Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 қарашада № 17741 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.06.2020 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.06.2020 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14815 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № 233 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17205 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 26 қазандағы
№ 436 бұйрығымен
бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.06.2020 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.

      Өткен жылдың төленбеген міндеттемелері бюджетте міндеттемелерден бос қаражат болған жағдайда ағымдағы жылдың қаражаты есебінен төленеді.

      2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілері үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – субсидияларды аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін көздейтін электрондық цифрлық қолтаңба қолдану арқылы электрондық түрде немесе қағаз түрінде қарыз алушы, жұмыс органы мен қаржы институты арасында жасалған жазбаша келісім;

      3) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлар (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа және құс);

      4) жеке кабинет – пайдаланушының (қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының), қаржы институтының, субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің)) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміндегі дербес веб-парақшасы;

      5) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімінде қамтылған жазбалар жиынтығы;

      6) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – иесі ретінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға, оны субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды;

      7) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, шетелдік және халықаралық қаржы институттары, оның ішінде банктік операцияларды қазақстандық қаржы институттары арқылы жүргізетін шетелдік және халықаралық қаржы институттары, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;

      8) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) – қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);

      9) қарыз шарты - қаржы институты мен қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) арасында жасалған, талаптары бойынша қаржы институты кредит/лизинг беретін қарыз шарты, сондай-ақ ислам қағидаттарындағы қаржыландыру шарты;

      10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      11) субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші)) – ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;

      12) субсидиялауға арналған өтінім – қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеуге арналған электрондық немесе қағаз өтінімі;

      13) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар (көрсетілетін қызметті алушылар), қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      14) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персонал мен техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      15) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      16) сыйақы мөлшерлемесі – қарызды пайдаланғаны үшін қаржы институтына тиесілі пайыздық мәндегі төлем, оның ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттарында жасасылған қарыз шарты бойынша қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейтін кірістілік мөлшерлемесі;

      17) технологиялық жабдық – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, олар қолданылмаса толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жөніндегі жабдықтар;

      18) ұсыныс – қарыз алушы мен қаржы институтының субсидиялау шартын жасасуға арналған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта қол қойылған не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған бірлескен ұсынысы;

      19) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышан жинағы.

      4. Субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

      1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылысқа (ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) сыйақы мөлшерлемелерін төмендетуді көздейтін мынадай нормативтер бойынша:

      теңгемен жылдық 10 (он) пайызға (бұдан әрі – %);

      ресей рублімен жылдық 8 (сегіз) %-ға;

      өзге валютамен жылдық 2 (екі) %-ға:

      2) өндірістік процестің технологиялық тізбегіне қажетті айналым қаражатын толықтыруға сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді көздейтін мынадай нормативтер бойынша:

      теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға;

      ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-ға;

      өзге валютамен жылдық 1 (бір) %-ға.

      3) көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін:

      теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға

      ресей рублімен жылдық 7 (жеті) %-ға;

      өзге валютамен жылдық 2 (екі) %-ға төмендету көзделеді.

      Бұл ретте, 1) тармақшада көрсетілген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 4 (төрт) %-дан, ресей рублімен жылдық 3 (үш) %-дан, өзге валютамен жылдық 2 (екі) %-дан төмендетуге жол берілмейді.

      2), 3) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 5 (бес) %-дан, ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-дан, өзге валютамен жылдық 3 (үш) %-дан төмендетуге жол берілмейді.

      5. "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Басым жобаларға кредит беру тетігі) шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылады:

      1) сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға төмендете отырып, инвестициялық мақсатқа, бұл ретте субсидиялау мерзімі мерзімді ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайтын уақытты құрайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте субсидиялау мерзімі мерзімді ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын уақытты құрайды;

      3) сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге.

      Осы тармақтың 2) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Басым жобаларға кредит беру тетігінің қосымшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және өңдеу бойынша басым жобаларға кредит беру үшін тауарлар тізбесіне сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары осы тармақ шеңберінде субсидиялануы тиіс.

      6. Субсидиялау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген қарыз шартына қойылатын талаптарға сәйкес келетін қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады.

      7. Осы Қағидалар күшіне енгенге дейін жасалған субсидиялау шарты, осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының үш бөлігінде және 12-тармағының үш бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, субсидиялау шартында көрсетілген шарттарда субсидиялауды жалғастырады.

      Субсидиялаудың қағаз шарттарын электрондық форматқа аударуды және оларды субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді қаржы институты жүзеге асырады.

      8. Субсидиялауға ұсыныс берілген күні қолданыстағы және ұсыныс берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан ерте емес жасалған қарыз шарттары жатады.

      Субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған қарыз шарты бағдарламаға 1 (бір) реттен артық емес қайта қатысуға жіберіледі.

