РҚАО-ның ескртпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін ақпараттық құралдарды қысқарту және кедергілерді болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Л. Ақтаева |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы "03" қыркүйектегі № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2021 № ҚР ДСМ-62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2020 № ҚР ДСМ-246/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне, кондитерлік бұйымдарды өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 124 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10725 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне, кондитерлік бұйымдарды өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1 және 2-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Өнімдерді өндіру шарттарына қойылатын талаптар";
26 және 29-тармақтар алынып тасталсын;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Экрандалмаған жылжымалы бактерицидті шамдар үй-жайдың 1 текше метріне (бұдан әрі – м3) 2,0-2,5 Ватт (бұдан әрі – Вт) қуаты есебінен орнатылады. Экрандалған бактерицидті шамдар үй-жайдың 1 м3-не 1,0 Вт қуаты есебінен сәуле үй-жайдағы адамдарға бағытталмаған жағдайда еденнен 1,8-2,0 м биіктікте орнатылады.
Бактерицидті шамдардың жұмыс режимін дайындаушы кәсіпорын оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгілейді.";
3-қосымша алынып тасталсын.
4. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.10.2020 № ҚР ДСМ-131/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 156 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10728 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпа ережелер";
2-тармақтың 40) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"40) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат;";
3-тармақ алынып тасталсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
9-тармақ алынып тасталсын;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Құрылысты жобалау кезінде, көлік объектілерінің қоныстанған және рекреациялы аймақтардың ық жағына орналастыруды көздеу қажет.";
11. Көлік объектілері орталықтандырылған суық және ыстық су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Орталықтандырылғын су құбырын немесе сумен жабдықтаудың басқа көздерін қосу мүмкін болмаған жағдайда сырттан әкелетін су пайдаланылады.
Суды жеткізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15695 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келетін көліктермен жүргізіледі.";
3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Локоматив және вагон депосын, локомотив және вагон-жөндеу зауыттарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
"4-тарау. Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу және жабдықтау пункттерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
57, 59 және 61-тармақтар алынып тасталсын;
5, 6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Жабық вагондарды дайындайтын кешенді пунктті күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"6-тарау. Жол машина станциясын, қалпына келтіру пойызын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"7-тарау. Көлік объектілерінің диспетчерлік орталығын (пунктін) күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"8-тарау. Локомотив бригадаларының демалыс үйін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Киім-кешек қоймасы (қойма) шкафтармен немесе стеллаждармен жабдықталған таза және лас киім-кешектерді бөлек сақтауға арналған үй-жайлардан тұрады. Төсек жабдықтары: жастықтар, матрастар, көрпелер және жапқыштар жылына кемінде бір рет камералық жолмен дезинфекцияланады, төсек жаймалар – әр қолданылғаннан кейін, жапқыштар – айына кемінде 1 рет, жастық және матрас тыстары жылына кемінде 1 рет және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жуылады.";
9, 10, 11, 12, 13 және 14-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Автокөлік кәсіпорындарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, автомобиль жанар май құю және авто-газ құю станцияларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"10-тарау. Авиациялық техникалық базаны күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"11-тарау. Теңіз және өзен порттарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"12-тарау. Теміржол вокзалдарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"13-тарау. Автовокзалдарды, автостанцияларды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"14-тарау. Аэровокзалдарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"110. Аэровокзалдар үй-жайларының құрамында:
1) тарату залдары, күту залдары, АББ, ұшу және ұшып келу, багажды қабылдау, беру және сақтау үй-жайлары, изоляторы бар медициналық пункт, жолаушыларға арналған санитариялық тораптар;
2) санитариялық-карантиндік пункт;
3) диспетчерлік орталық (пункт);
4) персоналға арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, мүкәммәлды, жабдықты және кіші механизациялау құралдарын сақтауға арналған қойма үй-жайлары;
5) дәріхана дүңгіршіктері көзделеді.";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. АББ-да жатын бөлмелер, дозаторы бар сұйық сабынмен жабдықталған санитариялық торап, тамақ дайындау, тамақ ішу және балаларды құндақтауға, киім-кешектерді кептіруге арналған орын көзделеді, ілгіштер орнатылады.";
