Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18651 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 34 бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "49-1) мультипликативтік әсер – тиісті салаға бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде экономиканың дамуына ықпал ету;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы:

      1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын, сондай-ақ қолданыстағы көрсетілетін және ұсынылатын қызметтерді салыстырмалы талдауды;

      2) МИЖ-ді іске асырудан экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерін, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын;

      3) проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде қаралған, шетелдік тәжірибені ескере отырып, оны шешудің оңтайлы жолы ретінде МИЖ-ді таңдаудың негіздемесі бар балама нұсқаларды;

      4) МИЖ басқарудың болжанатын институционалдық схемасының негізділігін (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимылының схемасы, баланс ұстаушылардың пайдалары мен шығындарын бөлу, инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңдерде БИЖ-ді басқару схемасы);

      5) жоба бойынша болжанатын тәуекелдерді (қаржылық, операциялық, техникалық, кредиттік, нормативтік-құқықтық, технологиялық, маркетингтік, нарықтық, коммерциялық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер) және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды;

      6) МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігін;

      7) МИЖ көлемінің негізділігін;

      8) мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты МИЖ-ді іске асыру тетігін басымдықпен таңдау негізділігін бағалауды қамтиды.

      Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның салалық қорытындысы ақпараттық жүйелерді дамытуға арналған шығындардың нормативтеріне сәйкес келетін есептеулер мен негіздемелерді қамтиды.

      Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалардың құны ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық есебінің бөлігі ретінде ұсынылған есептеулер мен негіздемелер негізінде расталады.";

      54-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;"

      "9) БИЖ іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерін, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын;";

      138-тармақтың 3) тармақшасының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салалық сараптаманың қорытындысы мыналарды:

      саладағы қазіргі ахуалдың талдауын бағалауды;

      Инвестициялар ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда саладағы ахуалдың талдауын бағалауды;

      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларын іске асырудың саланы дамытуға әсерін сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре отырып және мыналарды:

      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын;

      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың орналасқан орнын таңдау мен ауқымының негізділігін;

      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың мүмкіндігін;

      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары бойынша техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігінің бағасын көрсете отырып, бағалауды;

      экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерін, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын бағалауды;

      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін, оңтайлы жаңа технологиялардың қолданылуын бағалауды;

      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын бағалауды;

      бар болған жағдайда "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 28-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындарының негізділігін қамтиды.";

      3 және 3-1-қосымшалар 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында:

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Валюталық тәуекелдермен байланысты шығыстарды өтеуді қоспағанда, ерекше маңызы бар жергілікті концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелер жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

      Валюталық тәуекелдермен байланысты шығыстар мынадай тәртіппен бөлінеді:

      ұлттық валюта бағамының әлсіреуімен байланысты шығыстар концессия шарты күшіне енген күні белгіленген, бірақ 5%-дан аспайтын мөлшерде концессионердің меншікті қаражаты есебінен өтеледі;

      ұлттық валюта бағамының әлсіреуімен байланысты шығыстардың қалған бөлігі жалпы төлем сомасынан тең үлестермен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен өтеледі.

      Валюталық тәуекелдер бойынша шығыстарды республикалық бюджеттен өтеу үшін ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссияның және республикалық бюджет комиссиясының шешімдері негіз болып табылады.

      Валюталық тәуекелдер бойынша шығыстарды жергілікті бюджеттен өтеу үшін коммуналдық меншікке жататын концессия объектісіне қатысты комиссияның және тиісті бюджет комиссиясының шешімдері негіз болып табылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидаларында:

      2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:

      21 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурстық құжаттаманың салалық сараптамасын ол енгізілген кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде салалық орталық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті жобалар бойынша және республикалық жобалар бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті жобалар бойынша) жүргізеді және ол мыналарға:

      саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;

      МЖӘ жобасы мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;

