Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18637 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 99) тармақшасына, 88-бабының 5-тармағына, 45-бабының 4-1-тармағына, 115-бабының 1-тармағына, 167-бабының 7 және 8-тармақтарына, 169-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-62 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.11.2020 № ҚР ДСМ-199/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.10.2020 № ҚР ДСМ-121/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарын және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беруді жүргізу тәртібін анықтайды."

      2. Осы қағидаларда мына ұғымдар пайдаланылады:

      "1) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;

      2) анонимдік зерттеп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық зерттеп-қарау;

      3) құпия медициналық зерттеп-қарау - дәрігерлік құпияның және зерттеліп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

      2-тараудың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. АИТВ инфекциясы мәселесі бойынша медициналық зерттеп-қарау жүргізу тәртібі";

      3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. АИТВ инфекциясына ерікті медициналық зерттеп-қаралуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар олардың таңдауы бойынша зерттеліп-қаралады:

      1) анонимдік (құжаттар талап етілмейді);

      2) құпиялылық (жеке басын куәландыратын құжат, үй мекенжайы ұсынылады).

      4. АИТВ-инфекциясына анонимдік зерттеп-қарау АИТВ-1,2 антиденелерін және р24 вирустық антигенін анықтайтын экспресс-тестерді пайдалана отырып жүргізіледі.

      АИТВ инфекциясына анонимдік зерттеп-қарау Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экспресс-тестерді пайдалана отрып анонимді жүгінген адамдарды АИТВ инфекциясына тестілеу алгоритміне сәйкес АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен халықтың негізгі топтарымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар жүргізеді. Халықтың негізгі топтарына АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғарғы қаупібар адамдар: инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс жұмысшылары, еркектермен сексі бар еркектер жатады.

      Анонимдік зерттеп-қарау кезінде зерттеп-қаралушыға бірегей сәйкестендіру коды беріледі.

      5. Зерттеп-қарау экспресс-тест нәтижелері бойынша зерттеп-қаралушымен тестілеудің нәтижелері туралы ауызша ақпараттандырумен тестілеуден кейінгі консультация жүргізіледі.

      Экспресс-тестің теріс нәтижесі болған жағдайда зерттеп-қаралушыға жұқтыру факторлары болғанда үш айдан кейін тесттен өту ұсынылады.

      Экспресс-тестің оң нәтижесі болған жағдайда зерттеп-қаралушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - 2-қосымша) ересектер мен жасы 18 айдан асқан балалардағы АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритміне сәйкес АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралу ұсынылады.

      Экспресс-тестің нәтижелері бойынша АИТВ инфекциясының болуы немесе болмауы туралы қорытынды берілмейді.

      6. АИТВ инфекциясы маркерлерінің болуына құпия зерттеп-қарау 2-қосымшаға сәйкес АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын қалалық, облыстық және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының зертханаларында (бұдан әрі - зертханалар) жүргізіледі.

      АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау кезінде иммуноферментті талдау (бұдан әрі - ИФТ), иммунохемилюминисценттік талдау (бұдан әрі - ИХЛТ) немесе электрохемилюминисценттік талдау (бұдан әрі - ЭХЛТ) әдісімен бір уақытта АИТВ 1,2-ге антиденелер және АИТВ р24 антигені анықталады.

      Алғашқы оң нәтижелерді растау растаушы тестің: иммуноблоттың (бұдан әрі - ИБ) немесе АИТВ-ның: 2 ENV, GAG, POL ақуыздарының бейінімен иммунохроматографиялық тестің көмегімен жүргізіледі.

      ИФТ, ИХЛТ немесе ЭХЛТ арналған тест-жүйелер сапасының өлшемшарттары болып табылады: диагностикалық сезімталдылық - 100 % (сенім интервалының 95% төменгі шегі - кемінде 99%); диагностикалық ерекшелік - кемінде 99% (сенім интервалының 95% төменгі шегі- кемінде 98%); талдамалық сезімталдық (р24 антигенінің АИТВ-1 ең төменгі саны) - кемінде 2 МЕ/мл.

      7. Құпия зерттеп-қаралу үшін қан алу меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде медициналық ұйымдарда жүргізіледі.

      АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеу үшін қанның үлгілері "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 264/е нысаны бойынша жолдама қоса жүреді: жеке - бір данада, тізіммен - екі данада.

      Медициналық ақпараттық жүйе болған кезде нысан электрондық түрде жүргізіледі.

      8. АИТВ инфекцияға оңнәтижені зерттеп-қарауды жүргізген зертхана береді (І кезең).

      Бастапқы оң нәтижелері бар қанның үлгісі 2-қосымшаға сәйкес қосымша зерттеулерді жүргізу үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымының зертханасына жіберіледі (ІІ кезең).

      Зерттеп-қараудың ІІ кезеңінің нәтижелерін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымы зерттеудің І сатысы жүргізілген зертханаға жібереді.

      10-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеп-қарау туралы анықтама-сертификат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кездегі зерттеліп-қаралатын адамның талабы бойынша АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары береді. Анықтама 3 (үш) ай бойы жарамды.

      Операциялық араласуға жіберілген адамдар, ағзалардың/тіндердің, жыныстық және дің жасушалардың донорлары, гемотрансфузиялауға/транспланттауға дейінгі реципиенттер үшін, сондай-ақ, клиникалық және/немесе эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеп-қарауға жататын адамдар үшін АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеліп-қаралу нәтижелері 10 күн бойы жарамды.";

      3-тараудың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультация беруді жүргізу тәртібі";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау кезінде тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі консультация беруге жататын тестіленетін адамдарға ақпараттар ұсынылады.

      13. Тестілеуге дейінгі консультация беру плакаттар, брошюролар, веб-сайттар және күту бөлмелеріндегі көрсетілетін қысқа бейнеклиптер сияқты көрнекі насихаттау құралдары арқылы ұсынылады.

      мынадай мазмұндағы 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын:

      "14. Тестілеуге дейінгі консультация:

      1) АИТВ-ға тестілеудің пайдасы және АИТВ оң және АИТВ теріс диагнозының мәні туралы ақпараттан;

      2) АИТВ оң диагнозы жағдайында антиретровирустық терапияны алу туралы түсінікті қоса алғандағы қолда бар қызметтер туралы түсініктемеден;

      3) серігін тестілеуге қатысты профилактика әдістері мен ұсынымдардың қысқаша сипаттамасынан;

      4) тест нәтижелерінің және кез-келген ақпараттың құпиялылығына кепілдемеден тұрады.

      15. Тестілеуден кейінгі консультация беру консультация алушыны тестілеу нәтижелері (теріс, оң және анықталмаған), сол нәтиженің мағынасы және консультация алушының АИТВ-ны жұқтыру қаупін азайтуды қамтамасыз ететін мінез-құлқына уәждемелері туралы ақпараттандыру мақсатында жүргізіледі.

      16. Тестілеуден кейінгі консультация беру:

      1) пациентке тестілеу нәтижесін және сол нәтиженің мағынасын хабарлаудан;

      2) серонегативті терезеде ықтимал болуы (анықталмаған немесе теріс нәтиже кезінде) және АИТВ инфекциясына қайта тестілеуден өтудің қажеттігі туралы хабарлаудан;

      3) мінез-құлықтың өзгеруі есебінен жұқтыру қаупін төмендету мүмкіндігін түсіндіруден;

      4) халықтың негізгі топтарына арналған қосымша медициналық көмек, психикалық-әлеуметтік көмек мүмкіндіктері туралы хабарлаудан;

      5) психологиялық көмек пен қолдаудан тұрады.

      17. АИТВ жұқтырған адамның статусы расталған кезде АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының дәрігері, психологы зерттеліп-қаралушыға АИТВ инфекциясының оң нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлайды, мыналарды қамтитын пациенттің дағдарысты консультациясын жүргізеді:

      1) психологиялық көмек көрсету;

      2) АИТВ инфекциясының ерекшеліктері мен клиникалық сатылары, антиретровирустық препараттармен емдеу мүмкіндіктері, АИТВ-ның үшінші адамға берілуінің ықтимал жолдары мен профилактикасының қажетті шаралары туралы хабарлау;

      3) диспансерлеуге, емдеуді уақтылы бастауға уәждемелеу;

      4) денсаулық сақтау, психоәлеуметтік көмек, әлеуметтік сүйемелдеу ұйымдарында қосымша медициналық-әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы қажеттілікті бағалау мен ұсынымдар;

      5) АИТВ инфекциясын таратпау бойынша сақтық шараларын сақтаудың қажеттілігі, сондай-ақ, біле тұра адамдарды жұқтыру қаупіне қойғаны немесе жұтырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы жазбаша түрде ескерту.

      18. 18 жасқа дейінгі жастағы АИТВ жұқтырған адам анықталған жағдайда оның ата-анасы немесе заңды өкілі хабарландырылады.

      19. АИТВ инфекциясының болуына зерттеп-қаралу үшін жүгінген консультация беру үшінші адам болмаған кезде еріктілік пен құпиялылық қағидаларын сақтай отырып жүргізіледі.";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларына 2-қосымша";

      осы Қағидалардың 2-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларына 3-қосымша";

      Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      4. "Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын донорларға төлемдер мөлшерін және донорлық функцияны ақылы негізде жүзеге асыратын донорларға төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 374 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11424 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері кағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері қағидалары бекітілсін;

      Қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері қағидалары";

      донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемді жүзеге асыру және мөлшерлері қағидалары көрсетілген тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша алып тасталсын.

      5. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.10.2020 № ҚР ДСМ-120/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 168 бұйрығымен
бекітілген

Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.11.2020 № ҚР ДСМ-199/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  АИТВ инфекциясы мәселелері
бойынша тегін негізде Қазақстан
Республикасының азаматтарын,
оралмандарды, шетел
азаматтары мен Қазақстан
Республикасының аумағында
тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарды ерікті түрде
анонимдік және (немесе) құпия
медициналық зерттеп-қарау
және консультация беру
қағидаларына
1-қосымша

Экспресс тестілеуді пайдалану арқылы АИТВ-ға зерттеп-қарауға анонимді жүгінген адамдарды тестілеу алгоритмі



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  АИТВ инфекциясы мәселелері
бойынша тегін негізде Қазақстан
Республикасының азаматтарын,
оралмандарды, шетел
азаматтары мен Қазақстан
Республикасының аумағында
тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарды ерікті түрде
анонимдік және (немесе) құпия
медициналық зерттеп-қарау
және консультация беру
қағидаларына
2-қосымша

Ересектерде және жасы 18 айдан асқан балалардағы АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі





      1 АИТВ-ға зерттеп-қарауға арналған сарысу үлгісі+2о-+8о С температурасында АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін іске асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының зертханасына тасымалданады және қан алынған сәттен бастап 5 күннің ішінде серологиялық зерттеулер үшін қолданылуы мүмкін;

      2 үшінші және төртінші буынның тест-жүйелерін қолдануға рұқсат етіледі;

      3 АИТВ-ға күмәнді нәтиже қайта алынған кезде молекулярлық-биологиялық тестілерді қолданумен қосымша зерттеулер жүргізуге рұқсат етіледі.

      4 Республикалық ұйым қан сарысу үлгісінің АИТВ-ға күмәнді нәтижелері туралы ақпаратты АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін іске асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.

