"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А.Біртановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 57 қаулысымен бекітілді |
Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну тәртібін белгілейді.
2-тарау. Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру талаптары мен тәртібі
3. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы Заңның 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының резидент ұйымының органы тиісті шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) мынадай ақпаратты көрсете отырып шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру туралы Қазақстан Республикасы резидент ұйымының органы шешімінің көшірмесі:
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының толық атауы;
эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атаулары көрсетіле отырып, заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару жүзеге асырылатын мемлекеттің атауы;
аумағында Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыру жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы;
шығарылатын және (немесе) орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгерді көрсетумен қамтамасыз етудің немесе кепілдіктің болуы және түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы (қолданылатын болса) мен халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) (бар болса);
шығарылымның болжамды көлемі және валютасы;
осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және сыйақы төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының маңызды талаптарына қатысты мәліметтер;
шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегі сияқты орналастыру талаптарымен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы облигацияларды сатып алуға ұсыныс беру;
базалық активі осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары болып табылатын акцияларды немесе туынды бағалы қағаздарды осы акциялардың жалпы санының кемінде жиырма пайызын Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы сатып алуға ұсыныс беру;
борыштық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында уәкілетті орган төлемге қабілетсіз банкті реттеу шараларын қолданған жағдайда борыштық бағалы қағаздар мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екені туралы ережелер қамтылады (шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент банкі көрсетеді не егер шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығару талаптарында Қазақстан Республикасының резидент банкінің кепілдігін беру көзделген болса);
борыштық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында төлемге қабілетсіз банкке реттеу шаралары қолданылған жағдайда борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы жоқ екені туралы ережелер қамтылады (шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент банкі көрсетеді не егер шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығару талаптарында Қазақстан Республикасының резидент банкінің кепілдігін беру көзделген болса);
3) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінің мынадай секторларында (санаттарында) болуын растайтын құжаты:
уәкілетті орган тіркеген облигациялар шығарылымы - "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санатында не "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санатында;
уәкілетті орган тіркеген акциялар шығарылымы - "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "премиум" санатына не "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "стандарт" санатына не "Баламалы" алаңының "акциялар" секторында;
не қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығару жоспарланып отырған бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің мынадай секторларына (санаттарына):
облигациялар шығарылымын - қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санатына;
акциялар шығарылымын - қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "премиум" санатына не "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "стандарт" санатына не "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізуге келісімін растайтын құжаты.
5. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттарды ұсыну күніне шығарылымы тіркелген орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымы базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде уәкілетті органға туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы туралы орталық депозитарийдегі жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың жеке шотынан орталық депозитарийдің үзінді-көшірмесін ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.
Құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде құжаттар өтініштің электрондық нысанына қоса тіркеледі.
7. Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының резидент ұйымы ұсынған құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күнінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
8. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы және Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган:
Қазақстан Республикасының резидент ұйымы құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берген кезде Қазақстан Республикасы резидент ұйымының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында:
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсатты;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсатты жібереді.
9. Заңның 22-1-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпаратты ұсынады.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы резидент ұйымының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.
Бірнеше парақтан тұратын эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне ішінара басшының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен куәландырылып ұсынылады.
10. Уәкілетті орган Заңның 22-1-бабының 7-тармағында көзделген негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымына Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беруден бас тартады.
11. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын және (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарды бірмезгілде шығарған және (немесе) орналастырған жағдайда осы тараудың талаптары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
3-тарау. Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастыру қорытындылары туралы есеп беру тәртібі
12. Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының (бұдан әрі – эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы) эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы депозитарлық қолхаттарды және (немесе) базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару талабын айқындайтын құжатқа қосылу туралы құжатына қол қою арқылы бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қазақстан Республикасының резидент ұйымының бағалы қағаздарын өткізуді жоспарлап отырған тұлға тиісті шешім қабылданғаннан кейін бір ай ішінде уәкілетті органға мыналарды көрсете отырып, еркін нысанда жасалған депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ұсынады:
1) эмиссиялық бағалы қағаздары шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы;
2) шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың (хабарлама ұсыну алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында осы эмиссиялық бағалы қағаздарының түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) (бар болса), саны, бағасы) базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары туралы мәліметтер;
3) шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттар немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздар (түрі, шығару мерзімі, заңнамаға сәйкес шығаруы жоспарланған мемлекет, шығарылым валютасы, Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының андеррайтерлері, шығарылымды ұсыну және эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы хабарлауға қажет деп санайтын шығарылымның өзге маңызды талаптары) туралы мәліметтер.
13. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген хабарламаға мыналар қоса беріледі:
1) эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы органның базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы шешімінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
2) шығару туралы шешім қабылданған күндегі жағдай бойынша шығаруға жоспарланған базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарының болуы туралы эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді-көшірме;
3) қазақ және орыс тілдеріндегі аударманың нотариат куәландырған қосымшасын қоса бере отырып, базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды және (немесе) өзге де бағалы қағаздарды шығару талаптарын белгілейтін құжаттың көшірмесі (егер бұрын осы құжатты эмиссиялық бағалы қағаздары депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органға бермеген болса).
14. Базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы орналастыру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде еркін нысанда жасалған және Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепке қойылатын талаптарға сәйкес келетін депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті және депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпаратты орталық депозитарий мен уәкілетті органға ұсыну тәртібі көзделетін құжаттың көшірмесін ұсынады.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымы еркін нысанда жасалған депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық тасымалдағышта ұсынады.
15. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы не Қазақстан Республикасының резидент ұйымы Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе көшірмелерінің дұрыстығын көрсете отырып, олардың басшының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Егер әр ұсынылған құжат бір парақтан тұратын болса, онда оған басшы не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне ішінара басшының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен куәландырылып ұсынылады.
Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру туралы өтініш _______________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы мен мекенжайы)
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабына сәйкес шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беруді сұрайды және мынадай ақпаратты ұсынады:
№ | Толтыру үшін ақпарат | |
1. | Эмиссиялық бағалы қағаздың түрі | |
2. | Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің секторы (санаты) | |
3. | Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарын орындау не уақтылы орындамау немесе орындамау туралы ақпарат | |
4. | Эмиссиялық бағалы қағаздардың делистингі жағдайлары туралы ақпарат | |
5. | Левередж шамасы | |
6. | Пруденциялық нормативтерді және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді сақтау не сақтамау туралы ақпарат |
Ескертпе:
1. 3-тармақта акцияларды қоспағанда айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша ақпарат көрсетіледі.
2. 4-тармақта облигацияларды ұстаушылар келіскен жағдайда, акцияларды және облигациялардың ерікті делистингін қоспағанда, айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша ақпарат көрсетіледі.
3. 5-тармақта банкті, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, осы рұқсатты алу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша ақпарат көрсетіледі.
Левередж шамасын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншігіндегі және (немесе) осы заңды тұлғаның (банкті, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды және ұлттық басқарушы холдингін қоспағанда) міндеттемелері бойынша кепілгер, оның ішінде бірлескен кепілгер болатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымы көрсетеді.
4. 6-тармақта рұқсатты алу үшін құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы есепті күнге және құжаттарды беру күніне дейін үш ай бұрынғы кезеңдегі ақпарат көрсетіледі (банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым көрсетеді).
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті тұлға) уәкілетті органға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз етеді және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Бірінші басшы (қол қоюға уәкілетті тұлға)
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер
1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген атауы.
2. Тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымын тіркеген шет мемлекет органының атауы.
3. Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін қор биржасының атауы.
4. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы.
5. Халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды).
6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының валютасы және нысаны.
7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының жалпы көлемі, номиналды құны.
8. Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыру құнын айқындау шарттары, айналысқа жіберу және орналастыру мерзімі.
9. Төлем агенті туралы ақпарат.
10. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу тәртібі, оларды болжамды өтеу мерзімі.
11. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымының талаптары туралы ақпаратты алуға арналған дереккөздер, байланыс деректемелері.
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті тұлға) уәкілетті органға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз етеді.
Бірінші басшы (қол қоюға уәкілетті тұлға)
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының
резидент ұйымының
____________________________________________________________________
(толық атауы және орналасқан жері)
_________________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
___________________________________________________ заңнамасына сәйкес
(шығарылым жүргізілетін қағидалар мен ережелердің атауы)
мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрі, шығарылымның жалпы көлемі, депозитарлық қолхаттардың
немесе өзге бағалы қағаздардың саны, депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы
қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, базалық
активтің депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың санына
арақатынасы)
шығаруға рұқсат береді.
Қол қоюға уәкілетті тұлға Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының
резидент ұйымының
____________________________________________________________________
(толық атауы және орналасқан жері)
_______________________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
___________________________________________________________аумағында
(шет мемлекеттің атауы)
мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрі, шығарылымның жалпы көлемі, депозитарлық қолхаттардың
немесе өзге бағалы қағаздардың саны, депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы
қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, базалық
активтің депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың санына
арақатынасы)
орналастыруға рұқсат береді.
Қол қоюға уәкілетті тұлға Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат
Индекс: ЭБҚОҚТА_5
Кезеңділігі: орналастырылуына қарай
Ұсынатын: Қазақстан Республикасының резидент ұйымы
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде
Нысан |
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат
№ | Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат | |
1. | Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы | |
2. | Қазақстан Республикасының резидент ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны | |
3. | Қазақстан Республикасының резидент ұйымының орналасқан жері | |
4. | Эмиссиялық бағалы қағаздың түрі | |
5. | Халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) | |
6. | Эмиссиялық бағалы қағаздардың номиналды құны және (немесе) орналастыру бағасы | |
7. | Орналастыру басталған күн | |
8. | Орналастыру аяқталған күн | |
9. | Ұсынылған бағалы қағаздардың саны | |
10. | Орналастырылған бағалы қағаздардың саны | |
11. | Тартылған ақша көлемі |
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті тұлға) уәкілетті органға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз етеді.
Бірінші басшы (қол қоюға уәкілетті тұлға) _____ қолы
Қол қойылған күн 20____ жылғы "___"______________
Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректер жинауға арналған "Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-1-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды Қазақстан Республикасының резидент ұйымы жасайды.
4. Нысанға бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны және орналасқан жері көрсетіледі.
6. 4, 5 және 6-бағандарда эмиссиялық бағалы қағаздың түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) және эмиссиялық бағалы қағаздардың номиналды құны және (немесе) орналастыру бағасы көрсетіледі.
7. 7 және 8-бағандарда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың басталған күні және орналастырудың аяқталған күні көрсетіледі.
8. 9, 10 және 11-бағандарда ұсынылған бағалы қағаздардың саны, орналастырылған бағалы қағаздардың саны және тартылған ақшаның көлемі көрсетіледі.
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп
Индекс: ДҚОҚЕ_6
Кезеңділігі: орналастырылуына қарай
Ұсынатын: Қазақстан Республикасының резидент ұйымы
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде
Нысан |
____________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының резидент ұйымының толық атауы)
№ | Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп | |
1. | Ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері және тіркеу деректері көрсетілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы | |
2. | Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру үшін уәкілетті органнан рұқсат алу күні | |
3. | Халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) | |
4. |
Бағалы қағаздар туралы мәліметтер: | |
5. | Тартылған ақша көлемі | |
6. | Орналастыру басталған күн және аяқталған күн | |
7. | Бағалы қағаздар шығарылымы андеррайтерлерінің (эмиссиялық консорциумдар) атауы | |
8. | Құқықтарды растауды жүзеге асыратын есептік ұйымның атауы |
Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есепке депозитарлық қолхаттардың саны көрсетіле отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылатын ұстаушылар туралы ақпарат қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті тұлға) уәкілетті органға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз етеді.
Бірінші басшы (қол қоюға уәкілетті тұлға) ____________ (қолы)
Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректер жинауға арналған "Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды Қазақстан Республикасының резидент ұйымы жасайды.
4. Нысанға бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері және тіркеу деректері, андеррайтерлердің атауы және орналастырылған туынды бағалы қағаздарға құқықтарды растауды жүзеге асыратын есептік ұйымның атауы көрсетіледі.
6. 2-бағанда базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру үшін уәкілетті органнан рұқсат алу күні көрсетіледі.
7. 3-бағанда халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) көрсетіледі.
8. 4-бағанда бағалы қағаздар туралы мәліметтер көрсетіледі.
9. 5-бағанда тартылған қаражат көлемі көрсетіледі.
10. 6-бағанда орналастырудың басталған күні және аяқталған күні көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 57 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7560 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 415-421 (27495) жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 297 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8060 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде № 16-20 (27959) жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда "Заң газеті" газетінде № 160 (25564) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10339 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13001 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 17-тармағы.
6. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 5-тармағы.