      МЖӘ жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктердің бар болуын көрсету, сондай-ақ МЖӘ жобасының болжамды түпкілікті нәтижесінің болуын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына немесе актілеріне сәйкестікті;

      ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігі мен орындылығын;

      техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатындығын;

      МЖӘ объектісінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне тиесілілігін;

      жекеше әріптестің және ол ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың балама нұсқаларын;

      МЖӘ жобасын іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;

      МЖӘ жобасын іске асырудан түскен пайданы бөлуді;

      МЖӘ жобасын іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативті әсерін;

      ұсынылатын кіріс алу және шығындарын өтеу көздерін, мемлекеттік қолдау мен бағалық шешімдерді, оның ішінде инвестициялық және операциялық шығындардың барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын бағалауды;

      конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін;

      МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің болжанатын физикалық параметрлері және техникалық сипаттамаларын бағалауды қамтитын салалық сараптамаға жатады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылса, конкурстық құжаттаманы құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ол түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, ал жобалардың қалғандары бойынша – 10 (он) жұмыс күні ішінде мына мәселелерді:

      1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттің кепілгерлігін немесе МЖӘ жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдікті ұсынуды.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде МЖӘ жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы беруді ұсынған мемлекет кепілгерлігінің көлемін келіседі;

      2) МЖӘ объектісін республикалық меншікке қабылдау немесе республикалық меншіктегі бар объектіні МЖӘ жобасын іске асыру үшін беруді қарап, келісуді жүргізеді.

      Конкурстық құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу келісім туралы немесе келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.";

      32-тармақ алып тасталсын;

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Конкурстық құжаттаманың сараптама қорытындысы мыналарды:

      конкурстық құжаттаманың паспортын;

      конкурстық құжаттаманың Қазақстан Республикасының МЖӘ саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды;

      ақпараттық парақты бағалауды, оның ішінде жекеше әріптеске ұсыну жоспарланатын мемлекеттік қолдау шаралары мен шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін бағалауды, сондай-ақ 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік міндеттемелер лимиттері шегінде мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігін;

      конкурстық құжаттама шарттарын бағалауды;

      МЖӘ шартының жобасын бағалауды қамтиды;

      конкурс ұйымдастырушыға, жобалық топқа, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияға, өзге де мүдделі тұлғаларға:

      конкурстық құжаттаманың сапасын арттыру;

      МЖӘ жобасын басқару сапасын арттыру;

      МЖӘ жобасын іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды қамтиды.";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Конкурстық құжаттама құрамындағы МЖӘ шартының жобасын бағалау мыналарды:

      1) шарт жобасының Заңның 46-бабына сәйкестігін талдауды;

      2) шарт жобасының конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін талдауды;

      3) сыртқы жағдайлардың МЖӘ жобасын іске асыруға әсерін бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тәуекелдерін талдауды;

      4) МЖӘ субъектілерінің қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, көлемі мен оны ұсыну шарттарын, сондай-ақ МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу және кірістерді алу құрамын талдауды;

      5) тараптардың жауапкершіліктерін, МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын талдауды;

      6) конкурстық құжаттама құрамындағы шарт жобасы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;

      7) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болған жағдайда жоба бойынша төлемдер кестесін талдауды қамтиды.

      37. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келіседі және МЖӘ-ні дамыту орталығы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жүргізген конкурстық құжаттама сараптамасының қорытындысын конкурсты ұйымдастырушыға жолдайды.

      Жергілікті мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларды, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер (немесе) толықтырулар енгізу кезінде транспарентті әрі тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ету мақсатында сараптаманы міндетті түрде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалары жүргізеді.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған өтінімді кейіннен республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына енгізеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған өтінімді бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір МЖӘ жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны консультативтік сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссияның төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы болып табылады (конкурсты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болған жағдайда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес).

      Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.

      Комиссияның құрамына мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      Бұл ретте, егер МЖӘ жобасында мемлекеттік міндеттемелер көзделмеген жағдайда комиссияның құрамына бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның өкілін қосу міндетті емес.

      Конкурсты ұйымдастырушы жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар болған жағдайларда Комиссия құрамына сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органының өкілі (өкілдері) кіреді.

      Комиссия құрамына өзге мемлекеттік органдары, ұйымдарды кіре алады.

      Комиссияның жұмыс органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.";

      141-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың салалық сараптамасын салалық орталық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті жобалар бойынша және республикалық жобалар бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жергілікті жобалар бойынша) оны енгізген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді және оны бағалауды қамтиды:

      саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;

      МЖӘ жобасы мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;

      МЖӘ жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктердің бар болуын көрсету, сондай-ақ МЖӘ жобасының болжамды түпкілікті нәтижесінің болуын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына немесе актілеріне сәйкестікті;

      ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігі мен орындылығын;

      техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегейлігін;

      МЖӘ объектісінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне тиесілілігін;

      жекеше әріптестің және ол ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың балама нұсқаларын;

      МЖӘ жобасын іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;

      МЖӘ жобасын іске асырудан түскен пайданы бөлуді;

      МЖӘ жобасын іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативті әсерін;

      ұсынылатын кіріс алу және шығындарын өтеу көздерін, мемлекеттік қолдау мен бағалық шешімдерді, оның ішінде инвестициялық және операциялық шығындардың барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын бағалауды;

      конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін;

      МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің болжанатын физикалық параметрлері және техникалық сипаттамаларын бағалауды қамтитын салалық сараптамаға жатады.";

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Сараптаманы ескере отырып, МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органмен келісудің жалпы мерзімі техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша 40 (қырық), ал жобалардың қалғандары бойынша – 25 (жиырма бес) жұмыс күннен аспайды.

      Жергілікті атқарушы органдар айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар тартылмаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті қорытындыны өзі дайындайды.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайларда, МЖӘ-ні дамыту орталығынемесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар құжаттар топтамасы түскен күннен бастап 5 (бес жұмыс) жұмыс күні ішінде (бір реттен артық емес) тиісті сұрау салуларды, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жолдайды. Жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты немесе қосымша мерзімдердің қажеттігі туралы хабарламаны МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын әзірлеуші сұрау салу түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Бұл ретте жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты ұсынудың қосымша мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.

      Сұрау салуды жолдаған күннен бастап, қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатылады.

      Сұрау салуға сәйкес қажетті ақпараттар мерзімге сәйкес ұсынылмаған жағдайда МЖӘ жобасына бизнес-жоспары әзірлеушіге қараусыз кейін қайтарылады.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162 және 163-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын (ерекше маңызы бар жобалар бойынша) немесе мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті адам) әлеуетті жекеше әріптеспен МЖӘ шартын жасасады.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті адам) Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның тікелей келіссөздер нәтижелері туралы шешімі негізінде әлеуетті жекеше әріптеспен МЖӘ шартын жасасады.";

      186-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "186. МЖӘ жобаларын іске асыруды бағалау нәтижесі МЖӘ жобаларын басқару сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын есеп болып табылады.

      МЖӘ-ні дамыту орталығы МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау шеңберінде талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдары бар талдамалық есеп дайындайды.

      МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау есебінің құрылымы:

      тұжырымдары мен ұсынымдары бар МЖӘ жобаларын бағалау бойынша, оның ішінде МЖӘ жобаларын дайындау мерзімдері бойынша жиынтық ақпараттан;

      есептің негізгі бөлігінен;

      салыстырма кестені қоса бере отырып, МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдардан (қажет болған жағдайда) тұрады.

      Есепке МЖӘ жобасының атауын, құнын, мақсатын, іске асыру кезеңін, мемлекеттік және жекеше әріптестің атауын, сондай-ақ МЖӘ жобасының ағымдағы мәртебесін қамтитын әрбір МЖӘ жобасы бойынша қысқаша ақпарат қоса беріледі.

