Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2019 жылы 7 тамызда № 19210 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1, 2, 3-тармақтарына, 29-бабының 3-тармағына және 33-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарында конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының лауазымдарына конкурстан тыс орналасу қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

      5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу және алдын ала зерделеу қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

      6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің есебін айқындау қағидалары мен әдістері осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

      7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурстық негізде ауыстырылатын басшы лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

      8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы жоғары тұрған лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заннама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
А. Шпекбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары

Санат

Лауазымның атауы

Біліміне қойылатын
талаптар

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар

Біліміне, икемі мен дағдысына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (әрі қарай-Агенттік)

В-PK-1

Агенттіктің Аппарат
Басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл C-GP-1, C-OGP-1, C-AGP-1, B-PK-2, B-PKO-1, C-SV-2, C-SVO-1, C-SVU-1, C-GD-2, C-GDO-1 төмен емес санаттағы лауазымдарда;
Арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл;
мемлекеттік қызметте кемінде он жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл саяси лауазымда немесе "А" корпусы лауазымда немесе А-1, В-1, С-1, С-О-1, D-1, D-O-1 төмен емес санаттағы лауазымда;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он екі жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде алты жыл

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

В-PK-2

Агенттік Департаменттің басшысы, арнайы тапсырмалар жөніндегі офицер

Құқық қорғау органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде бір жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
Арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл;
мемлекеттік қызметте кемінде он жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл саяси лауазымда немесе "А" корпусы лауазымда немесе А-2, В-2, С-2, С-О-2, D-2, D-O-2, E-1 төмен емес санаттағы лауазымда;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл

В-PK-3

Агенттік Департамент басшысының орынбасары, Агенттіктің дербес басқарманың басшысы, Агенттік Төрағаның көмекшісі

Құқық қорғау органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл;
мемлекеттік қызметте кемінде тоғыз жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл саяси лауазымда немесе "А" корпусы лауазымда немесе А-3, В-3, С-3, С-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, E-2, E-R-1 төмен емес санаттағы лауазымда;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл

В-PK-4

Агенттік Департамент басқармасының басшысы, Агенттіктің дербес басқарма басшысының орынбасары

Құқық қорғау органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің болуы;
мемлекеттік қызметте кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл саяси лауазымда немесе "А" корпусы лауазымда немесе А-4, В-5, С-4, С-О-5, C-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-2, E-G-1 төмен емес санаттағы лауазымда;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл

В-PK-5

Агенттік Департаменттің басқарма басшысының орынбасары

Құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің;
мемлекеттік қызметте кемінде алты жыл жұмыс өтілінің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы

В-PK-6

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер)

Құқық қорғау органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, оның ішінде кемінде бір жыл төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің;
мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл жұмыс өтілінің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы

В-PK-7

Агенттіктің аға тергеушісі (офицер)

Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде үш жыл қызмет өтілінің;
мемлекеттік қызметте кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

В-PK-8

Агенттіктің тергеушісі (офицер)

Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық органдары

В-PKО-1

Аумақтық органның басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл;
мемлекеттік қызметте кемінде он жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл саяси лауазымда немесе "А" корпусы лауазымда немесе А-1, В-1, С-1, С-О-1, D-1, D-O-1 төмен емес санаттағы лауазымда;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

В-PKО-2

Аумақтық органы басшысының орынбасары

Құқық қорғау органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл;
мемлекеттік қызметте кемінде тоғыз жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл саяси лауазымда немесе "А" корпусы лауазымда немесе А-3, В-3, С-3, С-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, E-2, E-R-1 төмен емес санаттағы лауазымда;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл

В-PKО-3

Аумақтық органның басқарма басшысы

Құқық қорғау органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің болуы;
мемлекеттік қызметте кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл саяси лауазымда немесе "А" корпусы лауазымда немесе А-4, В-5, С-4, С-О-5, C-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-2, E-G-1 төмен емес санаттағы лауазымда;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл

В-PKО-4

Аумақтық органның басқарма басшысының орынбасары, аумақтық органның дербес бөлім басшысы

Құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің;
мемлекеттік қызметте кемінде алты жыл жұмыс өтілінің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы

В-PKО-5

Аумақтық органның басқарма бөлімінің басшысы

Құқық қорғау органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда, нақты құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесінде көзделген;
арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің;
мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл жұмыс өтілінің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы

В-PKО-6

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер), басшының режим жөніндегі көмекшісі

Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде үш жыл қызмет өтілінің;
мемлекеттік қызметте кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

В-PKО-7

Аға тергеуші (офицер)

Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы

В-PKО-8

Тергеуші (офицер)

Жұмыс өтілін қажет етпейді

      Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, осы біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін ескерместен, Агенттік Төрағаның шешімі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тағайындалуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарында конкурс және тағылымдама өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарында конкурс және тағылымдама өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарында конкурс және тағылымдама өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2-тарау. Конкурс өткізу тәртібі

      2. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының бос лауазымдарына конкурсты Агенттік өткізеді.

      3. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурстық комиссияны құру;

      3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау;

      4) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылар құжаттарының Заңның 6-бабы 1 және 2-тармақтарында және 10-бабында көрсетілген белгіленген талаптарға, біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;

      5) медициналық және психофизиологиялық куәландыру;

      7) полиграфологиялық зерттеу;

      8) дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру;

      9) әңгімелесу.

      Агенттік немесе оның аумақтық органдары қайта құрылған немесе таратылған (жойылған) жағдайда, жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде жойылуға тиіс және ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      4. Үміткерлер конкурстың алдыңғы кезеңдерінен өткен кезде, конкурстың келесі кезеңдерінен (медициналық және психофизиологиялық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу, денешынықтыру дайындығы бойынша нормативтер тапсыру, әңгімелесу) өткізуге жіберіледі.

      Конкурстың келесі кезеңдерге қатыстырылатын үміткерлерді, үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы конкурстың келесі кезеңнің датасы туралы телефон не электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы хабардар етеді.

      5. Үміткерлер конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

      6. Конкурс өткізу хабарландыруларды жариалау заңнама мен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      7. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмерлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген, конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;

      2) жалпы функционалды міндеттемелер көрсетілген бос лауазымдардың атауы, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары;

      3) біліктілік талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

      4) құжатты қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      5) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;

      6) конкурстық комиссия отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;

      7) өтініш, конкурсқа қатысуға арналған сауалнама және өмірбаянның нысандары (Агенттіктің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған кезде).

      Егер көрсетілген мерзімде қызмет бос лауазымға конкурс өткізілетін болса, аталған жағдай конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      8. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін, Заңның 7-бабы 3 және 4-тармақтарында көзделген тәртіппен азаматтарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадрлар резервінде тұрған азаматтарды конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.

      9. Бос лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияны Агенттік Төрасы құрады.

      10. Конкурстық комиссия алқалық орган болып табылады, ол конкурсқа қатысушылардың ұсынған құжаттарын қарап, үміткерлермен әңгімелесу өткізеді және бос лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

      11. Конкурстық комиссия құрамы, кемінде, бес мүшеден тұрады.

      Конкурстық комиссияның құрамына міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қосылады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы кадр қызметінің қызметкері болып табылады, ол оның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      12. Конкурсқа қатысушы бір мезгілде конкурстық комиссияның мүшесі бола алмайды.

