"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы "____" _____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы "____" _____________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген |
Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұрғын үй сертификаттарын беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама (бұдан әрі – ипотекалық бағдарлама) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – тұрғын үй құрылысы бағдарламасы) шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек ретінде немесе бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде ұсынады.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бастапқы тұрғын үй – тұрғын үйді құрылыс салушыдан, тапсырыс берушіден, құрылыс инвесторынан, жергілікті атқарушы органнан не құрылыс салушының, тапсырыс берушінің, құрылыс инвесторының, жергілікті атқарушы органның атынан өткізетін басқа заңды тұлғалардан сатып алған кезде меншік құқығы бірінші рет тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісі;
2) ипотекалық тұрғын үй қарызы – сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй мүлкі ипотекасымен қамтамасыз етілген бастапқы тұрғын үйді сатып алу мақсатында берілетін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің ипотекалық қарызы, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары;
3) тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бастапқы тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;
4) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) әкімші – әкіммен анықталатын жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, тұрғын үй қатынастары саласына жетекшілік ететін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.
2-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын беру тәртібі
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындайды.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) млн. теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.
5. Тізбеде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы және өзге де басым салалардағы мамандардың қажеттілігін, сондай-ақ Заңның 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын (бұдан әрі – кезектегілер)ескере отырып, алушылар санаттары көзделеді.
Салалардағы қажетті мамандар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде анықталады.
6. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі жалақының 1 (бір) көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы болған жағдайда (мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда) беріледі.
Орташа табыс бойынша соңғы 6 (алты) ай ішінде белгіленген шектен асып кеткен жағдайда отбасының әрбір мүшесіне бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаты беріледі.
7. Әкімші тиісті қаржы жылына әлеуметтік көмек және (немесе) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарының жоспарланған сомасын көздейді.
Әлеуметтік көмек қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде беріледі.
Әлеуметтік қолдау ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түрінде беріледі.
8. Тұрғын үй сертификаттарын беру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Әкімші интернет-ресурсында:
1) тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі туралы жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) шешімін;
2) тұрғын үй сертификаттарын беру туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді.
10. Тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй сертификаттарын беру тоқтатылғаны туралы хабарландыру жарияланады.
11. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) әкімшіге ай сайын ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін мақұлданған өтініш берушілер туралы мәліметтерді береді.
12. Тұрғын үй сертификаттары ипотекалық бағдарламада немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасында көзделген тәртіпте бастапқы тұрғын үй алу кезінде Тізбеге сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі. Бұл ретте, өтініш беруші ЕДБ-ға тұрғын үй сертификатын алу ниеті туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
13. Тұрғын үй сертификатын алу үшін мынадай құжаттар қажет:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
соңғы 6 (алты) ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
жұмыс орнынан анықтама (кезектегілері қоспағанда);
қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты.
14. Өтініш беруші Қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттармен әкімшіге жүгінеді.
15. Әкімші өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде берілген құжаттардың дұрыстығы және өтініш беруші мәртебесінің Тізбедегі мәртебеге сәйкестігін тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігі есебін жүргізеді.
Әкімші қарау нәтижесі бойынша өтініш берушіге тұрғын үй сертификатын беру туралы оң не теріс шешімі бар жазбаша хабарлама жібереді.
Тұрғын үй сертификатын беруден бас тарту үшін негіздемелер:
1) құжаттардың топтамасын толық бермеу;
2) өтініш берушінің дұрыс емес деректерді (мәліметтерді) ұсынуы;
3) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу.
16. Өтініш беруші оң шешімі бар жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұрғын үй сертификатын беру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасау үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшісіне жүгінеді.
17. Әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайда, өтініш беруші мен әкімші арасындағы келісім өтініш беруші өтініш жасаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жасалады.
18. Бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілген жағдайда, өтініш беруші, әкімші және сенім білдірілген өкіл (агент) арасындағы келісім 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалады.
Осы мерзім ішінде сенім білдірілген өкіл (агент) өтініш берушімен жылдық 0,01 % мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бойынша 15 (он бес) жылға дейінгі мерзіммен кредиттік шарт (бұдан әрі – кредиттік шарт) жасайды.
Бюджеттік кредиттер беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша талаптар кредиттік шартта белгіленеді.
19. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметі пайдаланылған жағдайда қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ипотекалық бағдарлама және тұрғын үй құрылысының бағдарламасы шеңберінде сатып алынатын тұрғын үйді кепілдікке қоюды қоспағанда, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды кепілді, нотариалды куәландырылған жазбаша кепілі, кепілгерлігі немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да тәсілдер арқылы қамтамасыз етіледі.
20. Әкімші сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасасады.
Тапсырма шартында тұрғын үй сертификатын алушымен сенім білдірілген өкілдің (агенттің) кредиттік шарт жасасуы, оның қаржылық жағдайын мониторингілеу, тұрғын үй сертификатының сомасын аудару, әкімші шотына бюджеттік кредитті өтеуді жүргізу көзделеді.
21. Әкімші (сенім білдірілген өкіл (агент)) келісім және (немесе) кредиттік шарт жасалған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің эскроу-шот/жинақ шотына тұрғын үй сертификатының сомасын аударады.
22. ЕДБ өтініш берушінің эскроу-шот/жинақ шотына тұрғын үй сертификатының сомасы түскен жағдайда, ішкі тәртіпке сәйкес онымен банктік қарыз шартын, ипотекалық шартты (кепіл шартын) жасасады.
23. ЕДБ тұрғын үй сертификатын пайдалана отырып, өтініш берушіге ипотекалық тұрғын үй қарызын берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әкімшіге (сенім білдірілген өкілге (агентке)) жазбаша түрде хабарлайды.
24. Өтініш беруші тұрғын үй сертификатын пайдалана отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдегеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде әкімшіге (сенім білдірілген өкілге (агентке)) банктік қарыз шартының және ипотекалық шарттың (кепіл шартының) көшірмелерін береді.
25. Өтініш беруші эскроу-шот/жинақ шотына тұрғын үй сертификатының сомасы аударылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күні ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемеген жағдайда, қарыз беру туралы шешім қабылдаған ЕДБ жергілікті бюджетке оның қайтарылуын жүзеге асырады.
Өтініш
Сізден бастапқы тұрғын үйді меншігіме сатып алу құқығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бастапқы тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін:
____________________________________________________________________
(сомасы жазбаша)
____________________________________________________________________
теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификатын беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
(күні) (қолы)
Құжаттар қабылданды:
20____ жылғы "____" ________ _______________
_______________________________________________
Қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азамат (азаматша)____________ өтініші ________ дана көлемінде қоса берілген құжаттармен бірге 20__жылғы "__"_________________ қабылданды.
______________ ________________________________________________
Қолы құжаттарды қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә.