Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 17920 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Орталық депозитарийдiң қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасын, 8-тармағының 3) тармақшасын, 12-тармағын және 43-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 307 қаулысымен
бекітілген

Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленген және орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) депонент – орталық депозитарийдiң Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асыратын клиенті;

      2) депонент клиенті – номиналды ұстау қызметтерін көрсетуге депонентпен жасалған шартқа сәйкес депоненттің қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) есеп айырысу ұйымы – орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша ұлттық валютада және шетел валютасында ақша аударуды және есепке алуды жүзеге асыратын ұйым;

      4) есепке алу ұйымы – қаржы құралдарын есепке алу үшін орталық депозитарийдің атына жеке шоттар ашылған кастодиан банк, халықаралық және шетелдік депозитарийлер;

      5) қосалқы шот – уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын депонентке (депонент клиентіне) немесе ұйымдарға тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған жеке шот шеңберінде ашылатын қосалқы шот;

      6) резервтік орталық – орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің сақталуын жүзеге асыратын ұйым;

      7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      8) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) – бағалы қағаздарды және басқа да қаржы құралдарын сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға орталық депозитарий беретін әріптік-цифрлық код.

      3. Орталық депозитарий күнделікті орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректерді резервтік көшіруді және сақтауды жүзеге асырады.

      Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсат етілмеген кіруден қорғалуға тиіс және олар жаңартылған резервтік көшірмелерге ауыстырғанға дейін сақталады.

      Резервтік көшірмелер резервтік орталықта не уәкілетті органның сейфтік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымда сыртқы ақпарат тасымалдағыштарда сақталады.

      Орталық депозитарий резервтік көшірмелерді сақтау шарты жасалған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шарт жасалған (бұзылған) ұйымның атауын, сондай-ақ шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      4. Орталық депозитарий ішкі бақылауды өзінің басқару органы бекіткен, мыналарды айқындайтын ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады:

      1) ішкі бақылаудың объектісін;

      2) орталық депозитарийдің ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын талаптарды;

      3) орталық депозитарийдің лауазымды адамдары мен қызметкерлері жүзеге асыратын ішкі бақылау рәсімдерін, оларды жүргізу мерзімдері мен тәртібін;

      4) орталық депозитарийдің ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерінің, орталық депозитарий органдарының ішкі бақылау нәтижелері туралы хабарлау тәртібі мен мерзімдерін.

      5. Орталық депозитарийдің басқару органы ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметінің ішкі аудит саласындағы міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.

      Ішкі аудит қызметі жұмысының мәселелері бойынша орталық депозитарийдің басқару органы бекіткен ішкі құжаттарында:

      ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;

      ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;

      ішкі аудит объектісі;

      ішкі аудит қызметіне тексерулер жүргізу ауқымы және жиілігі;

      ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;

      ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есептерді орталық депозитарийдің басқару органына ұсыну мерзімдері мен нысаны айқындалады.

      Орталық депозитарийдің ішкі бақылауды және (немесе) ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлері ішкі бақылау және (немесе) ішкі аудит объектісі болып табылатын қызмет түрлерін жүзеге асырмайды.

      Орталық депозитарийдің операциялық күні бір күнде кемінде жеті сағаттық жұмыс уақытын құрайды.

      6. Орталық депозитарий өз клиенттеріне және қор биржасына қағидалар жинағына барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің мөлшеріндегі және тәртібіндегі өзгерістер туралы олар қолданысқа енгізілген күнге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей хабарлайды.

      6-1. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 25-1-бабына сәйкес іске асырылған операцияның нәтижелері бойынша ақша төлеуді жүзеге асыру үшін акционерлердің тізімі орталық депозитарий қағидаларының жинағына сәйкес жасалады.

      Орталық депозитарий осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлға (бұдан әрі – ірі акционер) өтініш берген акционерлік қоғамға (бұдан әрі – қоғам) акционерлердің өздеріне тиесілі қоғамның акцияларын ірі акционердің талап етуі бойынша Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес сату мәмілесін жүзеге асырғанға дейін ұсынады.

      Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 125 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Орталық депозитарийдің депозитарлық қызметі

      7. Орталық депозитарий депозитарлық қызметті жүзеге асыру барысында:

      1) депоненттерге қаржы құралдарының номиналдық ұстау қызметтерін көрсетеді;

      2) бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында жасалған мәмілелер бойынша және бағалы қағаздардың ұйымдаспаған нарығында жасалған мәмілелер бойынша оның депоненттерінің, сондай-ақ өзге клиенттерінің қатысуымен қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға депозитарлық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес өзге де қызметтің түрлерін көрсетеді.

      8. Орталық депозитарийдің ұйымдық құрылымына:

      1) депозитарлық қызметті;

      2) қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу кезінде, қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу және оларды өтеу кезінде ақша аударымдарын жүзеге асыруды, сондай-ақ депоненттердің және олардың клиенттерінің ақшасын есепке алуға және сақтауға арналған ағымдағы шоттарды ашуды және жүргізуді;

      3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді;

      4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті;

      5) тәуекелдерді басқаруды;

      6) ішкі аудитті жүзеге асыратын жекелеген бөлімшелер кіреді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген бөлімшенің болуы туралы талап орталық депозитарийге, ол қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырған кезде қолданылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлері қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын бөлімшені қоспағанда, басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқармайды.

