Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 қаңтарда № 18158 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. "Балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 18-04/16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10229 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 542 бұйрығына
1-қосымша

Үлгілік нысан Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған ШАРТ

____________________ (елді мекен)

20__жылғы " _ " ______

      __________ облысы әкiмдігінiң 20__ жылғы "____"________________________ №________ қаулысы негізiнде, бұдан әрi "Жергілікті атқарушы орган" деп аталатын, Ереже негізінде әрекет ететін _________________________________, (жергілікті атқарушы орган) бiр тараптан және бұдан әрі "Пайдаланушы" деп аталатын, ________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы)

      атынан ____________________________________________________________

      (аңшылық ісін пайдаланушы өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      екінші тараптан, төмендегiлер туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:

1-тарау. Шарттың нысанасы

      1. Жергілікті атқарушы орган ___________________________ облысы ___________ауданында, _____________________________________________________________________________ шекараларында (осы шартқа қоса берілген аңшылық шаруашылық паспортында көрсетілген межелі нүктелер мен басқа да параметрлерге сәйкес шекаралардың сипаттауын көрсету керек) орналасқан, жалпы алаңы_______гектар, оның iшiнде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi_____гектар, мемлекеттiк орман қорының жер учаскелерi ____гектар, мемлекеттiк жер қорының жер учаскелерi____гектар; су айдындары_____гектар; басқалары______ гектар болатын Пайдаланушыға бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын бередi.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      2. Пайдаланушының:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жолдамалар беруге және олардың пайдалану мерзімін белгiлеуге;

      2) жануарлар дүниесін пайдаланудың тек рұқсат берiлген түрлерін ғана жүзеге асыруға;

      3) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;

      4) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аңшылық олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;

      5) жануарлар дүниесін пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;

      6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін уақытша құрылысжайлар салуға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар мен қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;

      8) аң-құс өсіруді жүзеге асыруға және аң-құс өсіруге (еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда) арналған аумақта әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ аң-құс өсіру нәтижесінде өсімі молайған жануарларды өз бетінше пайдалануға құқығы бар.

      3. Пайдаланушы:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен рұқсат алынған жер бойынша жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны дер кезiнде төлеуге;

      3) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      4) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

      5) жануарлар дүниесін табиғи қауымдастықтар тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатыгез қарауға жол бермейтiн халық пен қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлдермен пайдалануға;

      6) пайдаланылатын жануарлар дүниесi объектiлерi санының жыл сайынғы есебін жүргізіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп беріп тұруға;

      7) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнгендерiн қорғау мен өсiмiн молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азайып кетуіне жол бермеуге;

      8) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге;

      9) жеке тұлғаларға олардың жазбаша және ауызша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге жолдама беруге;

      10) шаруашылық ішіндегі аңшылық ісін ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнің өсімін молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шаралар жүргiзуге;

      11) аншлагтар орнатуға;

      12) ______ адам мөлшерінде қорықшылық қызметiн құруға;

      13) ветеринариялық iс-шаралардың өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;

      14) 20 __жылғы "___" ______ дейін шаруашылық ішіндегі аңшылық ісін ұйымдастыруға және оның орындалуын қамтамасыз етуге;

      15) аңшылық алқаптарды бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысу кезінде Пайдаланушы мәлiмдеген мiндеттемелердi орындауға;

      16) осы шарттың талаптарын орындауға;

      17) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау мақсатында тексерістерді жүзеге асыруға кедергi жасамауға;

      18) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ведомствоның аумақтық бөлімшесіне жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарттар туралы, оның ішінде оларды бұзу туралы ақпарат жіберуге;

      19) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төсбелгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;

      20) табиғатты қорғау және жануарлар дүниесін пайдалану саласында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуге;

      21) зоологиялық коллекцияның жасалғаны туралы уәкілетті органның ведомствосын хабардар етуге міндетті. Уәкілетті органның ведомствосына хабарламалар беру қызметтің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады;

      22) бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі іс-шараларды аңшылық шаруашылығы субъектілері есебінен қаржыландыруға;

      23) бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану бойынша өндірістік бақылауды қамтамасыз етуге;

      24) жеке тұлғаларға әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүзеге асыру үшін сервитут беруге;

      25) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға міндетті.

