Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18639 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, қорғаныс

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 3 мамырдағы
№ 125 бұйрығымен
бекітілген

Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Фильмге прокаттау куәлігін (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) беру тәртібін айқындайды.

      2. Прокаттау куәлігі – фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат.

      3. Прокаттау куәлігі фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада демонстрациялау үшін әкелінген (жеткізілген), сонымен қатар бұрынғы КСРО кинематографиялық ұйымдары өндірген фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін Қазақстан Республикасына әкелінген (жеткізілген) фильмдерге беріледі.

2-тарау. Прокаттау куәлігін беру тәртібі

      4. Прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкімет" веб-порталдары (бұдан әрі – портал) арқылы келесі құжаттар мен материалдарды ұсынуы қажет:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі);

      3) жас санатын анықтау үшін бар барлық көріністерді сипаттай отырып, фильмнің мазмұны туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы;

      4) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтер.

      5. Прокаттау куәлігін алуға өтініш кинематография саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қаралады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) прокаттау куәлігін фильм Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелгеннен кейін беру;

      2) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген негіздер бойынша прокаттау куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      6. Прокаттау куәлігін беру "Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18473 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жүзеге асырылады. Прокаттау куәлігі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді, өтініш берушінің порталға жеке кабинетіне жіберіледі.

      7. Прокаттау куәлігін беру уәкілетті органмен тегін жүзеге асырылады.

      8. Уәкілетті орган өтініш берушіге прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша:

      1) өтініш беруші анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпаратты берсе;

      2) өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбаса;

      3) егер фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда;

      4) егер, прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, қазақ тілінде жасалмаған фильмге дубляж жасалмаған не субтитрленбеген не қазақ тіліне кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеген жағдайда;

      5) егер, прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмде қазақ тілімен қатар басқа да тілдер қолданылған жағдайда, оны прокаттауды және көрсетуді жүзеге асыру кезінде басқа тілдердегі мәтін қазақ тілінде субтитрмен не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеген жағдайда, бас тартады.

      Телеарналарда фильмдердің прокатталуы және көрсетілуі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде прокаттау куәлігін бермеген не прокаттау куәлігін беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімі өткен күннен бастап прокаттау куәлігі берілді деп есептеледі.

      Уәкілетті орган прокаттау куәлігін беру мерзімі өткен сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті прокаттау куәлігін береді.

      10. Бұрын прокаттау куәлігін беру үшін негіз болған фильм туралы ақпараттың дұрыс еместігі және (немесе) бұрмалануы анықталған жағдайда, уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрады.

      Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан себептерді жою үшін қажетті мерзімге, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      Прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім оны берген тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті орган мән-жайларды анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар еткен күннен бастап күшіне енеді.

      Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаның прокаттау куәлігінің қолданылуын бұрын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрған тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен қайта жаңартылады.

      Прокаттау куәлігін тоқтата тұру үшін бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, дау туындаған кезде уәкілетті орган прокаттау куәлігін сот тәртібімен қайтарып алады.

  Фильмге прокаттау куәлігін
беру қағидасына қосымша
  нысан
  ___________________________
(фильмге прокаттау куәлігін
беретін органның толық атауы,
орган
басшысының тегі, аты,
жөні (бар болған жағдайда)
кімнен______________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының
тегі, аты, жөні немесе жеке
тұлғаның тегі, аты,
жөні (бар болған жағдайда)

Өтініш

      Сізден ____________________________ фильміне прокаттау куәлігін беруді сұраймын.

                        (фильмнің атауы)

      БСН/ЖСН: (автоматты түрде)________________________________________________

      Мекен жайы

      Пошталық индексі: _________________________________________________________

      Ел/облыс/аудан/елді мекен: __________________________________________________

      Көше атауы: _______________________________________________________________

      Үй/ғимарат нөмірі:__________________________________________________________

      Үй индексі: ________________________________________________________________

      Пәтердің/кеңсенің нөмірі: ___________________________________________________

      Телефон нөмірлері:_________________________________________________________

      Электрондық мекен-жайы (e-maіl): ____________________________________________

      Фильм туралы мәлімет

      Фильмнің атауы:___________________________________________________________

      Өндіруші ел:_______________________________________________________________

      Өндіруші студия:___________________________________________________________

      Шығарылған жылы: ________________________________________________________

      Фильм пішімі: _____________________________________________________________

      Фильмнің хронометражы: ___________________________________________________

      Сценарий авторы (лар):______________________________________________________

      Қоюшы режиссер (лар): _____________________________________________________

      Қоюшы оператор(лар): ______________________________________________________

      Қоюшы суретші (лар): _______________________________________________________

      Музыкалық шығарманың авторы: _____________________________________________

      Продюсер(лар): ____________________________________________________________

      Фильм серияларының саны: __________________________________________________

      Фильмнің жанры: __________________________________________________________

      Фильм тілі:________________________________________________________________

      Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы

      (прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге

      асырылатын фильмдерді қоспағанда): __________

      Фильмнің түрі: ____________________________________________________________

      Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында_____________________ тиесілі

      Фильмді пайдалану құқығының санаты: _______________________________________

      Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі:__________ дейін: ___________

      Жас санаты белгісі: _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген мәліметтерді пайдалануға келісемін.