"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығымен бекітілген |
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 11.05.2020 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
3. Фильмнің прокаттау куәлігі (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталдары арқылы (бұдан әрі - Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі - өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында (бұдан әрі - Стандарт) көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта мазмұндалған.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден - "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кинематография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды тіркеу күнінен бастап, құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің қалыптастырылған жобасын жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.
12. Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде прокаттау куәлігін бермеген не прокаттау куәлігін беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімі өткен күннен бастап прокаттау куәлігі берілді деп есептеледі.
Уәкілетті орган прокаттау куәлігін беру мерзімі өткен сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті прокаттау куәлігін береді.
Телеарналарда фильмдердің прокатталуы және көрсетілуі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Бұрын прокаттау куәлігін беру үшін негіз болған фильм туралы ақпараттың дұрыс еместігі және (немесе) бұрмалануы анықталған жағдайда, уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрады.
Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан себептерді жою үшін қажетті мерзімге, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім оны берген тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті орган мән-жайларды анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар еткен күннен бастап күшіне енеді.
Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаның прокаттау куәлігінің қолданылуын бұрын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрған тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен қайта жаңартылады.
Прокаттау куәлігін тоқтата тұру үшін бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, дау туындаған кезде уәкілетті орган прокаттау куәлігін сот тәртібімен қайтарып алады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарастыратын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды Уәкілетті органға жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Сізден ____________________ фильміне прокаттау куәлігін беруді сұраймын.
(фильмнің атауы)
БСН/ЖСН: (автоматты түрде) ______________________________________________________
Мекен жайы
Пошталық индексі: _______________________________________________________________
Ел/облыс/аудан/елді мекен: ________________________________________________________
Көше атауы: _____________________________________________________________________
Үй/ғимарат нөмірі: _______________________________________________________________
Үй индексі: ______________________________________________________________________
Пәтердің/кеңсенің нөмірі: _________________________________________________________
Телефон нөмірлері: _______________________________________________________________
Электрондық мекен-жайы (e-maіl): __________________________________________________
Фильм туралы мәлімет
Фильмнің атауы: _________________________________________________________________
Өндіруші ел:
________________________________________________________________________________
Өндіруші студия:
________________________________________________________________________________
Шығарылған жылы: ______________________________________________________________
Фильм пішімі:
________________________________________________________________________________
Фильмнің хронометражы: _________________________________________________________
Сценарий авторы (лар): ___________________________________________________________
Қоюшы режиссер (лар): ___________________________________________________________
Қоюшы оператор(лар): ____________________________________________________________
Қоюшы суретші (лар): ____________________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: ___________________________________________________
Продюсер(лар):
________________________________________________________________________________
Фильм серияларының саны:________________________________________________________
Фильмнің жанры: ________________________________________________________________
Фильм тілі:
________________________________________________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы
(прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге
асырылатын фильмдерді қоспағанда): ___________
Фильмнің түрі: ___________________________________________________________________
Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында ______________ тиесілі
Фильмді пайдалану құқығының санаты: _______________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: __________ дейін: ________
Жас санаты белгісі:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын,
"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні, ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны |
Электронды |
5. | Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18473 болып тіркелген) нысан бойынша фильмге прокаттау куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері | Тегін |
7. | Жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпарат беруі; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Фильмге прокаттау куәлігін беру Қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Фильмге прокаттау куәлігі
Фильмнің атауы:
__________________________________________________________________________
Өндіруші ел:
__________________________________________________________________________
Өндіруші cтудия:
__________________________________________________________________________
Өндіріс жылы:
__________________________________________________________________________
Фильмнің форматы:
__________________________________________________________________________
Фильмнің хронометражы:
__________________________________________________________________________
Сценарий авторы (лары) :
__________________________________________________________________________
Қоюшы режиссер (лер):
__________________________________________________________________________
Қоюшы оператор(лар):
__________________________________________________________________________
Қоюшы суретші (лер):
__________________________________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы (лары):
__________________________________________________________________________
Продюсер (лер):
__________________________________________________________________________
Фильм серияларының саны:
__________________________________________________________________________
Фильмнің жанры:
__________________________________________________________________________
Фильм тілі:
__________________________________________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы
(прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге
асырылатын фильмдерді қоспағанда):
__________________________________________________________________________
Түрі:
__________________________________________________________________________
Фильмге құқық ________________ тиесілі:
__________________________________________________________________________
Фильмді пайдалану құқығының санаты:
________________________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: _________ бастап, дейін:______
Жас санаты
белгісі:____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның тегі және аты-жөні)
Уәкілетті тұлғаның электрондық қолы
__________________________________________________________________________