      4. Жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде:

      1) аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының талаптары жүйелі түрде бұзылғанда;

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылғанда шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.

3-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi

      5. Пайдаланушы осы шарт бойынша міндеттемелерін ешкімге толықтай да, ішінара да бермеуі тиіс.

      6. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді.

      7. Пайдаланушы осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

      8. Пайдаланушының құқықтары бұзылған жағдайда, Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

4-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары

      9. Егер шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы осылай орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      10. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары деп Тараптардың бақылауына көнбейтін, олардың қателігімен немесе салақтығымен байланысты емес және тосын сипатқа ие осы шартты орындауға кедергі келтіретін оқиға танылады.

      11. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, Пайдаланушы бұл жайында почтамен немесе факсимильді байланыспен еңсерілмейтін күштің мән-жайлары басталған уақытты және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарлама тапсыру және (немесе) жөнелту арқылы Жергілікті атқарушы органды және Инспекцияны дереу хабардар етеді.

      12. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде, Тараптар орын алып отырған жағдайдан шығудың амалын іздестіру үшін Инспекция өкілдерінің қатысуымен дереу кеңес өткізеді және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының зардаптарын барынша азайту үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.

      13. Осы тарауда көрсетілген еңсерілмейтін күштің мән-жайларын құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдар растаған болса, олар заңды болып танылады.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      14. Осы шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және 20 __ жылғы "___" ______ дейін ____ жыл мерзiмге жасалды.

      15. Осы шарттың қолданылуы:

      1) аңшылық шаруашылығын жүргізуден ерікті түрде бас тартқан;

      2) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) Пайдаланушының қызметі тоқтатылған;

      4) аңшылық алқаптар және (немесе) учаскелер бекітіп берілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекет мұқтаждығы үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.

      16. Аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі дауларды шешу кезінде тараптар осы шарттың талаптарын, шаруашылық ішіндегі аңшылық ісін ұйымдастыруды және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      17. Есепке алу алаңдары мен жануарлардың маршруты көрсетіле отырып жоспарланған аңшылық шаруашылықтардың карта-схемалары бар осы шартқа қосымшаға сәйкес бекітілген нысандағы паспорт осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      18. Осы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, оған екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған болса, олардың заңды күші болады және шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Тараптар осы шарттан туындайтын дауларды келіссөздер арқылы шешуге тырысады, ал тараптар келісімге қол жеткізбеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      20. Осы шарт заңдық күші бірдей _______ данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.

6-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары

      Жергілікті атқарушы орган            Пайдаланушы

      ______________________________ _________________________________

      (атауы)                        (атауы)

      ______________________________ _________________________________

      (почталық мекенжайы)            (почталық мекенжайы)

      ______________________________ _________________________________

      (банктік деректемелері)            (банктік деректемелері)

      ______________________________ _________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты      (лауазымы, аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі)                  (бар болса), тегі)

      ______________________________ _________________________________

      (қолы, мөрі (бар болса))            (қолы, мөрі (бар болса))

  Аңшылық шаруашылығын
жүргізуге арналған шартқа
қосымша
  Нысан

Аңшылық шаруашылығының паспорты 1-тарау. Аңшылық шаруашылығының сипаттамасы

      1. Аңшылық шаруашылығының атауы: ____________________________

      2. Пайдаланушы: _______________________________________________

      (ұйымның атауы және мекенжайы)

      3. Негiздеме - ___________облысы әкiмдiгiнiң 20__ жылғы "__"_______ № ___ қаулысы және 20__жылғы "__"________ 20__жылғы "_"__________ дейін _____ жыл мерзімге жасалған ________________ мен _____________ арасындағы 20__жылғы "__"______________ № ______ аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт. Бекіту мерзімі _______________жыл, 20__жылғы "__"________ 20__жылғы "__"________ дейін.

