Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 535 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18064 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 535 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11278 болып тіркелген, 2015 жылы 30 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11411 болып тіркелген, 2015 жылы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Түркістан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.".

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталында;

      3) тиісті қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.".

      3. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11705 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11432 болып тіркелген, 2015 жылы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      5. "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-5/545 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12190 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Түркістан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталында;

      3) тиісті қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 4-1/379 бұйрығымен
бекітілген

"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның iшiнде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім бар хабарлама жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанында өтінім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің екінші вегетациясын – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетациясын – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетациясын – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың "Апорт" сортын өсіруге (күтіп-баптауға) субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінім береді.

      Өтінімнің қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебенің көрінуі растайды.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почтамен, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымын қабылдағанын растау үшін талон береді, онда талонның нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде;

      2) порталда;

      3) тиісті қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

  "Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім

      Кімге:___________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың,

      ауданның жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      Кімнен:__________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың көктемінде өндірілген

      жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық

      екпелерін _______ гектар алаңға отырғызуға _________________________________

      теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сомасы сандармен және жазбаша)

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

бизнес-сәйкестендіру нөмірі

тіркеу нөмірі

тіркелген күні

атауы

орналасқан жері

мемлекеттік тіркелген күні

кім берді

2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

кім берді

берілген күні

жеке сәйкестендіру нөмірі

3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама*

бизнес-сәйкестендіру нөмірі

тіркеу нөмірі

тіркелген күні

атауы

орналасқан жері

мемлекеттік тіркелген күні

кім берді

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі

4.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі

кадастрлық нөмірі

барлық алаң, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

сәйкестендіру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді

жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

5.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң не Ұлттық почта операторының анықтамасы

жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі

бенефициар коды

банктің немесе почта операторының деректемелері:
банктің немесе почта операторының атауы:

бизнес-сәйкестендіру коды

жеке сәйкестендіру коды

бизнес-сәйкестендіру нөмірі

бенефициар коды

6.

Бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімді отырғызу үшін бекітілген жұмыс жобасы

нөмірі

күні

7.

Жұмыс жобасын әзірлеуге жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

нөмірі

берілген күні

кім әзірледі

әзірлеуші орналасқан жердің мекенжайы

әзірлеушінің жеке сәйкестендіру коды

өлшем бірлігі

саны (көлемі)

қосылған құн салығымен бағасы (теңге)

барлық өткізу құны

8.

Отырғызу материалдарын сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі

берілген күні

отырғызу материалын сатушының атауы

отырғызу материалын сатушы орналасқан жердің мекенжайы

отырғызу материалын сатушының жеке сәйкестендіру коды

тауарлық-көліктік жүк құжаттың нөмірі

дақыл, сорты

өлшем бірлігі

саны (көлемі)

қосылған құн салығымен бағасы (теңге)

барлық өткізу құны

9.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тіреуіш бағаналарды сатып алу қажет болған жағдайда көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі

берілген күні

тіреуіш бағаналар сатушының атауы

тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы

тіреуіш бағаналар сатушының жеке сәйкестендіру коды

тауарлық-көліктік жүк құжаттың нөмірі

тіреуіш бағаналар атауы

өлшем бірлігі

саны (көлемі)

қосылған құн салығымен бағасы (теңге)

барлық өткізу құны

10.

Тамшылатып суару жүйесінің құрылысына жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тамшылап суару жүйесін сатып алу қажет болған жағдайда көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі

берілген күні

жабдық сатушының атауы

жабдық сатушы орналасқан жердің мекенжайы

жабдық сатушының жеке сәйкестендіру коды

тауарлық-көліктік жүк құжаттың нөмірі

жабдық атауы

өлшем бірлігі

саны (көлемі)

қосылған құн салығымен бағасы (теңге)

барлық өткізу құны

11.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар

12.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі

шарт жасалған күн

жабдық, материал сатушының атауы

жабдық, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы

жабдық, материал сатушының жеке сәйкестендіру коды

жабдықтың, материалдың атауы

өлшем бірлігі

саны (көлемі)

қосылған құн салығымен бағасы (теңге)

барлық өткізу бағасы

берілген күні

кім берді

13.

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көшеттерін өндіруші берген отырғызу материалына арналған сорттық куәлік

куәліктің нөмірі

берілген күні

кім берді

      Ескертпелер:

      * өтініш иесінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.

      ** жоғарыда көрсетілген кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Отырғызу алаңы, гектар

1 гектарға субсидия нормасы, теңге

Субсидиялар мөлшері, теңге (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

Жиыны

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      Электронды цифрлы қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Облыс басқармасы 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  "Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидиялар алуға арналған өтінім

      Кімге:___________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың,

      ауданның жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      Кімнен:_________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,

      Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың көктемінде ___________

      гектар алаңға отырғызылған "____" жылғы өсім жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің

      (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық екпелеріне

      _________________________ теңге (сомасы сандармен және жазбаша)

      мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң не Ұлттық почта операторының анықтамасы

жеке сәйкестендіру коды

бенефициар коды

банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:

бизнес-сәйкестендіру коды

корпоративтік шот

бизнес-сәйкестендіру нөмірі

бенефициар коды

2.

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау актісі

нөмірі

толтырылған күні

дақыл

сорты

егу схемасы

алаңы

дақыл

сорты

егу схемасы

алаңы

дақыл

сорты

егу схемасы

алаңы

3.