15, 16 және 17-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"15-тарау. Теңіз және өзен вокзалдарына, жолаушы павильондарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"16-тарау. Санитариялық-карантиндік тұйықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"17-тарау. Борттық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"152. Жұқпалы аурулар мен жаппай тағамнан уланудың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін борттық тамақтандыруда тамақ ассортиментіне:
1) туралған және фарштан жасалған (200 оС-тан кем емес температураға жеткізілген уақыттан бастап 15 минут бойы және 15 секундтың ішінде өнімнің ішкі температурасы 75 оС-қа дейін жеткізіліп ыстық пеште термиялық өңдеуден өткен өнімдерден басқа) ет өнімдері, сонымен қатар Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 1-кестесінде аталған тамақ өнімдерінен басқа, тұздық өнімдері және паштеттер, пісірілген шұжықтар, аунатылған өнімдерді;
2) Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген азық-түлік өнімдерінен басқа тұздықпен араластырылған салаттарды;
3) кремі бар (пісірілген, сүзбемен, сары маймен, белокпен) бәліштерді;
4) шырындарды және 1 литрден артық емес орамдағы шырын өнімдерін;
5) емдік мақсатта қолданылатын минералды суларды;
6) целлофанды орамдағы дайын кондитерлік өнімдерді;
7) ыстық күйдегі дайын тағамдарды қосуға рұқсат етілмейді.";
163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"163. Бортқа жіберер алдында айналыстағы ыдыстар (контейнерлер, термоконтейнерлер, сөмке-тоңазытқыштар) пломбыланады, ішіндегінің атауын, ұшу әуежайының борттық тамақтану объектісінің атауын, рейстің нөмірін, ұшу күнін, уақытын және борттық тамақтың жарамдылық мерзімін көрсете отырып, зат белгі бекітіледі, сондай-ақ мөртаңба және жинақтау рейсіне жауапты адамның қолы қойылады. Зат белгі сапардың соңына дейін сақталады.";
18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-тарау. Әуе көлігінің су жүйесіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар".
6. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.07.2021 № ҚР ДСМ-58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. "Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10943 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларында:
1 және 2-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау және есепке алуды ұйымдастырудың жалпы тәртiбi";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке дозиметрлердің көмегiмен тiкелей өлшемдер (объектінің персоналы мен азаматтар дербес алған сәуле мөлшерлерi);";
3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу кезінде персонал алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды есепке алуды жүзеге асыру тәртiбi";
"4-тарау. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар (пациенттер) алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды және есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат етiлген медициналық техника пайдаланылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi жеке алған сәуле мөлшерi 1 мЗв-дан аспауға тиiс.
Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде қосымша зерттеу жүргiзудi немесе мөлшерлер көп пайда болатын әдiстердi мәжбүрлі пайдалануды талап ететiн жағдайда ғана белгiленген жылдық сәуле алу нормативi асып түсуi мүмкiн.
Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгендік процедураларды жүргізу кезінде осы стандарттың уақытша мәжбүрлі түрде асып кету туралы шешімін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қабылдайды.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерін мемлекеттiк бақылау және есепке алу жүйесi".
8. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрыққа 17-қосымша осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. "Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 758 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12846 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1, 2 және 3-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Ауаны желдету және баптау жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
"3-тарау. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын талаптар";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Желдету және ауаны баптау жүйелерін, сондай-ақ олар орнатылған үй-жайларды санитариялық-эпидемиологиялық тексеру (бұдан әрі – бірінші кезең) санитариялық-гигиеналық және санитариялық-техникалық жай-күйін бағалау мақсатында жүргізіледі және мыналарды қамтиды:
1) Үй-жайлардың әрбір типі үшін нақты ауа-алмасу микроклиматының нормаланған параметрлерін өлшеуді жүргізу;
2) ауаны залалсыздандырудың қазіргі заманғы технологиялары негізінде, ауаны залалсыздандыратын жабдықтардың жүйесінде орнатылған тиімділікті бағалау (осы мақсатпен рұқсат етілген, микроорганизмдердің залалсыздандыруды шығысында 95% тиімділікпен қамтамасыз ететін және автоматтық бақылау жүйлерімен жарақталған);
3) кондиционерлеу және желдету жүйелерін дезинфекциялау және тазалау бойынша жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалау.";
9-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Техникалық тексерудің нәтижелері объектінің ауаны желдету (кондиционерлеу) жүйелерін тексеру актісімен ресімделеді. Ауаны желдету (кондиционерлеу) жүйелерін тексеру актісі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын техника мен аппаратура жарамды, таза, қойылған міндеттерге және қолданылатын дезинфекциялау құралдарына сәйкес болуы тиіс. Қолдан жасалған құрылғыларды (ерш, трос, шаңсорғыш) қолдануға жол берілмейді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Денсаулық сақтау объектілерінде тазалау және дезинфиекциялаудың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15760 болып тіркелген) бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жүргізіледі.