      Бағдарламаға қайтадан қатысатын қарыз шарттары бойынша субсидиялау осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының үш бөлігінде және 12-тармағының үш бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс органы ұсынысты мақұлдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап кезең ішінде бұрын мақұлданған субсидиялар сомасын ұлғайтпай, субсидиялау нормативтері, мерзімдері бөлігінде бұрын күші жойылған субсидиялау шартында көрсетілген бұрынғы шарттарда қалпына келтіріледі .

      9. Қарыз шарты бойынша субсидиялау оның бүкіл қолданылу мерзімінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, бұрын жасалған қарыз шарты бойынша субсидияларды есептеу жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсыныс бойынша шешім қабылдаған күннен басталады.

      2019 жылы субсидиялар көлемдерін есептеуді бұрын берілген қарыз шарттары бойынша қаржы институттары жүзеге асырады, бұл ретте субсидияларды есептеу жылдың 1 қаңтарынан басталады.

      10. Қаржы институты шетелдік валютамен берген қарыз шарттары бойынша субсидиялау қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) сыйақы мөлшерлемесін төлеген күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырылады.

      11. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне қосып есептейді, ал теріс бағамдық айырмашылық жағдайында, оны қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейді.

      12. Қарыз шарттарының талаптары өзгерген жағдайда, (осы Қағидалардың 5-тармағы екінші бөлігінде, 9-тармағы үшінші бөлігінде және 12-тармағы үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда), бұрын мақұлданған және есептелген субсидиялар сомасы артпайды, субсидиялау мерзімдері ұзартылмайды.

      Осы шектеу төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) үшін нашарлататын жағдайлардың туындауына байланысты қаржы институттары сыйақы мөлшерлемесін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша 10 (он) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруды ұсынған жағдайда қарыз шартына қолданылмайды.

      Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша 10 (он) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруды ұсынуға байланысты сыйақы сомасы ұлғайған жағдайда субсидиялар сомасын ұлғайту жағына қайта есептеу жүргізіледі, сондай-ақ қолданыстағы субсидиялау шартының мерзімін ұзартуға жол беріледі.

      13. Сыйақы сомасы азайған жағдайда субсидиялар сомасын азайту жағына қарай әрбір жыл бойынша жеке қайта есептеу жүргізіледі.

      14. Жұмыс органының жауапты орындаушысы (көрсетілетін қызметті беруші) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жөніндегі жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.

2-тарау. Субсидия алу шарттары

      15. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) қаржы институтының осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтінім беруі.

      Субсидиялау шарты электрондық түрде жасалған жағдайда, қаржы институты субсидиялауға арналған өтінімді электрондық түрде береді.

      Субсидиялау шарты қағаз түрінде жасалған және электрондық форматқа көшірілмеген жағдайда, қаржы институты субсидиялауға арналған өтінімді қағаз түрінде береді;

      2) берілген өтінім бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған нақты (бұзылмаған және тоқтатылмаған) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартының (төлемге өтінім берген сәтте) болуы;

      3) қарыз алушыда субсидияланатын қарыз шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен (төлемге өтінім берген сәтте) міндеттемелердің болмауы.

      Субсидияларды беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Мемлекетік қызметті көрсетудің нәтижесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны аудару туралы хабарлама, не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама болып табылады.

      Хабарлама қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық почтасының мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет қағаз нысанында көрсетілген кезде нәтижесі Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.

3-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      16. Субсидиялау мынадай процестерді қамтиды:

      1) ұсыныстарды қабылдау;

      2) субсидиялау шартын жасасу;

      3) субсидиялауға өтінім беру;

      4) субсидия төлеу;

      5) субсидиялау шартын өзгерту;

      6) субсидиялау шартын тоқтату.

      17. Ұсыныстарды қабылдау тиісті жылдың 10 қаңтарынан бастап "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.

      18. Ұсыныстарды қабылдау ұсыныс берілген сәтте бюджетте міндеттемелерден бос қаражат болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін жаңа өтінімдерге көзделген бюджеттің 60 (алпыс) %-ы ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алуға арналған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға арналған қарыз шарттарын субсидиялауға пайдаланылады.

      Егер, тиісті жылдың 1 шілдесінде көрсетілген лимит игерілмесе, онда ұсыныстарды қабылдау көрсетілген лимитті қолданбай орындалады.

      19. Ұсынысты қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) өтеу кестесімен қарыз шартының көшірмесін қоса бере отырып, береді және оны қаржыландырған қаржы институты растайды.

      20. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) ұсыныс бойынша шешімі мыналарды қамтиды:

      1) қаржы институтының атауы және орналасқан жері;

      2) субсидиялау шартын жасасу/жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған субсидиялау ұсынысы бойынша қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) атауы және орналасқан жері және бас тартылған жағдайда, мұндай бас тарту себептерінің тізбесі;

      3) кредит/лизинг сомасы;

      4) әрбір қарыз шартының қолданылу мерзімі;

      5) субсидиялау мерзімі;

      6) субсидиялау нормативі;

      7) қарыз шарты бойынша субсидиялардың жалпы сомасы (жылдар бойынша бөлінген).

