РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14815 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № 233 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17205 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген |
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат (бұдан әрі - субсидиялар) есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - АӨК) субъектілері үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлар (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа және құс);
2) жеке кабинет - пайдаланушының (қарыз алушының, қаржы институтының, жұмыс органының) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;
3) жеке шот - субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, пайдаланушыны тану (сәйкестендіру) және оның жеке деректері мен баптауларына қолжетімділік беру үшін қажетті, тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін шот;
4) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші - иесі ретінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға, оны жұмыс органы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес айқындайды;
5) кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты (бұдан әрі - субсидиялау шарты) - субсидияларды аударудың тәртібі мен талаптарын, тараптардың жауапкершілігін көздейтін, қарыз алушы, жұмыс органы мен қаржы институты арасында электрондық цифрлық қолтаңбаларды қолдана отырып, электрондық түрде жасалған жазбаша келісім;
6) қаржы институттары - екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды қазақстандық қаржы институттары арқылы жүргізетін шетелдік және халықаралық қаржы институттары, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;
7) қарыз алушы - қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);
8) қарыз шарты - қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған, талаптары бойынша қаржы институты кредит/лизинг беретін қарыз шарты, сондай-ақ ислам қағидаттарындағы қаржыландыру шарттары;
9) субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы;
10) субсидиялауға арналған өтінім - қаржы институтының қарыз алушының қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеуге арналған электрондық өтінімі;
11) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
12) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі - субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персонал мен техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық ретке келтірілген жиынтығы;
13) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
14) сыйақы мөлшерлемесі - қарызды пайдаланғаны үшін қаржы институтына тиесілі пайыздық мәндегі төлем, оның ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттарында жасасқан қарыз шарты бойынша қарыз алушы төлейтін кірістілік мөлшерлемесі;
15) технологиялық жабдық - тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, олар қолданылмаса толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жөніндегі жабдықтар;
16) ұсыныс - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қарыз алушы мен қаржы институтының электрондық цифрлық қолтаңбалар қойылған субсидиялау шартын жасасуға арналған бірлескен электрондық ұсынысы;
17) "электрондық үкімет" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.
4. Субсидиялау ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алуға арналған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға арналған, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылысқа арналған қарыз (ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді көздейтін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) теңгемен жылдық 10 (он) %-ға;
2) Ресей рублімен жылдық 8 (сегіз) %-ға;
3) өзге валютамен жылдық 2 (екі) %-ға.
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4 (төрт) %-ға дейін арзандатылады (субсидиялау арқылы), жылдық 4 (төрт) %-дан төмен түсіруге жол берілмейді.
5. Айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыз шарты бойынша субсидиялау сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді көздейтін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) теңгемен жылдық 5 (бес) %-ға;
2) Ресей рубльімен жылдық 4 (төрт) %-ға;
3) өзге валютамен жылдық 1 (бір) %-ға.
Сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға дейін, Ресей рубльімен жылдық 6 (алты) %-ға дейін, өзге валютамен жылдық 4 (төрт) %-ға дейін арзандатылады (субсидиялау арқылы).
6. Субсидиялау осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген қарыз шартына қойылатын талаптарға сәйкес келетін қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады.
7. Осы Қағидалар күшіне енгенге дейін жасалған субсидиялау шартын субсидиялау шартында көрсетілген талаптарда субсидиялау жалғастырылады.
Қағаз түріндегі субсидиялау шарттарын электрондық форматқа көшіруді және оларды субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді қаржы институты және көрсетілетін қызметтерді жеткізуші осы Қағидалар күшіне енгеннен кейін үш ай ішінде жүзеге асырады.
8. Ұсыныс берілген күні қолданыстағы және ұсыныс берілгенге дейін 4 жылдан ерте емес жасалған қарыз шарттары субсидиялауға жатады.
9. Субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған қарыз шартының субсидиялау бағдарламасына қайталама қатысуына жол берілмейді.
10. Қарыз шарты бойынша субсидиялау шарттың бүкіл қолданылу мерзімінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, бұрын жасалған қарыз шарты бойынша - субсидияларды есептеу жұмыс органы Ұсыныс бойынша шешім қабылдаған күннен басталады.