Қоғамдық ғимараттарда ауаны баптаудың және ылғалдандырудың орталық жүйелері болған кезде, осы жүйелерде легионеллалардың болуына жылына 1 рет микробиологиялық бақылау жүргізіледі. Қуатты аз ауаны ылғалдандырмайтын және сплит-жүйелері жоқ ауа баптау қондырғылары легионелдерді бақылауға жатпайды.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне бақылауды ұйымдастыру";
41-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Желдету жүйелерін бақылау барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкіліне мынадай құжаттар:
1) өндірістік бақылау барысында орындалған микроклимат параметрлерін аспаптық өлшеу хаттамалары;
2) өндірістік бақылау барысында орындалған тыныс алу аймағында ауа қауіпсіздігіне зертханалық зерттеулер хаттамалары ұсынылады.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Дезинфекциялау құралдарының сапасына, оларды сақтау және тасымалдау шарттарына бақылауды ұйымдастыру".
10. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15681 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қазанда Нормативті құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"130. Тамақ ішу қатаң түрде бөлінген жерлерде рұқсат етіледі.";
9), 10), 11), 12), 13), 15), 20), 24) және 25) тармақшалар алынып тасталсын.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!13-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2021 № ҚР ДСМ-59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15893 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Нормативті құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жиынтығының болуы көзделеді.";
1.-реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.10 | ойын үй-жайлары, оқу кабинеттері, музыка (спорт) залы, медициналық үй-жайлар | жасанды жарықтандыру деңгейі | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібімен |
"; |
4), 6), 7), 11), 12), 13), 15), 17), 20), 23), 24), 26), 28) және 29) тармақшалар алынып тасталсын.
А4 Форматы
Формат А4
Нысанның БҚСЖ бойынша коды | ||
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы "___" мамырдағы №_______ бұйрығымен | |
Мемлекеттiк органның атауы |
Медицинская документация Форма № 017/у |
Санитариялық-эпидемиологиялық ҚОРЫТЫНДЫ Санитарно-эпидемиологическое ЗАКЛЮЧЕНИЕ № __________ "_______"___________________20___ ж. ( г.)
1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (Санитарно-эпидемиологическая
экспертиза)
__________________________________________________________________________
(2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі
туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 8-тармағына сәйкес
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілетін объектінің толық атауы)
__________________________________________________________________________
(полное наименование объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы, в
соответствии с пунктом 8 статьи 62 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября
2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения")
Жүргізілді (Проведена) ______________________________________________________
өтініш, ұйғарым, қаулы бойынша, жоспарлы және басқа да түрде (күні, нөмірі)
__________________________________________________________________________
по обращению, предписанию, постановлению, плановая и другие (дата, номер)
2. Тапсырыс (өтініш) беруші (Заказчик) (заявитель) ______________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы (тиесілігі), объектінің мекенжайы/
орналасқан орны, телефоны, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (полное наименование
хозяйствующего субъекта (принадлежность), адрес/месторасположение объекта,
телефон, фамилия, имя, отчество руководителя)
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптау жүргізілетін объектінің қолданылу
саласы (Область применения объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
сала, қызмет түрі, орналасқан орны, мекенжайы
(сфера, вид деятельности, месторасположение, адрес)
4. Жобалар, материалдар әзірленді (дайындалды) (Проекты, материалы разработаны
(подготовлены) ____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5. Ұсынылған құжаттар (Представленные документы) ____________________________
__________________________________________________________________________
6. Өнімнің үлгілері ұсынылды (Представлены образцы продукции) _________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Басқа ұйымдардың сараптама қорытындысы (егер болса) (Экспертное заключение
других организации (если имеются) ___________________________________________
__________________________________________________________________________
Қорытынды берген ұйымның атауы (наименование организации выдавшей
заключение)
8. Сараптама жүргізілетін объектінің толық санитариялық-гигиеналық сипаттамасы
мен оған берілетін баға (қызметке, үрдіске, жағдайға, технологияға, өндіріске, өнімге)
(Полная санитарно-гигиеническая характеристика и оценка объекта экспертизы (услуг,
процессов, условий, технологий, производств, продукции) ________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9. Құрылыс салуға бөлінген жер учаскесінің, қайта жаңартылатын объектінің
сипаттамасы (өлшемдері, ауданы, топырағының түрі, учаскенің бұрын пайдаланылуы,
жерасты суларының тұру биіктігі, батпақтану, желдің басымды бағыттары,
санитариялық-қорғау аумағының өлшемдері, сумен, канализациямен, жылумен
қамтамасыз ету мүмкіндігі және қоршаған орта мен халық денсаулығына тигізер әсері,
дүние тараптары бойынша бағыты)
(Характеристика земельного участка под строительство, объекта реконструкции;
размеры, площади, вид грунта, использование участка в прошлом, высота стояния
грунтовых вод, наличие заболоченности, господствующие направления ветров,
размеры санитарно-защитной зоны, возможность водоснабжения, канализования,
теплоснабжения и влияния на окружающую среду и здоровью населения, ориентация
по сторонам света;) _______________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
10. Зертханалық және зертханалық-аспаптық зерттеулер мен сынақтардың
хаттамалары, сонымен қатар басжоспардың, сызбалардың, суреттердің көшірмелері
(Протоколы лабораторных и лабораторно-инструментальных исследований и
испытаний, а также выкопировки из генеральных планов,
чертежей, фото) _________________________
__________________________________________________________________________
11. ИСК-мен жұмыс істеугe рұқсат етіледі (разрешаются работы с ИИИ)
ИСК түрі және сипаттамасы (вид и характеристика ИИИ) | Жұмыстардың түрі және сипаттамасы (Вид и характер работ) | Жұмыстарды жүргізу орны (Место проведения работ) | Шектеу жағдайлары (Ограничительные условия) |
1 | 2 | 3 | 4 |
I. Ашық ИСК-мен жұмыстар (работы с открытыми ИИИ) | |||
II. Жабық ИСК-мен жұмыстар (Работы с закрытыми ИИИ) _______________________________ | |||
III. Сәуле өндіретін құрылғылармен жұмыстар (Работы с устройствами, генерирующими излучение) _______________________________ | |||
IV. ИСК-мен басқа жұмыстар (другие работы с ИИИ) _______________________________ |
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды Санитарно-эпидемиологическое заключение
__________________________________________________________________________
(2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі
туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 8-тармағына сәйкес
санитариялық- эпидемиологиялық сараптама жүргізілген объектінің толық атауы)
__________________________________________________________________________
(полное наименование объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы,
в соответствии с пунктом 8 статьи 62 Кодекса Республики Казахстан от
18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения")
__________________________________________________________________________
(санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде)
(на основании санитарно-эпидемиологической экспертизы)
__________________________________________________________________________
Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге
(санитарным правилам и гигиеническим нормативам)
сай немесе сай еместігін (соответствует или не соответствует)
__________________________________________________________________________
(нужное подчеркнуть) керегінің астын сызыңыз
Ұсыныстар (Предложения): __________________________________________________
__________________________________________________________________________
2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық
сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің негізінде
осы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының міндетті күші бар
На основании Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье
народа и системе здравоохранения" настоящее санитарно-эпидемиологическое
заключение имеет обязательную силу
Мөр орны Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгер, қолы (орынбасар)
Место печати (Главный государственный санитарный врач, подпись (заместитель))
__________________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), қолы
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)