Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 қарашада № 17699 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілерінің бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілерінің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13742 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 49 бұйрығына
1-қосымша

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес тексерулер мен бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында әзірленді.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде құқық бұзушылықтар жасаудың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған.

      2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тәуекел - бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі - бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;

      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бір бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) бақылау субъектілері - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, лицензиялауды немесе өзге де рұқсат құжаттарын беруді, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері (бар болса), сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері (бар болса), заңды тұлғалар, оның ішінде олардың филиалдары мен өкілдіктері;

      6) өрескел бұзушылықтар – жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген тексерулер мен профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың ең көп санына, заңсыз тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау фактісінің болуына байланысты, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру мерзімін сақтамау не беруден бас тарту фактісінің болуына, бiрiншi және екiншi санаттағы берiлген рұқсаттарға арақатынаста бiрiншi және екiншi санаттағы рұқсаттарды беруден бас тартудың ең көп санына байланысты, сондай-ақ мемлекеттік қолдау алу үшін мақұлданған өтініштердің санына арақатынаста мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартудың ең көп санына байланысты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын талаптарды бұзушылықтар;

      7) елеулі бұзушылықтар – жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруден және мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тарту санының 20%-ды қоса алғанға дейін ұлғаюына байланысты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын талаптарды бұзушылықтар;

      8) болмашы бұзушылықтар – жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру және мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тарту санының 10%-ды қоса алғанға дейін ұлғаюына байланысты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын талаптарды бұзушылықтар;

      9) тексеру парағы - бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін айқындау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу ықтималдығына байланысты жүзеге асырылады.

      4. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізу кезінде бақылау субъектілері екі тәуекел дәрежесі (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бойынша бөлінеді.

      5. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тәсілдері

      6. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылаудың ерекшелігі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес пайыздық арақатынаста өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілері саны өсімінің ең аз көрсеткіші бар екі өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) бақылау субъектілерін іріктеу жүргізіледі.

      8. Объективті өлшемшарттар бойынша іріктелген өңірлерде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада):

      1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған Кодекстің 138, 139-баптарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды;

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді;

      3) мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуді жүзеге асыратын барлық бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.

      9. Объективті өлшемшарттар бойынша іріктелген өңірлерде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) Заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылған шаралары бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсететін бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатпайды.

      10. Тәуекел айқындалғаннан кейін бақылау субъектілері екі тәуекел дәрежесі (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бойынша бөлінеді.

      Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне қатысты субъективті өлшемшарттар қолданылады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      11. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      12. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне қатысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      13. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) сұрау салу бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;

      3) алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері пайдаланылады, бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі тексеру парақтарында көрсетілген талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді.

      14. Субъективті өлшемшарттар бойынша іріктелген өңірлерде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) талдаудың алдындағы жартыжылдықта мыналардың ең көп саны болған бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында жүргізілген тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау;

      2) бiрiншi және екiншi санаттағы берiлген рұқсаттарға арақатынаста бiрiншi және екiншi санаттағы рұқсаттар беруден бас тартулар;

      3) мемлекеттік қолдау алу үшін мақұлданған өтініштердің санына арақатынаста мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар.

      15. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      16. Талдау және бағалау кезінде нақты бір бақылау субъектісіне қатысты бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      17. Мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi не заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерi болған жағдайда, тәуекел дәрежесін бағалау жүйесiнiң субъективтi өлшемшарттары бойынша іс-шаралар аумақтық бөлiмшелерге, әрбір бақылау субъектісінің заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiне қатысты қолданылады.

      18. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бұзушылықтар үш дәрежеге бөлінеді: өрескел, елеулі және болмашы. Өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтардың тізбесі Өлшемшарттарға қосымшада көрсетілген.

      19. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы негізге алына отырып, Өлшемшарттардың 24-тармағына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі:

      1) 61-ден бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген кезде - жоғары тәуекел дәрежесіне;

      2) 0-ден бастап 60-ты қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмеген кезде - жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.

      20. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.

      21. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын, бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      22. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең үлкен көрсеткіштері бар бақылау субъектілерінің басымдықтары ескеріле отырып жасалады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      23. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін бақылау субъектілері екі тәуекел дәрежесі (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бойынша бөлінеді.

      Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 деген көрсеткіші беріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұндағы:

      SРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұндағы:

      SРн - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 - болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны; 

      SР2 - анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұндағы:

      SР - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

4-тарау. Тексерулер мен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу және нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      24. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерінің:

      1) Кодекстің 138, 139-баптарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      2) бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды Заңға сәйкес беру;

      3) мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласындағы тексеру парақтарының талаптары тексеруге жатады.

      25. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды.

      26. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша мыналарды:

      1) іріктелген өңірлерде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілері санының ең аз өсімі себептерін;

      2) кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын шамадан тыс талаптарды;

      3) жүйелі сипаттағы бұзушылық фактілерін;

      4) құқық бұзушылықтардың алдын алудың басымдығын;

      5) кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтар мен коллизияларды;

      6) кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайсыз жағдайларды, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруды анықтау тұрғысынан кешенді талдау жүргізіледі.