      9. Орталық депозитарий өз активтерінің есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін құрамында 3 (үш) адамнан кем болмайтын инвестициялық комитетті құрады.

      10. Инвестициялық комитеттің құрамына:

      1) орталық депозитарийдің атқарушы органының мүшелері;

      2) орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің басшысы кіреді.

      Инвестициялық комитеттің мүшелерін сайлауды орталық депозитарийдің атқарушы органы жүзеге асырады.

      11. Орталық депозитарий:

      1) ақпараттық-талдамалық қызметтерді көрсететін ұйымдарды;

      2) орталық депозитарийдің қызметіне техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды;

      3) клирингтік немесе есеп айырысу ұйымдарын қоспағанда, заңды тұлғалардың құрылуына және қызметіне араласпайды.

      12. Орталық депозитарий Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 80-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібіне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүзеге асырады.

      12-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметі шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының ықпалдасқан ақпараттық жүйесін пайдалану және қолдау;

      2) өзінің клиенттеріне биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының ықпалдасқан ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат беру;

      3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау үшін орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына баға белгілеумен алмасуды ұйымдастыру;

      4) орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы хабарламалармен алмасуды ұйымдастыру;

      5) Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда көзделген өзге де функциялар.

      Орталық депозитарийдің бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру тәртібі орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.

      Ескерту. 2-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 125 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Орталық депозитарий клиенттерге, клиринг ұйымдарына және (немесе) бағалы қағаздардың ұйымдасқан және ұйымдаспаған нарығының орталық контрагентіне Қағидаларда және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленген талаптармен және тәртіппен қызмет көрсетеді.

      14. Орталық депозитарий өздерінің клиенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары және өзге қаржы құралдары бойынша мәмілелерді тіркеу, есебін жүргізу және құқықтарын растау мақсатында жеке шоттар (қосалқы шоттар) ашады және оларды жүргізу күнін, уақытын және негіздерді көрсете отырып, жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша барлық операциялардың есебін жүргізеді.

      15. Орталық депозитарий клиенттерінің қаржы құралдарын есепке алу орталық депозитарийдің өзіне тиесілі қаржы құралдарынан бөлек баланстан тыс шоттарда жүзеге асырылады.

      16. Орталық депозитарий номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мынадай заңды тұлғаларға жеке шоттар ашады:

      1) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

      2) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      4) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиясыз дилерлік қызметті жүзеге асыратын;

      6) шетелдік депозитарийлер мен кастодиандар;

      7) шетелдік есеп айырысу ұйымдары;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;

      9) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым.

      Орталық депозитарийдің номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаларға номиналдық ұстаушының бір жеке шоты ғана ашылады.

      Номиналдық ұстаушының жеке шотын ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 125 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Қағидалардың 16-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның жеке шотында осы заңды тұлғаға тиесілі қаржы құралдарын есеп алуға арналған бір қосалқы шот қана ашылады.

      18. Депоненттердің және олардың клиенттерінің қаржы құралдарын бөлек есепке алуды қамтамасыз ету үшін депоненттің жеке шотында мынадай қосалқы шоттар ашылады:

      1) депоненттің атына ашылатын және депонентке тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;

      2) депоненттің атына ашылатын және депонент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің сатып алған меншікті бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      3) депоненттің атына ашылатын және осы депоненттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      4) депонент клиентінің атына ашылатын және депоненттің белгілі бір клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған ұстаушының қосалқы шоты.

      Қағидалардың 16-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның жеке шотында ашылатын ұстаушының қосалқы шоты осы заңды тұлғаның клиентіне клиенттің аты көрсетіле отырып не ондайсыз (осы шоттың заңды тұлғаның клиентіне тиесілілігі туралы белгімен) оның өтініші негізінде ашылады;

      5) номиналды ұстаушының атына ашылатын және номиналды ұстауға берілген қаржы құралдарын есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты.

      Номиналды ұстаушының қосалқы шоты:

      шетелдік депозитарийге немесе шетелдік кастодианға олардың клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған олардың жеке шотында;

      депоненттің, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент номиналды ұстаушысына ашылады;

      басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодианның клиенті болып табылатын;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызмет істейтін қор биржасында айналыстағы қаржы құралдарын есепке алу үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті - номиналды ұстаушысына ашылады;

      6) эмитенттің атына ашылатын және эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің сатып алған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      7) эмитенттің атына ашылатын және осы эмитенттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 125 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Орталық депозитарийдің депоненті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен кастодиандық, брокерлік және дилерлік қызметті қоса атқарған кезде:

      1) Қағидалардың 18-тармағының 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар номиналды ұстау қызметтерін көрсетумен брокерлік қызметтерді көрсету туралы шартқа сәйкес депонент ұсынған қосалқы шотты ашу жөніндегі бұйрық негізінде ашылады;

      2) Қағидалардың 18-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар депонент кастодиандық қызмет көрсету шартына сәйкес:

      кастодиандық қызмет көрсетуге берілген оларға тиесілі қаржы құралдарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасы резиденттерінің;

      басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының резидент номиналды ұстаушыларының;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент номиналды ұстаушыларының атына ұсынған қосалқы шотты ашу жөніндегі бұйрық негізінде ашылады.

      20. Орталық депозитарий клиенттерінің жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашу және жүргізу тәртібі Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 36, 57, 58, 59, 60, 61, 78, 80, 81 және 82-баптарында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында, осы Қағидаларда және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.

