РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидалары, сондай-ақ оның сандық құрамы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысымен бекітілген |
Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидалары, сондай-ақ оның сандық құрамы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидалары, сондай-ақ оның сандық құрамы (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану тәртібін және талаптарын, сондай-ақ бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін жүзеге асыратын сараптама комитетін (бұдан әрі – сараптама комитеті) жасақтау және оның жұмыс жасау тәртібін, сондай-ақ оның сандық құрамын белгілейді.
2. Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелерді анықтау мәні бойынша мониторингке және талдауға "Негізгі" алаңында "акциялар", "борыштық бағалы қағаздар", "банктік депозит сертификаттары" секторларынан, құрылуы және жұмыс істеуі қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын өзге секторлардан және "Аралас" алаңында, сондай-ақ құрылуы және жұмыс істеуі қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын өзге алаңдарда "исламдық бағалы қағаздар", "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары", "туынды қаржы құралдары", "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары", "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторларынан, құрылуы және жұмыс істеуі қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын өзге секторлардан бағалы қағаздармен және (немесе) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер жатады.
3. Бағалы қағаздармен мәміле деп, егер:
1) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында акциялармен мәміле жасаған кезде акциялармен жасалған осы мәміле бағасының осы акциялардың, Қағидалардың 5-тармағына сәйкес есептелген орташа алынған бағасынан ауытқуы 30 (отыз) және одан астам пайыз құраса;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигациялармен мәміле жасаған кезде осы мәміленің бағасына сәйкес осы бағалы қағаздардың өтелетін кірістілігінің осы бағалы қағаздардың Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген орташа алынған нарықтық кірістілігінен ауытқуы 5 (бес) және одан көп пайыздық тармақты құраса, осындай мәмілені жасағанға дейін ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында осы бағалы қағаздарға қалыптасқан бағадан айтарлықтай өзгешеленетін баға бойынша жасалған мәміле танылады.
4. Орындалуы осы мәмілелердің тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне әкеп соқтырмаған бағалы қағаздарды сатып алу-сатудың мынадай мәмілелері айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылмайды:
1) қор биржасының сауда жүйесінің осындай операцияларға арналған секторында жүзеге асырылатын сол бір "репо" операциясына жататын "репоны" ашу және жабу мәмілелері;
2) бірдей көлемдегі және сол бағалы қағаздармен жасалған екі мәміле, олардың екіншісі ұйымдастырылған нарықта осы мәмілелердің біріншісін жасаған кезде жіберілген техникалық қатені түзету мақсатында жасалған болса;
3) мына талаптарға немесе мына талаптардың біреуіне сәйкес келетін, қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер:
мәміле жасалған күнінің алдындағы соңғы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде, бірақ осы кезеңнің кемінде 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде осы атаудағы бағалы қағаздармен қор биржасының кемінде 7 (жеті) мүшесі тараптары болып табылатын, жиынтық көлемі 35 000 000 (отыз бес миллион) теңгеден кем емес мәмілелер жасалған. Қор биржасының сауда жүйесінде сауда жүйесінің қатысушыларына жеке-жеке әрбір бағалы қағаз бойынша ағымдағы сауда-саттық күнінің алдындағы соңғы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде аталған бағалы қағаз бойынша жасалған мәмілелердің тарабы болып табылған қор биржасы мүшелерінің санын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін баптаулар көзделеді;
мәміле жасалған сәтте осы бағалы қағаздар осы қор биржасында айналысқа жіберілген неғұрлым өтімді акциялардың бағасы бойынша қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін қор биржасы индексінің өкілдік тізіміне енгізілген.
Осы Қағидалардың мақсатында бағалы қағаздар санының айтарлықтай өзгеруі мәмілелердің тараптарында тұрған бағалы қағаздарының бастапқы санынан 10 (он) және одан көп пайызға айырмашылық танылады;
5. Акциялардың орташа алынған нарықтық бағасы қор биржасы соңғы 5 (бес) жұмыс күн ішінде ашық сауда әдісімен өткізген сауда-саттықтарда акциялармен (ақшалай) жасалған мәмілелердің жиынтық көлемінің осындай мәмілелердің жиынтық мөлшеріне (бағалы қағаздармен) қатынасы ретінде, осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептеледі.
Егер көрсетілген кезең ішінде акциялармен жасалған мәмілелер саны 5 (бестен) кем болса, осы акциялардың орташа алынған нарықтық бағасы қор биржасы соңғы күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде ашық сауда әдісімен өткізген сауда-саттықтарда осы акциялармен (ақшалай) жасалған соңғы 5 (бес) мәміленің жиынтық көлемінің мұндай соңғы 5 (бес) мәміленің (бағалы қағаздармен) жиынтық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі.
Егер соңғы күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде акциялармен жасалған мәмілелердің саны 5 (бестен) кем болса, онда осы акциялардың орташа алынған нарықтық бағасы есептелмейді.
6. Өтелетін облигациялардың орташа алынған нарықтық кірістілігі мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Y - өтелетін облигациялардың орташа алынған нарықтық кірістілігі, жылдық пайызбен;
Yi - осы облигациялармен жасалған і-ші мәміленің бағасына сәйкес өтелетін облигациялардың кірістілігі, жылдық пайызбен;
Vi - облигациялармен жасалған і-ші мәміленің көлемі, ақшалай;
n - қор биржасы соңғы 5 (бес) жұмыс күн ішінде ашық сауда әдісімен өткізген сауда-саттықтарда облигациялармен жасалған мәмілелер саны.
Егер соңғы 5 (бес) жұмыс күн ішінде облигациялармен жасалған мәмілелер саны 5 (бестен) кем болса, қор биржасы соңғы күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде ашық сауда әдісімен өткізген сауда-саттықтарда облигациялармен жасалған мәмілелер саны 5 (бес) және одан астамын құрау талабымен, n 5 (беске) тең болады.
Егер соңғы күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде облигациялармен жасалған мәмілелердің саны 5 (бестен) кем болса, осы өтелетін облигациялардың орташа алынған нарықтық кірістілігі есептелмейді.
2-тарау. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану тәртібі мен талаптары
7. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңының 56-бабының 5-тармағында аталған талаптардың біреуіне сәйкес келетін мәмілелерді қоспағанда, қор биржасының сауда жүйесінде және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған бағалы қағаздармен мәмілелерді анықтау мәні бойынша мынадай мәмілелер мониторингке және талдауға жатады:
1) Қағидалардың 3-тармағында көзделген мәміле;
2) қор биржасының сауда жүйесінде немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған, дербес не қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымының мәміле жасау жөніндегі бұйрықтарын тапсыру арқылы әрекет жасайтын сол бір тұлға бағалы қағаздарды сатушы және сатып алушы ретінде болатын мәміле;
3) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жай, заңды салдарын туғызуға ниетісіз жасалған мәміле не бірнеше мәміле (жалған мәмілелер);
4) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен басқа мәмілені жасыру мақсатында жасалған мәміле не бірнеше мәміле.
8. Қор биржасы 1 (бір) сауда күні ішінде жасалған валюталық жұп Америка Құрама Штаттарының долларымен және теңгемен 2 (екі) және одан көп мәмілелер серияларына олар мына талаптарға сәйкес келген кезде мониторингті және талдауды жүзеге асырады:
1) мәмілелер қор биржасының сауда жүйесіне қарсы екі және одан көп өтінішті автоматты түрде қанағаттандыруға алып келген сатып алуға немесе сатуға бір өтініш беру нәтижесінде жасалды, бұл ретте осындай мәмілелердің біреуінің бағасы осындай өтінімді бергенге дейін жасалған соңғы мәміле бағасынан 10 (он) пайыздан көпке шегеріледі;
2) орындалуы әрбір осындай мәміле сауда-саттықтың екі қатысушысы қарсы өтінімдер беру нәтижесінде жасалу талабымен осы мәмілелердің тараптарда бар шетел валютасы санының айтарлықтай өзгеруіне әкелмеген, 5 (бес) пайыздан көп емес және беру уақыты бойынша 1 (бір) секундтан көп емес көлемдегі айырма көтерілетін немесе төмендейтін баға бойынша мәмілелер;
3) нәтижесінде сауда-саттық қатысушысының брутто-айналымы сауда күнінің қорытындысы бойынша осы шетел валютасы бойынша барлық қатысушының жалпы брутто-айналымның кемінде 30 (отыз) пайызды құрайды және аталған шетел валютасы бойынша сауда-саттық қатысушысының брутто-айналымы мен нетто-айналым арасындағы айырма осы қатысушының брутто-айналымының 70 (жетпіс) және одан көп пайызын құрайды.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
шетел валютасы санының айтарлықтай өзгеруі мәмілелердің тараптарында тұрған шетел валютасының бастапқы санынан 10 (он) және одан көп пайызға айырмашылық танылады;
брутто-айналым деп сауда-саттық қатысушысының сатып алу және сату көлемінің шетел валютасымен көрсетілген сомасы түсініледі;
нетто-айналым деп сауда-саттық қатысушысының сатып алу көлемі мен сату көлемі арасындағы сауда күні ішінде шетел валютасымен белгіленген шетел валютасымен көрсетілген айырманың абсолюттік мәні түсініледі;
көтерілетін баға бойынша мәмілелер сериясы деп осы серияның алдыңғы мәмілесінің әрқайсысының бағасынан жоғары мәмілелер түсініледі.