      Жоғарыда көрсетілген талдау ескеріле отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде, сондай-ақ кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленеді.

  Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қорғау және қолдау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы субъективті өлшемшарттар

№ р/н

Өлшемшарттар

Бұзушылықтар дәрежесі

1

2

3

1. Бақылау және қадағалау субъектілері ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің деректері

1

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың ең көп саны

Өрескел

2

Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні тіркемей заңсыз тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу фактісінің болуы

Өрескел

3

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау санының 20% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Елеулі

4

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау санының 10% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Болмашы

5

Бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру мерзімін сақтамау не беруден бас тарту фактісінің болуы

Өрескел

6

Бiрiншi және екiншi санаттағы берiлген рұқсаттарға арақатынаста бiрiншi және екiншi санаттағы рұқсаттарды беруден бас тартудың ең көп саны

Өрескел

7

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруден бас тарту санының 20% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Елеулі

8

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруден бас тарту санының 10% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Болмашы

2. Уәкілетті органдар мен ұйымдар сұрату бойынша ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Мемлекеттік қолдау алу үшін мақұлданған өтініштердің санына арақатынаста мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартудың ең көп саны

Өрескел

2

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тарту санының 20% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Елеулі

3

Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тарту санының 10% қоса алғанға дейін ұлғаюы

Болмашы

3. Алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

Бақылау субъектілерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша өлшемшарттар

1

Реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының болуы

Болмашы

2

Бақылау және қадағалау органының жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелеріне және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге арналған өзге де ақпаратқа талдау жүргізуі

Елеулі

3

Реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып бекіткен және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілердің болуы

Болмашы

4

Реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының болуы

Елеулі

5

Нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес бекіткен жартыжылдық кесте негізінде жүргізу және алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескерместен жүргізу

Өрескел

6

Мынадай негіздемелер бойынша нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу:
1) тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2) субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермеген және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
3) бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жүгінімдері;
4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
7) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жүгінімдері;
8) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектiсі азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіндігі туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;
10) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
11) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеудің және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері;
12) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң салықтық өтiнiшi немесе шағымы бойынша, оның ішінде:
резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну арқылы қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;
дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;
қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынуына байланысты;
салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымына байланысты;
13) салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кетуі сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша;
14) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негiздер бойынша;
15) салық төлеушi (салық агенті) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын орындамаған жағдайда;
16) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты;
17) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша, оның ішінде:
салық төлеуші (салық агенті) салық органының талап етуі бойынша дебиторлар тiзiмiн белгіленген мерзiмде ұсынбаған не дебиторлардың жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынған жағдайда;
дебитор салық органының талап етуі бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн белгіленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда;
18) қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларациядағы салық төлеушiнiң талабы бойынша;
19) бейрезиденттiң қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшi бойынша, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайтадан қарау туралы өтініш жасауына байланысты;
20) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша;
21) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау мәселелері бойынша;
22) уәкілетті органның шешімі негізінде;
23) салық органының шешімі негізінде

Өрескел

7

Бұзушылықтар тікелей жасалған сәтте олардың жолын кесу қажет болған жағдайда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды және жоспардан тыс тексеруді ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс уақытында жүргізу

Елеулі

8

Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізбеу

Елеулі

9

Анонимді өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізбеу

Елеулі

10

Нақты бір жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған, жоспардан тыс тексеру тағайындауға негiз бола алмайтын фактiлер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Елеулі

11

Салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығынан асып кету сомаларын қайтару туралы талап бойынша, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша, салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, бұрын тексерілген кезең үшін жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Елеулі

12

Салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібергеннен кейін тексерулер жүргізу

Елеулі

13

Салық органдарында бар деректерді, салықтық есептілікті, өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы мәліметтерін, салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді және өзге де есептілікті салыстыру арқылы белгіленген кезең үшін салық есептілігін ұсыну мерзімі өтіп кеткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін камералдық бақылау нәтижелері бойынша жоспардан тыс салықтық тексеруді жүзеге асыру

Елеулі

14

Салық органдарының бес жылдан аспайтын талап қоюдың ескіру мерзімінің ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруы

Елеулі

15

Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімдеу

Елеулі

16

Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері жөнінде қорытынды жасау

Елеулі

17

Мыналарға:
1) салық салу объектісіне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге хронометражды зерттеп қарау жүргізу кезіндегі міндетті зерттеп қарау тәртібін сақтау. Қажет болған жағдайда салық төлеушінің тауар-материалдық құндылықтарын түгендеуді жүргізу;
2) ақшаның, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп қаралатын салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге байланысты өзге де құжаттардың болуына;
3) бақылау-касса машинасының фискалдық есебіне хронометражды зерттеп қарау жүргізу кезіндегі міндетті зерттеп қарау тәртібін сақтау

Елеулі

18

Хронометражды зерттеп қарау барысында алынған мәліметтерді хронометражды-бақылау карталарына енгізудің толықтығын және дәлдігін қамтамасыз ету

