Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10090 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.07.2019 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қандас мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қандас мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қандастардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қандастардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қандастардың келген елдері бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Қандастардың келген елдері бойынша ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Қандастардың еңбек етуге қабілеттілігі бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Қандастардың еңбек етуге қабілеттілігі бойынша ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Қандастардың келген жылдары бойынша ақпараты" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Елдерден келген қандастардың жыл бойынша ақпараты" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      Ә. Смайылов ___________________

      2014 жылғы "___" _____________



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 312 бұйрықтың
1-қосымшасы
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан Қандас мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: О-1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары

      Әкімшілік деректердің нысаны: (www.enbek.gov.kz) интернет-ресурста орналасқан

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні

Өңірдің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы бойынша коды

адамдардың жалпы саны

мәртебесі жарамдылар

мәртебесі жоғалғандар

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғандар

1

2

3

4

5

6







      Атауы __________________ Мекенжайы _____________________

      Телефоны ____________________________________________________

      Электрондық почта мекенжай___________________________________

      Орындаушы____________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

      _______________________

      Ескертпе: "Қандас мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 2-қосымшада берілген

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 312 бұйрықтың
2-қосымшасы

"Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Қандас мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат"
(нысанның индексі О-1 және кезеңділігі тоқсан сайын)

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.07.2019 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қандас мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай ұсынады.

      4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 1-бағанда өңірдің атауы көрсетіледі.

      7. 2-бағанда Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы бойынша коды көрсетіледі.

      8. 3-бағанда жалпы адам саны көрсетіледі.

      9. 4-бағанында жалпы адам санынан (Нысанның 3-бағанынан) мәртебесі жарамдылардың жалпы саны көрсетіледі.

      10. 5-бағанда жалпы адам санынан (Нысанның 3-бағанынан) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) және 3) тармақшасына сәйкес мәртебесі тоқтатылғандардың жалпы саны көрсетіледі.

      11. 6-бағанда жалпы адам санынан (Нысанның 3-бағанынан) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғандардың жалпы саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау және
  әлеуметтік даму министрінің
  2014 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 312 бұйрықтың
  3-қосымшасы
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан Қандастардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: О-2

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы : Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары

      Әкімшілік деректердің нысаны : (www.enbek.gov.kz) интернет-ресурста орналасқан

      Ұсыну мерзімі : тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні

өңірдің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы бойынша коды

Отбасылар барлығы

адамдардың жалпы саны

оның ішінде

ерлер

әйелдер

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

оның ішінде

18 жасқа дейінгі адамдар

еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар

зейнеткерлік жастағы адамдар

мектепке дейінгі жастағылар

мектеп жасындағылар

студенттер

барлығы

ерлер

әйелдер

барлығы

ерлер

әйелдер

барлығы

ерлер

әйелдер

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18













      кестенің жалғасы

Өтініш білдіргендер (отбасылар)

коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандар (отбасылар)

жер учаскесін алғандар (отбасылар)

Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары

уақытша орналастыру орталықтары

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

шаруашылық жүргізу үшін

19

20

21

22

23






      Атауы ____________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы______________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _____________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

      _______________________

      Ескертпе: "Қандастардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 4-қосымшада берілген

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 312 бұйрықтың
4-қосымшасы

Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
"Қандастардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат"
(нысанның индексі-О-2 және кезеңділігі тоқсан сайын)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қандастардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.

      2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай ұсынады.

      4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 1-бағанда өңірдің атауы көрсетіледі.

      7. 2-бағанда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы бойынша коды көрсетіледі.

      8. 3-бағанда қандас отбасылардың жалпы саны көрсетіледі.

      9. 4-бағанда қандастардың жалпы адам саны көрсетіледі, бұл ретте:

      5-бағанда қандастардың жалпы санынан (Нысанның 4-бағанынан) ер қандастардың жалпы саны көрсетіледі;

      6-бағанда қандастардың жалпы санынан (Нысанның 4-бағанынан) әйел қандастардың жалпы саны көрсетіледі.

      10. 7-15-бағандарда еңбек етуге қабілетті жас бөлінісінде қандастар көрсетіледі, бұл ретте:

      7-бағанның мәні Нысанның 8 және 9-бағандары мәнінің қосындысына тең;

      8-бағанда ер қандастардың жалпы санынан (Нысанның 5-бағанынан) 18 жасқа толмаған ерлердің саны көрсетіледі;

      9-бағанда әйел қандастардың жалпы санынан (Нысанның 6-бағанынан) 18 жасқа толмаған әйелдердің саны көрсетіледі;

      10-бағанның мәні Нысанның 11 және 12-бағандары мәнінің қосындысына тең;

      11-бағанда ер қандастардың жалпы санынан (Нысанның 5-бағанынан) еңбек етуге қабілетті жастағы ерлердің саны көрсетіледі;

      12-бағанда әйел қандастардың жалпы санынан (Нысанның 6-бағанынан) еңбек етуге қабілетті жастағы әйелдердің саны көрсетіледі;

      13-бағанның мәні Нысанның 14 және 15-бағандары мәнінің қосындысына тең;

      14-бағанда ер қандастардың жалпы санынан (Нысанның 5-бағанынан) зейнеткерлік жастағы ерлердің саны көрсетіледі;

      15-бағанда әйел қандастардың жалпы санынан (Нысанның 6-бағанынан) зейнеткерлік жастағы әйелдердің саны көрсетіледі;

      11. 16-бағанда қандастардың мектепке дейінгі жастағы балаларының саны көрсетіледі;

      12. 17-бағанда қандастардың мектеп жасындағы балаларының саны көрсетіледі;

      13. 18-бағанда күндізгі оқу нысанында оқитын студенттердің саны көрсетіледі.

      14. 19-20-бағандарда қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары мен уақытша орналастыру орталықтарына өтініш білдірген қандас (отбасылар) саны көрсетіледі, бұл ретте:

      19-бағанда қандас отбасылардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарына өтініш білдірген қандас (отбасылар) саны көрсетіледі;

      20-бағанда қандас отбасылардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) уақытша орналастыру орталықтарына өтініш білдірген қандас (отбасылар) саны көрсетіледі.

      15. 21-бағанда қандастардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) тұрғын үйі бар қандас отбасылардың саны көрсетіледі.

      16. 22-23-бағандарда жер учаскесі бар қандас отбасылардың саны көрсетіледі, бұл ретте:

      22-бағанда қандас отбасылардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі бар отбасылардың саны көрсетіледі;

      23-бағанда қандас отбасылардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесі бар отбасылардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 312 бұйрықтың
5-қосымшасы
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан Қандастардың келген елдері бойынша ақпарат

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: О-3

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары

      Әкімшілік деректердің нысаны: (www.enbek.gov.kz) интернет-ресурста орналасқан

      Ұсыну мерзімі : тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні

Елдердің атауы

Елдердің коды

барлығы

отбасы

адам

1

2

3

4

5

1

Өзбекстан

860



2

Моңғолия

496



3

Қытай

156



4

Түркменстан

795



5

Ресей

643



6

Өзбекстан

762



7

Моңғолия

417



8

Қытай

364



9

Түркменстан

792



10

Басқа да елдер




Жиыны





      Атауы ____________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _________________________________

      Орындаушы________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _____________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

      _______________________

      Ескертпе: "Қандастардың келген елдері бойынша ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 6-қосымшада берілген

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 312 бұйрықтың
6-қосымшасы

Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
"Қандастардың келген елдері бойынша ақпарат"
(нысанның индексі-О-3 және кезеңділігі тоқсан сайын)

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қандастардың келген елдері бойынша ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.

      2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай ұсынады.

      4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 1-бағанда қандас келген елдің реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2- бағанда қандас келген елдің атауы көрсетіледі.

      8. 3- бағанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2016 жылғы 18 қарашадағы № 290 – од бұйрығымен бекітілген 06 ISO 3166-1, 2 Қазақстан Республикасы ұлттық жіктеуішіне сәйкес қандас келген елдердің коды көрсетіледі.

      9. 4-5-бағандарда қандастардың жалпы саны көрсетіледі, бұл ретте:

      4-бағанда қандас отбасыларының жалпы саны көрсетіледі;

      5-бағанда қандастардың жалпы саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 312 бұйрықтың
7-қосымшасы

Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан Қандастардың еңбек етуге қабілеттілігі бойынша ақпарат

      Ескерту. Бұйрық 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.07.2019 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Индексі: О-4

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары

      Әкімшілік деректердің нысаны: (www.enbek.gov.kz) интернет-ресурста орналасқан

      Ұсыну мерзімі : тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні

Өңірдің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы бойынша коды

еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар

оның ішінде

ерлер

әйелдер

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

жалдамалы қызметкерлер

жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары

жұмыссыздар (жұмысы жоқ, бірақ жұмыс іздеумен айналысып жүргендер

барлығы

ерлер

әйелдер

барлығы

ерлер

әйелдер

барлығы

ерлер

әйелдер

6

7

8

9

10

11

12

13

14










      кестенің жалғасы

еңбек етуге қабілетті жастағы адамдардың дипломына сәйкес білім деңгейі

жоғары

арнайы орта

жалпы орта

білімі жоқ (оның ішінде бастауыш білімі жоқ))

ғылым докторы

ғылым кандидаты

15

16

17

18

19

20







      кестенің жалғасы

еңбек кітапшасындағы жазбасына сәйкес кәсібі (біліктілігі)

шығармашылық саласындағы қызметкерлер

білім беру саласындағы қызметкерлер

медицина қызметкерлері

ауыл шаруашылық саласындағы қызметкерлер

кәсіпкерлер

басқа да мамандықтар

21

22

23

24

25

26







      Атауы ____________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _________________________________

      Орындаушы____________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _____________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны _______________________

      Ескертпе: "Қандастардың еңбек етуге қабілеттілігі бойынша ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 8-қосымшада берілген

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 312 бұйрықтың
8-қосымшасы

Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
"Қандастардың жұмысқа қабілеттілігі бойынша ақпарат"
(нысанның индексі-О-4 және кезеңділігі тоқсан сайын)

      Ескерту. Бұйрық 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.07.2019 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қандастардың жұмысқа қабілеттілігі бойынша ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.

      2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай ұсынады.

      4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 1-бағанда өңірдің атауы көрсетіледі.

      7. 2-бағанда Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы бойынша коды көрсетіледі.

      8. 3-5 - бағандарда еңбек етуге қабілетті қандастардың жалпы саны көрсетіледі, бұл ретте:

      3-бағанда еңбек етуге қабілетті қандастардың жалпы саны көрсетіледі;

      4-бағанда қандастардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) жұмысқа қабілетті ер қандастардың жалпы саны көрсетіледі;

      6-бағанда қандастардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) жұмысқа қабілетті әйел қандастардың жалпы саны көрсетіледі.

      9. 6-8-бағандарда жалданып жұмыс істейтін қандастардың жалпы саны көрсетіледі, бұл ретте:

      6-бағанда жалданып жұмыс істейтін қандастардың жалпы саны көрсетіледі;

      7-бағанда жалданып жұмыс істейтін ерлердің саны көрсетіледі;

      8-бағанда жалданып жұмыс істейтін әйелдердің саны көрсетіледі.

      10. 9-11-бағандарда қандастардың жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарының жалпы саны көрсетіледі, бұл ретте:

      9-бағанда қандастардың жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарының жалпы саны көрсетіледі көрсетіледі;

      10-бағанда ерлердің жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарының саны көрсетіледі;

      11-бағанда әйелдердің жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарының саны көрсетіледі.

      11. 12-14-бағандарда жұмыссыз қандастардың жалпы саны көрсетіледі, бұл ретте:

      12-бағанда жұмысы жоқ бірақ жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз қандастардың жалпы саны көрсетіледі;

      13-бағанда жұмысы жоқ бірақ жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз ерлердің саны көрсетіледі;

      14-бағанда жұмысы жоқ бірақ жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз әйелдердің саны көрсетіледі.

      12. 15-20-бағандарда білім деңгейі дипломына сәйкес еңбек етуге қабілетті жастағы адамдардың жалпы саны көрсетіледі, бұл ретте:

      15-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) жоғары білімі бар қандастардың саны көрсетіледі;

      16-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) арнайы орта білімі бар қандастардың саны көрсетіледі;

      17-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) жалпы орта білімі бар қандастардың саны көрсетіледі;

      18-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) бастауыш білімі жоқ қандастардың саны көрсетіледі;

      19-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) ғылым докторы біліктілігі бар қандастардың саны көрсетіледі;

      20-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) ғылым кандидаты біліктілігі бар қандастардың саны көрсетіледі.

      13. 21-27-бағандарда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастардың еңбек кітапшасындағы жазбасына сәйкес кәсібі (біліктілігі) көрсетіледі, бұл ретте:

      21-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) шығармашылықпен айналысатын қызметкерлердің саны көрсетіледі. Олардың құрамына: жазушылар, музыканттар, әртістер, бишілер және шығармашылық саласындағы өзге де мамандар кіреді;

      22-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) білім беру саласындағы қызметкерлердің саны көрсетіледі. Олардың құрамына: колледждердің, университеттердің және басқа да жоғары оқу орындарының оқытушылары, орта, бастауыш мектептегі және мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мұғалімдер, білім беру саласындағы өзге де мамандықтар кіреді;

      23-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) медицина қызметкерлерінің саны көрсетіледі. Олардың құрамына: дәрігерлер, стоматологтар, фармацевтер, орта медициналық персонал және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мамандықтар кіреді;

      24-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) ауылшаруашылық саласындағы қызметкерлердің саны көрсетіледі;

      25-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) кәсіпкерлердің саны көрсетіледі. Кәсіпкерлер – өзінің жеке кәсібін басқаратын немесе экономикалық қызметтің қандай да бір түріндегі тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, тұрақты негізде бір немесе бірнеше қызметкерді жалдайтын немесе жалдамайтын адамдар;

      26-бағанда еңбек етуге қабілетті жастағы қандастар қатарынан (Нысанның 3-бағанынан) басқа да кәсіптермен айналысатындардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 312 бұйрықтың
9-қосымшасы

Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан Қандастардың келген жылдары бойынша ақпараты

      Ескерту. Бұйрық 9-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.07.2019 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Индексі: О-1

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары

      Әкімшілік деректердің нысаны: (www.enbek.gov.kz) интернет-ресурста орналасқан

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні

Өңірдің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар, әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы бойынша қаланың коды

Қандастардың келген жылдары бойынша саны

отбасы

адам

1

2

3

4





      Атауы ____________________

      Мекенжайы _______________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _________________________________

      Орындаушы________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _____________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны _______________________

      Ескертпе: "Қандастардың келген жылдары бойынша ақпараты" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 10-қосымшада берілген

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 312 бұйрықтың
10-қосымшасы

Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
"Қандастардың келген жылдары бойынша ақпарат"
(нысанның индексі-О-5 және кезеңділігі тоқсан сайын)

      Ескерту. Бұйрық 10-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.07.2019 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қандастардың келген жылдары бойынша ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.

      2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай ұсынады.

      4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 1-бағанда аймақтың атауы көрсетіледі.

      7. 2-бағанда Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы бойынша коды көрсетіледі.

      8. 3-4 бағандарда қандастардың келген жылдары бойынша жалпы адам саны көрсетіледі, бұл ретте:

      3-бағанда қандас отбасыларының жылғы жалпы саны көрсетіледі;

      4-бағанда қандастардың жылғы жалпы саны көрсетіледі.