      21. Субсидиялау шарты жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімі негізінде қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы), қаржы институты және жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) арасында қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы), қаржы институты ұсыныс бойынша оң шешім туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалады.

      22. Субсидиялау шартында жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) мынадай жағдайларда оны біржақты бұзу мүмкіндігі көзделеді:

      1) шартта қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы;

      2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;

      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) шоттарына тыйым салу;

      4) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      5) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;

      6) қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.

      23. Қаржы институты субсидиялау шартына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде және кейіннен ай сайын жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарды орындау үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтінім жолдайды.

      24. Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражатының көлемінен көлемінен асатын субсидиялауға арналған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.

      Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ағымдағы айда тоқтатылады және жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп шотына бюджет қаражаты түскен сәттен бастап жаңартылады.

      25. Егер жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияны төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, қаржы институты кері қайтарып алу себептерін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алады.

      26. Қаржы институты жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) аударуы үшін арнайы банктік шот ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қызмет көрсетуші банкте арнайы шот ашады.

      27. Қаржы институты арнайы банктік шоттағы қаражатты тек қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеуге пайдаланады.

      28. Қаржы институты қарыз алушыдан (көрсетілетін қызметті алушыдан) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін алған кезде қарыз шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.

      29. Қарыз шарты бойынша төлем күні келген және қаржы институтының арнайы банктік шотында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу үшін қаражат болмаған жағдайда, қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) сыйақының толық мөлшерлемесін төлеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Қаржы институты төлем күні болғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын қарыз алушыны (көрсетілетін қызметті алушыны) толық сыйақы мөлшерлемесін өз қаражаты есебінен төлеу қажеттілігі туралы хабардар етеді. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына қаражат аудару арқылы өтейді. Мұндай жағдайда қаржы институты жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) қаржы институтының арнайы банктік шотына қаражат келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) есептік шотына сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесін аудару арқылы қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) бұрын төленген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүзеге асырады.

      30. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялауға арналған өтінімге сәйкес ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезекті төлеу жүргізілетін алдыңғы айға қаржы институтының арнайы банктік шотына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін аударады.

      31. Арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы пайда болған жағдайда, оларды:

      1) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) бағдарламадан алынып тасталған кезде, қаржы институты жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) ай ішінде;

      2) қолданыстағы қарыз шартының талаптары өзгерген, сондай-ақ негізгі борышы мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, қаржы институты тоқсан сайынғы есептілік ұсынылғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде;

      3) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімде негізгі борыштың және/немесе сыйақының жоспарлы төлемін өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған кезде қарыз алушыны (көрсетілетін қызметті алушыны) субсидиялауды тоқтату туралы жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде қайтару қамтамасыз етіледі.

      Бұл ретте ағымдағы қаржы жылында жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.

      Өткен жылдардың төлемдерін қайтарған жағдайда, қайтарылатын сома төлемдер жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      32. Қолданыстағы қарыз шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақы төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша мерзімді кейінге қалдыру) өзгерген жағдайда, қаржы институты қаржыландыру талаптарын өзгерту жөніндегі қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны және субсидиялар көлемін өтеудің жаңартылған кестесін қоса бере отырып, бұл туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етеді.

      Егер субсидиялау шарты қағаз түрінде жасалған және электрондық форматқа ауыстырылмаған жағдайда, тиісті хабарламаны қаржы институты қағаз түрінде береді.

      33. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қаржы институтынан қолданыстағы қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) қарыз шартының өзгертілген талаптарының осы Қағидаларда белгіленген субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

      2) ұсынылатын өзгерістер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда субсидиялау шартына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылдайды және ресімдейді және бұл туралы қаржы институтын хабардар етеді.

      34. Қарыз алушыны (көрсетілетін қызметті алушыны) субсидиялаудың жаңартылған кестесі бар субсидиялау шартына қосымша келісім жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімі негізінде субсидиялау шартына өзгерістер енгізу жөніндегі оң шешім туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) хабарламасын қаржы институты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы), қаржы институты мен жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) арасында жасалады.

      Бұл ретте субсидиялау шартына өзгеріс тиісті қарыз шартын өзгертуді қарыз алушымен (көрсетілетін қызметті алушымен) келісім бойынша қаржы институты жүргізген (біржақты тәртіппен емес) жағдайда жол беріледі.

      35. Қаржы институтына субсидиялау шартын жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) біржақты бұзуы үшін негіз болып табылатын оқиғаның басталғаны туралы белгілі болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осындай оқиға туралы жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) хабарлайды.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жасалған және электрондық форматқа ауыстырылмаған субсидиялау шартын біржақты бұзу үшін негіз болып табылатын оқиға басталған жағдайда, тиісті хабарламаны қаржы институты қағаз түрінде береді.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қаржы институтынан хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау шартын тоқтатуға шешім қабылдайды және ресімдейді және бұл туралы қаржы институтын хабардар етеді.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) біржақты бұзуы үшін негіз болып табылатын оқиғаның басталғаны туралы белгілі болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау шартын тоқтатуға шешім қабылдайды және ресімдейді және бұл туралы қаржы институтын хабардар етеді.

      Қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы), қаржы институты жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) тиісті шешімі туралы хабарламаны алған күннен бастап субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      36. Қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) субсидия беруден бас тарту Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 19-1-бабы 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      37. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      38. Осы тараудың, сондай-ақ 1, 2-тараулардың ережелері 4 және 5-тарауларда көзделген қатынастарға қолданылады.

4-тарау. Ұсыныстарды электрондық түрде қарау тәртібі

      39. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсынысты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді;

      2) ұсыныстың осы Қағидаларда белгіленген субсидиялау талаптарына сәйкестігін тексеру, оның ішінде қарыз шартының осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген қарыз шартына қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді;

      3) ұсыныс бойынша шешімді қабылдауды және ресімдеуді және бұл туралы қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) мен қаржы институтын хабардар етуді жүзеге асырады.

      40. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылады.

      41. Қаржы институты субсидиялауға арналған өтінімдерді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Деректер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған қарыз алушыда және қаржы институтында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттарының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) және қаржы институтына субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне өтінімді тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады.

      42. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шот ашу үшін:

      1) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) және қаржы институтының ЭЦҚ-сы болуы тиіс;

      2) облыс басқармасы (қала басқармасы) ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге жыл сайын жолдап отырады.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік өтеусіз негізде онлайн режимінде тұрақты түрде беріледі.

      Министрлік жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне рұқсаты бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жауапты адамдардың тізімін жолдайды.

      43. Қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) және қаржы институты дербес шоттарды ашқан кезде тіркелу үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты және әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты және әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН;

      3) дара кәсіпкерлер, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанындағылар үшін: ЖСН немесе БСН, аты және әкесінің аты (бар болса), тегі;

      4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

      5) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) және қаржы институты 3 (үш) жұмыс күні ішінде "жеке кабинетке" енгізілген дербес шот деректерін өзгертеді.

      44. Жұмыс органының жауапты орындаушысы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялауға арналған өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      1) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы субсидиялауға арналған өтінімнің қабылданғанын растайды;

      2) субсидиялауға арналған өтінімді тіркеу нәтижелері бойынша субсидияларды қаржы институтының арнайы банктік шотына аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем шоттарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.

      45. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалануға аттестаттау шартымен және осындай жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне және онымен қамтамасыз етуге оң нәтиже берген жағдайда жол беріледі:

      1) "Заңды тұлғалар", "Жеке тұлғалар", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорларымен және "электрондық үкімет" веб-порталымен ақпараттық өзара іс-қимыл;

      2) субсидиялар көлемдері бойынша лимиттердің мәртебесі туралы ақпараттың онлайн режимінде қолжетімділігі;

      3) субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұру туралы хабарландыруды ақпараттық жүйеде орналастыру;

      4) ЭЦҚ қойылған ұсыныстарды, субсидиялауға арналған өтінімдер мен хабарламаларды веб-портал арқылы беру;

      5) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімдерін электрондық түрде қалыптастыру және оларға ЭЦҚ қою;

      6) ақпараттық жүйеде субсидиялау шартын немесе субсидиялау шартына қосымша келісімді электрондық түрде жасасу және оларға ЭЦҚ қою;

      7) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) банктік шотына субсидияларды аудару үшін қазынашылық органдарына субсидияларды төлеуге арналған төлем шоттарын қалыптастыру.

      46. Субсидияларды беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізушіні туындаған жағдай туралы дереу хабардар етеді және оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметтерді жеткізуші 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қол қояды.

      47. Өтінімдерді электрондық түрде қарау кезінде осы Қағидалардың 16, 19, 21, 23, 25, 29 – 35-тармақтарында көзделген іс-шаралар субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

5-тарау. Ұсыныстарды қағаз түрінде қарау тәртібі

      48. Субсидиялауды қағаз түрінде жүзеге асыру үшін қаржы институты немесе қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) беру мақсатында Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтеу кестесімен қарыз шартының көшірмесі қоса берілген ұсыныс;

      2) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелері бар жаңартылған өтеу кестесінің жобасы (мөлшерлеменің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен бірге жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолданады);

      3) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредитті алғаны туралы несие шотынан үзінді-көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын/ лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат;

      49. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсынысты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) ұсыныстың осы Қағидаларда белгіленген субсидиялау талаптарына сәйкестігін тексеруді, оның ішінде осы қарыз шартының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қарыз шарттарына қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді;

      2) осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді ресімдеуді және бұл туралы қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) мен қаржы институтын хабардар етуді жүзеге асырады.