      4. Аңшылық шаруашылығы __________________облысы ___________________ ауданының аумағында орналасқан.

      5. Аңшылық шаруашылығының шекаралары ________________________ (межелі нүктелерге сәйкес шекаралардың сипатталуы көрсетілуі керек)

      6. Аңшылық шаруашылығының алаңы: _____ гектар, оның iшiнде: мемлекеттік орман қорының жерлерi___ гектар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы бекiтiп берiлген жерлер __ гектар, су айдындары ___ гектар; мемлекеттiк жер қоры жерлерi ___ гектар, өзгелері ____ гектар.

      7. Аңшылық шаруашылығындағы қорықшы учаскелердің (айналмалардың) саны: ____________________________________________

2-тарау. Аңшылық iсiнің көрсеткiштерi

      8. Шаруашылық iшiндегі аңшылық iсiн 20___ жылы ________________ _____________________________________________________ орындады. (орындаушы)

      9. __________________ аңшылық шаруашылығының санаты, аңшылық шаруашылығы қызметiнiң негiзгi бағыты: жануарлар дүниесі түрлерінің әр алуандылығын, олардың мекендеу ортасын, жануарларды, оның ішінде аң аулау объектісіне жатпайтындарды, тұрақты пайдалануды, өсімін молайтуды және қорғауды сақтау, әуесқой (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру.

      10. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалау шаруашылық ішіндегі аңшылық ісін ұйымдастыру материалдарында келтіріледі.

      11. Аңшылық алқаптардың жануарлар түрлерi бойынша өткiзу қабiлетi:

      суда жүзетiн аң-құстар бойынша:___________________________________;

      егіс және дала аң-құстары бойынша: _______________________________;

      орман аң-құстары бойынша: ______________________________________;

      батпақты жерлердің аң-құстары бойынша: __________________________;

      қырғауыл бойынша: _____________________________________________;

      қоян бойынша: _________________________________________________;

      тұяқты жануарлар бойынша: _____________________________________;

      өзге түрлер:____________________________________________________;

      (түрлердiң атауы)

      12. Шаруашылық iшiндегі аңшылық iсiн ұйымдастыру көрсеткiштерi

р/с

Шаруашылық iшiндегі аңшылық iсiнің көрсеткiштерi

20___ж.

20___ж.

20___ж.

20___ж.

20___ж.

1

Жануарлар дүниесi объектілерінің өсімін молайтуға арналған учаскелер:
Саны/алаңы






2

Дамылдау аймақтары:
Саны/алаңы






3

Аншлагтар саны






4

Мұнаралар саны






5

Кепелер саны






6

Басқалары






      13. Аңшылық шаруашылығының штаты:

р/с

Штаттық лауазымдардың атауы

Штат бiрлiктерiнің саны

Жылдық жалақы (мың теңге)

Ескертпелер

1

Директор




2

Аға аң танушы




3

Аң танушы




4

Аға қорықшы




5

Қорықшы




6

Басқалары




3-тарау. Өсiмді молайту көрсеткіштері

      14. Аңшылық шаруашылығы үшiн зиянды жануарлардың санын шектеу:

р/с

Ауланғаны (бас)

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

1

Қасқыр







2

Шибөрi







3

Қаңғыбас иттер мен мысықтар







4

Қарға-құзғын тұқымдастары







5

Басқалары







      15. Жануарларды аңшылық шаруашылығына шығару

р/с

Жануар түрi

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

1







2







3







      16. Аңшылық шаруашылығында биотехникалық iс-шаралар жүргізу (бiрлiктер саны)

р/с

Жасалды

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

1

Жасанды ұялар







2

Ұсақ тастақ жерлер







3

Суаттар







4

Сортаңдар







5

Тұрақты астаулар







6

Қоректендiру алаңқайлары







7

Құс қанаты қомдалатын жерлер







8

Құстар бой тасалайтын бұталар







9

Шабылған жерлер







10

Өзгелері







      17. Аңшылық шаруашылығының аумағында есепке алынған аңшылық жануарлары (дарақ):

Жануарлар түрлері

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

1







2







3







4







5







      18. Жабайы жануарлар үшiн дайындалған және салынған азық және үстеме азық

р/с

Азық түрлерi

Дайындалған азық көлемi (бөлiмiнде - дайындалғаны, алымында - салынғаны)

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

1

Пiшен (тонна)






2

Сыпырғы мен бұтақшалар (центнер)






3

Тамыр жемістер (центнер)






4

Астық (центнер)






5

Астық қалдығы (центнер)






6

Жемiс-жидектер (центнер)






7

Басқа азықтар (центнер)






8

Тұз (килограмм)






9

Өзгелерi






      19. Аңшылық шаруашылығы қызметiне жұмсалған еңбек үлесi

р/с

Жұмыстар атауы

Бірлік өлшеу

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

1

Алқаптарды қорғау






2

Биотехникалық іс- шаралар






3

Мәдени-ағарту жұмыстары






4

Басқалары






4-тарау. Экономикалық көрсеткіштер

      20. Браконьерлiкпен күрес

р/с

Анықталған қағидаларды бұзу фактілері

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

1

Аң аулауда





2

Өзгелерiнде





      21. Аңшылық шаруашылығында аң аулайтын иттердiң, елiктiрушi үйректердiң болуы

р/с

Түрлерi

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

1

Аң аулайтын иттер





2

Елiктiрушi үйректер





3

Өзгелерi





      22. Аңшылық шаруашылығындағы құрылыстардың болуы

р/с№

Құрылыс түрі

Салынған
жылы

Саны

Алаңы (шаршы метр)

Төсек орнының саны

Ескертпе

1

Қорықшы кордоны






2

Басқа да құрылыстар






      23. Аңшылық шаруашылығындағы көлiктердің болуы

р/с

Көлiк түрлерi

20___ж.

20___ж.

20___ж.

20___ж.

20___ж.

1

Жүк автомашиналары






2

Жеңiл автомашиналар






3

Мотоциклдер






4

Қайықтар






5

Аттар






6

Қaршаналар






7

Өзгелері






      Пайдаланушы:___________ __________________________

      _______________________________ ________/_____________/

      Аңшылық шаруашылығының паспортын Пайдаланушы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанында статистикалық және бухгалтерлiк есепке алу құжаттарының негiзiнде толтырады. Паспортқа аңшылық шаруашылығының шекаралары мен межелі нүктелері көрсетілген карта-схема және жануарлардың есепке алу алаңдары мен есепке алу маршруттары көрсетілген карта-схема қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 542 бұйрығына
2-қосымша

Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт

______________ (елді мекен)

20__ жылғы "__" ___________

      _______________________ облысы (ауданы) әкімдігінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы 20_ жылғы "____"_____________№____шешімі (қаулысы) негізінде_______ _____________________________________________________________________________________________(кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көл-тауарлы балық өсiру шаруашылығын (бұдан әрi –КТБШ) және (немесе) шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу)мақсатында Ереже негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)" деп аталатын, __________________________________________________ бір тараптан және (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі) ____________________________________________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Пайдаланушы" деп аталатын __________________________

      ____________________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы)

      атынан ________________________________________________________________________

      (пайдаланушы өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      екінші тараптан төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

1-тарау. Шарттың нысанасы

      1. "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)" шартқа қоса беріліп отырған

      паспортта алаңы, мөлшері және басқа параметрлері көрсетілген,

      ___________________________________облысы__________________

      ауданында орналасқан "Пайдаланушыға"_______________________

      _____________________________________________________ мақсатында

      (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, КТБШ және (немесе) шарбақтық балық

      өсіру шаруашылығын жүргізу)

      бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдын (дар) ында және (немесе)

      учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын береді.