      13. Конкурсқа қатысуға ниет білдерген азаматтар кадр қызметіне мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (тұпнұсқасы салыстыру үшін);

      3) бiлiм туралы құжаттардың көшiрмелерін, сондай-ақ "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткенін растайтын құжатты (шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (түпнұсқалары салыстыру үшін);

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (тұпнұсқасы салыстыру үшін);

      5) қызметтік тізімін (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады);

      6) құжат тапсыру сәтінде қолданыстағы тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижесімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификатының көшірмесін (құқық қорғау органдарына алғаш рет кіретін азматтар ұсынады) (тұпнұсқасы салыстыру үшін);

      7) құжат тапсыру сәтінде жарамды құқық қорғау қызметі лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін (құқық қорғау органдарына алғаш рет кіретін азаматтар ұсынады) (түпнұсқасы салыстыру үшін);

      8) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың көшірмесін (тұпнұсқасы салыстыру үшін);

      9) өлшемі 3х4 фотосуретті (4 дана) тапсырады.

      Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаса және конкурс жарияланған бос лауазымға жұмыс өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттың ұсыну талап етілмейді.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      14. Азаматтар өз тілегімен біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

      15. Азаматтар осы Қағидалардың 13-тармағында тізбеленген құжаттарды құжат тігілетін папкаға салып, конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қолма-қол беру немесе электронды пошта арқылы ұсынады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын электронды поштамен берген азаматтар осы Қағидалардың 13-тармағының 2), 3) 4), 6), 7), 8) тармақшаларында тізбеленген құжаттардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталуға екі сағаттан кешіктірмей салыстырып тексеру үшін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 13-тармағында тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде, адам әңгімелесуге жіберілмейді.

      16. Конкурстық комиссияның материалдары, оның ішінде жазу техникалық құралдары арқылы жазып алынған, конкурсқа қатысушылардың конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған құжаттары, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары кадр қызметінде бір жыл бойы сақталады.

      Конкурстық комиссияның материалдары, оның ішінде жазу техникалық құралдары арқылы жазып алынған, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары сақтаудың көрсетілген мерзімінде сұратып алуға болады.

      Сақтаудың көрсетілген мерзімі аяқталғаннан кейін Конкурстық комиссияның материалдары, оның ішінде жазу техникалық құралдары арқылы жазып алынған, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары жойылады.

      17. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

      18. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына және Заңның 6-бабы 1 және 2-тармақтарында және 10-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      19. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға конкурс кезеңдерінен өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды немесе рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартады.

      Конкурсқа жіберілген үміткерлердің тізімі Агенттіктің жеке қауіпсіздік құрылымына тексеру жүргізу үшін жіберіледі.

      20. Кадр қызметі конкурс кезеңдерінен өткізу кестесін, сондай-ақ әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімін әзірлеп, олар Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылады.

      21. Кадр қызметі үміткерлерге конкурстық комиссия конкурстың келесі кезеңге үміткерлерді өткізу туралы шешімін қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге медициналық және психофизиологиялық куәландыруға жолдама береді.

      Медициналық және психофизиологиялық куәландыруды үміткерлер жолдама берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өтеді.

      22. Медициналық және психофизиологиялық куәландыру нәтижелері бойынша қызметке жарамды деп танылған үміткерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиісті бөлімшелерінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолдама беріледі.

      Үміткерлер полиграфологиялық зерттеуді медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша қызметке жарамды деп танылған күннен бастап жиырма күннен аспайтын мерзімде өтеді.

      Медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтпей, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамсыз деп таныған үміткер конкурстың келесі кезеңіне жіберілмейді.

      23. Осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтердің медициналық куәландыру нәтижелері бойынша қызметке жарамды деп танылған үміткерлер полиграфологиялық зерттеуді өту күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде тапсырады.

      24. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруды бастар алдында нормативтерді қабылдауға жауапты адамдар үміткерлерге қол қойдыра отырып нұсқама жүргізеді.

      25. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерге қосылған әрбір спорт жаттығуларының түрі бөлек тапсырылады.

      26. Нормативтерді тапсыру нәтижелерін бағалау ерлер және әйелдер үшін бөлек жүзеге асырылады.

      27. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсетін үміткерлердің дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосына енгізіледі, қатысушылар қол қойып танысқаннын кейін конкурстық комиссияға тапсырылады.

      Спорттық жаттығулардың орындалу нәтижелерін белгілегеннен кейін, қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      28. Кадр қызметі алдыңғы конкурстың кезеңдері негізінде үміткерлердің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішіне есептеу жүргізеді.

      29. Әңгімелесу дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.

      Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      30. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны интернет-ресурсында орналастырылатын графикке сәйкес, Агенттікте бейнеконференцбайланысын қолдана отырып өтеді.

      31. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      32. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

      33. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Адам тіркелу үшін кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      34. Байқаушылар әңгімелесу процесінде үміткерлерге сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, үміткерлердің дербес деректеріне, үміткерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      35. Конкурстық комиссия хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

      36.Үміткерлердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және тиісті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенеді.

      Әңгімелесу алдында конкурстық комиссия хатшысы үміткерлерді алдағы әңгімелесу рәсімін өткізу тәртібімен таныстырады.

      37. Әңгімелесу процесінде үміткерге кәсіптік, дәлелді сұрақтар, құзіреттері бойынша және үміткердің коммуникативтік дағдыларын анықтау үшін сұрақтар, сондай-ақ ситуациялық тапсырмалар қойылады.

      Бос лауазым үшін сол бір лауазымға үміттенетін әрбір үміткерге тең санда сұрақтар қойылады.

      38. Үмтікерлердің жауаптарының бағалары бес баллдық межелік бойынша жүргізіледі және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үміткерлермен әңгімелесу парағына енгізіледі.

      39. Әңгімелесу әрбір үміткермен жеке өткізіледі және техникалық жазу құралдары арқылы үміткерге ескертіле отырып тіркеледі.

      40. Үш жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссия үміткерлерді берген құжаттары, тестілеудің, жеке қасиеттерін бағалаудың, медициналық және психофизиологиялық куәландырудың, полиграфологиялық зерттеулердің, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудың, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

      Үміткерлермен әңгімелесу барысы хаттамада көрсетіліп, конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қолын қояды.

      41. Конкурстық комиссияның шешімі үміткердің қатысуынсыз, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

      Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жарияланған бос лауазымға орналасуға ұсыну;

      2) Агенттіктің, оның аумақтық органдарының бос лауазымға орналасу резервіне енгізуді ұсыну;

      3) жарияланған бос лауазымға орналасудан және резервіне енгізуден бас тарту.

      42. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 3/2 бөлігі қатысса, заңды деп есептеледі.

      43. Конкурстық комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда, үміткер оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      44. Конкурстық комиссия Агенттіктің, оның аумақтық органында резервке енгізуге ұсынған үміткерлер конкурс өткізілген сәттен бастап бір жылдың ішінде тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органына бос лауазым бар болған жағдайда, тағылымдамадан өткеннен кейін тағайындалады.

      Әрбір жарияланған бос лауазым бойынша резервке екі үміткерден артық адам енгізіле алмайды.

      45. Конкурстық комиссия, бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған адамдарды қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдау туралы оң шешім қабылдаған үміткер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиісті құрылымдық бөлімшесіне тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Үміткердің материалдары ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеріс жүргізу үшін жолданады.

      Арнайы тексеріс нәтижелерін алғанға дейін үміткер бос лауазым бойынша міндеттемелерді орындайды.

      46. Конкурстық комиссияның шешiмiне сот тәртіппен шағым келтірілуі мүмкін.

      47. Конкурстық комиссияның бұрын қабылданған шешімді бұзуы және жаңа шешім шығаруы Агенттік Төрағасының тиісті шешім қабылдауы немесе оны өзгерту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Тағылымдамадан өту тәртібі

      48. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекшеліктерін зерделеу, лауазымда жұмыс жасау үшін қажетті тәжірибелік машықтар алу үміткердің құқық қорғау қызметінде тағылымдамадан өтуінің басты міндеті болып табылады.

      Тағылымдамадан өту үміткердің кәсіби, іскерлік және жеке басының қасиеттерін зерделеу мақсатында жүзеге асырылады.

      49. Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын, конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткер тағылымдамадан өтуге тиіс.

      50. Тағылымдама арнайы тексеріс нәтижелерін алғанға дейін, күнтізбелік отыз күнінен кем емес мерзімде өтеді. Үміткердің дәлелді себептермен (отбасылық жағдайы, денсаулық жай-күйі) тағылымдамада болмаған кезеңдері есепке алынбайды.

      Тағылымдамадан өту кезеңінде үміткермен еңбек келісімшарты жасалады.

      51. Үміткер конкурстық комиссияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің құрылымдық бөлімшесіндегі бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған бос лауазым бойынша тағылымдамадан өтеді.

      Құрылымдық бөлімшенің басшысы тағылымдама жетекшісін анықтайды, оған үміткердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және оны бақылау жүктеледі.

      52. Тағылымдама құрылымдық бөлімше басшысының тағылымдама жетекшісімен келісуі бойынша бекітілген жеке жоспар бойынша ұйымдастырылады.

      53. Тағылымдаманың жетекшісі:

      1) тағылымдамадан өтушімен бірлесіп тағылымдаманың жеке жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) жеке тағылымдама жоспарымен көзделген мәселелерді зерделеуде қажетті әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.

      54. Үміткер тағылымдамадан өткен кезде тағылымдама өту лауазымы бойынша қызметін қамтамасыз етуге бағытталған функцияларды орындайды, оның ішінде:

      1) тағылымдаманың жеке жоспарында көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындайды;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органының күн тәртібін және тәртібін сақтайды;

      3) тағылымдама процесінде алған мәліметтерді жария етпейді;

      4) атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді;

      5) қызметтік мүлікті және техникалық құралдарды ұқыпты ұстайды;

      6) киімнің іскерлік стилін ұстанады.

      55. Тағылымдаманың қорытынды кезеңі тағылымдама жетекшісі қол қоятын мінездеме болып табылады. Мінездемеде тағылымдамадан өтушінің алған білімі мен тәжірибелік дағдыларының көлемі мен деңгейі, сондай-ақ үміткердің іскерлік қасиеттерінің бағасы мен нақты шешімдерді өз еркімен қабылдау қабілеттері көрсетіледі.

      56. Тағылымдамадан өтуші оған жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда, тағылымдама жетекшісі құрылымдық бөлімше басшысының келісімімен Агенттіктің басшылығына ұсыныс енгізу арқылы оны одан әрі тағылымдамадан өтуден босатуға мүмкіндік қарастырылған.

      Ұсынуда тағылымдаманы өтудің тоқтату себебі көрсетіледі. Басшылық келіскен жағдайда, аталған ұсынымхат Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады.

      57. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үміткерлерге тағылымдамадан өту кезеңінде еңбек шартына сәйкес штаттық кестеде атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген лауазымдық жалақы төленеді.

      58. Орындалғаны туралы белгілері бар жеке жоспар, үміткердің тағылымдамадан өту қорытындысы туралы жазбаша есебі, сондай-ақ үміткерге берілген мінездемені құрылымдық бөлімше басшысы кадр қызметіне ұсынады.

      59. Тағылымдамадан өту кезеңінде үміткерге атыс қаруы мен арнаулы құралдарды алып жүруге және сақтауға рұқсат етілмейді.

      Үміткердің жеке өміріне қауіп төнетін жағдайда немесе оның дербес әрекеттері мен шешімдері, кәсіби дайындығының болмауына байланысты заңдылықты, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеліп соқтыратын болса, оны жедел іс-шараларға пайдалануға жол берілмейді.

      Үміткер пайдалануы шектелген құжаттармен жұмыс істеуге тартылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінде
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарында конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасы
___________________

Өтініш

      Мені бос______________________________________________________________

      лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарында конкурс және тағылымдама өткізу қағидалары талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалылығын растаймын.

      Мен берген мәліметтердің шындыққа жанаспауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданудан немесе босатудан бас тартуға әкеліп соғуы мүмкін екендігі маған белгілі.

      Маған қатысты тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1)___________________________________________________________________;

      2)___________________________________________________________________.

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      20__ жылғы "___" ______________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінде
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарында конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

      Ерлер үшін

Жаттығудың атауы

Баға

Жас тобы

21-27

28-34

35-39

40-44

45-49

50 және одан үлкен

Жүгіру 100 м (с)

өте жақсы

13

14

15

16

17

18

жақсы

14

15

16

17

18

19

қанағаттанарлық

15

16

17

18

19

21

Жүгіру 60 м (с)

өте жақсы

7,8

8,4

9

9,6

10,2

10,8

жақсы

8,4

9

9,6

10,2

10,8

11,4

қанағаттанарлық

9

9,6

10,2

10,8

11,4

12,6

Қолды жатып тіреу арқылы бүгу және жазу

өте жақсы

35

33

30

27

25

20

жақсы

33

30

27

25

22

18

қанағаттанарлық

30

27

25

22

20

15

Тартылу (тартылу саны)

өте жақсы

15

13

11

9

7

5

жақсы

13

11

9

7

5

4

қанағаттанарлық

11

9

7

5

4

3

      Әйелдер үшін

Жаттығудың атауы

Баға

Жас тобы

21-26

27-30

31-35

36-45

45 және одан үлкен

Жүгіру 100 м (с)

өте жақсы

20

23,5

26,5

30

36,5

жақсы

21,5

25

28,3

31,5

40

қанағаттанарлық

23,5

26,5

30

33,5

43,5

Жүгіру 60 м (с)

өте жақсы

12

14

16

18

22

жақсы

13

15

17

19

24

қанағаттанарлық

14

16

18

20

26

Арқамен жатқан қалпында кеудені көтеру (көтеру саны)

өте жақсы

30

28

25

22

20

жақсы

28

25

22

20

18

қанағаттанарлық

25

22

20

18

16

      Ескертпе: конкурсты қысқы мерзімде өткізгенде 100 метрге жүгіру бойынша нормативті қабылдауға арналған лайықты жабық спорттық немесе басқа объектілер жоқ болмаған жағдайда, 60 метрге жүгіру бойынша нормативті қабылдауға жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінде
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарында конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсетін үміткерлердің дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру ведомосі

      _______________________________________________________________

      (сынақты қабылдау орны, басталу және аяқталу уақыты көрсетіледі)

р/с №

Конкурсқа қатысушының тегі, аты (әкесінің аты болған жағдайда)

Жасы

Нәтижелері

Таныстырылды

60/100 метр

Бағасы

Аспаға тартылу

Бағасы

Қолды жатып тіреу арқылы бүгу және жазу

Бағасы































      Кім қабылдады:_______________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      20__ жылғы "___" _________________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінде
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарында конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Байқаушыға арналған жадынама

      Байқаушының:

      конкурс қатысушылары туралы ақпаратпен танысуға;

      олармен әңгімелесу кезінде қатысуға;

      ол аяқталғаннан кейін, әңгімелесу өткізу рәсімі туралы өз пікірін білдіруге;

      әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;

      конкурстық комиссия отырысының хаттамаларымен танысуға;

      конкурстық комиссия жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.