11. Қаржы институты шетелдік валютамен берген қарыз шарттары бойынша субсидиялау қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесін төлеген күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырылады.
12. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне қосып есептейді, ал теріс бағамдық айырмашылық жағдайында, оны қарыз алушы төлейді.
13. Қарыз шарттарының талаптары өзгерген жағдайда, бұрын мақұлданған және жылдар бойынша есептелген субсидиялар сомасы артпайды, субсидиялау мерзімдері ұзартылмайды.
14. Сыйақы мөлшерлемесі кеміген жағдайда, оған субсидиялар сомаларын кеміту жағына қарай әрбір жыл бойынша қайта есептеу жүргізіледі.
15. Жұмыс органы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жөніндегі жеке айлар бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.
2-тарау. Субсидиялар алу шарттары
16. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) қаржы институты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беруі.
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) деректер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған қарыз алушыда және қаржы институтында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттарының болуы;
3) берілген өтінім бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған қолданыстағы (бұзылмаған және тоқтатылмаған) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартының (төлемге арналған өтінім беру сәтіне) болуы;
4) қарыз алушыда субсидияланатын қарыз шарты бойынша негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша мерзімі өтіп кеткен (төлемге арналған өтінім беру сәтіне) міндеттемелерінің болмауы.
3-тарау. Субсидиялар төлеу тәртібі
17. Субсидиялау мынадай процестерді қамтиды:
1) ұсыныс қабылдау;
2) субсидиялау шартын жасасу;
3) субсидиялауға арналған өтінім беру;
4) субсидия төлеу;
5) субсидиялау шартын өзгерту;
6) субсидиялау шартын тоқтату.
18. Ұсыныстарды қабылдау тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
19. Ұсыныстарды қабылдау ұсыныс берілген сәтте бюджетте міндеттемелерден бос қаражат болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін жаңа өтінімдерге көзделген бюджеттің 60 (алпыс) %-ы ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алуға арналған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға арналған қарыз шарттарын субсидиялауға пайдаланылады.
Егер, тиісті жылдың 1 шілдесінде лимит игерілмесе, онда ұсыныстарды қабылдау көрсетілген лимитті қолданбай орындалады.
20. Ұсынысты қарыз алушы береді және оны қаржыландырған қаржы институты өтеу кестесі бар қарыз шартының көшірмесін қоса беріп растайды.
21. Жұмыс органы ұсынысты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады:
1) ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;
2) ұсыныстың осы Қағидаларда белгіленген субсидиялау талаптарына сәйкестігін тексеру, оның ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген қарыз шарттарына қойылатын талаптарға қарыз шартының сәйкестігін тексеру;
3) ұсыныс бойынша шешімді қабылдау мен ресімдеу және бұл туралы қарыз алушы мен қаржы институтын хабардар ету.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы қарыз алушыға және қаржы институтына субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне өтінімді тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады.
22. Жұмыс органының шешіміне жұмыс органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылады.
23. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шот ашу үшін:
1) қарыз алушыда және қаржы институтында ЭЦҚ болуы тиіс;
2) облыс басқармасы (қала басқармасы) ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзекті етілген тізімдерін көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге жыл сайын жолдап отырады.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) өтеусіз негізде онлайн режимде тұрақты түрде беріледі.
Министрлік дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты адамдардың тізімін субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге жыл сайын жолдап отырады.
24. Қарыз алушы және қаржы институты жеке шоттар ашқан кезде тіркелу үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы; бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН;
3) дара кәсіпкерлер, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанындағылар үшін: ЖСН немесе БСН, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);
5) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректері өзгерген кезде қарыз алушы және қаржы институты Жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзгертеді.
25. Ұсыныс бойынша жұмыс органының шешімі:
1) қаржы институтының атауын және орналасқан жерін;
2) субсидиялауға арналған өтінімі бойынша субсидиялау шартын жасасу/жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған қарыз алушының атауы мен орналасқан жерін және бас тартылған жағдайда, осындай бас тарту себептерінің тізбесін;
3) кредит/лизинг сомасын;
4) әрбір қарыз шартының қолданылу мерзімін;
5) субсидиялау мерзімін;
6) субсидиялау нормативін;
7) қарыз шарты бойынша жалпы субсидиялар сомасын (жылдар бойынша бөліністе) қамтуы тиіс.
26. Субсидиялау шарты жұмыс органы шешімінің негізінде қарыз алушы, қаржы институты ұсыныс бойынша оң шешім туралы жұмыс органының хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушы, қаржы институты мен жұмыс органы арасында жасалады.
27. Субсидиялау шартында оны жұмыс органының мынадай жағдайларда біржақты бұзуы құқықтары көзделеді:
1) қарыз алушының негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен артық орындау мерзімін өткізіп алған міндеттемелерінің болуы;
2) қарыз шарты бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланылмауы;
3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шоттарына тыйым салынуы;
4) қарыз алушының субсидиялар алудан бас тарту туралы жазбаша өтініші;
5) қарыз алушының қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі,
6) қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.
28. Жұмыс органы субсидиялауға арналған өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) ЭЦҚ пайдалана отырып қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімнің қабылданғанын растайды;
2) субсидиялауға арналған өтінімді тіркеу нәтижелері бойынша субсидияларды қаржы институтының арнайы банктік шотына аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.
Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражатының көлемінен артық болатын субсидиялауға арналған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ағымдағы айда тоқтатылады және келесі айдың бірінші жұмыс күнінен бастап қайта басталады.
29. Егер, жұмыс органы төлем тапсырмаларын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректер сәйкессіздігінің бар екені анықталса, қарыз алушы кері қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алады.
30. Қаржы институты жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын жұмыс органының аударуы үшін арнайы банктік шот ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда қызмет көрсетуші банкте арнайы шот ашады.
31. Қаржы институты арнайы банктік шоттағы қаражатты тек қарыз алушының қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеуге пайдаланады.
32. Қаржы институты қарыз алушыдан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін алған кезде қарыз шартына өтеу графигіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.
33. Қарыз шарты бойынша төлем күні келген және қаржы институтының арнайы банктік шотында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу үшін қаражат болмаған жағдайда, қарыз алушы сыйақының толық мөлшерлемесін төлеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Қаржы институты төлем күні болғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын қарыз алушыны толық сыйақы мөлшерлемесін өз қаражаты есебінен төлеу қажеттілігі туралы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде хабардар етеді. Жұмыс органы сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына қаражат аудару арқылы өтейді. Мұндай жағдайда қаржы институты жұмыс органынан қаржы институтының арнайы банктік шотына қаражат келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушының есептік шотына сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесін аудару арқылы қарыз алушыға бұрын төленген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүзеге асырады.
34. Жұмыс органы жасалған субсидиялау шарттарына сәйкес жиынтық соманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ай сайын қалыптастырады және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезекті төлеу жүргізілуі тиіс айдың алдындағы айда аударады.
35. Арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы пайда болған жағдайда оларды:
1) қарыз алушы бағдарламадан алынып тасталған кезде, қаржы институты жұмыс органы шешім қабылдағаннан кейін бір ай ішінде;
2) қолданыстағы қарыз шартының талаптары өзгерген, сондай-ақ негізгі берешегі мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, қаржы институты тоқсан сайынғы есептілікті ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
3) қарыз алушы негізгі берешегінің және/немесе сыйақы мөлшерлемесінің жоспарлы төлемін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен артық мерзімде орындамаған кезде жұмыс органынан қарыз алушыны субсидиялауды тоқтату туралы ақпарат алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтару қамтамасыз етіледі.
Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылы жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелердің сомасын ұлғайту және шығыстардың бюджеттік сыныптауышының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының кассалық шығыстарын қалпына келтіруі арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылдардың төлемдерін қайтарған жағдайда, қайтарылатын сома төлемдер жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
36. Қолданыстағы қарыз шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақы төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша мерзімді кейінге қалдыру) өзгерген жағдайда, қаржы институты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қаржыландыру талаптарын өзгерту жөніндегі қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны және субсидиялар көлемін өтеудің жаңартылған графигін қоса бере отырып, бұл туралы жұмыс органын хабардар етеді.
37. Жұмыс органы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қаржы институтынан қолданыстағы қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) қарыз шартының өзгертілген талаптарының осы Қағидаларда белгіленген субсидиялау талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
2) ұсынылатын өзгерістер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда, субсидиялау шартына өзгеріс енгізу бойынша шешім қабылдап, оны рәсімдейді және бұл туралы қаржы институтын хабардар етеді.
38. Қарыз алушыны субсидиялаудың жаңартылған грацигімен бірге субсидиялау шартына қосымша келісім жұмыс органы шешімінің негізінде субсидиялау шартына өзгерістер енгізу жөніндегі оң шешім туралы жұмыс органының хабарламасын қаржы институты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушы, қаржы институты мен жұмыс органы арасында жасалады.
Бұл ретте, субсидиялау шартын өзгертуге қаржы институты тиісті қарыз шартын өзгертуді қарыз алушымен келісім бойынша (біржақты тәртіппен емес) жүргізген жағдайда жол беріледі.
39. Қаржы институты субсидиялау шартын жұмыс органының біржақты бұзуы үшін негіз болып табылатын оқиғаның болғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жұмыс органын осындай оқиға туралы хабардар етуі қажет.
Жұмыс органы қаржы институтынан хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау шартын тоқтатуға шешім қабылдап, оны ресімдейді және бұл туралы қаржы институтын хабардар етеді.
Жұмыс органының тиісті шешімі туралы хабарламаны қаржы институты алған күннен бастап субсидиялау шарты бұзылды деп таңылады.
40. Қарыз алушыға субсидия беруден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
41. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалануға мұндай жүйе аттестатталған және оны ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізудің оң нәтижелері және ол мыналарды қамтамасыз ететін жағдайда пайдалануға жол беріледі:
1) "Заңды тұлғалар", "Жеке тұлғалар" және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорларымен және "электрондық үкімет" веб-порталымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау;
2) субсидиялар көлемдері бойынша лимиттердің мәртебесі туралы ақпараттың онлайн режимінде қолжетімділігі;
3) субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұру туралы хабарландыруды ақпараттық жүйеде орналастыру;
4) ЭЦҚ қойылған ұсыныстарды, субсидиялауға арналған өтінімдер мен хабарламаларды веб-портал арқылы беру;
5) жұмыс органының шешімдерін электрондық түрде қалыптастыру және оларға ЭЦҚ қою;
6) ақпараттық жүйеде субсидиялау шартын немесе субсидиялау шартына қосымша келісімді электрондық түрде жасасу және оларға ЭЦҚ қою;
7) қарыз алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін қазынашылық органдарына төлем шоттарын қалыптастыру.
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Ұсыныс
Қаржы институты: ________________________________________________________________
(қаржы институтының атауы)
Қарыз алушы: ___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі немесе заңы тұлғаның толық атауы)
Кімге: __________________________________________________________________________
(жұмыс органының атауы)
1. Қатысушы туралы мәліметтер
1 | Қарыз алушының атауы * | |
2 | Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | |
3 | Қарыз алушы туралы мәліметтер: дара кәсіпкерлер, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанындағылар үшін - ЖСН немесе БСН/ заңды тұлға үшін - БСН/ жеке тұлға үшін - ЖСН | |
4 | Банктік деректемелері | |
5 | Байланыс телефондары |
2. Субсидиялауға жататын кредиттік шарттар (бұдан әрі - КШ) туралы ақпарат
№ | КШ (№ және күні) | Сомасы, теңге | Сыйақы мөлшерлемесі, % | Субсидиялау күніне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге | КШ-ның қолданылу мерзімінің аяқталатын күн | Кредит беру валютасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
кестенің жалғасы
№ | Кредит берудің/лизингтің нысаналы мақсаты | Кредит/лизинг нысанасы, саны | Лизинг нысанасын өндіруші ел | Мемлекеттік тіркеу базасындағы есепке алу нөмірі |
8 | 9 | 10 | 11 | |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе: * айналым қаражатын толықтыру/негізгі құралдарды сатып алу/салу/ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты лизингке алу (керегін қою)
Осымен:
1) қарыз шарты Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында белгіленген қарыз шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні;
2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты (оның ішінде қайталама лизингке берілген) сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс (ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіру бойынша негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), айналым қаражатын толықтыру болып табылатыны;
3) қаржылық берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны;
4) қарыз шарты республикалық бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылмағаны;
5) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатты пайдаланбау фактілерінің жоқтығы;
6) қарыз алушыда негізгі берешекті және/немесе қарыз шарты бойынша сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы;
7) субсидиялауға арналған өтінімде көрсетілген қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайтыны расталады.