      2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі және/немесе олардың нөмірлері __________________

2-тарау. Тараптардың құқықтары

      3. "Пайдаланушының" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;

      2) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;

      3) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқығы бар.

      4. "Жергілікті атқарушы органның (Әкімдіктің)" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде шартты біржақты тәртіппен мынадай жағдайларда:

      1) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптары жүйелі түрде бұзылғанда;

      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылғанда;

      3) Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелер орындалмағанда немесе толық орындалмағанда бұзуға құқығы бар.

3-тарау. Тараптардың міндеттері

      5. "Пайдаланушы" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны уақтылы енгізуге;

      3) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      4) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатыгез қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалануға;

      5) мыналарды:

      бақылау үшін аулауды жүзеге асыру үшін – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – Инспекция);

      ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыру үшін – жеке және заңды тұлғаларға;

      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін – жеке тұлғаларға сервитут беруге;

      6) Инспекциямен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіптік запасының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;

      7) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода "Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша (бұдан әрі –Үлгілер) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және оны Инспекцияның лауазымды адамдарының талап етуі бойынша ұсынуға;

      8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 250 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6225 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру ережесімен белгіленген тәртіппен және мерзімде Инкпекцияға жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттар туралы, оның ішінде оларды бұзу туралы ақпаратты жолдауға;

      9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 185 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6196 болып тіркелген) бекітілген Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесімен белгіленген тәртіппен және мерзімде Инспекцияға ауланған балық ресурстары және басқа да су жануарлары, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай және берілген жолқұжаттар туралы мәліметтерді ұсынуға;

      10) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнгендерiн қорғауды және олардың өсімін молайтуды қамтамасыз ету және олардың санының азаюына жол бермеуге;

      11) балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;

      12) Үлгілер бойынша қыстау шұңқырларының, уылдырық шашатын жерлердің шекараларын, балық аулауға тыйым салынған балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің және жерлердің шекараларын белгілейтін аншлагтарды орнатуға;

      13) қорықшылық қызметiн құруға және оның күзет қызметін ұйымдастыруға;

      14) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төсбелгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;

      15) "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша және тәртіппен Инспекцияға мәліметтер ұсынуға;

      16) жеке тұлғаларға олардың ауызша және/немесе жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;

      17) кәсіпшілік күш-жүгер нормативтерін сақтауға;

      18) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15739 болып тіркелген) бекітілген Шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеуге;

      19) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсатында тексерулерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;

      20) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;

      21) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігінің қозғалысын келісуге;

      22) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті.

      6. "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру қағидаларында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, "Пайдаланушыға" жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге міндетті.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. "Пайдаланушы" осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін ешкімге толығымен де, ішінара да бермеуі тиіс.

      8. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру "Пайдаланушының" өз қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      9. "Пайдаланушының" құқықтары бұзылған жағдайда "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)" немесе Инспекция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары

      10. Егер Шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы оларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      11. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары деп Тараптардың бақылауына көнбейтін, олардың қателігімен немесе салақтығымен байланысты емес және тосын сипатқа ие осы Шартты орындауға кедергі келтіретін оқиға танылады.

      12. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, Пайдаланушы бұл жайында почтамен немесе факсимильді байланыспен еңсерілмейтін күштің мән-жайлары басталған уақытты және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарлама тапсыру және (немесе) жөнелту арқылы "Жергілікті атқарушы органды (Әкімдікті)" және Инспекцияны дереу хабардар етеді.

      13. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде, Тараптар орын алып отырған жағдайдан шығудың амалын іздестіру үшін Инспекция өкілдерінің қатысуымен дереу кеңес өткізеді және еңсерілмейтін күш мән-жайларының зардаптарын барынша азайту үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.

      14. Осы тарауда көрсетілген еңсерілмейтін күштің мән-жайларын құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдар растаған болса, олар заңды болып танылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және____ жыл мерзiмге жасалған.

      16. Балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың қолданылуы:

      1) балық шаруашылығын жүргізуден ерікті түрде бас тартқан;

      2) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) "Пайдаланушының" қызметі тоқтатылған;

      4) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiлiп берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет мұқтажына алып қойылған;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.

      17. Балық шаруашылығын жүргізу бойынша дауларды шешу кезінде Тараптар осы Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      18. "Пайдаланушыға" бекітіліп берілген осы балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы паспорт шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалса және оған екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қойса заңды күшке ие болады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      20. Тараптар осы Шарттан туындаған дауларды келіссөздер арқылы шешуге тырысады, ал егер Тараптар келісімге келе алмаса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      21. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар ___ данада жасалды.

7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары

      "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)"            "Пайдаланушы"

      __________________________________ _____________________________

      (атауы)                              (атауы)

      ______________________________ _________________________________

      (почталық мекенжайы)                  (почталық мекенжайы)

      ______________________________ _________________________________

      (банктік деректемелері)                  (банктік деректемелері)

      ______________________________ _________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты            (лауазымы, аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі)                        (бар болса), тегі)

      ______________________________ _________________________________

      (қолы, мөрі (бар болса))                  (қолы, мөрі (бар болса))

  Балық шаруашылығын
жүргiзуге арналған шартқа
қосымша
  Нысан

Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспорты

      _______________________________________________________________

      (су айдынының және (немесе) учаскенің атауы)

1-тарау. Географиялық орналасуы

      Әкімшілік облысы ____________________________________________________

      Әкімшілік ауданы ____________________________________________________

      Су айдынының орналасқан жері ________________________________________

      (жақын маңдағы елді мекеннің атауы, су айдынының

      ____________________________________________________________________

      орналасу бағыты, шақырыммен қашықтығы)

      Учаскенің шекаралары_________________________________________________

      (шекараның сипаттамасы, координаталары)

2-тарау. Физикалық сипаттамасы

      Ұзындығы, шақырым__________________________________________________

      Ені, шақырым ________________________________________________________

      Алаңы, гектар ________________________________________________________

      Ең жоғарғы тереңдігі, метр _____________________________________________

      Орташа тереңдігі, метр_________________________________________________

3-тарау. Биологиялық сипаттамасы

      Су айдынын: суүсті өсімдігінің басу дәрежесі____________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      суасты өсімдігінің басу дәрежесі______________________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      Фитопланктонның даму дәрежесі (судың гүлденуі)_______________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      Су айдыны фаунасының түрлік құрамы:

      ихтиофауна ________________________________________________________

      сүтқоректілер ______________________________________________________

      омыртқасыз су жануарлары __________________________________________

      Су айдыны кәсіпшілік фаунасының түрлік құрамы

      ихтиофауна ________________________________________________________

      сүтқоректілер ______________________________________________________

      омыртқасыз су жануарлары__________________________________________

      Су айдынының балық өнімділігі, гектарына килогамм

      ихтиофауна ________________________________________________________

      сүтқоректілер ______________________________________________________

      омыртқасыз су жануарлары__________________________________________

4-тарау. Шаруашылық сипаттамасы

      ____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағын суларымен, өндірістің басқа да қалдықтарымен)

      су айдынының ластануы

      Сутартқыштар _______________________________________________________

      (сутартқыш құрылыстардың типтері, қуаттылығы, ведомстволық тиістілігі)

      Тартымдардың, қалқымалардың, қосындардың, су айдынының (учаскесінің) балық ресурстарын пайдаланудың басқа да тұрақты орындарының саны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басқа мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Осы паспорт екі данада жасалды және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы паспортты рәсімдеген жергілікті атқарушы органның атауы

      ___________________________________________________________________

      Мөрдің (бар болса) орны                  Басшы _________________________

      (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ________________

      (қолы)