      50. Тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсыныстар қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте, жұмыс органының жауапты орындаушысы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсыныстар қабылдау тоқтатылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы жазбаша түрде қаржы институттарын хабардар етеді және өзінің интернет-ресурсында хабарландыру орналастырады.

      51. Ұсыныстар қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін қарауға келіп түскен ұсыныстар қаржы институтына немесе қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) қараусыз қайтарылады.

      52. Жұмыс органының жауапты орындаушысы (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынысты мақұлдаудан бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы қаржы институтына немесе қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) жазбаша хабарлайды.

      53. Жұмыс органының жауапты орындаушысы (көрсетілетін қызметті беруші) қаржы институтының субсидиялауға арналған өтінімін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударуға арналған өтінім сомасының қарыз алушыларды (көрсетілетін қызметті алушыларды) субсидиялау кестесіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      54. Жұмыс органының жауапты орындаушысы (көрсетілетін қызметті беруші) субидиялауға арналған өтінімді тексергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті төлем шотын қазынашылық органдарына жібереді.

      55. Жұмыс органының жауапты орындаушысы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім бойынша шешім шығарған немесе қолданыстағы қарыз шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақы төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша мерзімді кейінге қалдыру) өзгерген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) атауын, қарыз шартының нөмірі мен жасалған күнін, қарыз сомасын, қарыз шартының қолданылу мерзімін, субсидиялау мерзімін, қарыздың нысаналы мақсатын, субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің пайызын, субсидияның жалпы сомасын, кредиттік шарттың бүкіл мерзіміне сыйақы сомасын (жалпы, субсидияланатын, қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейтін) негізгі борыштың өзгеру серпінін көрсете отырып, "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында өз шешімінің, жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) мөрімен расталған, қол қойылған субсидиялау шарты мен субсидиялау кестелерінің сканерленген көшірмелері қоса берілген өтінім туралы деректерді енгізеді.

      Осы тармақтың ережелерін іске асыру үшін көрсетілетін қызметтерді жеткізуші субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қажетті ресурстардың әзірленуін және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      56. Өтінімді Мемлекеттік корпорация арқылы қарау кезінде осы Қағидалардың 16, 19, 21, 23, 25, 29 – 35-тармақтарында көзделген іс-шаралар қағаз түрінде жүзеге асырылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      57. Қаржы институты ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-сына кешіктірмей "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде берілген қаражатты игеру туралы есепті ұсынады.

      58. "Даму" КДҚ" АҚ тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде берілген қаражатты игеру туралы есепті ұсынады.

      59. Министрлік тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-сына кешіктірмей ҚР ҰЭМ-ға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде берілген қарыз шарттары бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті ұсынады.

      60. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін жыл қорытындылары бойынша (келесі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат) есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін жұмыс органына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті ұсынады.

      61. Жұмыс органы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-на дейін жыл қорытындылары бойынша (келесі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат), есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-на дейін Министрлікке осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті ұсынады.

      62. Бағдарламаға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қарсы міндеттеме ауыл шаруашылығының негізгі капиталына және тамақ өнімдерін өндіруге инвестициялар бойынша статистикалық есептілікті ұсыну болады.

7-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      63. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыс органының жауапты орындаушысының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      64. Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      жергілікті атқарушы орган, уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      65. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      66. Қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Ұсыныс

      Қаржы институты: ___________________________________________________

      (қаржы институтының атауы)

      Қарыз алушы: _____________________________

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңы тұлғаның толық атауы)

      Кімге: ______________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, асатананың жергілікті

      атқарушы органы)

1. Қатысушы туралы мәліметтер

1

Қарыз алушының атауы


2

Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі


3

Қарыз алушы туралы мәліметтер: дара кәсіпкерлер, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанында жеке сәйкестендіру нөмірі – (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)/ заңды тұлға үшін БСН/ жеке тұлға үшін ЖСН


4

Банктік деректемелер


5

Байланыс телефондары


2. Субсидиялауға жататын кредиттік шарттар (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат

КШ (нөмірі және күні)


Сомасы, теңге


Сыйақы мөлшерлемесі, пайыз


Субсидиялау күніне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге


КШ-ның қолданылу мерзімінің аяқталатын күні


Кредит беру валютасы


Кредит берудің/ лизингтің нысаналы мақсаты*


Қаржыландыру көзі**


ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды) бойынша төрт таңбалы сыныбы**


Кредит/лизинг нысанасы, саны

Лизинг нысанасын өндіруші ел

Мемлекеттік тіркеу базасындағы есепке алу нөмірі

9

10

11










      Ескертпе:

      * өндірістік процестің технологиялық тізбегіне қажетті айналым қаражатын толықтыру/негізгі құралдарды сатып алу/құрылыс/ауыл шаруашылығы жануарларын/техниканы және технологиялық жабдықты лизингке алу/ көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге (керегін қою)

      ** "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде қаржы институттары берген қарызды ұсынған жағдайда көрсетіледі.