      Ерекше маңызы бар МЖӘ жобалары бойынша қажет болған жағдайда мұндай жобаларды іске асыруға жеке бағалау жүргізіледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 34 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу немесе
түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды
жоспарлау, қарау, іріктеу, іске
асырылуын мониторингілеу
және бағалау және бюджеттік
кредиттеудің орындылығын
айқындау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

"Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды"

1.

Жоба бойынша жалпы ақпарат

1.1

Мемлекеттік инвестициялық жобаның атауы

1.2

Жобаның қуаты (өлшем бірлігі)

1.3

Іске асырылу кезеңі (жыл)

1.4

Пайдаланылу кезеңі (жыл)

1.5

Жобаның іске асырылуын негіздеу (салалық сараптама қорытындысына сәйкес)

1.6

Қаржыландыру тетіктері және көлемі (пайдалануға берілгенге дейінгі барлық шығындар) (мың теңге)

1)

Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу (түзету) құны (мың теңге)

2)

Жерді сатып алу құны (мың теңге)

3)

Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік міндеттемелер лимиттерінің шегінде мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі (жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік ретінде іске асырылған жағдайда)

1.7

Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарына сәйкестігі

1.8

Ұсынылған құжаттаманың болуы

2.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігі (құжаттың деректемелерін көрсету)

3.

Жобаны басқарудың институционалдық схемасы (іске асырылу барысында, сол сияқты инвестициялықтан кейінгі кезеңдегі барлық жобаға қатысушылар туралы ақпарат, олардың өзара іс -қимылдары)

4.

Түпкілікті нәтиженің өлшенетін (сандық) көрсеткіштерінің болуы

5.

Тәуекелдерді бағалау тұрғысынан жобаны іске асыру мүмкіндігі

6.

Мемлекеттік инвестициялық жоба құнын есептеудің негізділігі

7.

Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру тетігін басымдықпен таңдау негізділігі

      Тұжырымдар (мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрі мен тәсілдерін, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығын айқындау).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 34 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу немесе
түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудің
орындылығын айқындау
қағидаларына
  3-1-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесі

      1. Мемлекет үшін басқалардың арасында мыналар:

      экономиканың әлеуметтік маңызы бар бірқатар салаларын дамытуға арналған бюджет қаражатының тапшылығы;

      бюджеттерді толтыру үшін салықтарды көтеру мүмкіндігінің жоқтығы;

      бюджеттердің кірістерін ұлғайту мақсатында мемлекеттік қарыз алуды пайдалануға қойылатын шектеулер;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына халықтың наразылығы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын (бұдан әрі – МЖӘ) іске асыру үшін негізгі алғышарттар болып табылады.

      2. Бюджет кірістерін ұлғайту, бюджет шығыстарын қысқарту (ұлғайту емес) үшін салықтарды арттыру призмасы арқылы бюджет қаражатын тиімді басқару мемлекеттің МЖӘ жобаларына қатысуының негізгі өлшемшарттары, яғни, жобалардың бюджет тиімділігінің өлшемшарты, сондай-ақ МЖӘ тетіктері арқылы мемлекеттік инвестициялық жобаны (бұдан әрі – МИЖ) іске асырудың заңнамалық мүмкіндігі болып табылады.

      3. Жобаларды алғашқы іріктеу инвестициялар объектісін МЖӘ-ге беру бойынша шектеулердің болмауы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларға деген қажеттіліктің болу өлшемшарттары сияқты заң өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады.

      Егер инвестициялар объектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне енгізілсе, онда жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады.

      Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай басымдықпен қаралады:

      1) МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігін көздейтін жобалардан басқа бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап етпейтін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады;

      2) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады;

      3) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады.

      4. Экономикалық сараптама екі деңгейден тұрады:

      экономикалық сараптаманың бірінші деңгейі МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, сондай-ақ жобаны іске асыру жеделдігін бағалаудан тұратын "МИЖ басымдығы" деген көрсеткішті бағалау тұрғысынан жүргізілетін болады. Жобаны іске асырудың жеделдігі болған жағдайда жобаны бюджеттік инвестициялар арқылы іске асыру қаралады.

      Ойын-сауық қызметтерін көрсетуге, ойын бизнесіне, шаштараз бен косметикалық көрсетілетін қызметтер салондарына, монша-сауықтыру кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына және басқа да салаларға бағытталған жобалар мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы іске асырылмайды.

      Егер құжаттаманы әзірлеуге және сараптама жасауға жұмсалатын шығындар жобаны іске асыру құнынан жоғары болса, онда МИЖ МЖӘ тетігі арқылы қаралмайды.

      екінші деңгей, шығындар мен пайданы талдау әдісімен мынадай формула бойынша бюджет тиімділігінің коэффициентін айқындау:

      , мұнда:



      Кбэ – бюджет тиімділігінің коэффициенті;

      ДБбиj – j кезеңінде бюджеттік инвестициялық жоба не мемлекеттің жарғылық капиталға қатысуы арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;

      РБбиj – j кезеңінде жобаны іске асыруға жұмсалатын қаражат (инвестициялық, сондай-ақ пайдалануға беру кезеңінде);

      ДБгчпj – j кезеңінде МЖӘ арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;

      РБгчпj – j кезеңінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер;

      Ст – дисконттау мөлшерлемесі.

      Дисконттау мөлшерлемесінің мәнін инвестициялық ұсынысты әзірлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәніне тең не Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес болжамдалған инфляцияның орташа мәніне тең таңдау ұсынылады.

      Егер Кбэ > 0, онда МИЖ-ді бюджеттік инвестициялар ретінде іске асыру қаралады;

      Егер Кбэ ≤ 0, онда МИЖ ең алдымен МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралады.

      Егер МИЖ бюджет тиімділігі коэффициентінің теріс мәні болса және МЖӘ жобасы арқылы қарау қажеттілігі туындаса, жобаның өтімділік мерзімі мына формула бойынша есептеледі:



      ІC (Іnvest Capіtal) – жобадағы алғашқы инвестициялық шығындар;

      CFі (Cash Flow) – таза пайда мен амортизация сомасы болып табылатын уақыттың і-ші кезеңінде жобадан түсетін ақша ағыны.



      Ақша ағынын есептеу үшін мына формулаларды қолдану қажет:

      немесе

      CFі = Кіріс – Операциялық шығасылар – Салықтық төлемдер және қарыз капиталы бойынша төлемдер, мұнда:

      А (Amortіzatіon) – амортизация, шығын болып табылмайтын ақша ағынының түрі;

      NP (Net Profіt) – инвестициялық жобаның таза пайдасы.

      Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.

      5. Егер МИЖ-ді МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралмаса, онда қаржыландыру сызбасын айқындау мына алгоритм негізінде жүзеге асырылады:

      егер инвестициялар объектісі квазимемлекеттік сектор субъектісінің балансында болса, онда жоба заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы не бюджеттік кредиттеу арқылы бюджеттік инвестициялар ретінде іске асырылуы қаралады;

      егер инвестициялар объектісі мемлекеттік мекеменің балансында болса, онда жоба бюджеттік инвестициялық жоба ретінде іске асырылуы қаралады;

      тікелей қаржы кірісі болмаған кезде не егер негізгі пайда алушы мемлекеттік мекеме болып табылса, МИЖ БИЖ ретінде іске асырылады;

      егер жобаның инвестициядан кейінгі кезеңдегі (пайдалану) негізгі кірісі мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады;

      егер негізгі кіріс мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылмаса, бірақ заңды тұлғаның мемлекеттік кәсіпорынның не коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады;

      жоғарыда аталғандарға сәйкес келмеген жағдайларда заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштеріне қосымша тексеру жүргізіледі.