      Қағидалардың 18-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жасырын жеке шоттарды және қосалқы шоттарды, сондай-ақ ойдан шығарылған аттарға жеке шоттарды және қосалқы шоттарды ашуға жол берілмейді.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 125 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды:

      1) депоненттердің тиісті бұйрықтары;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушының бұйрықтары;

      3) клирингтік ұйымның және (немесе) орталық контрагенттің бұйрықтары;

      4) орталық депозитариймен орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленген тәртіппен шарт жасасқан депонент клиентінің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Депонент клиенттері орталық депозитарийге оның қағидалар жинағында көзделген тәртіппен және талаптармен өтініш берген кезде, орталық депозитарий депонент клиенттерінің бұйрықтары негізінде ақпараттық операцияларды жүзеге асырады.

      22. Орталық депозитарий бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды мына:

      1) орталық депозитарий клиентінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе айырылған (кері қайтарылған) (қаржы құралдарын басқа депоненттерге номиналды ұстауға аудару немесе қаржы құралдарын орталық депозитарийдің номиналды ұстауынан шығару бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды қоспағанда);

      2) бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға (ақпараттық операцияларды қоспағанда) уәкілеттік берілген уәкілетті орган немесе мемлекеттік органдар бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұрған немесе тоқтатқан;

      3) бағалы қағаздар шығарылымының талаптарына сәйкес бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұрған немесе тоқтатқан (ақпараттық операцияларды, номиналды ұстаушы ауысқан кезде қажетті немесе осындай бағалы қағаздарды өтеу кезінде жүргізілетін операцияларды, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ашқан қосалқы шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ашылған қосалқы шоттарға есепке алу жөніндегі операцияларды қоспағанда);

      4) бұйрық орталық депозитарийдің қағидалары жинағында белгіленген нысанға сәйкес келмеген;

      5) бұйрықтың толтыру үшін міндетті деректемелері болмаған, сондай-ақ түзетулер немесе түзетілген жерлер болған;

      6) бұйрықтардағы қойылған қол үлгілері нотариат куәландырған үлгілерге сәйкес келмеген;

      7) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот (қосалқы шот) оқшауланған;

      8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктер қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) (қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына) қаржы құралдарын есептен шығару (есепке алу) бойынша операцияларды жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген қаржы құралдарына ауыртпалық салынған;

      9) орталық депозитарий клиенттерінің шоттарында (қосалқы шоттарында) қаржы құралдарының және (немесе) ақшаның қажетті саны болмаған;

      10) егер қарсы бұйрықты ұсыну қажеттілігі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген болса, қарсы бұйрық болмаған;

      11) орталық депозитарийдің қаржы құралдарын номиналды ұстауға (ұстаудан) енгізуге (шығаруға) бұйрығын есепке алу ұйымының орындамағаны туралы хабарламаны алған;

      12) мәміле Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келмеген;

      13) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген жағдайларда ресімдейді.

      Жазбаша бас тарту поштамен және (немесе) қолға беру арқылы және (немесе) электрондық поштамен және (немесе) факсимильді немесе орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген өзге де ықтимал байланыс түрлері арқылы жіберіледі.

      23. Орталық депозитарий құжаттама нысанында шығарылған қаржы құралдарын және клиенттердің олар бойынша құқықтары туралы жазбаларды, оның ішінде көрсетілген ақпаратты көшіру жүйесін және жазбаларды сақтаудың қауіпсіз жүйесін пайдалану арқылы сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

      24. Орталық депозитарий құжаттама нысанында шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыруды аталған қаржы құралдары бойынша құқықтарды орталық депозитарий клиенттерінің жеке шоттарында (қосалқы шоттарында) номиналды ұстауды өзінің есепке алу жүйесінде есепке алу және куәландыру арқылы жүзеге асырады.

      Орталық депозитарий қаржы құралдары бойынша клиенттердің құқықтарын орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді-көшірмені беру арқылы растайды.

      25. Орталық депозитарий материалсыздандырылған қаржы құралдарын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтауды жүзеге асырады.

      26. Номиналды ұстаудағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу бойынша және оларды өтеген кезде төлем агентінің функцияларын орындау мақсатында орталық депозитарий бірмезгілде клиенттерге номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар (қосалқы шоттар) мен банк шоттарын ашады.

      27. Орталық депозитарий депоненттерінің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алу баланстан тыс шоттарда бөлек жүзеге асырылады.

      Орталық депозитарий клиенттердің және депоненттердің ақшасын есепке алуды екі банктік шот ашу арқылы жеке жүзеге асырады.

      28. Орталық депозитарий күн сайын брокерлерден және (немесе) дилерлерден әрбір клиенттің орталық депозитарийде ашылған шотындағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған ақша сомасы туралы мәліметтерді қабылдауды қамтамасыз етеді.

      Брокерлер және (немесе) дилерлер әрбір клиенттің орталық депозитарийде ашылған шотындағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған ақша сомасы туралы ұсынған мәліметтерді орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі клиенттің қосалқы шоты жабылған күннен бастап 5 (бес жыл) ішінде сақтауы тиіс.

      29. Орталық депозитарий немесе есеп айырысу ұйымы орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша қаржы құралдарымен мәмілелер жасалған кезде ақша бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады.