      Байқаушы:

      конкурс қатысушыларының дербес деректерін жарияламайды;

      әңгімелесу өткізу процесіне араласпайды, конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі жасамайды;

      конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдем көрсетпейді;

      конкурстық комиссия мүшелеріне шешім қабылдаған кезде оларға ықпал етпейді;

      нақты конкурс қатысушылары туралы, олардың жеке қасиеттері туралы жария бағаламайды және пікірін білдірмейді.

      _____________________________________________________________________

      (лауазым, орган (мекеме), қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      20__ жылғы "___" _________________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінде
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарында конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үміткерлермен әңгімелесу парағы

      Сұрақтарға жауаптар 5 баллдық межелік бойынша бағаланады:

      Ерекшелігі бойынша және ситауациялық жағдай:

      1 – кәсіби шеберлігінің жоқтығы;

      2 –негізгі білімдері;

      3 – жақсы білуі және зердесі;

      4 – жоғары кәсіби білімі;

      5 - ерекше білуі.

      уәждемелер мен біліктіліктер бойынша:

      1 – төменгі нәтиже;

      2 – ортадан төмен нәтиже;

      3 – орта нәтиже;

      4 – ортадан жоғары нәтиже;

      5 – жоғары нәтиже.

Конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымның атауы


Сұрақтарға жауаптарды бағалау

Жалпы балл

Уәждеме бойынша

Біліктілігі бойынша

Ерекшелік бойынша

Ситуациялық жағдай











      Конкурстық комиссия мүшесінің

      ___________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" _________________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдарының тізбесі

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) орталық аппараты

      Агенттіктің Департамент басшысы;

      Агенттіктің Департаменті басшысының орынбасары;

      Агенттіктің дербес Басқармасының басшысы;

      Агенттіктің дербес Басқармасы басшысының орынбасары;

      Агенттіктің Департаменті басқармасының басшысы;

      Агенттіктің Департаменті басқармасы басшысының орынбасары;

      Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі (офицер);

      Агенттіктің аға тергеушісі (офицер);

      Агенттіктің тергеушісі (офицер);

      Агенттіктің аумақтық органдары

      Агенттіктің аумақтық органы басшысының орынбасары;

      Агенттіктің аумақтық органы басқармасының басшысы;

      Агенттіктің аумақтық органы басқармасы басшысының орынбасары;

      Агенттіктің аумақтық органы дербес бөлімінің басшысы;

      Агенттіктің аумақтық органы басқармасының бөлім басшысы;

      Агенттіктің аумақтық органының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі (офицер);

      Агенттіктің аумақтық органының аға тергеушісі (офицер);

      Агенттіктің аумақтық органының тергеушісі (офицер).

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының лауазымдарына конкурстан тыс орналасу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурстан тыс орналасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарының конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарын айқындайды.

      Агенттіктің және оның аумақтық органдарының құқық қорғау қызметіне жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және құқық қорғау қызметіне конкурстан тыс тұруға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары конкурстан тыс тәртіпте ерікті негізде қабылданады.

2-тарау. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының бос лауазымдарына конкурстан тыс орналасу тәртібі мен шарттары

      2. Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі лауазымдарға конкурстан тыс орналасуға:

      1). құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған тұлғалар;

      2). құқық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлері болып табылған тұлғалар мен әскери қызметкерлер;

      3). Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары;

      4). мемлекеттік саяси қызметкерлері;

      5). өз өкілеттіктерін тоқтатқан судьялар құқылы.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа осы тармақта көрсетілген, жұмыстан босатылған не өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтақан тұлғалар қабылдана алмайды.

      3. Конкурстан тыс бос лауазымдарға орналасуға тағайындалуы мүмкін үміткерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке еркін нысанда өтініш береді.

      Үміткерді конкурстан тыс қызметке қабылдау туралы шешім шығару үшін оны тағайындау мүмкін болатын Агенттіктің құрылымдық бөлімшесінің немесе аумақтық органының басшысы өтінішті (қызметке қабылдау туралы) тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізіп, алдағы жұмыстың сипаты және қызметтік міндеттері туралы түсіндіреді.

      4. Үміткер әңгімелесу өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде кадр қызметіне мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмірбаянын (өз қолымен жазылған);

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      5) бiлiмі туралы құжаттардың көшiрмелері, сондай-ақ "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткенін растайтын құжатты (шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (түпнұсқасы салыстыру үшін);

      6) еңбек қызметін растайтын құжаттың үміткер жұмыс істейтін мемлекеттік (құқық қорғау) органның кадр қызметі растаған көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін);

      7) қызметтік тізімді (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады);

      8) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткенін, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2016 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғанын немесе кейінге қалдырылғанын растайтын құжат көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін);

      9) өлшемі 3х4 фотосуретті (4 дана), 9х12 (1 дана);

      10) үміткер және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыстары және мүлкі туралы декларацияны табыс еткенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      5. Құжаттарды қабылдау және үміткерлерді зерделеу бойынша жұмысты ұйымдастыруды кадр қызметі жүзеге асырады.

      Кадр қызметі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қарап, үміткерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған кезде олар кемшіліктерді жою үшін себебі көрсетіле отырып, кері қайтаруға жатады.

      Осы Қағидалардың 4-тармағында тізбеленген тізбеде көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе олардағы мәліметтерді бұрмалау құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      6. Үміткер ұсынған құжаттарын тексеруді аяқтаған соң, кадр қызметі оған қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және полиграфологиялық куәландырудан, полиграфологиялық зерттеуден өту үшін жолдама береді.

      7. Арнайы тексеру нәтижелері болмаған жағдайда, кадр қызметі үміткерге қатысты құжаттарды ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеру жүргізу үшін жолдайды.

      Арнайы тексерудің нәтижелерін алғанға дейін үміткер бос лауазым бойынша міндеттерін уақытша орындайды.

      8. Бос лауазымдарға орналасу үшін үміткерлерді құқық қорғау қызметіне қабылдау жеке қауіпсіздік және кадр қызметтерінің бірлескен тексерісінен кейін жүзеге асырылады.

      9. Қаржы полициясы органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі органдарының, сондай-ақ басқа құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерін қызметке қабылдау кезінде кадр қызметі архивтік жеке істі зерделейді және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттарды тіркейді.

      10. Кадр қызметі осы Қағидалардың 7, 8, 9-тармақтарының ережелерін ескере отырып құжаттарды бергеннен кейін, Агенттіктің Төрағасы келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) қызметке қабылдауға келісім береді;

      2) қызметке қабылдаудан бас тартады.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
және оның аумақтық
органдарының лауазымдарына
конкурстан тыс орналасу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы
_____________________

Өтініш

      Мені сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос

      _______________________ лауазымына қабылдауыңызды сұраймын.

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының лауазымдарынаа конкурстан тыс орналасу қағидаларының талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалығын растаймын.

      Мен берген мәліметтердің шындыққа жанаспауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданудан немесе босатудан әкеліп соғуы мүмкін екендігі маған белгілі.