      Осылайша, егер заңды тұлғаның пруденциялық нормативтер не бұрын жүзеге асырылған, бірақ өтелмеген қарыздар ковенанттары бойынша шектеулері бар болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады.

      Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 34 бұйрығына
3-қосымша
  Концессия шарттарына
мониторинг жүргізу,
концессиялық жобалардың
іске асырылуына мониторинг
және бағалау жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу, республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарын мониторингілеу жөніндегі ақпарат


Концессиялық жобаның атауы

Шарттың нысанасы

Концедент

Концессионер

Инвестициялық шығындарының өтемақысы, мың теңге, барлығы

Пайдалану шығындарының өтемақысы, мың теңге, барлығы

Басқару үшін сыйақы, мың теңге, барлығы

Жалдау төлемақысы, мың теңге, барлығы

Қолжетімділік үшін төлемақы, мың теңге, барлығы

"Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары

Жобаны басқару жөніндегі топтың болуы


Бақылау оқиғалары

Өлшем

Жоспар

Факт

Ауытқу себептері

Жоспарланған ден қою шаралары (тәуекелдер матрицасы)

Қабылданған/ қабылданатын шаралар

Жобаға әсері, оның бақылау нүктелері: құны, мерзімдері, көрсетілетін қызметтердің сапасы/ қолжетімділігі

мерзімдері

Шартқа қол қою (қол қою күні, шарттың нөмірі)

күні







Шартты қазынашылық органдарында тіркеу (тіркеу күні, шарттың тіркеу нөмірі)

күні







Шарттың күшіне енуі

күні







Жер учаскесін беру (куәліктің нөмірі және күні)

күні







Құрылысқа рұқсат, өзге де рұқсаттар беру (құжаттың түрі мен күні)

күні







Қаржылық жабылуы: жобаны қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету (кредиттік шарттың күні, нөмірі)

күні







Құрылыстың басталуы

күні







Құрылыстың аяқталуы

күні







Объектіні пайдалануға беру (актінің күні мен нөмірі)

күні







Объектіні мемлекеттік меншікке қабылдау (актінің күні, нөмірі)

күні







Қарызды өтеу

күні







Жалдау төлемдерін төлеу

күні







Құқықтарды концессионерге беру (пайдалану, иелену құқығын), (актінің, шарттың күні, нөмірі)

күні







құны

Инвестициялық шығындарының өтемақысы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Пайдалану шығындарының өтемақысы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Басқару үшін сыйақы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Концессия объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу (ағымдағы күнге)

мың теңге







Қолжетімділік үшін төлемақы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар (ағымдағы күнге)

мың теңге







Меншікті қаражат

мың теңге







Қарыз қаражаты

қарыз валютасында, мың теңге







Объектіні салу құны

мың теңге







Концессия объектісінің құны

мың теңге







сапасы/ қол жетімділігі

Пайдалану кезеңіндегі жұмыс орындары

орындардың саны







Түпкілікті нәтиженің көрсеткіштері








Концеденттің шарт бойынша міндеттемелерді орындауы:
(шарт бойынша міндеттемелер тізбесі көрсетіледі)

шартқа сәйкес







Концессионердің шарт бойынша міндеттемелерді орындауы:
(шарт бойынша міндеттемелер тізбесі көрсетіледі)

шартқа сәйкес







Концессионердің қаржылық жағдайы, оның ішінде:


ағымдағы өтімділігі: ағымдағы активтер/ағымдағы міндеттемелер

коэффициенті







меншікті қаражатпен қамтамасыз етілуі: (меншікті капитал-айналымнан тыс активтер )/ағымдағы активтер

коэффициенті







активтердің рентабельділігі: (таза пайда/активтердің құны)*100%

коэффициенті







Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы (шартқа сәйкес сапа өлшемшарттары, талаптары көрсетіледі)