      30. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша функцияларды орындау аясында оның шетелдік номиналды ұстаушы болып табылатын клиентінің артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыруға өтінімді депоненттен алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осы өтінімді эмитентке жібереді.

      31. Орталық депозитарий номиналды ұстау қызметін көрсету мақсатында өз атына:

      1) қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдік депозитарийлердегі, сондай-ақ "Астана" Халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес депозитарийлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымда номиналды ұстаудың жеке шоттарын;

      2) орталық депозитарий кірісті төлеген кезде және (немесе) орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын өтеген кезде алатын ақшаны есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау үшін кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдік депозитарийлерде банк шоттарын ашады.

      32. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарды және олар бойынша құқықтарды есепке алады. Орталық депозитарийдің мемлекеттік бағалы қағаздарға депозиторлық қызмет көрсетуді жүзеге асыру талаптары мен тәртібі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 7-бабында орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында айқындалады.

      33. Орталық депозитарий клиенттер және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар алдында олардың жеке шоттарының (қосалқы шоттарының), банк шоттарының және көрсетілген шоттар бойынша жасалатын операциялардың жай-күйі туралы есеп береді.

      Клиенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (қосалқы шоттарынан) және банк шоттарынан үзінді-көшірмелерді ұсыну мерзімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.

      34. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен айналыс мерзімі өткен, эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамауы нәтижесінде осы талап ету құқығы туындаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарына идентификаторларды береді және уәкілетті органға осындай эмиссиялық бағалы қағаздардың идентификаттау нөмірін көрсете отырып, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарына берілген идентификатор туралы мәліметтерді жібереді.

      35. Орталық депозитарий бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шот бойынша айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке алу бойынша операцияларды жүргізгеннен кейін депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мемлекеттік органдардың актілері және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның 12-бабында көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің негізінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) есептен шығару және осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық салу, сенімгерлікпен басқару) сақтай отырып, эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке алу бойынша операцияларды жүргізеді және депоненттерге:

      айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жол берген дефолт;

      эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарына берілген идентификатор;

      орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтер қамтылған хабарлама жібереді.

      Орталық депозитарий эмитенттің айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары идентификаторларының тізілімін орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      36. Орталық депозитарий қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдары акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесін алған күні операцияларды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тиісті жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) көрсетеді және депоненттерге номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген операциялар туралы есепті жібереді.

      37. Орталық депозитарий уәкілетті орган берген қызметтің бір лицензияланатын түріне (шағын түріне) лицензиялары бар және Қағидалардың 16-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген қаржы ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған және оған қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының лицензиясы қайта ресімделген қаржы ұйымынан алынған бұйрықтың негізінде, сол күні:

      1) қаржы ұйымдары қосылған кезде:

      қосылу нәтижесінде пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының клиенттеріне қосалқы шоттарды ашады;

      қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының жеке шоттары шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын) есептен шығарады және қаржы ұйымы қосылу нәтижесінде жаңадан пайда болған жеке шоты шеңберінде ашылған осы клиенттердің қосалқы шоттарына оларды одан әрі есепке алады;

      қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының жеке шоттары шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарын жабады;

      2) бір қаржы ұйымын екінші қаржы ұйымына қосқан кезде:

      қосылу сәтінде қосылу жүзеге асырылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде қосалқы шоттары ашылған клиенттерді қоспағанда, қосылу жүзеге асырылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде қосылатын қаржы ұйымының клиенттеріне қосалқы шоттар ашады;

      қосылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын) есептен шығарады және қосылу жүзеге асырылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған осы клиенттердің қосалқы шоттарына оларды одан әрі есепке алады;

      қосылған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарын жабады.

      Қағидалардың 16-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген уәкілетті органның лицензиясы бар қаржы ұйымы бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде орталық депозитарий бөлу нәтижесінде жаңадан құрылған және оған қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының лицензиясы қайта ресімделген қаржы ұйымының бұйрығы негізінде және оны алған күні:

      уәкілетті органның лицензиясы қайта ресімделген, бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының клиенттеріне қосалқы шоттар ашады;

      бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын) есептен шығару және бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған, оған уәкілетті органның лицензиясы қайта ресімделген қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған осы клиенттердің қосалқы шоттарына оларды одан әрі есепке жазады;

      бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарын жабады.

      Қаржы ұйымы бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде бағалы қағаздарын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын) бөліп шығарылуы жүргізілген қаржы ұйымы клиенттерінің қосалқы шоттарында есепке алу жалғастырылады.

      Қаржы ұйымдары қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде мұндай қаржы ұйымдарының клиенттерінде екі және одан көп қосалқы шот болған жағдайда, орталық депозитарий қаржы ұйымы қосылу нәтижесінде жаңадан пайда болған жеке шоты шеңберінде осы клиентке бір қосалқы шот ашады. Қосалқы шот деректемелері ретінде қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының клиенті орталық депозитарийге өзгерістерін ұсынған қосалқы шоттың деректері қабылданады.

      Қаржы ұйымдары қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде қосылатын ұйым клиентінде біріктіруі жүзеге асырылатын қаржы ұйымының қосалқы шоты болған жағдайда, орталық депозитарий осы клиенттің бағалы қағаздарын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын) көрсетілген қосалқы шотқа есепке алады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдары клиенттерінің қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операцияларын орталық депозитарий егер мұндай операцияларды тіркеу бағалы қағаздардың меншік иелерін ауыстыруға әкеп соқпаған жағдайда ғана жүзеге асырады.

      Егер қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымының және (немесе) оның клиенттерінің қосалқы шоттарында мәмілелер жасауға шектеулер белгіленген бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтар) есепте болса, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген іс-қимылдарды орталық депозитарий осы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу жүзеге асырылатын қаржы ұйымының және (немесе) оның клиенттерінің қосалқы шоттарында осындай салынған шектеулер туралы және осы шектеулерді салған адамдарға осындай бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оларға салынған шектеулермен одан әрі есепке алу жүзеге асырылатын қосалқы шоттардың жаңа деректемелері көрсетіле отырып жүргізілген операциялар туралы мәліметтерді бір мезгілде көрсете отырып, жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген операциялар жүргізілгеннен кейін орталық депозитарий қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдарына орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген операциялар туралы есептерді операция жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

3-тарау. Депозитарлық қызмет көрсету шарты және банк шотының шарты

      38. Депозитарлық қызметті жүзеге асырған кезде орталық депозитарийдің клиенттері Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 78-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар болып табылады.

      Орталық депозитарий жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу операцияларын жүргізген кезде орталық депозитарийдің клиенттері Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 78-бабының 3-тармағында көрсетілген, орталық депозитариймен банк шоты шартын жасасқан ұйымдар болып табылады.

      39. Орталық депозитарий Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 78-бабының 3-тармағында көрсетілген клиенттермен депозитарлық қызмет көрсету шарттарын және банк шоты шарттарын жасайды. Шарттар жазбаша түрде жасалады.

      Орталық депозитарий бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерін көрсеткен кезде депозитарлық қызмет көрсету шартында Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 60-бабына сәйкес номиналды ұстау туралы шартының нормалары қамтылады.

      Банк шотын жасаудың талаптары мен тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.

      40. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша аударым операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді 2016 жылғы 26 шілдедегі "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14335 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларында көзделген тәртіппен орталық депозитарий жүзеге асырады.

3-1-тарау. Талап етілмеген ақшаны орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде есепке алу тәртібі

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 125 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, ірі акционердің қалған акционерлерден сатып алған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударылады.

      Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кеш емес мерзімде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа жүзеге асырылады.

      Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу дивиденд алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейін тоқсан күннен кеш емес мерзімде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа жүзеге асырылады.

      40-2. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес ірі акционер қалған акционерлерден сатып алған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақшаны және қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олар туралы өзекті мәліметтер жоқ акционерлерге дивиденд төлеуге арналған ақшаны есепке алу орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде әрбір тұлға бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады.

      40-3. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес ірі акционер өзекті деректемелері жоқ қалған акционерлерден сатып алған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеу үшін осы тұлға бірмезгілде орталық депозитарийге қоғамның акцияларын сатып алу бұйрығын береді және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа қажетті ақша сомасын аударады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұйрыққа акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалған ірі акционерге сату бағасын растайтын құжат қоса беріледі.

      40-4. Өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ акционерлердің өздеріне тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын ірі акционердің талап етуі бойынша Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес сату мәмілесін тіркеуді жүзеге асырғанға дейін орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударылған ақша сомасын ірі акционердің тиісті бұйрығындағы ақпаратпен салыстырып тексереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соманың алшақтығы анықталған кезде ірі акционер орталық депозитарийден осы алшақтық туралы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұйрыққа қажетті түзету енгізеді не орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа жетпей тұрған ақша сомасын аударады.

      Егер Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес ірі акционер қалған акционерлерден сатып алған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақшаның сомасы талап етілетін сомадан артық болса, онда осындай айырмашылық ірі акционерге оның банктік шотына қайтарылады.

      40-5. Орталық депозитарий эмитентке төлем агентінің қызметін көрсетпейтін жағдайда, эмитент Қағидалардың 40-1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген мерзім ішінде орталық депозитарийге орталық депозитарийдің ішкі құжатымен бекітілген нысанға сәйкес қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты дивиденд төленбеген акционерлер туралы мәліметтерді жібереді, сондай-ақ қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ акционерлерге дивиденд төлеуге арналған ақшаны орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударады.

      Орталық депозитарий эмитенттен алған дивиденд төленбеген акционерлер туралы мәліметтерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі ақпаратпен салыстырып тексереді, сондай-ақ эмитенттен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа түскен ақша сомасын осы эмитенттің ұсынған мәліметтерінде көрсетілген ақша сомасымен салыстырып тексереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес орталық депозитарий жүргізген салыстырып тексеру қорытындысы бойынша алшақтықтар болмаған кезде орталық депозитарий эмитенттің төлем тапсырмасын қабылдайды, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізеді және бірмезгілде эмитентке осы операциялардың орындалғаны туралы есепті жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген соманың алшақтығы анықталған жағдайда осы ақпарат түзету шараларын қабылдау үшін эмитентке хабарланады.

      40-6. Орталық депозитарий эмитентке төлем агентінің қызметін көрсететін жағдайда, қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ акционерлерге дивиденд төлеуге арналған ақшаны орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аудару операциясы "Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2632 болып тіркелген) және орталық депозитарий қағидаларының жинағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Орталық депозитарий қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ акционерлерге дивиденд төлеуге арналған ақшаны орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударады, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізеді және бірмезгілде эмитентке осы операциялардың орындалғаны туралы есепті жібереді.

      40-7. Эмитент 2019 жылғы 1 шілдеде төленбеген дивидендтер болған кезде орталық депозитарийге орталық депозитарийдің ішкі құжатымен бекітілген нысанға сәйкес қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты дивиденд төленбеген акционерлер туралы мәліметтерді жібереді, сондай-ақ қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ акционерлерге дивиденд төлеуге арналған ақшаны орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударады.

      Орталық депозитарий эмитенттен алған дивиденд төленбеген акционерлер туралы мәліметтерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі ақпаратпен (бар болса) салыстырып тексереді, сондай-ақ эмитенттен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа түскен ақша сомасын осы эмитенттің ұсынған мәліметтерінде көрсетілген ақша сомасымен салыстырып тексереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес орталық депозитарий жүргізген салыстырып тексеру қорытындысы бойынша алшақтықтар болмаған кезде орталық депозитарий эмитенттің төлем тапсырмасын қабылдайды, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізеді және бірмезгілде эмитентке осы операциялардың орындалғаны туралы есепті жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген соманың алшақтығы анықталған жағдайда осы ақпарат түзету шараларын қабылдау үшін эмитентке хабарланады.

      40-8. Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты дивиденд төленбеген тұлғаның деректемелері туралы мәліметтерді орталық депозитарий тұлғаның өзінің және (немесе) осы тұлға акционері болып табылатын қоғамның өтініші негізінде өтінішті алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей өзекті етеді.

      Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты дивиденд төленбеген тұлғаның деректемелері өзекті етілген соң осы тұлғаға тиесілі дивидендті орталық депозитарий оның банк шотына деректемелер өзекті етілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде аударады.

      Орталық депозитарий осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген операция жүзеге асырылған соң орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шот бойынша тиісті жазбалар енгізеді, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға және (немесе) осы тұлға акционері болып табылатын қоғамға жүргізілген операция туралы есепті орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жібереді.

      40-9. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес өзінен ірі акционер қоғамның акцияларын сатып алған тұлға орталық депозитарийдің ішкі құжатында көзделген тәртіппен өзіне тиесілі ақшаны төлеу үшін орталық депозитарийге кез келген уақытта өтініш береді.

      40-10. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотында жинақталған ақша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған орталық депозитарийдің корреспонденттік шотында сақталады.

      40-11. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотында есепке алынатын ақшаның сақталуы үшін өзінің мүлкімен жауап береді.

4-тарау. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарында жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімдері жүйесін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет

      41. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарында жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімдерінің жүйесін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет екінші деңгейдегі банктер, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі - субъектілер) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша ұсынған ақпаратты қабылдаудан, жүргізуден және сақтаудан тұрады.

      Осы тармақтың талабы уәкілетті органға қолданылмайды.

      42. Орталық депозитарийдің тізілімді жүргізу тәртібі, сондай-ақ субъектілер беретін ақпарат форматына қойылатын талаптар орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.

      43. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу орталық депозитарийдің бағдарламалық қамтамасыз етуінде электрондық түрде жүзеге асырылады. Тізілімде туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ақпарат қамтылады.

      Туынды қаржы құралдарымен (фьючерстермен) мәмілелер туралы ақпарат Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

      Туынды қаржы құралдарымен (опциондармен) мәмілелер туралы ақпарат Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

      Туынды қаржы құралдарымен (форвардтармен) мәмілелер туралы ақпарат Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

      Туынды қаржы құралдарымен (своптармен) мәмілелер туралы ақпарат Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

      44. Уәкілетті органда орталық депозитарийдің тізілім жүргізу шеңберінде қалыптастырылатын дерекқорына кіруге рұқсаты бар.

      45. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің заңдылығы мен түпнұсқалығын орталық депозитарий өзінің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

      46. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы ақпаратты сақтау мерзімі тізілімге ол туралы ақпарат енгізілген шарттың қолданылу мерзімі тоқтаған күннен бастап 5 (бес) жылды құрайды.

  Орталық депозитарийдің
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша

      __________________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      Туынды қаржы құралдарымен (фьючерстермен) мәмілелер туралы ақпарат

      ______________ - _________________ аралығындағы кезең

      1. Шарт жасасқан күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай (бұдан әрі – ЖЖЖЖ.КК.АА.) нысанында шарт жасасқан күн көрсетіледі.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн көрсетіледі.

      3. Шарт бойынша міндеттемелер жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      Т – шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылды немесе мерзімінен бұрын тоқтатылды;

      С – міндеттемелер бойынша орындау мерзімі өтті;

      Р – міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша уақытша тоқтатылды;

      D – тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылды;

      Е – шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылды.

      4. Орталықтың ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      5. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      6. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      7. Номиналды сома (клиенттердің қаражаты есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада клиенттің қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      8. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта базалық активті ЖЖЖ.КК.АА. нысанында жеткізу күні көрсетіледі.

      9. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта базалық активті ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі нысанында жеткізу кезеңі көрсетіледі.

      10. Шарт бойынша есеп айырысу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша есеп айырысу күні көрсетіледі.

      11. Шарт бойынша ақы төлеу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі нысанында шарт бойынша ақы төлеу мерзімі көрсетіледі.

      12. Есептеу әдісінің коды.

