Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 18446 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 3-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 11), 13), 16), 18), 24) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Сапарбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің бұйрығына
2019 жылғы 27 наурыздағы
№ 146 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10090 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 қаңтарда №12 (28490) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Оралмандар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Оралмандар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне ұсынады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме";

      10-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нысанның 23-бағанында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Толтырылған нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне ұсынады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме";

      7-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нысанның 6-бағанында жұмыспен қамтылған ерлердің жекелеген санаттарының саны көрсетіледі;

      Нысанның 7-бағанында жұмыспен қамтылған әйелдердің жекелеген санаттарының саны көрсетіледі;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттер бөлінісінде келген оралмандардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттер бөлінісінде келген оралмандардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне ұсынады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме";

      2. "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы Тізбеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салынады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің, мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын шаралары;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелген санаттарына (бұдан әрі – жұмыспен қамтылғандардың санаттары), оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарын, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарын, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды кәсіптік бағдарлауды дербес жүргізеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына, жұмыссыздарға, оралмандарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу жүргізеді;

      2) іріктеу қорытындылары бойынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына, жұмыссыздарға, оралмандарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу туралы шарт жасасады;";

      3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ұсынымының негізінде қатысушыны кәсіби іріктеуді жүргізеді, ол қатысушының жеке-психологиялық ерекшеліктерін диагностикалауды, нақты мамандық талаптарына оның жеке қасиеттерінің сәйкес келуін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігін бағалауды қамтиды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарын, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау Халықты жұмыспен қамту орталықтарының алаңында жүргізіледі.".

      5. "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14056 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;";

      15) тармақша алып тасталсын;

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің, мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын шаралары.".

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 312 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Оралмандар туралы мәліметтер

      Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан

      Индексі: О-1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Тапсыру мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні

Барлығы

оның ішінде

адамдардың жалпы саны

оның ішінде

отбасы

ерлер

әйелдер

18 толмаған адамдар

барлығы

еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар

барлығы

зейнеткерлік жастағы адамдар

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      кестенің жалғасы


дипломына сәйкес білім деңгейі

барлығы

жоғары

арнайы орта

жалпы орта

бастапқы білімі жоқ (оның ішінде білімі жоқ)

ғылым докторлары

ғылым кандидаттары

13

14

15

16

17

18

19








      кестенің жалғасы

еңбек кітапшасындағы жазбасына сәйкес кәсібі (біліктілігі)

шығармашылық саласындағы қызметкерлер

білім беру саласындағы қызметкерлер

медицина қызметкерлері

мемлекеттік қызметшілер

ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлер

кәсіпкерлер

басқа да мамандықтар

20

21

22

23

24

25

26

      Басшы __________________________ ______________

                  (Т.А. Ә (бар болса))                   (қолы)

      Орындаушы ____________________ ____________________________

                        (Т.А. Ә (бар болса))             (қолы)

      Орындаушының телефоны __________________________________

      Ұйымның мекенжайы _______________________________________

      Ұйымның телефоны __________________________________________

      М.О.

      Ескертпе: "Оралмандар туралы мәліметтер" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме қосымшада берілген.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 312 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер

      Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан

      Индексі: О-2

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын адамдар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Тапсыру мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күні

Оралмандардың саны

барлық оралмандар саны, адам

отбасы

адамдар

жалдамалы қызметкерлер

жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары

жұмыссыздар (жұмысы жоқ, бірақ жұмыс іздеумен айналысып жүргендер)

зейнеткерлер

оның ішінде

студенттер

зейнетақы алмайтындар

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      кестенің жалғасы


жеке меншігінде тұрғын үйі бар (отбасылар)

жер учаскесі бар (отбасылар)

оралмандардың жалпы санынан еңбек етуге қабілетті жастағылар

18 жасқа дейінгі балалардың саны (адам)

үй-шаруашылығын жүргізумен айналысатындар

өзгелер

мектепке дейінгі жастағылар

барлығы, мектеп жасындағылар

оның ішінде

ерлер

әйелдер

мектеппен қамтылғандар

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

шаруашылық жүргізу үшін

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22











      Басшы __________________________ ______________

                  (Т.А.Ә (бар болса))                   (қолы)

      Орындаушы ____________________ ____________________________

                        (Т.А.Ә (бар болса))             (қолы)

      Орындаушының телефоны __________________________________

      Ұйымның мекенжайы _______________________________________

      Ұйымның телефоны __________________________________________

      М.О.

      Ескертпе: "Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме қосымшада келтірілген.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 312 бұйрығына
5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттер бөлінісіндегі келген оралмандардың саны туралы мәліметтер

      Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан

      Индексі: О-3

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

      Тапсыру мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні

елдердің кодтары

Шығу елі

барлығы

отбасы

адам

1

2

3

4

5

1

860

Өзбекстан



2

496

Моңғолия



3

156

Қытай



4

795

Түркменстан



5

643

Ресей



6

762

Тәжікстан



7

417

Қырғызстан



8

364

Иран



9

792

Түркия



10


ТМД басқа да елдері



11


Басқа да алыс шетелдер





Барлығы



      Басшы __________________________ ______________

                        (Т.А.Ә (бар болса))             (қолы)

      Орындаушы ____________________ ____________________________

                        (Т.А.Ә (бар болса))             (қолы)

      Орындаушының телефоны __________________________________

      Ұйымның мекенжайы _______________________________________

      Ұйымның телефоны __________________________________________

      М.О.

      Ескертпе: "Мемлекеттер бөлінісіндегі келген оралмандардың саны туралы мәліметтер" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме қосымшада келтірілген.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 482 бұйрығына
2-қосымша

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияны (бұдан әрі – Аудандық (қалалық) комиссия) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жергілікті атқаруша органдар құрады.

      2. Аудандық (қалалық) комиссия қызметінің мақсаты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) аумағында жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Аудандық (қалалық) комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысымен құрылады.

2-тарау. Аудандық (қалалық) комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Аудандық (қалалық) комиссияның негізгі міндеті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіру болып табылады.

      5. Аудандық (қалалық) комиссияның функцияларына:

      1) халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар ете отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдау;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін мобильді топтар құрады;

      3) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушысының келісімін алған жағдайда ол үйді сатып алу үшін жылына отбасына есептелген сома шегінде материалдық көмек сомасынбіржолғы төлеу бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

      4) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға үміткерлердің тізімдерін бекіту;

      5) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару және үміткерді бос орынға ауыстыру туралы шешім қабылдау;

      6) Бағдарламаның іске асыру тетіктерін жақсарту, сондай-ақ Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      7) халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      8) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қарау және келісу кіреді.

3- тарау. Аудандық (қалалық) комиссияның құқықтары

      6. Аудандық (қалалық) комиссия:

      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзара әрекет етеді;

      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары, аудан, қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі және тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аудандарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдары, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша отырыстар өткізеді;

      3) Аудандық (қалалық) комиссияның құзыреті шеңберінде қорытынды беру үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың мамандарымен консультанттарын тартады;

      4) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан өзінің функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді сұратады және алады.

4-тарау. Аудандық (қалалық) комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Аудандық (қалалық) комиссияның құрамы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілі мен атқарушы органдарының, аудан, қала қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аудандарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.

      8. Аудандық (қалалық) комиссияның құрамына кемінде бес адам кіреді.

      Аудандық (қалалық) комиссия мүшелерінің жалпы санынан төраға сайланады, ол оның отырыстарына төрағалық етеді.

      9. Отырыстардың материалдары мен құжаттарын дайындауды хатшы жүзеге асырады, ол Аудандық (қалалық) комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      10. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын Аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы айқындайды.

      11. Аудандық (қалалық) комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары мен құжаттары төраға келіскеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.

      12. Аудандық (қалалық) комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Аудандық (қалалық) комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп есептеледі.

      13. Аудандық (қалалық) комиссияның шешімдері ашық дауыспен бір жұмыс күні ішінде кешіктірмей қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Аудандық (қалалық) комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша (ерікті) түрде баяндалуға және хаттамаға қосылуға тиіс.

      Аудандық (қалалық) комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды және оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 482 бұйрығына
3-қосымша

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жергілікті атқаруша органдар құрады.

      2. Өңірлік комиссия қызметінің мақсаты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және оларды облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Өңірлік комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің қаулысымен құрылады.

2-тарау. Өңірлік комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Өңірлік комиссияның негізгі міндеті облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіру болып табылады.

      5. Комиссияның функцияларына:

      1) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      2) білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынымы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып, белгілеу;

      3) Бағдарламаның іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      4) Бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      5) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін, оның ішінде мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту;

      6) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильдік орталықтарының базасында оқыту үшін мамандықтар тізбесін бекіту;

      7) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз ету;

      8) шартты ақшалай көмектің бір жолғы төлемін беру мәселесін қарау;

      9) микроқаржы ұйымның операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау;

      10) жыл сайын, 15 қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін бекіту және тізбені халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жіберу;

      11) ерікті ішкі қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органмен өңірлік квотаға қабылдау туралы шешім үшін үміткерлер тізімін карау;

      12) шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптер тізбесін бекіту кіреді.

3-тарау. Өңірлік комиссияның құқықтары

      6. Өңірлік комиссия:

      1) облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзара әрекет етеді;

      2) облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мүдделі мемлекеттік органдарының және басқа да ұйымдардың өкілдері өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша отырыстарға шақырады және тыңдайды;

      3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешуде облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары мен консультанттарды (сарапшыларын) қорытынды беру үшін тартады;

      4) облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан және Бағдарламаға қатысушылардан өзінің функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді сұратады және алады.

4- тарау. Өңірлік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Өңірлік комиссияның құрамы облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.

      8. Өңірлік комиссияның құрамына кемінде бес адам енеді.

      Өңірлік комиссия мүшелерінің жалпы санынан төраға сайланады, ол оның отырыстарына төрағалық етеді.

      9. Отырыстардың материалдары мен құжаттарын дайындауды хатшы жүзеге асырады, ол Өңірлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      10. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын Өңірлік комиссияның төрағасы айқындайды.

      11. Өңірлік комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары мен құжаттары төраға келіскеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.

      12. Өңірлік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Өңірлік комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп есептеледі.

      13. Өңірлік комиссияның шешімдері ашық дауыспен бір жұмыс күні ішінде кешіктірмей қабылданады және егер ол үшін Өңірлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Өңірлік комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша (ерікті) түрде баяндалуға және хаттамаға қосылуға тиіс.

      Өңірлік комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға мен хатшысы қол қояды және оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.