шартқа сәйкес







Концессия шарты шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет түрі

шартқа сәйкес тізбе







Концессия шарты бойынша жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлері

шартқа сәйкес заттай мәнде







Құқық белгілейтін құжаттар мен меншік иелері көрсетілген жер учаскесінің болуы








Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың болуы (қорытындының нөмірі мен күні)








2006 жылғы 7 шілдедегі "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14- бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары

шартқа сәйкес







Қарызды өтеу (ағымдағы күнге)

мың теңге







Жалдауды өтеу (ағымдағы күнге)

мың теңге







Шығарылатын өнімнің 1 бірлігіне қосылған құн

мың теңге







Үздік әлемдік практикалар мен инновацияларды қолдану және енгізу








Лизингке, жалға, мүлікті жалдауға берілген концессия объектісінің жағдайы

шартқа сәйкес







Концессия объектісінің қор қайтарымы, концессиялық жоба бойынша өндірілген өнімнің жылдық көлемі, мың теңге/концессия объектісінің орташа жылдық құны, мың теңге

коэффициенті















      Барлық мәліметтің анық екенін растаймын ___________ жылғы "___" ______________

      (лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)* (толтыру күні )

      Мөрдің орны

      Ескертпе:

      * Тиісті саланың уәкілетті органының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес; жергілікті деңгейде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 34 бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жергілікті атқарушы органдардың/орталық мемлекеттік органдардың _____________ жағдай бойынша (ақпарат берудің есепті күні көрсетіледі) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары (бұдан әрі – МЖӘ) жөніндегі ақпараты

р/с

Жобаның атауы

Шартқа қол қойылған күн және оның нөмірі, оның қолданылу мерзімі

Шартты Қазынашылықта тіркеу күні және нөмірі



МЖӘ келісімшартының түрі

Жобаның құны

Жобаның деңгейі

МЖӘ бастамасының түрі



1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғысы

Жобаны қаржыландырудың көздері
(мың теңге)

Жобаны іске асыру саласы (аясы)

МЖӘ объектісі

Жобаның қуаты

МЖӘ объектісінің орналасқан жері

Жекеше әріптестің меншікті қаражаты

Қарыз қаражаты

Мемлекеттік бюджет қаражаты

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты

Өзге де қаражат

9

10

11

12

13

14

15

16

17










      кестенің жалғысы

Жобаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері

Мемлекеттік әріптес (Концедент) мекенжайы және байланыс деректері

Жекеше әріптес (Концессионер), мекенжайы және байланыс деректері

МЖӘ компаниясы (институционалдық МЖӘ жанындағы), мекенжайы және байланыс деректері

Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының күні және нөмірі (ерекше маңызы бар жобалар бойынша)

Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің күні және нөмірі, қабылдауға мақұлданған міндеттемелер сомасы

құрылыс кезеңі

пайдалану кезеңі

ағымдағы кезең

18

19

20

21

22

23

24

25









      кестенің жалғысы

Мемлекеттік міндеттемелердің сомасы
(мың теңге)

Шығындарды өтеу, кірістерді алу көздері (мың теңге)

Инвестициялық шығындарды өтеу сомасы

Операциялық шығындарды өтеу сомасы

Пайдалану шығындарын өтеу сомасы

Басқару үшін төлемақы сомасы

Қолжетімділік үшін төлемақы сомасы

Қабылданған

Қалдық

Игерілген

Қалдық

Игерілген

Қалдық

Игерілген

Қалдық

Игерілген

Қалдық

Игерілген

Қалдық

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37













      кестенің жалғысы

мемлекеттік міндеттемелердің немесе бюджеттен төленетін төлемдердің көлемі (мың теңге)

Валюталық өтемақы кезінде төленген қаражаттың сомасы (мың теңге)

барлығы

2005 жыл

2006 жыл

мемлекеттік міндеттемелерді төлеу аяқталғанға дейін әр жыл бойынша т.с.с.

38

39

40

41

42