      Осы тармақта мына кодтауға сәйкес есептеу әдісі көрсетіледі:

      D - жеткізу;

      С - есептеу;

      DC – жеткізу-есептеу.

      13. Шарттың фьючерстік бағасы: ашу бағасы.

      Осы тармақта шарттың сауда мерзімі басталған кезде қалыптасқан бағасы көрсетіледі.

      14. Шарттың фьючерстік бағасы: спот бағасы.

      Осы тармақта шарттың нарықтық бағасы көрсетіледі.

  Орталық депозитарийдің
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша

      __________________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      Туынды қаржы құралдарымен (опциондармен) мәмілелер туралы ақпарат

      ______________ - _________________ аралығындағы кезең

      1. Шарт жасасқан күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай (бұдан әрі – ЖЖЖЖ.КК.АА.) нысанындағы шарт жасасқан күн көрсетіледі.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі басталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарттың қолданылу мерзімі басталған күн көрсетіледі.

      3. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн көрсетіледі.

      4. Туынды қаржы құралдарын жіктеу коды.

      Осы тармақта мыналар көрсетіледі:

      1) опционның түрі:

      сатып алушыға опцион бойынша базалық (базистік) активті сатуға немесе базалық (базистік) активті сатушының (опционның базалық (базистік) активі болып табылатын шарт бойынша сатушы) пайда алу құқығын беретін опцион (Пут опционы);

      сатып алушыға опцион бойынша базалық (базистік) активті сатып алуға немесе базалық (базистік) активті сатып алушының (опционның базалық (базистік) активі болып табылатын шарт бойынша сатып алушы) пайда алу құқығын беретін опцион (Колл опционы).

      2) опционның типі:

      Америкалық опцион - опционды сатып алушы опционның орындау құқығын жүзеге асыру мерзімі ішінде оны кез келген күні орындалуын талап етуге құқылы;

      Еуропалық опцион - опционды сатып алушы опцион орындалуының шартта көзделген күні ғана орындалуын талап етуге құқылы;

      Бермудтық опцион - опционды сатып алушы шартта белгіленген күні оның орындалуын талап етуге құқылы.

      3) базалық (базистік) актив бойынша атрибут:

      үлестік құралдар (акциялар, пайлар, акцияларға депозитарлық қолхаттар);

      борыштық қаржы құралдары (облигациялар, пайыздық мөлшерлемелер);

      тауарлар;

      валюта;

      шарт;

      индекс;

      активтер тобы;

      басқалары.

      5. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды.

      Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің кодын мынадай түрде көрсету қажет:

      егер валюта базистік актив болып табылса, валютаның коды көрсетіледі, оның бірлігіне қатысты орындау бағасы белгіленеді;

      егер бағалы қағаз туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі болып табылса, ISIN коды (халықаралық сәйкестендіру нөмірі) мұндай активтің коды болып табылады;

      егер пайыздық мөлшерлеме туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі болып табылса, мұндай активке орталық депозитарий белгілеген тәртіпте код беріледі.

      егер туынды қаржы құралының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

      6. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылды немесе мерзімінен бұрын тоқтатылды;

      C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өтті;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша уақытша тоқтатылды;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылды;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылды.

      7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      8. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      9. Шарттың номиналды сомасы.

      Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      10. Пайызбен белгіленген мөлшерлеме.

      Осы тармақта белгіленген пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.

      11. Баға белгілеу күні және уақыты.

      Осы тармақта жеткізілмейтін туынды қаржы құралдары үшін баға белгілеу күні және уақыты көрсетіледі.

      12. Белгіленген мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) коды.

      Осы тармақта белгіленген мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) коды көрсетіледі.

      13. Өзгермелі мөлшерлеме коды.

      Осы тармақта өзгермелі мөлшерлеме коды көрсетіледі.

      14. Өзгермелі мөлшерлеменің (амортизация) ұлғаю коды.

      Осы тармақта өзгермелі мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) коды көрсетіледі.

      15. Ең жоғарғы мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегі көрсетіледі.

      16. Ең төменгі мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегі көрсетіледі.

      17. Базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің коды.

      Осы тармақта шартқа сәйкес валютаны (дананы, тоннаны, баррельді, литрді және т.б.) қоспағанда, базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің коды көрсетіледі.

      Кодта тиісті өлшемнің өзге сандық мәні (мың дана, миллион тонна, он текше метр және т.б.) көзделеді.

      18. Базалық (базистік) активтің номиналды сомасы (саны).

      Осы тармақта базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің сандық мәні көрсетіледі.

      19. Опцион бағасы (сыйлықақысы).

      Осы тармақта опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валютадағы сандық мәні көрсетіледі.

      20. Опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валюта коды.

      Осы тармақта опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валютада коды көрсетіледі.

      21. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күні көрсетіледі.

      22. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу кезеңі көрсетіледі.

  Орталық депозитарийдің
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша

      __________________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      Туынды қаржы құралдарымен (форвардтармен) мәмілелер туралы ақпарат

      ______________ - ________________ аралығындағы кезең

      1. Шарт жасасқан күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай (бұдан әрі – ЖЖЖЖ.КК.АА.) нысанында шарт жасасқан күн көрсетіледі.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн көрсетіледі.

      3. Туынды қаржы құралының жіктеу коды.