Алдыңғы жылдары субсидияларды алғаны туралы куәландыратын құжаттар

нөмірі

берілген күні

сомасы (теңге)

4.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары

шот-фактура нөмірі

берілген күні

тіреуіш бағаналар сатушының атауы

тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы

тіреуіш бағаналар сатушының жеке сәйкестендіру коды

тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі

тіреуіш бағаналардың атауы

өлшем бірлігі

саны (көлемі)

қосылған құн салығымен бағасы (теңге)

барлық өткізу құны

5.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар

6.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі

жасасу күні

жабдықтар, материал сатушының атауы

жабдықтар, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы

жабдықтар, материал сатушының жеке сәйкестендіру коды

жабдықтардың, материалдың атауы

өлшем бірлігі

саны (көлемі)

қосылған құн салығымен бағасы (теңге)

барлық өткізу құны

      Ескертпе: * өтініш несінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.

      Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Өсіру алаңы, гектар

1 гектарға субсидия нормасы, теңге

Субсидиялар мөлшері, теңге (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

Жиыны

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      Электронды цифрлы қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Облыс басқармасы 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/423 бұйрығымен
бекітілген

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      Порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім бар хабарлама жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде порталда өтінімнің қабылданғанын растау ретінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған электрондық өтінімнің жолданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымын қабылдағанын растау үшін талон береді, онда талонның нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде;

      2) порталда;

      3) тиісті қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

  "Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және
көктемгi-егiс пен егін жинау
жұмыстарын жүргізу
үшін қажетті басқада тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан

Басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім

      ________________________________________________________________________

                                          (құрылтай шарты)

      негізінде әрекет ететін_____________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі)

      атынан бірінші басшы* ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________

                              (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі лауазымы)

      басым дақылдарды өндіруге субсидия бөлуді сұрайды:

      1.

р/с

Дақыл

Көлемі, тонна

Танаптың кадастрлық нөмірі

1

2

3

4

      2. Өтініш беруші туралы мәлімет.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы* __________________________________________________________________

      БСН*____________________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі*_________________________________

      мекенжайы:*_____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*____________________________________________________

      3. Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі*__________________________________________

      ЖСН*__________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмері *________________________________________________________________

      кім берді* ______________________________________________________________

      берілген күні* ___________________________________________________________

      мекенжайы:*____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*____________________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама –

      жеке тұлғалар үшін:

      орналасқан жері _________________________________________________________

      хабардар еткен күн _______________________________________________________

      4. Ауыл шаруашылығы кооперативі үшін:

      атауы*__________________________________________________________________

      БСН*____________________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі*_________________________________

      мекенжайы:* ____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*____________________________________________________

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН*/ЖСН*

1

2

3

      5. Жер учаскесі туралы мәлімет:

кадастрлық нөмірі

барлық алаңы, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6

      6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шотының бары туралы мәліметтер:

      ЖСН*/БСН* ______________________________________________________________

      Банктің деректемелері:____________________________________________________

      Банктің атауы: ___________________________________________________________

      БСК*____________________________________________________________________

      ЖСК* ___________________________________________________________________

      БСН *___________________________________________________________________

      Кбе*____________________________________________________________________

      7. Өңдеуші кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарт:

      нөмірі __________________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі__________________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен ____________________________________________________

      8. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі мен өңдеуші кәсіпорын арасында ауыл шаруашылығы өнімін беруді растайтын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі__________________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен ____________________________________________________

      9. Өңдеуші кәсіпорынның шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттары:

      нөмірі және берілген күні __________________________________________________

      өңдеуші кәсіпорынның атауы _______________________________________________

      өңдеуші кәсіпорынның орналасқан жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________

      10. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы өнімін беруді растайтын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі _________________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен ____________________________________________________

      11. Өңдеуші кәсіпорын немесе өзінің өңдеу цехы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі шығаратын өнімнің сәйкестік сертификаты:

      нөмірі __________________________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________________

      өнімнің атауы ___________________________________________________________

      техникалық регламент ____________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпараттарды жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "____" ___________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер*

      ЭЦҚ қол қойылған күні және уақыты*

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Кбе – бенефициар коды;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 4-1/428 бұйрығымен
бекітілген

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      Порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім бар хабарлама жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алуға өтінім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде порталда өтінімнің қабылданғанын растау ретінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған электрондық өтінімнің жолданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымын қабылдағанын растау үшін талон береді, онда талонның нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде;

      2) порталда;

      3) тиісті қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

  "Ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіруге субсидиялар алуға арналған өтінім

      ________________________________________________________________________

                                          (құрылтай шарты)

      негізінде әрекет ететін____________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі)

      атынан бірінші басшы* ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі лауазымы)

      ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіруге субсидия бөлуді сұрайды:

      1.

р/с №

Дақыл

Көлемі, тонна

Танаптың кадастрлық нөмірі

1

2

3

4

      2. Өтініш беруші туралы мәлімет. Заңды тұлға үшін: атауы*

      _________________________________________________________________

      БСН*___________________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі*________________________________

      мекенжайы:*____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*___________________________________________________

      3. Жеке тұлғалар үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі*__________________________________________

      ЖСН*___________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмері *________________________________________________________________

      кім берді* ______________________________________________________________

      берілген күні* ___________________________________________________________

      мекенжайы:*____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*___________________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлғалар үшін: