Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18110 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 11) және 21) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өлшем құралдарының типін бекіту туралысертификат нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес типті бекіту белгісінің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  ҚазақстанРеспубликасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығына
1-қосымша

Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

      2) модификация – өлшем құралының кейбір метрологиялық немесе техникалық сипаттамаларын өзгертетін өндірушінің өлшем құралына енгізетін өзгерісі;

      3) өлшем құралының типі – өлшем құралдарын әзірлеу кезінде олардың жиынтығына тағайындалатын және өлшем құралдарының типін бекіту кезінде бекітілетін жалпылама анықтама.

2-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау тәртібі

      3. Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығар алдында типін бекiтуге жатады.

      Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелерінің негізінде қабылдайды және осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады.

      4. Сериялық өндірілетін өлшем құралдары типін бекітуге жатады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін немесе партиялармен әкелінетін өлшем құралдары партияның типін бекітуге жатады.

      6. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын санаулы данада айналымға шығарылатын өлшем құралдары үшін Заңның 22-бабына сәйкес метрологиялық аттестаттау жүргізуге рұқсат етіледі.

      Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады.

      7. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, партияның типін бекіту және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО), оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді.

      8. Сериялы өндірілетін өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау өндірілетін өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігіне жауапты өндірушінің немесе Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдарын айналымға шығару кезінде іс-қимылды осы өндірушінің атынан өндірушімен шарт негізінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті өндірушісінің өтінімі бойынша жүргізіледі.

      9. Өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестігіне сынақ типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мына жағдайларда:

      1) мемлекеттік метрологиялық бақылау кезінде жүзеге асырылған тексерулердің теріс нәтижелерінде;

      2) бекітілген типтегі өлшем құралдарының модификациясында.

      10. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте жүргізілген өлшем құралдарының сынақ нәтижелері мен типін бекітуді тану Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде жүргізілген Өлшем құралдарын сынау және типін бекіту, метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1116 қаулысымен бекітілген "Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара тану туралы келісімге" сәйкес жүзеге асырылады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы сертификатпен куәландырылады.

      12. Өлшем құралдарының бекітілген типі, оның ішінде осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес тану рәсімі бойынша және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізіледі.

      13. Типін бекіту мақсатында сынақтар, метрологиялық аттестаттау жүргізу кезінде өлшем құралдарының метрологиялық маңызды бөлігін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз ету ҚР СТ 2.30 "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 2.30) сәйкес аттестаттауға жатады.

      14. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мерзімділігі Заңның 6-2-бабының 20) тармақшасына сәйкес бекітілетін Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіпте белгіленеді.

      15. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақ ҚР СТ 2.21 "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 2.21) сәйкес жүзеге асырылады.

      Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтар жүргізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:

      1) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;

      2) ҚР СТ 2.21 және МСҰ 67 "Өлшем құралдарының ұлттық тізілімі үшін өлшем құралдарының типін сипаттау. Құру, баяндау, ресімдеу және мазмұны" сәйкес нысан бойынша тип сипаттамасының жобасын;

      3) типтің сипаттамасын ашық баспада жариялауға рұқсат ету туралы өтініш берушінің хатын;

      4) Қазақстан Республикасында оларды пайдалану процесінде өлшем құралдарының салыстырып тексеру құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтерді;

      5) ұсынылатын мерзімді салыстырып тексерудің негізділігін растайтын құжаттарды;

      6) бағдарламалық қамтылымды аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімді (қажет болған жағдайда) ұсынады.

      Жүргізілген сынақтардың қорытындылары бойынша МҒМО өтініш берушіге оң сынақ нәтижелері туралы актісін және өлшем құралдары типінің сипаттамасын жібереді.

      16. Өлшеу жүйелерінің типін бекіту мақсатында сынақ ҚР СТ 2.81 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Ақпаратты өлшеу жүйелері. Түрін бекіту мақсатындағы сынақтардың типтік бағдарламасы" сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат алу туралы өтініш;

      2) Өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименталдық зерттеу жүргізу барысында, оң нәтижелер алынғаны туралы МҒМО-дан хат;

      3) ҚР СТ 2.21 Д қосымшасына сәйкес нысан бойынша типтің сипаттама жобасы 2 данада;

      4) Ашық мөртабанның типін сипаттауды жариялауға рұқсат ету туралы көрсетілетін қызметті алушының хаты;

      5) Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) ұсынады.

      18. Өлшем құралдарының типін бекіту туралы оң шешімі кезінде өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат ресімделеді және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін (әзірленген жағдайда) бір мезет бекіту кезінде тізілімде тіркеледі.

      19. Өлшем құралдарының типін бекіту туралы теріс шешімі кезінде өтініш берушіге өлшем құралдарының типін бекітуден бас тарту себептері көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      20. Нормаланғаннан ерекшеленетін жағдайлар мен режимдерде қолданылатын немесе құрылымына метрологиялық сипаттамаларға әсер ететін өзгерістер енгізілген немесе дербес метрологиялық сипаттамалар белгіленетін санаулы даналардағы, оның ішінде сериялық шығарылымның санаулы даналарындағы өлшем құралдары ҚР СТ 2.30 сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған өтінімді;

      2) бағдарламалық қамтылымды аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімді (қажет болған жағдайда);

      3) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;

      4) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасын;

      5) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасын (тізілімінде тіркелген салыстырып тексеру әдістемесі жоқ болған жағдайда).

      Автоматты басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендерге) кіретін өлшеу арналары үшін қосымша:

      6) жүйеге (кешенге) арналған техникалық құжаттар;

      7) метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеу арналарының тізбесі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеу арнасының құрамдас элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар ұсынылады.

      Жүргізілген метрологиялық аттестаттау қорытындысы бойынша өтініш берушіге эксперименттік зерттеулер хаттамасы және эксперименттік зерттеулер нәтижелері туралы хат жіберіледі.

      МҒМО өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудың теріс нәтижелері ҚР СТ 2.30 сәйкес өлшем құралдарының қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаны ресімдейді.

      24. Өлшем құралдарына арналған құжаттар, оның ішінде толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, жұмыс істеу принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттары, сондай-ақ таңбалаудағы мәтін мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аударманың теңтүпнұсқалығымен ұсынылады.

      25. Ақпаратты-өлшеу жүйелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі ҚР СТ 2.82 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Ақпаратты-өлшеу жүйелері. Метрологиялық аттестацияның жүргізілу реті" сәйкес жүзеге асырылады.

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
Нысан



      __________________________________________________________________

                                          уәкілетті органның атауы

      _________________________________________________________________

                                          МҒМО атауы

Метрологиялық аттестаттау туралы СЕРТИФИКАТ № (порталда берілетін нөмір)

  _____ ж. "_____" __________
  Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде
  № _______________________болып тіркелген

      Осы сертификат метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижелерінің негізінде

      __________________________________________________________________________

                              аттестатталған өлшем құралының атауы және типі

      __________________________________________________________________________

                                          өндірушінің атауы

      __________________________________________________________________________

                                          зауыттық нөмірі

      Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі____________________

      Салыстырып тексеру мерзімділігі_______________________________________

      ____________________________ ретінде айналымға шығаруға рұқсат етіледі.

      эталон, жұмыстық өлшем құралы

      Зерттеу нәтижелері осы сертификатқа қосымшада келтірілген

      (____ 20__ жылғы "____"________ Хаттама).

      _____________________      _______________ ________________

      мемлекеттік ғылыми қолы тегі, аты-жөні

      метрологиялық орталық

      басшысының лауазымы

      Мөр орны (бар болса)_____ жылғы "____"__________

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
Нысан



      __________________________________________________________

                              уәкілетті органның атауы

Өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы СЕРТИФИКАТ № (порталда берілетін нөмір)

  _____ ж. "_____" __________
  Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде
№___________болып тіркелген
_____жылғы "____" _______дейін жарамды

      Осы сертификат, ____________________________ типі

      __________________________________________________________________________

                                    өлшем құралының атауы,
_______________________________________________________________________________                                    типтің белгіленуі

      __________________________________________________________________________
                              өндірген өндірушінің атауы,

      __________________________________________________________________________

                              өндірістің аумақтық орналасқан жері

      жүргізген сынақ нәтижелерін тану және осы типті бекіту негізінде Қазақстан Республикасында айналымға шығарылды.

      _________________________________________________________________________

                        импорттаушы елдің метрология жөніндегі ұлттық органының атауы

      __________________ _______________             ____________________

      Уәкілетті орган             қолы                  тегі, аты-жөні

      басшысы

      Мөр орны (бар болса) ______ жылғы "____"_________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығына
2-қосымша
Нысан



уәкілетті органның атауы

      __________________________________________________________________________

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы СЕРТИФИКАТ № (порталда берілетін нөмір)

  Қазақстан Респубкасының
өлшем бірлігін қамтамасыз
етудің мемлекеттік жүйесі
тізілімінде
№___________болып тіркелген
_______ ж. "_______"
____________ дейін
қолданылады

      Осы сертификат сынақтардың оң нәтижелерінің негізінде

      __________________________________________________________________________                              өлшем құралының атауы

      __________________________________________________________________________
                  типін белгілеу, зауыттық нөмірі (зауыттық нөмірлер диапазоны)*

      __________________________________________________________________________

                                    өндірілген өндірушінің атауы

      __________________________________________________________________________
                              өндірістің аумақтық орналасқан жері

      типі бекітілді деп куәландырылады және Қазақстан Республикасында айналымға шығаруға рұқсат етіледі.

      _____________________ _______________ Уәкілетті органның қолы басшысы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығына
3-қосымша
Нысан

Типті бекіту белгісі

      1. Типін бекіту белгісі биіктігі 100 миллиметрге дейін және радиусы (R) 25 миллиметрге дейін жететін белгіні ұсынады.

      2. Белгі биіктігінің номиналды өлшемдері мынадай мәндерге сәйкес келеді: 2,5(R=0,625); 4(R=1); 5(R=1,25); 6(R=1,5); 10(R=2,5); 15(R=3,75); 25(R=6,25); 40(R=10); 50(R=12,5); 60(R=15); 100(R=25) миллиметр.