32. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      33. Комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсыну;

      2) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тарту.

      34. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      35. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметі үміткерлерді Комиссия қабылдаған шешім туралы қорытынды отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

5-тарау. Қорытынды ереже

      36. Конкурста комиссияның оң қорытындысын алған үміткер жарияланған бос лауазымға комиссия шешімі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей немесе басқа құқық қорғау органнан іссапарға жіберген күннен бастап тағайындалады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет органдарындағы жоғары
тұрған басшы лауазымдарына
конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  ___________________________
(лауазым)
___________________________
(арнаулы атақ)
___________________________
(тегі, аты-жөні)

Ішкі конкурсқа қатысуға арналған өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мені______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазым атауы)

      бос жоғары тұрған басшы лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысуға

      жіберуіңізді сұраймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің органдарындағы бос

      жоғары тұрған басшы лауазымға орналасудың ішкі конкурс өткізу қағидаларының

      шарттарымен және тәртібімен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттенемін.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      Ұсынған құжаттарымның түпнұсқалығын растаймын.

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      20___жылғы "____"_______________

      Байланыс телефоны/электрондық пошта _______________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет органдарындағы жоғары
тұрған басшы лауазымдарына
конкурс өткізу қағидаларына
2-қосымша
Форма
Нысан
___________________________
(лауазым)
___________________________
(арнаулы атақ)
___________________________
(тегі, аты-жөні)

Ведомствоаралық конкурсқа қатысуға арналған өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мені___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазым атауы)

      бос жоғары тұрған басшы лауазымына орналасуға арналған ведомствоаралық

      конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің

      органдарындағы бос жоғары тұрған басшы лауазымға орналасуға арналған

      ведомствоаралық конкурс өткізу қағидаларының шарттарымен және тәртібімен

      таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      Ұсынған құжаттарымның түпнұсқалығын растаймын.

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      20___жылғы "____"_______________

      Байланыс телефоны/электрондық пошта _______________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
9-қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14318 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14675 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 19 қаңтарда жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 180 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15855 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 2 қарашада жарияланған).

      4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарын конкурстық негізде ауыстырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 238 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17531 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 17 қазанда жарияланған).