      Осымен:

      1) қарыз шартының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында белгіленген қарыз шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні;

      2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс (ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық тізбегіне қажетті айналым қаражатын толықтыру, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылатыны;

      3) қаржылық берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында болмайтыны, сондай-ақ қызметі "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тоқтатылмағаны;

      4) қарыз шартының республикалық бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылмағаны;

      5) қарыз алушыда (көрсетілетін қызметті алушыда) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілерінің жоқтығы;

      6) қарыз алушыда (көрсетілетін қызметті алушыда) негізгі берешекті және/немесе қарыз шарты бойынша сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы;

      7) субсидиялауға арналған өтінімде көрсетілген қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайтыны расталады.

      Қосымша: өтеу графигі бар қарыз шартының көшірмесі.

      Ұсыныс қағаз түрінде берілген жағдайда:

      Қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы

      __________________________________________________

      Қаржы институты басшысының немесе оны алмастыратын

      адамның аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі және қолы

      __________________________________________________

      Қарыз алушының ұсынысқа қол қойған күні: 20______ жылғы "__" _________

      Қаржы институтының ұсынысқа қол қойған күні: 20______ жылғы "__" _________

      Ұсыныс электронды түрінде берілген жағдайда:

      Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ______ сағат __ қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған алынған деректер

      Қаржы институты 20__ жылғы "__" __________ сағат __ қол қойып, жіберді.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      Ұсыныстың қабылданғаны туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" __________ сағат __ қабылдады.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

Қарыз шартына қойылатын талаптар

      Қарыз шарты мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) алынған кредит/лизинг агроөнеркәсіптік кешен саласында пайдаланылған;

      2) теңгемен жылдық 17 (он жеті) пайыздан (бұдан әрі – %) артық емес, Ресей рублімен жылдық 14 (он төрт) %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-дан артық емес белгіленген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жасалған;

      3) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс (ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық тізбегіне қажетті айналым қаражатын толықтыру, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылады;

      4) қарыздың қаржыландыру көзі мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болып табылмайды;

      5) өтінім берілген сәтте жарамды (бұзылмаған және тоқтатылмаған) болып табылады;

      6) сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбайды.

      Жаңа, бұрын пайдаланылмаған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің ақпараттық жүйесінде тіркелген ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы субсидиялауға жатады

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      ____________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы)

Субсидиялауға арналған өтінім

  20__ жылғы "____" __________

      Осымен _________________________ қаржы институты төмендегі кестеде көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттарына сәйкес қарыз алушыда (көрсетілетін қызметті алушыда) өткен айда мерзімі өткен міндеттемелердің жоқтығын, оның ішінде қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төлегенін растайды және 20___ жылғы "__" ________ бастап 20___ жылғы "__" ________ дейінгі кезең үшін ______________________ теңге сомасындағы субсидияларды төменде көрсетілген қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушының) шотына төлеуді сұрайды.

      Қаржы институтының басшысы (сенімхат бойынша өкілі)

      ____________________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

р/с №

Қарыз алушының атауы және жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Субсидиялау шартының нөмірі мен күні

Қарыз шартының нөмірі мен күні

Қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Субсидия сомасы













      Субсидиялауға арналған қағаз түрінде берілген жағдайда:

      Қаржы институтының басшысы (сенімхат бойынша өкілі)

      ____________________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қаржы институтының ұсынысқа қол қойған күні: 20______ жылғы "__" _________

      Субсидиялауға арналған өтінім электронды түрінде берілген жағдайда:

      Қаржы институты 20__ жылғы "__" __________ сағат __ қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      Ұсыныстың қабылданғаны туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" __________ сағат __ қабылдады.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты

      ___________ қаласы                                     20__ жылғы "___" __________

      Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын _________________ облысының (қаласының) ауыл шаруашылығы басқармасы атынан 20__ жылғы _________________________ № ________ сенімхат негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан, бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын ________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін __________________ екінші тараптан және бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын ______________________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін ____________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты.

1-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы шартта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалар) көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Осы шарт бойынша Жұмыс органы Қаржы институтының қолдауымен шартта айқындалған талаптармен осы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушыларды субсидиялау графигіне (бұдан әрі – субсидиялау графигі) сәйкес қарыз алушының белгілі бір қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі шығындарын тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген ақша сомасы шегінде субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Жұмыс органы:

      1) Қаржы институтынан субсидиялауға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      2) оның Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялар алу шарттарына сәйкестігін тексеруді және субсидиялауға арналған өтінім сомасының субсидиялау шартына сәйкес Қарыз алушыларды субсидиялау графигіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;

      3) субсидиялауға арналған өтінімге сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін Қаржы институтының арнайы банктік шотына ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезекті төлеу жүргізілетін айдың алдындағы айда аударуға.