      Маған қатысты тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________.

      _________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      20_____ жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайласжемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның
аумақтық органдарының
лауазымдарына
конкурстан тыс орналасу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

САУАЛНАМА

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


2. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерткен болса (бар болған жағдайда), қашан, қайда және қандай себептермен өзгерткен.


3. Туған жылы, күні, айы және орны (ауыл, қала, аудан, облыс, республика).


4. Ұлты, азаматтығы (егер өзгерткен болса, қашан және қандай себептермен өзгерткен).


5. Білімі (қашан және қандай оқу орындарын аяқтадыңыз, дипломдардың нөмірлері), диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі.


6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (қашан берілді, дипломның нөмірі), ғылыми еңбектері мен өнертабыстары.


7. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз?


8. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылдыңыз ба?


9. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба?


10. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртібімен қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма?


11. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртібімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма?


12. Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен шығарылған болдыңыз ба?


13. Сіздің жақын туысқандарыңыз сотты болды ма (қашан және не үшін)?


14. Сіз және Сіздің жақын туысқандарыңыз шетелде болды ма, қашан және қандай мақсатпен?


15. Сіздің немесе жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) шетелде тұрақты тұратын туысқандарыңыз бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, туысқандық деңгейі, тұрғылықты жері, тұратын елі, олар шетелде қай уақыттан бері тұрады, немен айналысады)


16. Сіз орналасайын деп отырған лауазымның тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, асырап алушы, асырап алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) болып табыласыз ба?



17. Сіз орналасайын деп отырған лауазымның тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, асырап алушы, асырап алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) болып табыласыз ба?


      18. Сіздің жақын туысқандарыңыз (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туысқандары (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ бұрынғы жұбайларыңыз (зайыптарыңыз)*:

Туыстық деңгейі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы, айы, күні және жері

Жұмыс орны және лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы
















      Ескертпе.

      * егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.

      19. Еңбек жолын бастағаннан бері атқарып жатқан жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімдеріндегі оқуын, әскери қызметін және қоса атқарған жұмысын, кәсіпкерлік қызметін және т.с.с. қоса алғанда).

      Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарды сол уақытта аталған қалпында жазу қажет. Әскери қызметі туралы лауазымын, әскери бөлімшенің нөмірін және орналасқан жерін көрсете отырып жазу керек.

Айы және жылы

Мекеме, ұйым, кәсіпорын көрсетілген лауазымы

Мекеме, ұйым, кәсіпорынның орналасқан жері

келген

кеткен













      20. Әскери міндетке қатысы және әскери шені

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      21. Мекенжайы (тіркелген мекенжайы және тұратын мекенжайыңыз),

      үй және ұялы телефонының нөмірі

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      22. Паспорт, жеке куәлік_______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)

      23. Қосымша мәліметтер (мемлекеттік наградалар, сайланбалы өкілдік органдарға

      қатысулар, сондай-ақ үміткер өзі туралы хабарлауды қалайтын

      ақпарат)______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      24. Мен берген сауалнамадағы мәліметтердің шындыққа жанаспауы сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызметінің құқық қорғау қызметіне қабылданудан бас тартуға

      әкеліп соғуы мүмкін екендігі маған белгілі.

      ______________________________________________________ маған қатысты

      (ұйымның атауы)

      тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.

      ЕСКЕРТПЕ: осы сауалнаманы толтырушы тұлға, өзі туралы берген мәліметтер бұдан

      әрі өзгерсе, кадр қызметіне уақтылы хабарлайды.

      20_жылғы "___" ____________ ____________________________________

                        (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қабылданушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), еңбек қызметі

      және оқуы туралы мәліметтер жеке басын растайтын құжаттарға, еңбек

      кітапшасындағы жазуларға, білім және әскери қызмет туралы құжаттарына сәйкес

      келеді.

      20_ жылғы "___" ___________ ____________________________________

                        (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл
агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
және оның аумақтық
органдарының
лауазымдарына
конкурстан тыс орналасу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

ӨМІРБАЯН (өз қолымен толтырылады)

      Өмірбаян үміткердің өз қолымен, еркін түрде, түзетусіз, шимайсыз, мынадай мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен толтырылады:

      аты, әкесінің аты, тегі, (оның бар болған жағдайында) туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, қандай шет тілдерін біледі;

      қашан, қайда, қандай оқу мекемелерін бітірген, білімі бойынша мамандығы;

      қандай қызметте, қашан, қайда жұмыс атқарған, мекеменің немесе ұйымның толық атауы, мекенжайы, бір мекемеден екінші мекемеге ауысу себебі, тәртіптік, әкімшілік, материалдық немесе қоғамдық шаралар қолданылған ба, қолданылса, қашан, кім, не үшін (қандай шара);

      әскери міндетке қатысы: қашан және кіммен нақты әскери қызметке шақырылған (егер шақырылмаса, не себептен), қандай әскери бөлімде (нөмірі), қандай қызметте қызмет атқарған, қашан және қандай лауазымнан Қарулы Күштер қатарынан босатылған, әскери атағы;

      отбасы жағдайы: қашан некеге тұрған, жақын туысқандарыңызға (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туысқандарына (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ бұрынғы жұбайларыңызға (зайыптарыңызға) мәлімет (аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны, лауазымы), егер қатысушының, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының тегі өзгертілген болса, олардың алғашқы аты-жөнін көрсету, туыстарының бірі құқық қорғау органдарында қызмет атқарады ма (туысқандық дәрежесі, аты, әкесінің аты, тегі, қайда қызмет атқарады, лауазымы, арнайы атағы);

      қатысушы, оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарының бірі шетел азаматтығында болған немесе бар ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде шетелде болған ба (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе шетелге тұрақты тұру үшін шығу туралы қолдау хат ұсынған ба (қашан, қандай себептермен), шетел азаматы болып табылатын туыстар мен таныстар, шетелде тұратын, бірақ қазақстандық азамат болып табылатын туыстар мен таныстар бар ма (аты, әкесінің аты, тегі (бар болған жағдайда), туысқандық дәрежесі, шұғылданатын кәсібі, мекен жайы), олармен қандай қарым-қатынаста. Қатысушы, оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, қандай жазаға).

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _______________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20___ж. "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
5-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу және алдын ала зерделеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа қабылданатын үміткерлерді іріктеуді және алдын ала зерделеу осы қағидалары "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарына қызметке үміткерлерді іріктеу және алдын ала зерделеу тәртібін айқындайды.

      2. Кадр қызметі Агенттікке және оның аумақтық органдарына қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу, олардың алдын ала зерделеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос лауазымдарына уақтылы және сапалы орналастыру мақсатында жүзеге асырады.

2-тарау. Үміткерлерді іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібі

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткерлерді іріктеу конкурс, конкурстан тыс негізде және ауысу тәртібімен жүзеге асырылады.

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу процесінде:

      1) Үміткерлердің Заңның 6 және 10-баптарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі;

      2) Агенттіктің лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына үміткерлердің сәйкестігі;

      3) үміткерлердің бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштерінің нәтижелері (құқық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері немесе ауысу тәртібімен қабылданатын қызметкерлер үшін);

      4) жұмыстың бұрынғы тәжірибесін, арнайы тексеріс нәтижелерін, көтермелеулер мен тәртіптік жазалар болуын, қызметтік тергеу нәтижелерін, дайындық деңгейі туралы мәліметтерін (қайта дайындау және біліктілікті арттыру курстарын өткені туралы сертификаттар мен куәліктер) анықтау үшін үміткерлердің жеке ісі;

      5) үміткерлердің жеке және іскерлік қасиеттері, олардың отбасы жағдайын және ортасы, негізгі мінез құлқы, кәсіптік қызмет саласынан тыс әуестігі, мүддесі, біліктіліктері мен дағдылары, тәртіп пен заңдылықты бұзуға бейімділіктерін бейнелейтін өзге материалдары алдын ала зерделенеді.