Елеулі

19

Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру нысанын, тексеруге жататын мәселелер тізбесін, салықтық тексеру жүргізу кезінде қажет салық төлеушінің (салық агентінің) құжаттары, құқықтары мен міндеттерінің, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажет басқа да деректердің тізбесін көрсете отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлау

Өрескел

20

Тексеруді тағайындау туралы актiде:
1) актiнiң нөмiрiн және күнiн;
2) мемлекеттiк органның атауын;
3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтерді;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауын немесе өзiне қатысты тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерiн, сәйкестендiру нөмiрiн, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесi көрсетiледi.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;
6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
9) тексерiлетiн кезең;
10) бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірін және күнін;
2) мемлекеттік органның атауын;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі көрсетіледі.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жағдайында, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде оның атауы және тұрған жері көрсетіледі;
6) тағайындалған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасы;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімі;
8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде тексеру парақтарының талаптары;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
10) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі;
11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы туралы ақпараттар көрсетілген тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің негізінде жүргізу

Елеулі

21

Салықтық тексеруді салық органының тексеру жүргізу туралы нұсқамасында:
 1) нұсқаманың салық органында тіркелген күнін және нөмірін;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауын;
4) сәйкестендіру нөмірін;
5) тексерудің нысаны мен түрін;
6) тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын мамандардың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
7) салықтық тексеруді жүргізу мерзімін;
8) хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, тексерілетін кезеңін көрсете отырып жүргізу

Елеулі

22

Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуді жүзеге асыру

Елеулі

23

Тексеру жүргізу күні мен тексеру жүргізу нысанын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізудің басталғаны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлау

Өрескел

24

Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларды қоспағанда, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанын көрсете отырып, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуді бастау туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне хабарлау

Өрескел

25

Жеке кәсіпкерлік субъектісі тексеруді тағайындау туралы актіні, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті тұлғасы қол қойған хаттаманы жасау

Елеулі

26

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізуші лауазымды адамдардың құрамын ауыстырған жағдайда тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетілген хабарламаның болуы

Елеулі

27

Микрокәсіпкерлік субъектілеріне бес жұмыс күні ішінде, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын бақылау және қадағалау субъектілеріне:
жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспайтын және он жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен аспайтын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің төрт сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзімде тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу

Өрескел

28

Бақылау және қадағалау орган басшысының (не оны алмастыратын тұлғаның) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдерін:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) өзіне қатысты тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізіліп жатқан тұлғаның тұратын жерін анықтау;
3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда бір рет ғана ұзартуды жүзеге асыру

Өрескел

29

Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып және тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күнін және ұзартудың себебін көрсете отырып, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу

Елеулі

30

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тоқтата тұрғанға не қайта бастағанға дейін бір күн бұрын жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабарлауды жүзеге асыру

Өрескел

31

Салықтық тексерулерді нұсқамада көрсетілетін жүргізу мерзімінде, немесе нұсқама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күннен аспайтын мерзімде салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:
1) құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – қырық бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы – алпыс жұмыс күніне дейін;
2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден астам тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – жетпіс бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзарта отырып жүргізу

Өрескел

32

Салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:
1) салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талаптарын салық төлеушіге (салық агентіне) табыс ету және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезінде сұратылған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуы;
2) салық органының сұрау салуын басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға жіберу және көрсетілген сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу;
3) шет мемлекеттерге ақпарат беру туралы сұрау салу жіберу және халықаралық келісімдерге сәйкес салық органдарының ол бойынша мәліметтер алуы;
4) салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылықты дайындауы және оны салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қарауы кезеңінде салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) құқықтық статистика органын хабардар ете отырып, тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қолын қойғызып табыс ете отырып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық тәсілмен табыс ете отырып тоқтата тұруы

Өрескел

33

Өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталған өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының жеке кәсіпкерлік субъектісі басшысының немесе өкілінің және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізуі

Өрескел

34

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде жасалу орнын және күнiн, өнiм үлгiлерiн iрiктеуді жүзеге асыруда негізге алынатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрiн және күнiн, өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымын, тегiн, атын және әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өнiм үлгiлерiне iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауын және тұрған жерiн, тексерiлетiн субъектінің уәкiлеттi адамының лауазымын және тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өндiрушiнi, өндiрілген күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiнiң тiзбесiн және санын, буып-түю түрiн және мөрдiң (пломбаның) нөмiрiн көрсету

Елеулі

35

Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп қарау сынамаларына зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын мөлшерде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
4) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің белгiленген мерзiмдерiн асыруға;
6) бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды өткізуге шектеулерді сақтау