      4) субсидиялауға арналған өтінім Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда, Қаржы институтының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шотын қалыптастыруға және қазынашылық органдарына жолдауға;

      5) субсидиялауға арналған өтінім сәйкес келмеген жағдайда субсидиялар беруден бас тарту туралы Қаржы институтын хабардар етуге міндеттенеді.

      4. Қаржы институты:

      1) ай сайын субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруға және Жұмыс органына жолдауға;

      2) Қарыз алушы негізгі борышты және сыйақыны өтеу жөніндегі міндеттемелерінің мерзімін өткізіп алған жағдайда және Субсидиялау қағидаларында көрсетілген басқа да оқиғалар бойынша оқиғалар анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы Жұмыс органын хабардар етуге;

      3) қолданыстағы қарыз шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру) өзгерген жағдайда, Жұмыс органына қаржыландыру талаптарын өзгерту жөніндегі қабылданған шешімнің, негізгі борышты, сыйақыны және субсидиялар көлемін өтеудің жаңартылған графигінің көшірмесін қоса бере отырып, хабарлама жолдауға міндеттенеді.

      5. Қарыз алушы:

      1) Субсидиялау қағидаларында белгіленген субсидиялау шарттарын сақтауға;

      2) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидиялануына жол бермеуге міндеттенеді.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Тараптар осы шарт бойынша осы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

5-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      7. Егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған кезде, осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауының мүмкін болмауы туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      9. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

      10. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы осы шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.

      11. Егер, мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Хат-хабар тиісті түрде ресімделсе (хат-хабар бланкінде берілген немесе мөрмен (бар болса) бекемделген, басшының қолы қойылған және оның тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.

      13. Осы шартты жұмыс органының мынадай жағдайларда оны біржақты бұзу мүмкіндігі көзделеді:

      1) шартта қарыз алушы негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы;

      2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;

      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шоттарына тыйым салу;

      4) қарыз алушының субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      5) қарыз алушының қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;

      6) қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.

      14. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар субсидиялау шарты бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.

      15. Осы шарт барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау графигіне сәйкес қарыз шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.

      16. Шартпен реттелмеген бөлікте, Тараптар дауды сот тәртібімен шешеді.

      17. Осы шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      18. Осы шартқа қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері, қолтаңбалары:

Жұмыс органы:

Қарыз алушы:

Қаржы институты:

  Сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау шартына
қосымша
  Нысан

Қарыз алушыны субсидиялау графигі

      (Жұмыс органының шешіміне сәйкес)

      20___ жылғы "___" _______ №___

      Қарыз алушының атауы: _____________________________________________________

      Нөмірі, жасалған күні:_______________________________________

      Кредиттің/ лизингтің нысаналы мақсаты: _______________________________________

      Кредит шартының сомасы, теңге: _____________________________________________

      Кредит шартының сомасы, валюта: теңге, KZT: _________________________________

      Кредит шарты бойынша негізгі борышты қайтару мерзімі: ________________________

      Сыйақы мөлшерлемесі, %

      Жалпы: __________________________________________________________________

      Субсидияланатын: __________________________________________________________

      Қарыз алушы төлейтін: ______________________________________________________

      Қарыз шартының барлық мерзіміне сыйақы сомасы, теңге

      Жалпы: ___________________________________________________________________

      Субсидияланатын: __________________________________________________________

      Қарыз алушы төлейтін: _____________________________________________________

Жыл

Ай

Кредит шартының графигі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі

Сыйақының жалпы сомасы, теңге

Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге














Жиыны





      Жұмыс органы _____________             ______________________________________

      қолы                         (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қарыз алушы: _____________             ______________________________________

      қолы                         (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қаржы институты __________            ______________________________________

      қолы                         (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
порталда – 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық
қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Мемлекеттік корпорацияның – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскi үзiлiссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен субсидиялау объектісінің тұрған орны бойынша көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады.
3) көрсетілетін қызметті берушінің – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

порталға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының және қаржы институтының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ұсыныс.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымды қабылдау туралы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі қарыс алушының (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетінде" тиісті мәртебе ұсыныстың қабылданғанын растау болып табылады;
Мемлекеттік корпорацияға (өкіл сенімхатпен жүгінген жағдайда заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат, жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат немесе өкілеттілігін растайтын өзге құжат):
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтеу кестесімен қарыз шартының көшірмесі қоса берілген ұсыныс;
2) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелері бар жаңартылған өтеу кестесінің жобасы (мөлшерлеменің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен бірге жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолданады);
3) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредитті алғаны туралы несие шотынан үзінді-көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын/ лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

 Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы жеке кабинет арқылы немесе Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті ____________________________________________________

      (қарыз алушының атауы)

      Сіздің 20___ "__" ________ № _______ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және 20__ жылғы "__" ______ төлем шотына____________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы № __________ Сіздің есеп шотыңызға аударылғанын хабарлаймыз.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті ____________________________________________________

      (қарыз алушының атауы)

      Сіздің 20___ "__" ________ № _______ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден ______________________ себепті бас тартылады.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде берілген қаражаттың игерілуі туралы ____________ мен ____________ аралығындағы кезеңге есеп

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы ____ айы

      Индексі: № нысан

      Кезеңділігі: ай сайынғы/ тоқсандық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институттары. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      Қайда ұсынылады: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қаржы институты "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің әрекет ету мерзімі ішінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-сына кешіктірмей "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-сына кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне береді.

