"Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақша және орысша тілдерінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында оны ресми жариялағаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйрығымен бекітілген |
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстау және Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу тәртібін реттейтін, сондай-ақ "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" және "Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюллетень – интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдi басылым;
2) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi – топология) – интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;
3) құқық иеленушi – автор, оның мұрагерi, сондай-ақ "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
4) лицензиялық шарт – ол бойынша құқық иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық беретін шарт;
5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiк ету құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
6) топологияға айрықша құқық – құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;
7) уәкiлеттi орган – өз өкілеттіктері шегінде интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
9) "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2-тарау. Топологияны пайдалануға айрықша құқығын беруді тіркеу тәртібі
3. "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы/айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы өтінішті осы қағиданың 3-қосымшасына (бұдан әрі - тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу стандарты) сәйкес жолдайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу стандартыда көрсетілген.
Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.
6. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмесе, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыға осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес қайтарады.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден ЭҮТШ арқылы алады.
Тиісті құжаттарды тексеру және ақы төлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыны топологияға айрықша құқық беруді тіркеу туралы хабардар етеді не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту шығарады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.09.2021 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Тіркелген жағдайда қызмет беруші бюллетеньде, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде топологияны пайдалануға айрықша құқықты беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Топологияны пайдалану құқықығын беруді тіркеу тәртібі
10. Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметі көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы "Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы/ құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг)/құқықты лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы өтінішті осы қағиданың 11-қосымшасына (бұдан әрі - тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу стандарты) сәйкес жолдайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу стандартыда көрсетілген.
Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.
13. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмесе, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыға осы қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес қайтарады.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден ЭҮТШ арқылы алады.
Тиісті құжаттарды тексеру және ақы төлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы қағидалардың 12, 13-қосымшаларына сәйкес электрондық нысанда жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыны топологияны пайдалануға құқық беруді тіркеу туралы хабардар етеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту шығарады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.09.2021 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Тіркелген жағдайда қызмет беруші бюллетеньде топологияны пайдалану құқығын беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім немесе әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.09.2021 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.
1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) /заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қосымшалар:
√ Шарт ____ парақта __ данада;
√ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.
√ көшірмесі_______парақта______данада;
√ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
√ Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә. (бар болса)
Ескертпе:
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.
1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы): ___________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. бар болса) /немесе заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қосымшалар:
√ Шарт ____ парақта __ данада;
√ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.
√ көшірмесі_______парақта______данада;
√ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
√ Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә. бар болса)
Ескертпе:
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Топологияға айрықша құқықты беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov. kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz ресми сайттарында орналастырылған топологияларды қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
1) осы қағиданың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өзгеге беру/ішінара беру шарты бойынша топологияға айрықша құқықты беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаның электрондық нысандағы өтініштері; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау. |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар; |
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57 А ғимараты, тұрғын емес үй-жай 8
Бизнес сәйкестендіру нөмірі: 020940003199
Бенефициар Коды: 16
Төлем мақсатының коды: 859
Банктің атауы Жеке сәйкестендіру коды банктік сәйкестендіру коды, "Нұрбанк" акционерлік қоғамы KZ8584905KZ006015415NURSKZKX
"Қазақстанның Халық Банкі" акционерлік қоғамы KZ386010111000288323 HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX
"Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі KZ14914012203KZ0047J SABRKZKA
Нұр-Сұлтан қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы KZ1096503F0007611692IRTYKZKA
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Құқық иеленуші:
Құқықтық мирасқор:
"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ топологияға құқықтарды беру шарты (ішінара) бойынша айрықша құқықты беру Қазақстан Республикасының топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.
(ЭЦҚ)
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Құқық иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар),
Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат),
Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):
Өтінішті одан әрі қараудан ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ____________ байланысты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес өтінішті қараудан бас тартылғаны туралы хабарлайды.
(ЭЦҚ)
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Құқық иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар),
Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат),
Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):
"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсетуден ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ____________ байланысты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес басқаға беру шартын тіркеуден (ішінара) бас тартылды.
(ЭЦҚ)
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеуді сұраймын.
1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2. Лицензиар (қосалқы лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
3. Лицензиат (қосалқы лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі: ______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:
______________________________________________________________________________
Қосымшалар:
√ Шарт ____ парақта __ данада;
√ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.
√ көшірмесі_______парақта______данада;
√ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
√ Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә. бар болса)
Ескертпе:
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
Құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеуді сұраймын.
1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2. Кешенді лицензиар (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
3. Кешенді лицензиат (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:
_______________________________________________________________________________
Қосымшалар:
√ Шарт ____ парақта __ данада;
√ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.
√ көшірмесі_______парақта______данада;
√ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
√ Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә. бар болса)
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
Құқықты лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеуді сұраймын.
1 Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
_______________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
2. Шарттың тіркеу нөмірі және тіркелген күні:
________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
3. Лицензиар (қосалқы лицензиар, кешенді лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
4. Лицензиат (қосалқы лицензиат, кешенді лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)/ заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:
________________________________________________________________
Қосымшалар:
√ Шарт ____ парақта __ данада;
√ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.
√ көшірмесі_______парақта______данада;
√ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
√ Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә. бар болса)
Ескертпе:
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 11-қосымша |
|
Нысан |
"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Топологияны пайдалану құқығын беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov. kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz ресми сайттарында орналастырылған топологияларды қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
1) осы қағиданың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиялық шарттың электрондық түрдегі талаптарын қамтитын өзге шарт бойынша топологияны пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініштері; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар; |
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 12-қосымша |
|
Нысан |
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Лицензиат (Қосалқы лицензиат):
"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде топологияны пайдалануға лицензиялық шарт бойынша айрықша (суб) лицензия беру (бермеу) туралы шарты № _ тіркелгенін хабарлайды.
(ЭЦҚ)
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 13-қосымша |
|
Нысан |
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):
"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының_ бабының _ тармағына сәйкес топологияны пайдалануға айрықша (емес) лицензия беру туралы кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензиялық шартын № _ Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.
(ЭЦҚ)
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 14-қосымша |
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Құқық иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар),
Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат),
Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):
Өтінішті одан әрі қараудан ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны____________ байланысты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес өтінішті қараудан бас тартылғанын хабарлайды.
(ЭЦҚ)
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына 15-қосымша |
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Құқық иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар),
Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат),
Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):
"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсетуден ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес лицензиялық шартты (ішінара) басқаға беру шартын/ (суб), кешенді кәсіпкерлік (суб) лицензия шартын, кепіл шартын тіркеуден бас тартылғанын хабарлайды.
(ЭЦҚ)