Өрескел

36

Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
1) актiнiң жасалған күнiн, уақытын және орнын;
 2) бақылау және қадағалау органының атауын;
3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған күнi мен нөмiрiн;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
5) тексерiлетiн субъектiнiң атауын немесе тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымын;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнiн, орнын және кезеңiн;
7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтерді;
8) тексеру парағының атауын және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтарын;
9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәлiметтерді;
10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасын көрсете отырып тексеру нәтижелері туралы акт жасау.
Салықтық тексеру нәтижелерi туралы актiде:
1) тексеру актісін жасау орны мен күнін;
2) тексерудің түрі мен нысанын;
3) салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
4) салық органының атауын;
5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауын;
6) тексерілетін тұлғаның тұрған жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;
7) салық төлеушінің (салық агентінің) басшысы мен салықтық және бухгалтерлік есептілікті жүргізуге және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
8) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді (кешенді немесе тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде);
9) тексерілетін кезеңді және тексеруді жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) ұсынған құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
10) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған тиісті ережелерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасын;
11) тексеру нәтижелері
Салықтық тексерулер туралы хабарламада:
1) хабарлама мен салықтық тексеру актісінің тіркелген күнін және нөмірін;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауын;
 3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірін;
4) есепке жазылған салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомасын;
 5) азайтылған залалдар сомасын;
 6) қосылған құн салығының қайтаруға расталмаған асып кету сомасын;
7) бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік (жеке) табыс салығының қайтаруға расталмаған сомасын;
8) төлеу туралы талапты және төлеу мерзімдерін;
9) тиісті салықтардың және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың деректемелерін;
 10) шағым жасау мерзімдері мен орны туралы ақпаратты көрсете отырып салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама жасау

Елеулі

37

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) нұсқаманың жасалған күнін, уақытын және орнын;
2) бақылау және қадағалау органының атауын;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген адамның (адамдардың) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
4) бақылау және қадағалау субъектісінің атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымын;
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жүргізілген күнін, орнын және кезеңін;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесін;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға ұсынымдарды;
8) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәліметтерді;
9) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасын көрсете отырып нұсқама жасау

Елеулі

38

Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанына жатпайтын талаптарды қоймау және өтініш жасамау

Өрескел

39

Тексерілетін субъектінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындамауы

Өрескел

40

Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау;
2) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізу;
3) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жұмысының белгіленген режиміне кедергі келтірмеу;
4) бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындау;
5) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеу, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беру;
6) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде олардың нысанасына қатысты қажетті ақпаратты бақылау және қадағалау субъектісіне беру;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні табыс ету;
8) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету міндеттерін сақтауы

Елеулі

Бақылау субъектілерінің бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы бойынша өлшемшарттар

1

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етпеу

Елеулі

2

Тексерілетін субъектілердің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, екінші санаттағы рұқсаттарды алу үшін өтініш берушілерден артық құжаттарды беруді талап етпеуі

Елеулі

3

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" веб-порталында және тексерілетін субъектінің интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру

Елеулі

4

Тексерілетін субъектілердің мынадай міндеттерді сақтауы:
1) Заңға сәйкес лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың рұқсаттар алуы кезінде олар үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері, бұл үшін талап етілетін құжаттар тізбесі және осындай құжаттарды алу және ресімдеу тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда беру;
4) мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсыну;
5) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау;
6) рұқсаттар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін және толығып отыруын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, рұқсаттар беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің жазбаша келісімін, оның ішінде электрондық құжат нысанында алу;
8) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға қатысты лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты беру

Елеулі

5

Тексерілетін субъектілердің рұқсаттардың қолданылу мерзімі бойынша талаптарды сақтауы

Елеулі

6

Рұқсаттарды беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін барлық адамдар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады

Елеулі

7

Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын қараудан бас тартуды ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда ғана екі жұмыс күні ішінде жүзеге асыру

Өрескел

8

Құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген, өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиат заңды тұлғаларды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде бас тартуды жүзеге асыру

Өрескел

9

Рұқсат беру органының өтініш берушінің рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің алдағы қызметін жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға келісімдерді алу үшін рұқсат беру органына сұрату жібере отырып, өтініш берушінің біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алуы

Өрескел

10

Тексерілетін субъектінің рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімін өткізіп алған жағдайда мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге оны беруді жүзеге асыруы

Өрескел

11

Жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді тіркеу орны бойынша жүзеге асыру

Елеулі

12

Өтініш берушілерден мынадай құжаттарды:
1) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың айналымына байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – жарғының көшiрмесiн (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін);
2) заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
3) жеке тұлға үшiн – егер мынадай құжаттар жайлы ақпаратты лицензиар тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ала алатын болса, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн ұсынуды талап етпеу

Елеулі

13

Қолданылу мерзімі бар лицензияны оның қолданылу мерзімін шектемей беруді жүзеге асыру

Елеулі

14

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді не оларды беруден дәлелді бас тартуды тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруді жүзеге асыру

Өрескел

15

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде, сондай-ақ берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда лицензиялық алым алмау

Елеулі

16

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асыру

Өрескел

17

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны:
1) лицензиат жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) лицензиат жеке кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) лицензиат заңды тұлға Заңға сәйкес айқындалған тәртіпке сай қайта ұйымдастырылған;
4) лицензиат заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;
5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімдеуді жүзеге асыру

Елеулі

18

Лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш берушіден мыналарды:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтетін нысан бойынша өтiнiштi;
2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін қоспағанда өзге де құжаттардың ұсынылуын талап етпеу

Елеулі

19

Лицензиат заңды тұлғаның бөліну және бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылуы кезіндегі қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиардың өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырмауы

Елеулі

20

Өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтетін нысан бойынша өтiнiштi;
2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) алынатын ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін ұсынбаған, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартуды жүзеге асыру

Өрескел

21

Лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды, электрондық нысанда ресімдеуді мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асыру:
1) өтініш беруші рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және рұқсат беру органының мөрімен және рұқсат беру органы басшысының қолымен куәландырылады.
2) рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкін болмаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі

Болмашы

22

Лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді құжаттардың берілген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асыруы

Өрескел

23

Өтініш берушінің таңдауы бойынша лицензияланатын қызметтің сол бір түріне (кіші түріне) лицензиялары бар бірнеше лицензиат заңды тұлғаның бірігуі нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға бір ғана лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді жүзеге асыру

Елеулі

24

Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада лицензияланатын сол бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүргізбеу

Елеулі

25

Рұқсат беру органының мынадай:
1) құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиат заңды тұлғаларды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда
бастамашылық жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартуды жүзеге асыруы

Елеулі

26

Лицензиарлардың құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет саласындағы, экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты және экспорты саласындағы, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруді не екі жұмыс күні ішінде оларды қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы

Өрескел

27

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын мынадай:
1) берілген мерзімі өткен;
2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалған;
3) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырған (кері қайтарған);
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, заңды тұлға таратылған;
5) лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасаған;
6) Заңға 1-қосымшадан лицензия немесе жекелеген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі немесе әрекет (операция) алып тасталған;
7) лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алып тасталған жағдайларда тоқтатуды жүзеге асыру

Елеулі

28

Рұқсат беру органдарының ойын бизнесі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс және атом энергиясын пайдалану салаларында жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттарын сақтауы

Елеулі

29

Рұқсат беру органдарының экспорт және импорт саласындағы лицензиялау туралы жалпы ережелерді сақтауы

Елеулі

30

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсаттардың берілу мерзімдерін сақтауы

Өрескел

31

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы

Өрескел

32

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын тиісті өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында "телнұсқа" деген жазумен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып беруді жүзеге асыруы

Елеулі

33

Рұқсат беру органының өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізуді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруді жүзеге асыруы (берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда)

Елеулі

34

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруды тиісті түрде жүзеге асыруы

Елеулі

35

Рұқсат беру органының өтініш беруші бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұзушылықтардың жойылғанын рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруы

Елеулі

36

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда рұқсат беру органдарының тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (кері қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасауды жүзеге асыруы

Елеулі

37

Рұқсат беру органының рұқсаттан айыруды (кері қайтарып алуды) тиісті түрде жүзеге асыруы

Елеулі

38

Қызметті жүзеге асыруды хабарлау тәртібінде өтініш берушілерден мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алуға болатын құжаттар мен өзге де ақпаратты талап етпеу

Елеулі

39

Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелерді өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруі

Өрескел

40

Автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органдарының қағаз нысанда жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуі

Елеулі

41

Жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда рұқсат беру органдарының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін міндетті түрде өзгерістер енгізе отырып, тұрақты негізде жүргізуі

Елеулі

42

Тексерілетін субъектінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастауды өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша жүзеге асыруы

Елеулі

Бақылау субъектілерінің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша өлшемшарттар

1

Мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілердің өтініштерін уақтылы қарау

Өрескел

2

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды уақтылы және тиісінше жүзеге асыру

Өрескел

3

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды беру не беруден бас тарту туралы уақтылы және негізді шешім қабылдау

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 49 бұйрығына
2-қосымша

Бақылау субъектілерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы

      мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелеріне (бар болса) қатысты (бақылау және қадағалау субъектілерінің біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: __________________________________

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау және қадағалауды тағайындау туралы акт ____________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы: ______________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      Нөмірі: _________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы: ___________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының болуы

2

Бақылау және қадағалау органының жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелеріне және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге арналған өзге де ақпаратқа талдау жүргізуі

3

Реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып бекіткен және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілердің болуы

4

Реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының болуы

5

Нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес бекіткен жартыжылдық кесте негізінде жүргізу және алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескерместен жүргізу

6

Мынадай негіздемелер бойынша нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу:
1) тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2) субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермеген және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
3) оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жүгінімдері;
4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
7) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жүгінімдері;
8) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектiсі азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгініміне байланысты қайта тексеру;
10) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
11) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеу және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері;
12) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң салықтық өтiнiшi немесе шағымы бойынша, оның ішінде:
резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну арқылы қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;
дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;
қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынуына байланысты;
салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымына байланысты;
13) салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кетуі сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша;
14) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негiздер бойынша;
15) салық төлеушi (салық агенті) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын орындамаған жағдайда;
16) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты;
17) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша, оның ішінде:
салық төлеуші (салық агенті) салық органының талап етуі бойынша дебиторлар тiзiмiн белгіленген мерзiмде ұсынбаған не дебиторлардың жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынған жағдайда;
дебитор салық органының талап етуі бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн белгіленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда;
18) қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларациядағы салық төлеушiнiң талабы бойынша;
19) бейрезиденттiң қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшi бойынша, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайтадан қарау туралы өтініш жасауына байланысты;
20) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша;
21) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау мәселелері бойынша;
22) уәкілетті органның шешімі негізінде;
23) салық органының шешімі негізінде

7

Бұзушылықтар тікелей жасалған сәтте олардың жолын кесу қажет болған жағдайда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды және жоспардан тыс тексеруді ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс уақытында жүргізу

8

Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізбеу

9

Анонимді өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізбеу

10

Нақты бір жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған, жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз бола алмайтын фактiлер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

11

Салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығынан асып кету сомаларын қайтару туралы талап бойынша, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша, салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, бұрын тексерілген кезең үшін жоспардан тыс тексерулер жүргізу

12

Салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібергеннен кейін тексеру жүргізу

13

Салық органдарында бар деректерді, салық есептілігін, өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін, салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді және өзге де есептілікті салыстыру арқылы белгіленген кезең үшін салық есептілігін ұсыну мерзімі өтіп кеткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін камералдық бақылау нәтижелері бойынша жоспардан тыс салық тексеруді жүзеге асыру

14

Салық органдарының бес жылдан аспайтын талап қоюдың ескіру мерзімінің ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыру

15

Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімдеу

16

Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасау

17

Мыналарға:
1) салық салу объектісіне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге хронометражды зерттеп қарау жүргізу кезіндегі міндетті зерттеп қарау. Қажет болған жағдайда салық төлеушінің тауар-материалдық құндылықтарын түгендеуді жүргізу;
2) ақшаның, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп қаралатын салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге байланысты өзге де құжаттардың болуын;
3) бақылау-касса машинасының фискалдық есебіне хронометражды зерттеп қарау жүргізу кезіндегі міндетті зерттеп қарау тәртібін сақтау

18

Хронометражды зерттеп қарау барысында алынған мәліметтерді хронометражды-бақылау карталарына енгізудің толықтығын және дәлдігін қамтамасыз ету

19

Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру нысаны, тексеруге жататын мәселелер тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезінде қажет салық төлеушінің (салық агентінің) құжаттары, құқықтары мен міндеттерінің, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажет басқа да деректердің тізбесі көрсетіле отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлау

20

Тексеруді тағайындау туралы актiде:
1) актiнiң нөмiрiн және күнiн;
2) мемлекеттiк органның атауын;
3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтерді;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауын немесе өзiне қатысты тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерiн, сәйкестендiру нөмiрiн, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесi көрсетiледi.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;
6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
9) тексерiлетiн кезең;
10) бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірін және күнін;
2) мемлекеттік органның атауын;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі көрсетіледі.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жағдайында, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде оның атауы және тұрған жері көрсетіледі;
6) тағайындалған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасы;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімі;
8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде тексеру парақтарының талаптары;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
10) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі;
11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы туралы ақпараттар көрсетілген тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің негізінде жүргізу

21

Салықтық тексеруді салық органының тексеру жүргізу туралы нұсқамасында:
 1) нұсқаманың салық органында тіркелген күнін және нөмірін;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауын;
4) сәйкестендіру нөмірін;
5) тексерудің нысаны мен түрін;
6) тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын мамандардың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
7) салықтық тексеруді жүргізу мерзімін;
8) хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, тексерілетін кезеңін көрсете отырып жүргізу

22

Тексеруді және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуді жүзеге асыру

23

Тексеру жүргізу күні мен тексеру жүргізу нысанын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізудің басталғаны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлау

24

Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларды қоспағанда, тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нысанын көрсете отырып, тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізуді бастау туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне хабарлау

25

Жеке кәсіпкерлік субъектісі тексеруді тағайындау туралы актіні, тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті тұлғасы қол қойған хаттаманы жасау

26

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізуші лауазымды адамдардың құрамын ауыстырған жағдайда тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және қадағалауға қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетілген хабарламаның болуы

27

Микрокәсіпкерлік субъектілеріне бес жұмыс күні ішінде, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын бақылау және қадағалау субъектілеріне:
жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспайтын және он жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен аспайтын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің төрт сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзімде тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу

28

Бақылау және қадағалау орган басшысының (не оны алмастыратын тұлғаның) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдерін:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) өзіне қатысты тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізіліп жатқан тұлғаның тұратын жерін анықтау;
3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда бір рет ғана ұзартуды жүзеге асыру

29

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып және тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күнін және ұзартудың себебін көрсете отырып, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу

30

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тоқтата тұрғанға не қайта бастағанға дейін бір күн бұрын жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабарлауды жүзеге асыру

31

Салықтық тексерулерді нұсқамада көрсетілетін жүргізу мерзімінде, немесе нұсқама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күннен аспайтын мерзімде салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:
1) құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – қырық бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы – алпыс жұмыс күніне дейін;
2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден астам тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – жетпіс бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзарта отырып жүргізу

32

Салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:
1) салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талаптарын салық төлеушіге (салық агентіне) табыс ету және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезінде сұратылған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуы;
2) салық органының сұрау салуын басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға жіберу және көрсетілген сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу;
3) шет мемлекеттерге ақпарат беру туралы сұрау салу жіберу және халықаралық келісімдерге сәйкес салық органдарының ол бойынша мәліметтер алуы;
4) салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылықты дайындауы және оны салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қарауы кезеңінде салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) құқықтық статистика органын хабардар ете отырып, тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қолын қойғызып табыс ете отырып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық тәсілмен табыс ете отырып тоқтата тұруы

33

Өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталған өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының жеке кәсіпкерлік субъектісі басшысының немесе өкілінің және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізуі

34

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде жасалу орнын және күнiн, өнiм үлгiлерiн iрiктеуді жүзеге асыруда негізге алынатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрiн және күнiн, өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымын, тегiн, атын және әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өнiм үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауын және тұрған жерiн, тексерiлетiн субъектінің уәкiлеттi адамының лауазымын және тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өндiрушiнi, өндiрілген күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiнiң тiзбесiн және санын, буып-түю түрiн және мөрдiң (пломбаның) нөмiрiн көрсету

35

Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын көлемде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
4) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің белгiленген мерзiмдерiн асыруға;
6) бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды өткізуге шектеулерді сақтау

36

Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
1) актiнiң жасалған күнiн, уақытын және орнын;
2) бақылау және қадағалау органының атауын;
3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған күнi мен нөмiрiн;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
5) тексерiлетiн субъектiнiң атауын немесе тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымын;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнiн, орнын және кезеңiн;
7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтерді;
8) тексеру парағының атауын және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтарын;
9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәлiметтерді;
10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасын көрсете отырып тексеру нәтижелері туралы акт жасау.
Салықтық тексеру нәтижелерi туралы актiде:
1) тексеру актісін жасау орны мен күнін;
2) тексерудің түрі мен нысанын;
3) салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
4) салық органының атауын;
5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауын;
6) тексерілетін тұлғаның тұрған жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;
7) салық төлеушінің (салық агентінің) басшысы мен салықтық және бухгалтерлік есептілікті жүргізуге және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
8) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді (кешенді немесе тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде);
9) тексерілетін кезеңді және тексеруді жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) ұсынған құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
10) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған тиісті ережелерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасын;
11) тексеру нәтижелері
Салықтық тексерулер туралы хабарламада:
1) хабарлама мен салықтық тексеру актісінің тіркелген күнін және нөмірін;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауын;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірін;
4) есепке жазылған салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомасын;
5) азайтылған залалдар сомасын;
6) қосылған құн салығының қайтаруға расталмаған асып кету сомасын;
7) бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік (жеке) табыс салығының қайтаруға расталмаған сомасын;
8) төлеу туралы талапты және төлеу мерзімдерін;
9) тиісті салықтардың және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың деректемелерін;
10) шағым жасау мерзімдері мен орны туралы ақпаратты көрсете отырып салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама жасау

37

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) нұсқаманың жасалған күнін, уақытын және орнын;
2) бақылау және қадағалау органының атауын;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген адамның (адамдардың) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
4) бақылау және қадағалау субъектісінің атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымын;
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жүргізілген күнін, орнын және кезеңін;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесін;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға ұсынымдарды;
8) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәліметтерді;
9) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасын көрсете отырып нұсқама жасау

38

Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нысанына жатпайтын талаптарды қоймау және өтініш жасамау

39

Тексерілетін субъектінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындамауы

40

Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау;
2) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізу;
3) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жұмысының белгіленген режиміне кедергі келтірмеу;
4) бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындау;
5) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеу, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беру;
6) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде олардың нысанасына қатысты қажетті ақпаратты бақылау және қадағалау субъектісіне беру;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні табыс ету;
8) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету міндеттерін сақтауы

      Лауазымды адам (адамдар) _______________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің

      басшысы ________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 49 бұйрығына
3-қосымша

Бақылау субъектілерінің бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы

      мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелеріне (бар болса) қатысты

      ________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: ___________________________________

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау және қадағалауды тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы: _______________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      ________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы: ___________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етпеу

2

Тексерілетін субъектілердің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, екінші санаттағы рұқсаттарды алу үшін өтініш берушілерден артық құжаттарды беруді талап етпеуі

3

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" веб-порталында және тексерілетін субъектінің интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру

4

Тексерілетін субъектілердің мынадай міндеттерді сақтауы:
1) Заңға сәйкес лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың рұқсаттар алуы кезінде олар үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері, бұл үшін талап етілетін құжаттар тізбесі және осындай құжаттарды алу және ресімдеу тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда беру;
4) мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсыну;
5) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау;
6) рұқсаттар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін және толығып отыруын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе рұқсаттар беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің жазбаша келісімін, оның ішінде электрондық құжат нысанында алу;
8) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға қатысты лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты беру

5

Тексерілетін субъектілердің рұқсаттардың қолданылу мерзімі бойынша талаптарды сақтауы

6

Рұқсаттарды беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін барлық адамдар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады

7

Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын қараудан бас тартуды ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда ғана екі жұмыс күні ішінде жүзеге асыру

8

Құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген, өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиат заңды тұлғаларды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде бас тартуды жүзеге асыру

9

Рұқсат беру органының өтініш берушінің рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің алдағы қызметін жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға келісімдерді алу үшін рұқсат беру органына сұрату жібере отырып, өтініш берушінің біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алуы

10

Тексерілетін субъектінің рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімін өткізіп алған жағдайда мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге оны беруді жүзеге асыруы

11

Жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді тіркеу орны бойынша жүзеге асыру

12

Өтініш берушілерден мынадай құжаттарды:
1) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың айналымына байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – жарғының көшiрмесiн (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін);
2) заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
3) жеке тұлға үшiн – егер мынадай құжаттар жайлы ақпаратты лицензиар тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ала алатын болса, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн ұсынуды талап етпеу

13

Қолданылу мерзімі бар лицензияны оның қолданылу мерзімін шектемей беруді жүзеге асыру

14

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді не оларды беруден дәлелді бас тартуды тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруді жүзеге асыру

15

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде, сондай-ақ берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда лицензиялық алым алмау

16

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асыру

17

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны:
1) лицензиат жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) лицензиат жеке кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) лицензиат заңды тұлға Заңға сәйкес айқындалған тәртіпке сай қайта ұйымдастырылған;
4) лицензиат заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;
5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімдеуді жүзеге асыру

18

Лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш берушіден мыналарды:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтетін нысан бойынша өтiнiштi;
2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін қоспағанда өзге де құжаттардың ұсынылуын талап етпеу

19

Лицензиат заңды тұлғаның бөліну және бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылуы кезіндегі қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиардың өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырмауы

20

Өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтетін нысан бойынша өтiнiштi;
2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) алынатын ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартуды жүзеге асыру

21

Лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды, электрондық нысанда ресімдеуді мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асыру:
1) өтініш беруші рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және рұқсат беру органының мөрімен және рұқсат беру органы басшысының қолымен куәландырылады.
2) рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкін болмаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі

22

Лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді құжаттардың берілген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асыруы

23

Өтініш берушінің таңдауы бойынша лицензияланатын қызметтің сол бір түріне (кіші түріне) лицензиялары бар бірнеше лицензиат заңды тұлғаның бірігуі нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға бір ғана лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді жүзеге асыру

24

Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада лицензияланатын сол бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүргізбеу

25

Рұқсат беру органының мынадай:
1) құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиат заңды тұлғаларды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда бастамашылық жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартуды жүзеге асыруы

26

Лицензиарлардың құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет саласындағы, экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты және экспорты саласындағы, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруді не екі жұмыс күні ішінде оларды қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы

27

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын мынадай:
1) берілген мерзімі өткен;
2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалған;
3) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырған (кері қайтарған) ;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, заңды тұлға таратылған;
5) лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасаған;
6) Заңға 1-қосымшадан лицензия немесе жекелеген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі немесе әрекет (операция) алып тасталған;
7) лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алып тасталған жағдайларда тоқтатуды жүзеге асыру

28

Рұқсат беру органдарының ойын бизнесі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс және атом энергиясын пайдалану салаларында жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттарын сақтауы

29

Рұқсат беру органдарының экспорт және импорт саласындағы лицензиялау туралы жалпы ережелерді сақтауы

30

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсаттардың берілу мерзімдерін сақтауы

31

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы

32

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын тиісті өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында "телнұсқа" деген жазумен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып беруді жүзеге асыруы

33

Рұқсат беру органының өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізуді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруді жүзеге асыруы (берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда)

34

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруды тиісті түрде жүзеге асыруы

35

Рұқсат беру органының өтініш беруші бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұзушылықтардың жойылғанын рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруы

36

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда рұқсат беру органдарының тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (кері қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасауды жүзеге асыруы

37

Рұқсат беру органының рұқсаттан айыруды (кері қайтарып алуды) тиісті түрде жүзеге асыруы

38

Қызметті жүзеге асыруды хабарлау тәртібінде өтініш берушілерден мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алуға болатын құжаттар мен өзге де ақпаратты талап етпеу

39

Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелерді өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруі

40

Автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органдарының қағаз нысанда жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуі

41

Жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда рұқсат беру органдарының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін, міндетті түрде өзгерістер енгізе отырып, тұрақты негізде жүргізуі

42

Тексерілетін субъектінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастауды өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша жүзеге асыруы

      Лауазымды адам (адамдар) _______________________________________________

                              (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің

      басшысы ________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 49 бұйрығына
4-қосымша

Бақылау субъектілерінің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тексеру парағы

      мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелеріне (бар болса), заңды тұлғалар, оның ішінде олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты (бақылау және қадағалау субъектілерінің біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: __________________________________

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау және қадағалауды тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы: _________ _____________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      Нөмірі: _________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы: ___________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Мемлекеттік қолдаудың автоматтандырылмаған шаралары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін уақтылы қарау