Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қыркүйекте № 17330 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақша және орысша тілдерінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында оны ресми жариялағаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1344 бұйрығымен
бекітілген

Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары

1 тарау.Жалпы ережелер

      1. Осы топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі -Заң) 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларға мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюллетень – интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдi басылым;

      2) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) – интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;

      3) қосалқы лицензиялық шарт – топологияны пайдалану құқығына айрықша емес лицензияны лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруi туралы шарт;

      4) құқық иеленушi – автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      5) лицензиялық шарт – ол бойынша құқық иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық беретін шарт;

      6) өтініш беруші – өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      7) патенттік сенім білдірілген өкілдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган алдында өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      8) сараптама ұйымы – Заңның 4-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

      9) топологияға айрықша құқық – құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;

      10) уәкiлеттi орган – өз өкілеттіктері шегінде интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 тарау. Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу тәртібі

      3. Топологияларды пайдалануға айрықша құқықты беруді тіркеу үшін өтініш беруші сараптама жасау ұйымына осы Қағидаларға нысан бойынша 1-қосымшаға сәйкес айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы немесе нысан бойынша 2-қосымшаға сәйкес айрықша құқықты басқаға ішінара беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы өтінішті ұсынады.

      4. Өтінішке:

      1) өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат көшірмесі;

      2) сараптама жасау ұйымының топологияға айрықша құқықтарды беруді тіркегені үшін төлемді растайтын құжат;

      3) топологияға айрықша құқықты беру туралы шарт, немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.

      5. Лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік шарт немесе лицензиялық шарт талаптарын қамтитын өзге де шарт бойынша топология пайдалануға құқық беруді тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына осы Қағидаларға нысан бойынша 3-қосымшаға сәйкес құқықты лицензиялық немесе сублицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы, нысан бойынша 4-қосымшаға сәйкес кешенді кәсіпкерлік шарт (франчайзинг) бойынша құқықтарды беруді тіркеу туралы, нысан бойынша 5-қосымшаға сәйкес лицензиялық (сублицензиялық,кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартқа қосымша келісімді тіркеу туралы немесе нысан бойынша 6-қосымшаға сәйкес кепілшартқа қосымша өтініш беріледі.

      6. Өтінішке:

      1) өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат көшірмесі;

      2) сараптама жасау ұйымының топологияларға айрықша құқықтарды беруді тіркегені үшін төлемді растайтын құжат;

      3) Топологияны пайдалануға құқықты беру туралы шарт (лицензиялық,кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиялық шарттың талаптарын қамтитын өзге шарт) немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің м.а. 26.05.2020 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Топологияны сублицензиялық шарттармен, тіркелген шарттарға қосымша келісімдер бойынша пайдалану құқығын беруді тіркеу Заңмен белгіленген тәртіппен және лицензиялық шарттар бойынша құқық беруді тіркеу қағидаларымен жүзеге асырылады.

      8. Топологияға құқықты беру, топологияны пайдалану құқығын беру, топологияны айрықша құқықты кепілге беру, топологияны пайдалану құқығын кепілге беру туралы шарттар жазбаша түрде жасалуы тиіс.

      9. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады. Шетелдік аттар мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайларын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады.

      10. Құқықты беруді немесе пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін өтініш беруші Заңның 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлем жасайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 26.05.2020 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Төлем туралы құжат болмаған немесе өтініш беруші төлеген сома белгіленген мөлшерге сәйкес келмеген жағдайда, сараптама жасау ұйымы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарамастан қайтарады.

      12. Тіркеу өтініш келіп түскен күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде Заң талаптарының сақталуын тексеру негізінде жүзеге асырылады.

      Заңның 8-бабының және осы Қағидалардың талаптарын сақтаған жағдайда Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияға құқықты беруді немесе пайдалану құқығын беруді тіркеу туралы мәліметтер енгізіледі.

      Құқықты беруді немесе пайдалану құқығын беруді тіркеуден келесі жағдайларда бас тартылады:

      1) тіркеу үшін берілген құжаттардың және (немесе) құжаттарда көрсетілген деректердің (мәліметтер) сенімсіздігі сақталмағанда;

      2) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің ҚР нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмегенде.

      13. Сараптама жасау ұйымы осы Қағидалардың 4 және 6 тармақтарында аталған құжаттарды қарастыру нәтижесінде топологияға құқықты беруді, пайдалану құқығын беруді тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы осы Қағидаларға нысандары бойынша 7, 8 –қосымшаларға сәйкес хабарлама хаттарды жолдап, тіркеген жағдайда тіркеу туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды.

  Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне айрықша құқықтарды
беру, топологияны пайдалану
құқығын беру тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты

      басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) /

      заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      5. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне айрықша құқықтарды
беру, топологияны пайдалану
құқығын беру тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты

      ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) /

      заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      __________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне айрықша құқықтарды
беру, топологияны пайдалану
құқығын беру тіркеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық немесе сублицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты лицензиялық

      немесе сублицензиялық шарт бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Лицензиар (сублицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      3. Лицензиат (сублицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      __________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне айрықша құқықтарды
беру, топологияны пайдалану
құқығын беру тіркеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты кешенді кәсіпкерлік

      лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Кешенді лицензиар (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      3. Кешенді лицензиат (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      __________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне айрықша құқықтарды
беру, топологияны пайдалану
құқығын беру тіркеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық (сублицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған лицензиялық

      (сублицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Шарттың тіркеу нөмірі және тіркелген күні:

      __________________________________________________________________________

      3. Лицензиар (сублицензиар, кешенді лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *,

      заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Лицензиат (сублицензиат, кешенді лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*,

      заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне айрықша құқықтарды
беру, топологияны пайдалану
құқығын беру тіркеу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Кепіл шартты тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған кепіл шартты тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Кепілберуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      3. Кепілалушы (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      __________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне айрықша құқықтарды
беру, топологияны пайдалану
құқығын беру тіркеу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  Хат-хабар алушы
мекенжай

      Келісімшарттың тіркелген нөмері: №

      Келісімшарттың тіркелген күні:

      1 жақ:

      2 жақ:

Қазақстан Республикасының Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беруді тіркеу туралы ХАБАРЛАМА ХАТ

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беру тіркелгендігін хабарлайды.

      Қосымша:

      Қол қойған тұлға

      Орындаған

      Тел.

  Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне айрықша құқықтарды
беру, топологияны пайдалану
құқығын беру тіркеу
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  Хат-хабар алушы
мекенжай

      1 жақ:

      2 жақ:

Қазақстан Республикасының Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беруді тіркеудаен бас тарту туралы ХАБАРЛАМА ХАТ

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беруді тіркеуден бас тартылғанын хабарлайды.

      Қосымша:

      Қол қойған тұлға

      Орындаған

      Тел.