"Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес фильмге прокаттау куәлігінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген |
|
нысан |
Фильмге прокаттау куәлігі
Фильмнің атауы: ___________________________________________________________
Өндіруші ел: _______________________________________________________________
Өндіруші cтудия: ___________________________________________________________
Өндіріс жылы: _____________________________________________________________
Фильмнің форматы: ________________________________________________________
Фильмнің хронометражы: ___________________________________________________
Сценарий авторы (лары) : ____________________________________________________
Қоюшы режиссер (лер): _____________________________________________________
Қоюшы оператор(лар): ______________________________________________________
Қоюшы суретші (лер): _______________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы (лары): _______________________________________
Продюсер (лер): ____________________________________________________________
Фильм серияларының саны: __________________________________________________
Фильмнің жанры: __________________________________________________________
Фильм тілі: ________________________________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы
(прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге
асырылатын фильмдерді қоспағанда): _________________________________________
Түрі: _____________________________________________________________________
Фильмге құқық ________________ тиесілі: _____________________________________
Фильмді пайдалану құқығының санаты:________________________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: _________ бастап, дейін:______
Жас санаты белгісі:_________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның тегі және аты-жөні)
Уәкілетті тұлғаның электрондық қолы
__________________________________________________________________________