Қосымша: өтеу графигі бар қарыз шартының көшірмесі.
Заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға өкілінің, жеке тұлға - қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы
________________________________________________________________________________
Қаржы институты басшысының немесе оны алмастыратын адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы
________________________________________________________________________________
Қаржы институты өтінім берген күн: 20___ жылғы "_____"__________.
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Қарыз шартына қойылатын талаптар
Қарыз шарты мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) алынған кредит/лизинг агроөнеркәсіптік кешен саласында пайдаланылған;
2) теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан артық емес, Ресей рублімен жылдық 14 (он төрт) %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-дан артық емес белгіленген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жасалған;
3) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс (ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіру бойынша негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), айналым қаражатын толықтыру болып табылады;
4) қарыздың қаржыландыру көзі мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болып табылмайды;
5) өтінім берілген сәтке жарамды (бұзылмаған және тоқтатылмаған) болып табылады;
6) сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбайды.
Жаңа, бұрын пайдаланылмаған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің ақпараттық жүйесінде тіркелген ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы субсидиялауға жатады.
Субсидиялауға арналған өтінім
20__ жылғы "____" __________
Осымен ___________________________ қаржы институты 20___ жылғы "___"
__________ №__________ кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы
малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына сәйкес қарыз алушының 20___ жылғы "___"
__________ №__________ қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төлегенін растайды
және 20___ жылғы "__" ________ бастап 20___ жылғы "__" ________ дейінгі кезең үшін
______________________ теңге сомасындағы субсидияларды __________________
(қарыз алушының атауы көрсетілсін) шотына төлеуді сұрайды.
Қаржы институтының басшысы
(сенімхат бойынша өкілі) ____________________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты
___________ қаласы 20__ жылғы "___"__________
Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын _________________ облысының (қаласының)
ауыл шаруашылығы басқармасы атынан 20__ жылғы _________________________ №
________ сенімхат негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан, бұдан әрі
"Қарыз алушы" деп аталатын ________________________ атынан
_____________________________ негізінде әрекет ететін __________________ екінші
тараптан және бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын ________________________
атынан ________________________ негізінде әрекет ететін _____________________ үшінші
тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатындар,
төмендегілер туралы осы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын (бұдан әрі - шарт)
жасасты.
1-тарау. Терминдер мен айқындамалар
1. Осы шартта Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.
2-тарау. Шарттың нысанасы
2. Осы шарт бойынша жұмыс органы Қаржы институтының қолдауымен шартта айқындалған талаптармен осы шартқа 1-қосымшада көрсетілген қарыз алушыларды субсидиялау графигіне (бұдан әрі - субсидиялау графигі) сәйкес қарыз алушының қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі шығындарын тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген ақша сомасы шегінде субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Жұмыс органы:
Қаржы институтынан субсидиялауға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
- Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялар алу талаптарына оның сәйкестігін тексеруді және субсидиялауға арналған өтінім сомасының субсидиялау шартына сәйкес қарыз алушыларды субсидиялау графигіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;
- субсидиялауға арналған өтінім Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда, қарыз алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шоттарын қалыптастыруға және қазынашылық органдарына жолдауға;
- субсидиялауға арналған өтінім сәйкес келмеген жағдайда субсидиялар беруден бас тарту туралы қаржы институтын хабарландыруға міндеттенеді.
4. Қаржы институты:
1) қарыз алушы сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруға және жұмыс органына жолдауға;
2) қарыз алушы негізгі борышты және сыйақыны өтеу жөніндегі міндеттемелерін мерзімінде орындамаған жағдайда және Субсидиялау қағидаларында көрсетілген басқа да оқиғалар бойынша оқиғалар анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы жұмыс органын хабарландыруға;
3) қолданыстағы қарыз шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру) өзгерген жағдайда, жұмыс органына қаржыландыру талаптарын өзгерту жөніндегі қабылданған шешімнің, негізгі борышты, сыйақыны және субсидиялар көлемін өтеудің жаңартылған графигінің көшірмесін қоса бере отырып, хат жолдауға міндеттенеді.
5. Қарыз алушы:
- Субсидиялау қағидаларында белгіленген субсидиялау талаптарын сақтауға;
- қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидиялануына жол бермеуге міндеттенеді.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шарт бойынша Тараптар осы шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5-тарау. Форс-мажорлық мән-жайлар
7. Егер орындаудың мүмкін еместігі форс-мажорлық мән-жайлардың салдары болып табылса, Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
8. Форс-мажорлық мән-жайлар басталған кезде, осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауының мүмкін болмауы туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте форс-мажорлық мән-жайлардың сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
9. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, Тарап екінші Тарапты хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.
10. Форс-мажорлық мән-жайлардың басталуы осы шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.
11. Егер, мұндай мән-жайлар қатарынан үш айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
6-тарау. Қорытынды ережелер
12. Хат-хабар тиісті түрде ресімделсе (хат-хабар бланкімен берілген немесе мөрмен бекемделген, басшының қолы қойылған және оның тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.
13. Осы шартты жұмыс органы біржақты тәртіппен мынадай жағдайларда бұза алады:
1) қарыз алушының негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімде орындамаған міндеттемелерінің болуы;
2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатты пайдаланбау;
3) қарыз алушының субсидиялар алудан бас тарту туралы жазбаша өтініші;
4) қарыз алушының қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемесін толық өтеуі,
5) қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.
Осы шарт талаптарының, оның ішінде осы шарттың қолданылу мерзімінің кез келген басқа да өзгертілуі, тоқтатылуы, егер, осы шартта өзгеше көзделмесе, Тараптардың қосымша келісімімен ресімделеді, оған Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылады.
14. Осы шарт бойынша туындайтын барлық наразылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы шартқа сәйкес білдірілуі тиіс. Бұл ретте Тараптар дауларды, наразылықтарды міндетті түрде сотқа дейінгі тәртіппен шешу туралы уағдаласты. Барлық жағдайларда қолданылатын заңнама Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады.
15. Осы шарт барлық тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау графигіне сәйкес қарыз шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.
16. Осы шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
17. Осы шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден екі данада жасалды.
18. Осы шартқа қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.
19. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері, қолтаңбалары:
Жұмыс органы: | Қарыз алушы: | Қаржы институты: |
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына қосымша Нысан |
Қарыз алушыларды субсидиялау графигі (Жұмыс органының 20___ жылғы "___" ___________ №___ шешіміне сәйкес)
№ | Қарыз алушының атауы | Кредит шарттарының нөмірі, жасалған күні | Кредиттің/ лизингтің нысаналы мақсаты | Кредит шартының сомасы, теңге | Кредит шарты бойынша негізгі борышты қайтару мерзімі | Кредит шартының графигі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиыны |
кестенің жалғасы
Сыйақы мөлшерлемесі, % | Қарыз шартының барлық мерзіміне сыйақы сомасы, теңге | ||||
Жалпы | Субсидияланатын | Қарыз алушы төлейтін | Жалпы | Субсидияланатын | Қарыз алушы төлейтін |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
20__ жыл | |||||||||
Сыйақының жалпы сомасы, теңге | Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге | ||||||||
Барлығы: | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | Барлығы: | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
кестенің жалғасы
20__ жыл | |||||||||
Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге | Сыйақының жалпы сомасы, теңге | ||||||||
Барлығы: | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | Барлығы: | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
кестенің жалғасы
20__ жыл | |||||||||
Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге | Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге | ||||||||
Барлығы: | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | Барлығы: | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан |
34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 |
Жұмыс органы _______________ ___________________________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қаржы институты _______________ _________________________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)