      5 Республикалық ұйымға жіберілетін сарысу үлгілерінің көлемі кемінде 1 мл болуы қажет. Сарысудың екінші үлгісі бірінші сарысу үлгісінің көлемі жеткіліксіз болғанда сұралады. Үлгі Республикалық ұйымның зертханасына биоүлгілерді тасымалдау ережелерін сақтай отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберілуі қажет (соңғы қойылым сәтінен бастап).

      6 Қан орталығынан ПТР-дың оң нәтижесі және ИФТ/ИХЛТ/ЭХЛТ теріс/күмәнді нәтижелері болғанда биоматериалды зерттеп-қарау кезінде асқынған АИТВ инфекциясын сәйкестендіру мақсатында молекулалық-биологиялық тестілерді қолдана отырып, қосымша зерттеу жүргізіледі. Тексерілуші донор диагнозы расталғанға дейін немесе алынып тасталғанға дейін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін іске асыратын өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарында серобақылауда болады;

      7 Ертеректе АИТВ инфекциясы диагнозы қойылған адамға тегін негізде қайта растаушы зерттеп-қарау тестін жүргізуді алып тастау;

      8 АИТВ-ға антиденелердің ерекше емес реакциялары және серобақылауға қою мәселелерді емдік-профилактикалық және эпидемиологиялық бөлімдердің дәрігерлерімен бірлесе отырып шешу.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  АИТВ инфекциясы мәселелері
бойынша тегін негізде Қазақстан
Республикасының азаматтарын,
оралмандарды, шетел
азаматтары мен Қазақстан
Республикасының аумағында
тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарды ерікті түрде
анонимдік және (немесе) құпия
медициналық зерттеп-қарау
және консультация беру
қағидаларына
3-қосымша

АИТВ-инфекциясының маркерлерінің болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А - С Е Р Т И Ф И К А Т СПРАВКА-СЕРТИФИКАТ об отсутствии маркеров ВИЧ-инфекции CERTIFICATE of absence of HIV infection markers

      Mен (я / I am) ______________________________________________________________

      дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ фамилия,

      имя, отчество (при наличии) врача) / name of doctor

      Осымен келесіні растаймын (настоящим подтверждаю / here by certify that)

      __________________________________________________________________________

      (пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) латынша/ /фамилия,

      имя, отчество (при наличии) пациента на латинице/ name of patient)

      __________________________________________________________________________

      (пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) кириллицада/ фамилия,

      имя, отчество (при наличии) пациента на кириллице) name of patient

      __________________________________________________________________________

      (пациенттің туған датасы /дата рождения пациента/ date of birth оf patient)

      Тексерілді /был обследован/ was tested on _______________________________________

      (дата/date)

      АИТВ-инфекциясының маркерлері болуына теріс нәтижемен (на маркеры

      ВИЧ-инфекции с отрицательным результатом / For the presence in his/her blood of HIV infection

      markers and that there result of the test was NEGATIVE)

      Анықтама-сертификат зерттеп-қарау жүргізілген күннен бастап үш ай бойы жарамды.

      Справка-сертификат действительна в течение трех месяцев со дня обследования.

      Certificate is valid for three months since the testing day.

      Операциялық араласуға жіберілген адамдар, ағзалардың/тіндердің, жыныстық және дің

      жасушаларының донорлары, гемотрансфузиялауға/ транспланттауға дейінгі реципиенттер

      үшін, сондай-ақ, клиникалық және/немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша

      зерттеп-қарауға жататын адамдар үшін АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеп-қарау

      нәтижелері 10 күннің ішінде жарамды.

      Для лиц, направляемых на оперативное вмешательство, доноров органов/тканей,

      половых и стволовых клеток, реципиентов до гемотрансфузии/трансплантации, а также лиц,

      подлежащих обследованию по клиническим и/или эпидемиологическим показаниям

      результаты обследования на маркеры ВИЧ действительны в течение 10 дней.