р/с №

Банк

Облыс

ҚР облыстарының бөлінісінде Қарыз алушының атауы

Заңды мәртебесі (ЖШС, ДК, ШҚ, ӨК)

Берілген күні

Қарыз мерзімі, айлар

Қарыз сомасы

Тетік қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      кестенің жалғасы

Банк қаражатының есебінен мақұлданған қарыз сомасы

Іс жүзінде берілген қаражат сомасы

Тетік қаражаты есебінен іс жүзінде берілген сома

Банк қаражатының есебінен іс жүзінде берілген сома

Негізгі берешекті өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік кезеңі

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі

Кредит беру объектісі

10

11

12

13

14

15

16

17

18



















      кестенің жалғасы

Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)

Іске асырылу орны (аудан, қала)

ЭҚЖЖ бойынша секциясы

ЭҚЖЖ бойынша төрт таңбалы сыныбы

Жобаны іске асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны

ЕДБ Уәкілетті органы шешімінің
№-і

ЕДБ Уәкілетті органы шешімінің күні

Жылына салық төлемдерінің жоспарлы сомасы (ең жоғары жобалық қуаттылығына шыққан кезде), млн. теңге (бизнес жоспар негізінде)

Жылына табыстың жоспарлы сомасы (ең жоғары жобалық қуаттылығына шыққан кезде), млн. теңге (бизнес жоспарының негізінде)

Банктік қарыз шартының/ Кредиттік желіні ашу туралы келісімнің №-і

Банктік қарыз шартының/ Кредиттік желіні ашу туралы келісімнің күні

Қа рыз алу шының ЖСН-сы/ БСН- сы

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

























      кестенің жалғасы

Бизнесті қолдау мен дамытудың "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасына қатысуы (иә/жоқ)

Тетік шеңберіндегі бағыт*

Жеке кәсіпкерлер субъектілерінің санаты (Шағын бизнес/Орта бизнес/ірі бизнес)

АӨК субъектілерінің Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкестігі (сәйкес/сәйкес емес)

АӨК субъектісі жобасының Бағдарламаның/Тетіктің талаптарына сәйкестігі (сәйкес/сәйкес емес)

31

32

33

34

35











      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖШС – жауапкерлігі шектеулі серіктестік;

      ДК – дара кәсіпкер;

      ШҚ – шаруа қожалығы;

      ӨК – өндірістік кооператив;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлері жалпы жіктеуіші;

      АӨК – агроөнеркәсіптік кешен;

      ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде берілген қарыз шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы 20 ___ жылдың ____ тоқсанына арналған есеп

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы ____ тоқсан

      Индексі: № нысан

      Кезеңділігі: тоқсандық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне береді

р/с№

Қарыз алушының атауы

ЖСН/ БСН

Қарыз шартының № және күні

Қарыз шартының сомасы, теңге

Қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзімі бойынша барлық көзделген субсидия, теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Жұмыс органы қаржы институтына

Қаржы институты қарыз алушыға

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






















Жиныны









      кестенің жалғасы

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды жұмыс органына қайтару (нақты), теңге

Қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялардың қалдығы (11-баған – 13-баған), теңге

ЭҚЖЖ бойынша төрт таңбалы сыныбы

Барлығы (7-баған- 9-баған)

оның ішінде есепті кезеңде (8-баған -10-баған)

11

12

13

14

15





















      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігінің жауапты адамы _____________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлері жалпы жіктеуіші.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есеп

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы ____ тоқсан, 20 ___ жыл

      Индексі: № нысан

      Кезеңділігі: тоқсандық, жылдық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институттары, жұмыс органы

      Қайда ұсынылады: жұмыс органы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қаржы институты есепті тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін және жылдың қорытындысы бойынша (келесі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат) есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-сына дейін жұмыс органына береді, жұмыс органы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-на дейін және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-на дейін (келесі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне береді.

р/с№

Қарыз алушының атауы

ЖСН/ БСН

Қарыз шартының № және күні

Қарыз шартының сомасы, теңге

Қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзімі бойынша барлық көзделген субсидия, теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Жұмыс органы қаржы институтына

Қаржы институты қарыз алушыға

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
































Жиыны:









      Кестенің жалғасы

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды жұмыс органына қайтару (нақты), теңге

Қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялардың қалдығы (11-баған – 13-баған), теңге

барлығы (7-баған- 9-баған)

оның ішінде есепті кезеңде (8-баған -10-баған)

11

12

13

14

















      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі.