Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев A.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 106 қаулысымен бекітілді |
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 тіркелген, 2008 жылғы 14 қаңтарда "Заң газеті" газетінде № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ұсынылып отырған Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін";
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі"
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай Ұғымдар пайдаланылады:";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қор биржасын растау жүйесі (растау жүйесі) - қор биржасына қосылған тұлғаларға сауда жүйесінде осы тұлғалар атынан, осы тұлғалардың тапсырмалары бойынша, не осы тұлғалардың немесе олардың клиенттерінің мүддесініе қаржы құралдарымен жасалған немесе жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді алуға және алынған мәліметтерді өңдеу негізінде қор биржасына жасалатын немесе жасалған мәмілелер талаптарының олар жасалуы тиіс немесе жасалуы мүмкін талаптарға сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы хабарламалар беруге мүмкіндік беретін қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешені;";
23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.";
34-1-тармақ алып тасталсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылатын "репо" операцияларының мәні болып табылатын және олар бойынша міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылатын бағалы қағаздар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.";
44-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі алып тасталсын.
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Растау жүйесінің қызмет көрсететін пайдаланушысы жасалатын немесе жасалған мәмілелер талаптарының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы тиісті хабарламаны жіберу арқылы растамаған қаржы құралдарымен мәмілелер оны жасаған қор биржасы мүшесінің меншікті активтері есебінен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және талаптарда орындалады.".
2. "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығында:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кез келген уақытта бағдарламалық қамтамасыз етудің кез келген учаскесіндегі электр қореккөзі толық немесе ішінара ажыратылған кезде ақпараттың сенімді сақталуын, санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауды, дерекқорларының тұтастығын және электронды мұрағаттар мен деректер базасындағы ақпараттың толық сақталуын;";
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) толтырылуы міндетті жолдардың енгізілетін деректерінің толықтығын бақылауды (барлық жолдарды толығымен толтырмай функцияларды немесе операцияларды орындаған жағдайда бағдарлама тиісті хабарламаны беруді қамтамасыз етеді);
4) сұратуды сақтай отырып, осы ақпараттық жүйе үшін белгіленген критерийлер мен өлшемдер бойынша ақпарат іздеуді, сондай-ақ кез келген өлшемдер бойынша (осы ақпараттық жүйе үшін белгіленген) ақпарат іріктеуді және өткен күндердегі ақпаратты, егер осындай ақпарат ақпараттық жүйеде сақталуға тиіс болса, қарау мүмкіндігін;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) есепке алу жүйелерінде сақталатын деректерді резервтеу және қалпына келтіру мүмкіндігін;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) бағдарламалық қамтамасыз етуде іркіліс басталған кезде қызметін екі сағат ішінде қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.";
3-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) белгіленген тәуекелдерді жабу коэффициентінің және бір клиентке шаққандағы тәуекелдердің мәндерін автоматтандырылған есептеуді;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар алмасатын электрондық құжаттардың үлгі нысандары орталық депозитарийдің және (немесе) бірыңғай тіркеушінің ішкі құжатында айқындалады және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.";
6-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бағдарламалық қамтамасыз етудің әр пайдаланушысы үшін жеке пароль бойынша кіру көзделеді. "Әкімші" деген қол жетімділік деңгейі үшін парольдерді өзгерту мүмкіндігі көзделеді. Кіріс деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге қол жеткізу тиісті парольді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Бағдарламалық қамтамасыз етуде парольді өзгерту кезеңділігі, алдыңғы парольдерді пайдалануды қадағалау мен парольді үш рет дұрыс енгізбеген жағдайда есептік жазбаларды оқшаулау көзделеді.
Бағдарламалық қамтамасыз етуде операцияны жасау немесе дерекқорына өзгерістер енгізу және осы операцияны немесе жазбаны жүзеге асырған пайдаланушыны сәйкестендіру уақытына қатысты мәліметтерді сақтау көзделеді.".
3. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 319 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.