      For individuals who are referred for surgery, organ / tissue donors, genital and stem cell

      donors, transfusion /transplant recipients, as well as for the individuals who are subjected to

      examinations by clinical and / or epidemiological indications, the test results for HIV markers are valid for 10 days.

      Мөр (Печать/Stamp):

      Қолы (Подпись/Signature):

      Ескертпе: анықтама-сертификатты толтыру бойынша түсініктеме

      1. Анықтама-сертификат тек бір адамға ғана беріледі, ұжымдық куәліктер беруге рұқсат етілмейді.

      2. Сертификат баспалық латын әріптерімен толтырылады, олай болмаған жағдайда ол жарамсыз деп танылады.

      3. Зерттеп-қарауды жүргізу және туу даталары келесі реттілікпен толтырылады: күні, айы, жылы, айдың атауы цифрмен емес, әріппен жазылады.

      4. Анықтама-сертификатқа дәрігер қол қояды және АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін іске асыратын денсаулық сақтау ұйымының дөңгелек мөрі басылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан және оның компоненттері донорларына төлемді жүзеге асыру және мөлшелері қағидалары

      1. Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан және оның компоненттері донорларына ақы төлемді жүзеге асыру және мөлшемдері қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 167-бабының 7, 8-тармақтарына сәйкес белгіленеді.

      2. Донорлық функцияны өтеусіз негізде жүзеге асырған донор өз қанының көлемін және организмнің энергетикалық шығындарын толтыру үшін донация күні таңдауы бойынша тегін тамақ не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшеріндегі оның ақшалай баламасы ұсынылады.

      3. Төлем екі әдіспен: қолма-қол және қолма-қол қаражатсыз жүзеге асырылады.

      Қолма-қол қаражатсыз төлем кезінде донорға екінші деңгейдегі банкілердің карталық базасында ағымдағы шот ашуды растайтын құжат ұсынылады.

      Қолма-қол қаражатпен есеп айырысу қан мен оның компоненттерін донациялау күні, қолма-қол қаражатсыз - қан және оның компоненттерінің донациялау күнінен бастап екі банктік күннің ішінде жүзеге асырылады.

      4. Плазманы донациялау кезінде центрифугалау әдісімен қанның формалық элементтерінен бөлгеннен кейін көзбен донор плазмасында хилез (ылайлау, опалесцирлеуші, ақшыл түстен ақ түске дейін) анықталған кезде төлем жүзеге асырылмайды.

      5. Донацияны ақылы негізде жүзеге асырған донорға төлем мынадай мөлшерде (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштер) жүргізіледі:

      1) бір реттік қан донациясы үшін (450 миллилитр + 10 %) - 2 айлық есептік көрсеткіш;

      2) екі реттік плазмаферез кезінде бір реттік плазма донациясы үшін (550 + 50 миллилитр плазма) - 4 айлық есептік көрсеткіш;

      3) екі реттік плазмаферез кезінде миллилитрде 6 Халықаралық Бірліктен кем емес антидене титрі бар иммундық плазманың бір реттік донациясы үшін (550 + 50 миллилитр иммундық плазма) - 7 айлық есептік көрсеткіш;

      4) екі реттік плазмаферез кезінде 1: 64-тен төмен емес резус антидене титрімен изоиммундық плазманың бір реттік донациясы үшін (550 + 50 миллилитр изоиммундық плазма) - 8 айлық есептік көрсеткіш;

      5) аппараттық цитаферез кезінде тромбоциттердің бір дозасының бір реттік (дозадағы тромбоциттердің саны кемінде 200 х 109) донациясы үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;

      6) аппараттық цитаферез кезінде эритроциттердің бір дозасының бір реттік (дозада кемінде 45 грамм гемоглобин) донациясы үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш.

      7) осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында белгіленген көлемнен аз көлемдегі донациялау кезінде төлем осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерге барабар жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 281 бұйрығымен
бекітілген

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 422 бұйрығымен
бекітілген

Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.10.2020 № ҚР ДСМ-120/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.