      5. Үміткерге қатысты мәліметтерді зерделеу және нақтылау мақсатында Агенттіктің жеке қауіпсіздік бөлімшелерінен, ал қажет болған жағдайда, үміткердің бұрынғы жұмыс орнының жеке қауіпсіздік және кадр бөлімшелерінен үміткерге қатысты беделіне кір келтіретін материалдардың бар-жоғы туралы мәліметтер сұратылады.

      6. Үміткерлердің материалдарын қарастыру процесінде бұрынғы қызмет атқарған орнында жұмыстан шығу және лауазымнан босату фактілеріне немесе лауазымды не жұмыс орнын анық себептерсіз жиі ауыстыруына, үміткер бөлімшенің орналасқан, өзі тұрған немесе ұзақ уақыт тұрған жерде, сондай-ақ бұдан бұрын бес және одан да көп жыл үздіксіз қызмет атқарған лауазымына орналасуға талап еткен жағдайда, мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне назар аударылады.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
6-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістері (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау тәртібі мен әдістерін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші – қызметке үміткердің және қызметкердің кәсіби құзіреттіліктеріне негізделген, лауазымының негізгі көрсеткіштерінің және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректердің қалыптасқан сандық өрнегі;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымдарына арналған түйінді көрсеткіштер – осы лауазымдар үшін функционалдық міндеттерін орындауда белгіленген кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру дәрежесінің индикаторлары;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарының кәсіби құзіреттері – кәсіби қызмет мүмкіндіктерінің ауқымын көрсететін нақты лауазымның құзіреттіліктері шеңберіндегі қызметкердің кәсіби тәжірбиесі мен білімінің сапалық сипаттамалары.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері мен үміткердің кәсіби құзіреттілігінің деңгейін анықтау мақсаттары:

      1) атқарып отырған кәсіби қызметін/болжанатын лауазымын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті қызметкердің/үміткердің білім, білік, қабілеттерінің сәйкестігін айқындау;

      2) қызметкерлер және басшылардың ұйымдастыру мен кәсіби өзгерулеріне, қызметтерінің тиімділігін арттырудағы уәждеме.

      4. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері үміткерлерді қызметке алдын ала іріктеу және зерделеу кезінде, лауазымға тағайындау және қызметін ауыстыруда, кадр резервіне қойылуда, аттестаттаудан өтуде ескеріледі.

      Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің нәтижесі, оны анықтау күнінен бастап бір жыл бойы жарамды.

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткерлер мен қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін есепке алу объективтілік пен әділдік қағидаттарына негізделген және осы Қағидалардың 4-тармақшасында көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.

2-тарау. кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістері

      6. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарының кадр қызметі айқындайды.

      7. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) құқық қорғау қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуіне тестілеу;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерін анықтау;

      3) үміткердің/қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау.

      8. Үміткердің/қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) кадр қызметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және комиссия (аттестаттау, конкурстық, кадр резервіне қою жөніндегі) қарастыруына оның отырысы өтетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізеді.

      Қызметкерді ауыстыру кезінде Қорытынды басқа тағайындау туралы материалдарға қоса тіркеледі.

      9. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері келесі формула бойынша есептеледі:

      БК = Қ + К +Ж

      БК – бәсекелестік көрсеткіші (1-ден 100 баллға дейін);

      Қ - кәсіби құзыреттілікті бағалау нәтижесі (1-ден 30 баллға дейін);

      К – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерді бағалау нәтижесі (1-ден 50 баллға дейін).

      Ж - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткердің және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау нәтижесі (1-ден 20 баллға дейін).

      10. Қызметкерлердің/үміткерлердің кәсіби құзіреттіліктерін бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.

      11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштер: "білімі", "жұмыс тәжірибесі", "эссе жазу (қызметке орналасатын үміткерлер үшін)" болып табылады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерді бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткердің және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      13. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін айқындау 4 (төрт) деңгей бойынша баллдық жүйе негізінде анықталады. Әр деңгей сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің және үміткерлердің кәсіби деңгейінің дәрежесін көрсетеді:

      4-деңгей (70-тен 100 баллға дейін) – қызметкер/үміткер өз лауазымына қойылатын біліктілік талаптарынан жоғары деңгейде функциясын орындауға қабілетті болып табылады. Ол өз ісінің маманы болып табылады, одан кеңестер мен консультация алуға жиі жүгінеді. Жұмысты жақсарту жолдарын ұсынуға, сондай-ақ жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеуге қабілетті;

      3-деңгей (50-ден 69 баллға дейін) – қызметкердің/ үміткердің жеткілікті білімі бар және лауазымына сәйкес қажетті барлық дағдыларды көрсетеді. Өз өкілеттілігі шеңберінде жүктелген жұмысын өз бетінше және қатесіз орындауға қабілетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметітің басшы лауазымдарының кадр резервіне енгізіледі;

      2-деңгей (30-дан 49 баллға дейін) – негізінен жұмыс орташа немесе жеткілікті деңгейде орындалады. Қызметкер/үміткер белгілі бір міндеттерді орындау кезінде білімі жеткіліксіз және кейбір міндеттерін орындауда бақылауды қажет етеді. "В-РКО-6" санатынан жоғары емес лауазымдарына тағайындылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарының кадр резервіне енгізілмейді;

      1-деңгей (1-ден 30 баллға дейін) – қызметкердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін білім деңгейі жеткіліксіз, өздігінен тапсырма орындауға қабілетсіз, басшы тарапынан үнемі бақылауды талап етеді. "В-РКО-8" санатынан жоғары емес лауазымдарына тағайындалады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарының кадр резервіне енгізілмейді.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін және
бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістеріне
1-қосымша
  нысан
  "КЕЛІСІЛДІ"
____________________________
(Агенттік Төрағасының
орынбасары)
_________________________
(қолы)
20_____жылғы "___"_________

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің есебі туралы қорытынды

      ______________________________________________________________

      (үміткердің/қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ______________________________________________________________

      (көзделген лауазым)

р/с №

Бағалау өлшемдері

Ықтимал ең жоғары балл

үміткердің/Қызметкердің жинаған баллдары

құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын үміткерлер үшін

құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет атқарған үміткерлер, қызметкерлер үшін

1

Кәсіби құзыреттері:

ҚР заңнамаларын білу

30

30


2

Негізгі көрсеткіштер:

білімі

10

10


жұмыс тәжірибесі

5

20


эссе жазу

15

-


3

Кәсіби жетістіктері

15

40



Барлығы:

75

100


      Тұжырымдар мен ұсынымдар:

      жиналған баллдардың нәтижелері бойынша

      ___________________________________________________________ бәсекеге

      қабілеттіліктің __________ деңгейіне сәйкес келеді,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________ ұсынылады

      ((лауазымының және бөлімшенің атауы) лауазымға тағайындауға, кадр резервіне

      енгізуге)

      Бөлімшенің тікелей

      басшысы (лауазымы)___________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Жеке қауіпсіздік

      бөлімшесінің басшысы ________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Кадр қызметінің басшысы______________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін және
бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістеріне
2-қосымша
  нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткерлердің және қызметкердің кәсіби құзіреттіліктерін бағалау

      1. Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін бағалау (жалпы баға 0-ден 30 баллға дейін)

№ р/с

Ерекшеліктер атауы

Ерекшелік сипаттамасы

Сұрақтар саны

Жедел-тергеу, арнайы және жеке қауіпсіздік бөлімшелерінің барлық лауазымдардың санаттары үшін

1

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

10

2

Құқық қорғау органдары қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік кодексі

10

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146 "Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10027 болып тіркелген.

10


БАРЛЫҒЫ


100

Ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің барлық лауазымдардың санаттары үшін

1

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

10

2

Құқық қорғау органдары қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

15

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15


БАРЛЫҒЫ:


90

      Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша тестілеудің дұрыс жауаптарының саны және балл арақатынасы

р/н №

Ерекшелік атауы

Тестілеу тапсырмасының жалпы санының дұрыс жауаптарының пайызы (%)

Балл

1

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу

0-ден 20-ға дейін
20-дан 50-ге дейін
50-ден 70-ке дейін
70-тен 100-ге дейін

0
4
7
10

2

Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу

0-ден 20-ға дейін
20-дан 50-ге дейін
50-ден 70-ке дейін
70-тен 100-ге дейін

0
7
16
20

ЖАЛПЫ БАҒАСЫ

30

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін және
бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістеріне
3-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған түйінді көрсеткіштер

      1. "Білім" көрсеткіші (жалпы баға: 4-тен 10 баллға дейін)

      "Білім" көрсеткіші бойынша баллдар білімі (немесе) ғылыми деңгейі туралы құжатпен беріледі.

Көрсеткіш

Жалпы

Кәсіби

Бакалавр

4 балл

7 балл

Магистр

5 балл

8 балл

Ғылым кандидаты

6 балл

9 балл

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы

7 балл

10 балл

      Ескертпе: үздік дипломы бар, қызметке алғаш орналасатын үміткерлер үшін қосымша 3 балл беріледі.

      2. Жұмыс тәжірибесі

      (жалпы баға: 1-ден 5 баллға дейін құқық қорғау қызметіне алғаш

      орналасатын үміткерлер үшін;

      2-ден 20 баллға дейін құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын

      қызмет атқарған үміткерлер, қызметкерлер үшін)

      Құқық қорғау және арнайы органдардағы немесе басқа қызметте атқарып отырған лауазымына байланысты әр жыл сайынғы жұмысы үшін балл беріледі.

Жұмыс тәжірибесі

Тағы басқа

Өтіл

Құқық қорғау және арнайы органдардағы қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі

Құқық қорғау және арнайы органдардағы басқа да қызмет бойынша жұмыс тәжірибесі

Орындаушылық

Басшылық

Орындаушылық

Басшылық

20 жыл және одан жоғары

14

20

12

14

10

10 жылдан 20 жылға дейін

11

16

9

11

6

5 жылдан 10 жылға дейін

9

14

7

9

5

1 жылдан 5 жылға дейін

7

12

5

7

4

1 жылға дейін

3

6

2

3

1

      Ескертпе: Үміткерде/қызметкерде жұмыс тәжірбиесі бойынша екі және одан артық ұстанымдар бар болса, ең үлкен ұстаным ескеріледі.

      3. Эссе жазу

      (жалпы баға 1-ден 15 баллға дейін құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын үміткерлер үшін)

      Құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын үміткерлердің баллдары әзірленген эссе қорытындысы бойынша анықталады.

      Эссені тікелей басшысы бағалайды.

      Эссе үміткердің өз қолымен, қызметкерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық қызметтің кадр бөлімшесі тиісті бөлімшелерінің басшылары беретін тақырыптар бойынша жазылады ("А4" форматтағы 2 парақтан көп емес).

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін және
бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістеріне
4-қосымша
  Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткердің және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау

      (жалпы баға: 1-ден 15 баллға дейін құқық қорғау қызметіне

      алғаш орналасатын үміткерлер үшін;

      1-ден 40 баллға дейін құқық қорғау қызметінде бұдан

      бұрын қызмет атқарған үміткерлер, қызметкерлер үшін)

Кәсіби жетістіктер атауы

Растайтын құжаттың (егер бар болса ) атауы және нөмірі

Бағасы (баллдар)

1

Мемлекеттік наградалардың болуы


5

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің наградалары, көтермелеулері


2

3

Тәртіптік жазалардың болмауы


2

4

Халықаралық іс-шараларға қатысуы, органның, оқу мекемесінің мүддесін білдіру (үміткерлер үшін)


2

5

Кезектен тыс арнайы атақтарын, сыныптық шен беру немесе кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу


4

6

Органның қызметін жақсарту мақсатында бастамашылдығы


4

7

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу


3

8

Мемлекеттік тілді меңгеру (ортадан жоғары деңгей туралы сертификаттың болуы)


2

9

Шет тілдерін білу (сертификат)


1

10

Жоғары тұрған лауазымға жылжуына ұсыну


3

11

Біліктілікті арттыру курстарынан өту (соңғы 3 жылда)


3

12

Тұлғаға басқа да ұйымдардың, тұлғалардың (көршілердің пікірлері, учаскелік полиция инспекторының баянаты, оқу, жұмыс орнынан мінездемелер) оң пікірлердің болуы (үміткерлер үшін)


5

13

Қоғамдық өмірге, спорттық іс-шараларға қатысу (грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар және т.б.) (үміткерлер үшін)


2

14

"1-сыныпты маман – жетекші" сыныптық біліктілігінің болуы


2

ЖАЛПЫ БАҒА

40

      Ескертпе: қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау кезінде 1, 5, 7, 8, 9, 11-тармақтарды қоспағанда, сыбайлас жемқорлық қызмет кезеңі ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
7-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурстық негізде ауыстырылатын басшы лауазымдарының тізбесі

      1) Агенттік департаментінің басшысы;

      2) Агенттіктің департаменті басшысының орынбасары;

      3) Агенттіктің дербес Басқарма басшысы;

      4) Агенттіктің дербес Басқарма басшысының орынбасары;

      5) Агенттік департаментінің басқарма басшысы;

      6) Агенттік департаментінің басқарма басшысының орынбасары;

      7) Агентіктің аумақтық органы басшысының орынбасары;

      8) Агенттіктің аумақтық органының басқарма басшысы;

      9) Агенттіктің аумақтық органының басқарма басшысының орынбасары;

      10) Агенттіктің аумақтық органының дербес бөлімінің басшысы;

      11) Агенттіктің аумақтық органы басқармасының бөлім басшысы.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
  8-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33 – бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Конкурс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесінде көрсетілген жоғары тұрған бос басшы лауазымдарға өткізіледі.

      3. Конкурс келесі түрлерден түрады:

      1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс (бұдан әрі - ішкі конкурс);

      2) барлық құқық қорғау органдары, олардың ведомствосы, мекемелері, білім беру ұйымдары, аумақтық немесе оларға теңестірілген құрылым қызметкерлері арасындағы ведомствоаралық конкурс (бұдан әрі - ведомствоаралық конкурс);

      Ішкі конкурста конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткерлер болмаған кезде ведомствоаралық конкурс өткізіледі.

      4.Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген қызметкерлердің құжаттарын қабылдау;

      3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) қарастыру;

      4) әңгімелесу.

      5. Жоғары тұрған басшы лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшедері мінсіз бедел, кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттері болып табылады. Бұл ретте, ішкі конкурста басшы лауазымға кадрлық резервте тұрған үміткерлерге басымдық беріледі.

2-тарау. Ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

      6. Ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі– Агенттік) интернет–ресурсында жарияланады және Агенттіктің және оның аумақтық органдарының ғимараттарына орналастырылады және мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) құжаттарды қабылдау үшін оның орналасқан орны, пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық пошта мекенжайлары мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы;

      2) негiзгi функционалдық мiндеттемелері көрсетiлген бос лауазым атауы;

      3) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      5) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі.

      7. Егер конкурс қызмет етудің нақты мерзімі бар бос лауазымға өткізілетін болса, бұл шарт ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      8. Ішкі конкурс жария етілген бос лауазымға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкерлері арасында өткізіледі.

      9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш;

      2) құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді көрсететін қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме.

      10. Құжаттардың толық емес пакетін, сондай –ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну, үміткерді әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылады.

      11. Толық және жан-жақты ақпарат алу үшін үміткерлердің тізімі құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жеке қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.

      12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жеке қауіпсіздік қызметі конкурсқа қатысушылардың тізімдерін алған күннен бастап, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті ақпаратты кадр қызметіне жібереді.

      13. Кадр қызметі үміткерлердің материалдарын (қызметтік тізім, қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме, жүргізілген аттестаттау нәтижелері, үміткерлерді ымыралы мәліметтердің бар-жоғына тексеру нәтижелері) үш жұмыс күнінен кешіктірмей, әңгімелесу өткізілетін күнге дейін Комиссияның қарауына жібереді.

      14. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы, оның өткізілетіне үш жұмыс күнінен кешіктірілмей үміткер хабардар етіледі.

      Хабарда ету өтініште көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына, ұялы телефондарына ақпарат жіберу және телефон арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Өзге де құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында ведомствоаралық конкурс өткізу тәртібі мен шарттары

      15. Ведомствоаралық конкурс өткізу кезінде хабарландырулар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және көрсетілген мәліметтерді қамтиды.

      1) құжаттарды қабылдау үшін оның орналасқан орны пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық пошталық мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы;

      2) негiзгi функционалдық мiндеттемелері көрсетiлген бос лауазым атауы, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары;

      3) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      5) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі

      6) ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес.

      16. Ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін өтініш конкурс жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметіне хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, қолма-қол тәртіпте немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) құқық қорғау органнның кадр қызметі растаған қызметтік тізім,;

      2) құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған, жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен нақты жетістіктерді көрсететін қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме;

      3) құқық қорғау органының кадр қызметі куәландырған, өткізілген аттестаттау нәтижелері.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған, сондай-ақ көзделген мерзім бұзылған жағдайда, кадр қызметі үміткердің конкурсқа қатысуға өтінішін қабылдамайды.

      18. Үміткерлер туралы толық және жан жақты ақпарат алу үшін кадр қызметі құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жеке қауіпсіздік қызметіне тексеру үшін үміткерлердің тізімін жібереді. Қажет болған жағдайда, ақпарат үміткердің жұмыс орны бойынша құқық қорғау органынан сұралады.

      19. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жеке қауіпсіздік қызметі конкурсқа қатысушылардың тізімдерін алған күннен бастап, бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті ақпаратты кадр қызметіне жібереді.

      20. Кадр қызметі үміткерлердің материалдарын (қызметтік тізім, қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме, жүргізілген аттестаттау нәтижелері, үміткерлерді ымыралы мәліметтердің бар-жоғына тексеру нәтижелері) үш жұмыс күнінен кешіктірмей, әңгімелесу өткізілетін күнге дейін Комиссияның қарауына жібереді.

      21. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы, оның өткізілетіне үш жұмыс күнінен кешіктірілмей үміткерге хабардар етіледі.

      Хабардар ету өтініште көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына, ұялы телефондарына ақпарат жіберу және телефон арқылы жүзеге асырылады.

4-тарау. Әңгімелесу жүргізу тәртібі

      22. Үміткермен әңгімелесуді Комиссия жүргізеді, оның құрамын Агенттік Төрағасы бекітеді.

      23. Комиссия құрамына міндетті түрде Агенттіктің құқық қорғау жұмысын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді.

      Комиссия хатшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметінің өкілі болып табылады, ол оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      24. Конкурсқа қатысушы бір мезгілде конкурстық комиссияның мүшесі бола алмайды.

      25. Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурстың комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

      Әңгімелесу процесінде байқаушылар үміткерлерге сұрақтар қоймайды. Байқаушылардың комиссия жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, үміткерлердің дербес деректеріне, үміткерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      Бақылаушылардың қатысуымен олардың пікірі қорытынды отырыстың хаттамасында көрсетіледі.

      26. Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      27. Әңгімелесуді бейнеконференцбайланысы арқылы жүргізуге жол беріледі.

      28. Әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі, ол жөнінде хаттамада белгі қойылады.

      29. Техникалық жазба құралдарының көмегімен әңгімелесу барысында тіркелген материалдар конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде 6 ай кадр қызметінде сақталады.

      30. Әңгімелесу мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      Әңгімелесу барысында үміткерге бейінді, уәждемелік сұрақтар, құзыреттілік бойынша сұрақтар, сондай-ақ ситуациялық міндеттер қойылады.

      31. Үміткер комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады.

      32. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      33. Комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсыну;

      2) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тарту.

      34. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      35. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметі үміткерлерді Комиссия қабылдаған шешім туралы қорытынды отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

5-тарау. Қорытынды ереже

      36. Конкурста комиссияның оң қорытындысын алған үміткер комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей немесе басқа құқық қорғау органнан іссапарға жіберген күннен бастап жарияланған бос лауазымға тағайындалады.

      37. Комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет органдарындағы жоғары
тұрған басшы лауазымдарына
конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасы
____________________

Ішкі конкурсқа қатысуға арналған өтініш

      Мені ___________________________________________________________

      _______________________________________________________________

                        (лауазым атауы)

      Бос жоғары тұрған басшы лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің органдарында бос жоғары тұрған басшы лауазымға орналасудың ішкі конкурс өткізу қағидаларының шарттарымен және талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      Ұсынылған құжаттарымның түпнұсқалығын растаймын.

      _____________________________________ ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қолы

      20 __ ж. "___"_______________

      Байланыс телефоны________________________________________

      /электрондық пошта_______________________________________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет органдарындағы жоғары
тұрған басшы лауазымдарына
конкурс өткізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасы
________________________

Ведомствоаралық конкурсқа қатысуға арналған өтініш

      Мені ___________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (лауазым атауы)

      бос жоғары тұрған басшы лауазымына орналасуға арналған ведомствоаралық конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің органдарында бос жоғары тұрған басшы лауазымға орналасуға арналған ведомствоаралық конкурс өткізу қағидаларының шарттарымен және талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

      _____________________________________ _________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қолы

      20 __ ж. "___"_______________

      Байланыс телефоны_______________________________________

      /электрондық пошта______________________________________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
9-қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14318 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14675 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 19 қаңтарда жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 180 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15855 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 2 қарашада жарияланған).

      4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарын конкурстық негізде ауыстырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 238 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17531 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 17 қазанда жарияланған).