РҚАО-ның ескртпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін ақпараттық құралдарды қысқарту және кедергілерді болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Л. Ақтаева |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы "03" қыркүйектегі № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2021 № ҚР ДСМ-62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2020 № ҚР ДСМ-246/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 № ҚР ДСМ-83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.10.2020 № ҚР ДСМ-131/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2021 № ҚР ДСМ - 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 156 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10728 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпа ережелер";
2-тармақтың 40) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"40) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат;";
3-тармақ алынып тасталсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
9-тармақ алынып тасталсын;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Құрылысты жобалау кезінде, көлік объектілерінің қоныстанған және рекреациялы аймақтардың ық жағына орналастыруды көздеу қажет.";
11. Көлік объектілері орталықтандырылған суық және ыстық су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Орталықтандырылғын су құбырын немесе сумен жабдықтаудың басқа көздерін қосу мүмкін болмаған жағдайда сырттан әкелетін су пайдаланылады.
Суды жеткізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15695 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келетін көліктермен жүргізіледі.";
3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Локоматив және вагон депосын, локомотив және вагон-жөндеу зауыттарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
"4-тарау. Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу және жабдықтау пункттерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
57, 59 және 61-тармақтар алынып тасталсын;
5, 6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Жабық вагондарды дайындайтын кешенді пунктті күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"6-тарау. Жол машина станциясын, қалпына келтіру пойызын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"7-тарау. Көлік объектілерінің диспетчерлік орталығын (пунктін) күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"8-тарау. Локомотив бригадаларының демалыс үйін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Киім-кешек қоймасы (қойма) шкафтармен немесе стеллаждармен жабдықталған таза және лас киім-кешектерді бөлек сақтауға арналған үй-жайлардан тұрады. Төсек жабдықтары: жастықтар, матрастар, көрпелер және жапқыштар жылына кемінде бір рет камералық жолмен дезинфекцияланады, төсек жаймалар – әр қолданылғаннан кейін, жапқыштар – айына кемінде 1 рет, жастық және матрас тыстары жылына кемінде 1 рет және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жуылады.";
9, 10, 11, 12, 13 және 14-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Автокөлік кәсіпорындарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, автомобиль жанар май құю және авто-газ құю станцияларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"10-тарау. Авиациялық техникалық базаны күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"11-тарау. Теңіз және өзен порттарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"12-тарау. Теміржол вокзалдарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"13-тарау. Автовокзалдарды, автостанцияларды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"14-тарау. Аэровокзалдарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"110. Аэровокзалдар үй-жайларының құрамында:
1) тарату залдары, күту залдары, АББ, ұшу және ұшып келу, багажды қабылдау, беру және сақтау үй-жайлары, изоляторы бар медициналық пункт, жолаушыларға арналған санитариялық тораптар;
2) санитариялық-карантиндік пункт;
3) диспетчерлік орталық (пункт);
4) персоналға арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, мүкәммәлды, жабдықты және кіші механизациялау құралдарын сақтауға арналған қойма үй-жайлары;
5) дәріхана дүңгіршіктері көзделеді.";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. АББ-да жатын бөлмелер, дозаторы бар сұйық сабынмен жабдықталған санитариялық торап, тамақ дайындау, тамақ ішу және балаларды құндақтауға, киім-кешектерді кептіруге арналған орын көзделеді, ілгіштер орнатылады.";
15, 16 және 17-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"15-тарау. Теңіз және өзен вокзалдарына, жолаушы павильондарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"16-тарау. Санитариялық-карантиндік тұйықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"17-тарау. Борттық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"152. Жұқпалы аурулар мен жаппай тағамнан уланудың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін борттық тамақтандыруда тамақ ассортиментіне:
1) туралған және фарштан жасалған (200 оС-тан кем емес температураға жеткізілген уақыттан бастап 15 минут бойы және 15 секундтың ішінде өнімнің ішкі температурасы 75 оС-қа дейін жеткізіліп ыстық пеште термиялық өңдеуден өткен өнімдерден басқа) ет өнімдері, сонымен қатар Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 1-кестесінде аталған тамақ өнімдерінен басқа, тұздық өнімдері және паштеттер, пісірілген шұжықтар, аунатылған өнімдерді;
2) Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген азық-түлік өнімдерінен басқа тұздықпен араластырылған салаттарды;
3) кремі бар (пісірілген, сүзбемен, сары маймен, белокпен) бәліштерді;
4) шырындарды және 1 литрден артық емес орамдағы шырын өнімдерін;
5) емдік мақсатта қолданылатын минералды суларды;
6) целлофанды орамдағы дайын кондитерлік өнімдерді;
7) ыстық күйдегі дайын тағамдарды қосуға рұқсат етілмейді.";
163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"163. Бортқа жіберер алдында айналыстағы ыдыстар (контейнерлер, термоконтейнерлер, сөмке-тоңазытқыштар) пломбыланады, ішіндегінің атауын, ұшу әуежайының борттық тамақтану объектісінің атауын, рейстің нөмірін, ұшу күнін, уақытын және борттық тамақтың жарамдылық мерзімін көрсете отырып, зат белгі бекітіледі, сондай-ақ мөртаңба және жинақтау рейсіне жауапты адамның қолы қойылады. Зат белгі сапардың соңына дейін сақталады.";
18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-тарау. Әуе көлігінің су жүйесіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар".
6. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.07.2021 № ҚР ДСМ-58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. "Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10943 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларында:
1 және 2-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау және есепке алуды ұйымдастырудың жалпы тәртiбi";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке дозиметрлердің көмегiмен тiкелей өлшемдер (объектінің персоналы мен азаматтар дербес алған сәуле мөлшерлерi);";
3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу кезінде персонал алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды есепке алуды жүзеге асыру тәртiбi";
"4-тарау. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар (пациенттер) алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды және есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат етiлген медициналық техника пайдаланылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi жеке алған сәуле мөлшерi 1 мЗв-дан аспауға тиiс.
Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде қосымша зерттеу жүргiзудi немесе мөлшерлер көп пайда болатын әдiстердi мәжбүрлі пайдалануды талап ететiн жағдайда ғана белгiленген жылдық сәуле алу нормативi асып түсуi мүмкiн.
Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгендік процедураларды жүргізу кезінде осы стандарттың уақытша мәжбүрлі түрде асып кету туралы шешімін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қабылдайды.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерін мемлекеттiк бақылау және есепке алу жүйесi".
8. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 № ҚР ДСМ-84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.09.2021 № ҚР ДСМ - 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15681 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қазанда Нормативті құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"130. Тамақ ішу қатаң түрде бөлінген жерлерде рұқсат етіледі.";
9), 10), 11), 12), 13), 15), 20), 24) және 25) тармақшалар алынып тасталсын.
13. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2021 № ҚР ДСМ-59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 № ҚР ДСМ-84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.