"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-14) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы "____" _____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы "____" _____________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген |
Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 29.04.2020 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-2-бабының 10-14) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрғын үй сертификаттарын беру мен "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама (бұдан әрі – ипотекалық бағдарлама) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – тұрғын үй құрылысы бағдарламасы) шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсынады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ипотекалық тұрғын үй қарызы - сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй мүлкі ипотекасымен қамтамасыз етілген тұрғын үйді сатып алу мақсатында берілетін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің ипотекалық қарызы, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары;
2) тұрғын үй сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;
3) уәкілетті орган - тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) әкімші - әкіммен анықталатын жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, тұрғын үй қатынастары саласына жетекшілік ететін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.
2-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) Заңның 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) айқындайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.11.2021 № 619 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.11.2021 № 619 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалардан аспайтын еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі.
Орташа табыс бойынша соңғы 6 (алты) ай ішінде белгіленген шектен асып кеткен жағдайда отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаты беріледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.03.2021 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Әкімші тиісті қаржы жылына әлеуметтік көмек және (немесе) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарының жоспарланған сомасын көздейді.
Әлеуметтік көмек қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде беріледі.
Әлеуметтік қолдау ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түрінде беріледі.
8 Тұрғын үй сертификаттарын беру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Әкімші интернет-ресурсында:
1) тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі туралы жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) шешімін;
2) тұрғын үй сертификаттарын беру туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді.
10. Тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй сертификаттарын беру тоқтатылғаны туралы хабарландыру жарияланады.
11. Тұрғын үй сертификаттары ипотекалық бағдарламада немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасында көзделген тәртіпте тұрғын үй алу кезінде Тізбеге сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі.
Бұл ретте, өтініш беруші екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі - ЕДБ) тұрғын үй сертификатын алу ниеті туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
12. Мемлекеттік қызметті осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – әкімші) көрсетеді.
Тәсілдері, мерзімдері, нысаны, нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптарда (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) жазылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағымен айқындалған.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші Әкімшінің кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Әкімші немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері берген жағдайда, оларды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Әкімші немесе Мемлекеттік корпорация қабылдау кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өтініш берушіге қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Әкімші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Әкімші арқылы жүгінген жағдайда қызметкер:
1) өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен және тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын және өтініш беруші мәртебесінің тізбеге сәйкестігін тексереді;
2) 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша уәжді бас тартуды жібереді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен және тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын, өтініш беруші мәртебесінің тізбеге сәйкестігін тексереді және оларды Әкімшіге жібереді.
Әкімші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы түрін, сомасын көрсете отырып тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша уәжді бас тартуды жібереді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын әкімшіге қағаз жеткізгіште жіберуді көздейтін Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру өтініш берушінің не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін Әкімшіге береді.
Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір ай өткен соң өтініш берген кезде Әкімші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.11.2021 № 619 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
19. Өтініш беруші Әкімшінің шешімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұрғын үй сертификатын беру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) жасау үшін Әкімшіге жүгінеді.
20. Әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайда, өтініш беруші мен Әкімші арасындағы келісім өтініш беруші өтініш жасаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жасалады.
21. Бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілген жағдайда, өтініш беруші, Әкімші және сенім білдірілген өкіл (агент) арасындағы келісім 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалады.
Осы мерзім ішінде сенім білдірілген өкіл (агент) өтініш берушімен жылдық 0,01 % мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бойынша 15 (он бес) жылға дейінгі мерзіммен кредиттік шарт (бұдан әрі - кредиттік шарт) жасайды.
Бюджеттік кредиттер беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша талаптар кредиттік шартта белгіленеді.
22. Бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметі пайдаланылған жағдайда қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ипотекалық бағдарлама және тұрғын үй құрылысының бағдарламасы шеңберінде сатып алынатын тұрғын үйді кепілдікке қоюды қоспағанда, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды кепілді, жазбаша кепілі, кепілгерлігі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да тәсілдер арқылы қамтамасыз етіледі.
23. Әкімші сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасасады.
Тапсырма шартында тұрғын үй сертификатын алушымен сенім білдірілген өкілдің (агенттің) кредиттік шарт жасасуы, оның қаржылық жағдайын мониторингілеу, тұрғын үй сертификатының сомасын аудару, Әкімші шотына бюджеттік кредитті өтеуді жүргізу көзделеді.
24. Әлеуметтік көмек берілген жағдайда Әкімші тұрғын үй сертификатының сомасын өтініш берушінің эскроу-шот/жинақ шотына келісім жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аударады.
25. Бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылған жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) тұрғын үй сертификатының сомасын өтініш берушінің эскроу-шот/жинақ шотына кредиттік шарт жасалған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аударады.
26. ЕДБ өтініш берушінің эскроу-шот/жинақ шотына тұрғын үй сертификатының сомасы түскен жағдайда, ішкі тәртіпке сәйкес онымен банктік қарыз шартын, ипотекалық шартты (кепіл шартын) жасасады.
27. Өтініш беруші тұрғын үй сертификатын пайдалана отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдегеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Әкімшіге (сенім білдірілген өкілге (агентке)) банктік қарыз шартының және ипотекалық шарттың (кепіл шартының) көшірмелерін береді.
28. Өтініш беруші эскроу-шот/жинақ шотына тұрғын үй сертификатының сомасы аударылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемеген жағдайда, қарыз беру туралы шешім қабылдаған ЕДБ жергілікті бюджетке оның қайтарылуын жүзеге асырады.
29. Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілген тұрғын үй сертификаты, Астана және Алматы қалаларының қала маңы аймақтарында тұрғын үй сатып алу жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органның тиісті аумақтық бірлігі шегінде қолданылады.
Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде өтініш берушінің ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын бір реттен артық алуына жол берілмейді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күні Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Ағзасының функцияларының тұрақты бұзылуынан оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Өтініш
Сізден бастапқы тұрғын үйді меншігіме сатып алу құқығын іске асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе)
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде бастапқы тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй
қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін:
________________________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
________________________________________________________________ теңге мөлшерінде
тұрғын үй сертификатын беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
(күні) (қолы)
Құжаттар қабылданды:
20__ жылғы "___" ___________
_______________ ___________________________________________________________
Қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азамат (азаматша) ____________________ өтініші ______ дана көлемінде қоса берілген
құжаттармен бірге 20__жылғы "____"____________ қабылданды.
__________________________________________________________________________
Қолы құжаттарды қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
_________________________________________________________________________________ _________________
(жергілікті атқарушы органның атауын көрсету) / Мемлекеттік корпорация
________________________ (мекенжайын көрсету керек), Сіздің Тұрғын үй сертификатын
беру қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын толық
ұсынбауыңызға байланысты, __________________________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
_________________ _________________________________________
(Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________
Телефон нөмірі __________
________________________________________________________________________________
Қабылдадым: Т.А.Ә. (болған жағдайда) / өтініш берушінің қолы
20__ жылғы "___" ___________
Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан | |
____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Тұратын мекенжайы: _________ ___________________________ тел.: _______________________ |
______________________________________________________________ (органның атауы)
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________,
келіп түскен өтініш пен ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына сәйкес
және _____________________________________________________________
(жергілікті өкілді орган бекіткен құжаттың атауын, нөмірін және күнін көрсету) _______
сәйкес ____________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
_____________________ (_________________________________________________)
теңге сомасына әлеуметтік көмек / бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде (керегінің асты сызылсын) тұрғын үй сертификатын берідің мақұлданғанын хабарлайды.
Әлеуметтік қолдау қаражатын ақшалай нысанда төлеуді
_______________________________________________________________________
(сенім білдірілген агенттің атауы)
________________ жүзеге асыратын болады.
Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілген тұрғын үй сертификаты, Астана және Алматы қалаларының қала маңы аймақтарында тұрғын үй сатып алу жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органның тиісті аумақтық бірлігі шегінде қолданылады.
Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде өтініш берушінің ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын бір реттен артық алуына жол берілмейді.
Лауазымы Аты-жөні