төмендейтін баға бойынша мәмілелер сериясы деп осы серияның алдыңғы мәмілесінің әрқайсысының бағасынан төмен мәмілелер түсініледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мониторингке және талдауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәмілелер жасауға байланысты іс-әрекеттері жатпайды.
9. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану, бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау жағдайларын анықтау және алдын алу қағидаларынан тұратын қор биржасының ішкі құжаттарында сараптама комитеті белгілеген Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 56-бабының және соларға сәйкес осы қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды анықтау тұрғысынан бақылануы және талдануы тиіс Қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін қосымша талаптар көзделеді.
10. Қор биржасының ішкі құжаттарында Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 56-бабының 5-тармағы 1) тармақшасына сәйкес келетін мәмілелер бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды анықтау тұрғысынан бақылануы және талдануы тиіс мәмілелер қатарынан алынып тасталатын өлшемшарттар белгіленеді.
11. Оларды жасаудың параметрлері мен талаптары осы мәмілелерді қор биржасының сауда жүйесінде және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды болжауға негіз беретін бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді (бұдан әрі – күмәнді мәмілелер) анықтауды:
1) қор биржасының және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың есептерінде, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, мемлекеттік органдар мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың хаттарында (арыздарда, өтініштерде, шағымдарда), бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін тексеру нәтижелерінде қамтылған ақпарат негізінде уәкілетті орган;
2) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.
12. Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі Қағидалардың 4-тармағында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген ережелерді ескере отырып, Қағидалардың 7 және 8-тармақтарына сәйкес келетін мәмілелерді анықтаған жағдайда, осындай мәмілелер туралы есеп қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде, бірақ осындай мәмілелер жасалған күннен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жіберіледі.
Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі Қағидалардың 9-тармағына сәйкес келетін мәмілелерді, сондай-ақ осы мәмілелердің айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп пайымдауға негіздер болатын өзге де мәмілелерді анықтаған жағдайда, осындай мәмілелер туралы есеп қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде, бірақ күдікті мәмілені немесе өзара байланысты күдікті мәмілелер тобының құрамына кіретін соңғы күдікті мәмілені жасау күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей уәкілетті органға жіберіледі.
13. Бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануды уәкілетті орган сараптама комитетінің қорытындысын қарау нәтижелері бойынша жүзеге асырады және уәкілетті органның бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді.
14. Уәкілетті орган айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен жасалған мәміленің тараптарын осындай тану туралы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
3-тарау. Сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы
15. Сараптама комитеті уәкілетті органның жанында кемінде жеті мүше:
уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің бес өкілі және кемінде екі тәуелсіз сарапшы құрамында құрылады.
Тәуелсіз сарапшылар уәкілетті органмен келісілгеннен кейін Қазақстанның қаржы секторының мүдделерін шоғырландырып білдіретін заңды тұлғалар бірлестігінің ұсынысы негізінде сараптама комитетінің құрамына енгізіледі.
16. Сараптама комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Қаралып жатқан күдікті мәміленің тараптары қалауы бойынша аталған мәмiлелердi орындау мән-жайларын түсiндiру мақсатында сараптама комитетінің мәжiлiсiне қатыса алады. Егер сараптама комитетінің отырысына қатыса алмаса, қаралып жатқан күдікті мәміленің тараптары сараптама комитетіне осы мәмілелердің мән-жайлары туралы жазбаша түсініктеме бере алады.
Сараптама комитетінің шешімі отырысқа уәкілетті органның өкілін қоса алғанда, оның мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда, отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады және сараптама комитетінің қорытындысы түрінде ресімделеді.
17. Сараптама комитетінің қорытындысы оның күдікті мәмілелер бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп жорамалдауына қажетті және жеткілікті негіздердің болуына қатысты пікірінің көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, қор биржасының сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 13 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13333 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13668 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15274 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 14-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).