      Осы тармақта базалық (базистік) активтердің түрлері көрсетіледі;

      үлестік құралдар (акциялар, пайлар);

      үлестік қаржы құралдары (облигациялар, пайыздық мөлшерлемелер);

      тауарлар;

      валюта;

      шарт;

      индекс;

      аралас инвестициялық портфель;

      өзгесі.

      4. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды.

      Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды мынадай түрде көрсетіледі:

      егер базистік актив валюта болып табылса, орындау бағасы белгіленетін бірлікке қатысты валюта коды көрсетіледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі бағалы қағаз болып табылса, осындай активтің коды ISIN коды (халықаралық сәйкестендіру нөмірі) болып табылады;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі пайыздық мөлшерлеме болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі;

      егер туынды қаржы құралының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, онда осындай активке орталық депозитарий белгілеген тәртіпте код беріледі.

      5. Шарт бойынша міндеттемелер жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылды немесе мерзімінен бұрын тоқтатылды;

      C - міндеттемелер бойынша орындау мерзімі өтті;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша уақытша тоқтатылды;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылды;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылды.

      6. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      8. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      9. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      10. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күні көрсетіледі.

      11. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі аралығындағы нысанында базалық активті жеткізу кезеңі көрсетіледі.

      12. Баға белгілеу күні және уақыты.

      Осы тармақта жеткізілмейтін туынды қаржы құралдары үшін баға белгілеу күні және уақыты көрсетіледі.

      13. Шарт бойынша есептеу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша есептеу күні көрсетіледі.

      14. Шарт бойынша ақы төлеу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша ақы төлеу кезеңі көрсетіледі.

      15. Есептеу әдісінің коды.

      Осы тармақта есептеу әдісі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      D - жеткізу;

      C - есептік;

      DC - жеткізу-есептік.

      16. Форвард бағасы берілген валюта коды.

      Осы тармақта форвард бағасы берілген валюта коды көрсетіледі.

      17. Форвард бағасы төленетін валюта коды.

      Осы тармақта форвард бағасы төленетін валюта коды көрсетіледі.

      18. Шарттың форвард бағасы: ашылу бағасы.

      Осы тармақта сауда кезеңі басталған кезде болған шарттың бағасы көрсетіледі.

      19. Шарттың форвард бағасы: спот бағасы.

      Осы тармақта шарттың ағымдағы нарықтық бағасы көрсетіледі.

  Орталық депозитарийдің
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша

      __________________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      Туынды қаржы құралдарымен (своптармен) мәмілелер туралы ақпарат

      ______________ - _____________ аралығындағы кезең

      1. Шарт жасасқан күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай (бұдан әрі – ЖЖЖЖ.КК.АА.) нысанында шарт жасасқан күн көрсетіледі.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі басталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі басталған күн көрсетіледі.

      3. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн көрсетіледі.

      4. Туынды қаржы құралын жіктеу коды.

      Осы тармақта активтердің базалық (базистік) түрлері бойынша своптың әртүрлілігін былайша көрсету қажет:

      валюталық своп;

      пайыздық;

      валюталық-пайыздық своп;

      тауарлық своп;

      бағалы қағаздардың немесе индекстің свопы;

      өзге активтер немесе аралас активтер свопы.

      5. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активтерінің коды.

      Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активтерінің коды мынадай түрде көрсетіледі:

      егер базистік актив валюта болып табылса, орындау бағасы белгіленетін бірлікке қатысты валюта коды көрсетіледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі бағалы қағаз болып табылса, осындай активтің коды ISIN коды (халықаралық сәйкестендіру нөмірі) болып табылады;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі пайыздық мөлшерлеме болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

      6. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігі жағдайларына байланысты бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылады немесе мерзімінен бұрын тоқтатылады;

      C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өтті;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша уақытша тоқтатылды;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылды;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылды.

      7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      8. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      9. Номиналды сома (өз қаражаты есебінен).

      Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада клиенттер қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      10. Номиналды сома (клиенттер қаражаты есебінен).

      Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада меншікті қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      11. Номиналды сома көрсетілген валюта коды.

      Осы тармақта номиналды сома көрсетілген валюта коды көрсетіледі.

      12. Пайызбен белгіленген мөлшерлеме.

      Осы тармақта белгіленген пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.

      13. Белгіленген мөлшерлеме амортизациясының (ұлғаю) коды.

      Осы тармақта белгіленген мөлшерлеме амортизациясының (ұлғаю) кодын көрсету қажет.

      14. Өзгермелі мөлшерлеме коды.

      Осы тармақта Өзгермелі мөлшерлеме кодын көрсету қажет.

      15. Өзгермелі мөлшерлеме амортизациясының (ұлғаю) коды.

      Осы тармақта өзгермелі мөлшерлеме амортизациясының (ұлғаю) коды көрсетіледі.

      16. Ең жоғарғы мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегі көрсетіледі.

      17. Ең төменгі мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегі көрсетіледі.

      18. Базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің коды.

      Осы тармақта шартқа сәйкес валютаны (данасын, тоннаны, баррельді, литрді және т.б.) қоспағанда, базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің коды көрсетіледі.

      Кодта тиісті өлшемнің өзге сандық мәні (мың дана, миллион тонна, он текше метр және т.б.) көзделуі мүмкін.

      19. Базалық (базистік) активтің номиналды сомасы (саны).

      Осы тармақта базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің сандық мәні көрсетіледі.

      20. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күні көрсетіледі.

      21. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу кезеңі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 307 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 259 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14525 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16643 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 230 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17820 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.